Инвестицияның мәні мен жіктелемі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 07:34, лекция

Описание работы

“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин.
Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: “Инвестициялау – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде :
- жылжитын және жылжымайтын мүліктер мен мүліктік құқық, ұстау құқығы, өңдеусіз стауға арналған тауарлардан басқалары;
- акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзгеде нысандары;
- облигациялар және басқа да борыштық міндеттемелер;
- инвестицияларға байланысты келісім-шарттар бойынша орындалуға тиісті қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етулер;
- интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне деген құқықтар, оған жататындар: авторлық құқық, патент, тауар белгісі, өнеркәсіп үлгісі, технологиялық процестер, нау-хау, нормативтік-техникалық, сәулеттік, констукторлық және технологиялық жобалық құжаттар;
- лицензия немесе мемлекеттік органдардан берілетін басқа да нысандардағы кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға арналған кез келген құқықтар ”.

Файлы: 1 файл

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ КАРЖЫЛАНДРУ ЖӘНЕ НЕСЕЛЕу-11.doc

— 445.50 Кб (Скачать файл)

 

* Салық алынатын табысты алған  уақыттан бастап 5 жылға дейін, бірақ  келісім-шарт жасаған уақыттан  бастап 8 жылдан аспайтын мерзімге  дейін табыс салығынан босату.

** Салынған тұрғын үйді сатудан  алынған табыс бойынша сол  сатқан жылында табыс салығынан  босатылады.

 

Американдық ғалымдар теория және практика негізінде бюджетке салықтардың түсуі салықтық мөлшерлемеге байланысты деген тұжырымға келген. Бұл шынында да солай. Негізінен салық мөлшерлемесін белгілеген кезде мынадай принциптерді сақтау қажет:

  • салық мөлшерлемесінің деңгейі салық төлеушінің мүмкіндігін, яғни оның табыс деңгейін есепке ала отырып, белгілінуге тиіс. Бұл принцип отындық салық салу тәжірибесінде орындалмайды;
  • салық төлеушіге жалпы салықтық ауыртпалыққа қарай барлық салықтардың түрлері бойынша мөлшерлемесі болуы тиіс;
  • салық мөлшерлемесі  елдегі экономикалық жән әлеуметтік жағдайларға байланысты жиі қайта қаралып отыруға тиіс;
  • салық мөлшерлемесі өндірістің өсуін ынталандырып, еңбекке деген ынтаны артыруы және қоғамның кедей табын қорғауға тиіс.

Салық жүйесін жетілдірудің басты бағыты -  инвестицияларын жұмыс істеп отырған өндірісті қайта құруға, техникалық жағынан қайта жарақтау және кеңейтуге бағыттайтын кәсіпорындар үшін табысына салынатын салыққа жеңілдік белгілеуді қамтиды. Мұндай салықтық жеңілдік нарық экономикасы дамыған елдердің көпшілігінде  маңызды орын алады.

Инвестициялық қызметке елдегі шағын және орта бизнестің дамуы да ықпал етеді. Себебі, олардың дамуынсыз кез келген экономиканың қызмет етуі және дамуы мүмкін емес кекні белгілі. 

Инвестициялық қызмет белгілі біл мөлшерде болсын оған мемлекеттің қатысу дәрежесіне де байланысты. Сондықтан да мемлекет бұл жерде тек инвестициялық саясатты жасаушы ғана, сол сияқты оны іске асырушы, яғни бюджетте осыған байланысты белгілі бір қаражатты жоспарлай отырып, оны тиісті бағытына пайдаланушы ретінде қатысуға тиіс.   

Бұл аталған факторлар сондай-ақ микродеңгейдегі инвестициялық қызметке де әсер етеді.

2-топ. Микродеңгейдегі немесе ішкі  факторлар:

  • кәсіпорынның ауқымы (мөлшері);
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайы;
  • амортизациялық аударымдарды есептеу тәсілдері;
  • кәсіпорынның ғылыми-техникалық саясаты;
  • кәсіпорынның инвестициялық саясаты;
  • шарушылықты ұйымлдастырылу-құқықтық нысаны.

Кәсіпорынның мөлшері инвестициялық қызметтің ауқымына тікелей ықпал етеді, себебі, ірі кәсіпорындардың орта немесе шағын кәсіпорындарға қарағандағы қаржылық мүмкіндіктері өте жоғары болып табылады.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі экономикалық, соның ішінде инвестицяиылық саясатқа тікелей байланысты. Егер кәсіпорын техникалық жағынан қайта жарақтау және қайта құруды жоспарлайтын болса, онда ол оларды қаржыландыру көздерін қарастырады.

Жоғарыда аталған факторлардың барлығын объективтті және субъективтті факторлар деп  бөлуге болады. Объективті факторларға мемлекеттің (үкіметтің) және кәсіпорынның қызметіне байланыссыз факторлар жатса. Мысалға, стихиялық залалдар, басқа мемлекеттердегі қаржы дағдарыстары және т.с.с. Ал, субъективті факторларға мемлекет пен кәсіпорынның қызметтіне тікелей тәуелді факторлар жатады.

 Инвестциялық қызметтің объектілеріне  экономиканың барлық салаларындағы  жаңадан құрылыған және жаңғыртылған негізгі қорлар мен айналым құралдары, бағалы қағаздар, мақсатты ақшалай салымдар, ғылыми-техникалық өнімдер, интелектулальдық құндылықтар, меншіктің басқа да құндылықтары, сондай-ақ мүліктік құқықтар жатады.

Инвестициялық қызмет субъектілеріне заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар, мемлекет және халықаралық ұйымдар жатады.

Инвестициялық қызмет субъектілерін мынадай категорияларға бөліп қарастырады:

  1. Инвесторлар (қаражат салушылар), соның ішінде:
  • салымшылар;
  • тапсырыс берушілер;
  • несие берушілер;
  • сатып алушылар;
  1. Мердігерлер (жұмысты атқарушылар).
  1. Жабдықтаушылар;
  2. Мемлекет;
  3. Халықаралық қаржы-несие ұйымдары.

 

3-дәріс. Инвестициялық ахуал

Қазақстадағы қаржылық тұрақтандыруға қол жеткізілу инвестиция көлемін ұлғайтуға бағытталған іс-әрекетпен тығыз байланысты. Қазақстан экономикасының өсуі мен халықтың әл-ауқаттылығының жоғарлауы экономикаға капитал салымдарынсыз мүмкін еместігі сөзсіз.

Нарықтық сипаттағы экономикада инвестициялар туралы шешімді шаруашылық субһектілердің өз еркімен қабылданады. Бұл капитал салымдарын экономикалық агенттер өз қаржыларынан, немесе бәсекелестік негізде қаржы нарықтарынан қарыз алу арқылы жүргізеді.

Инвестициялар қажеттілігі өндірістің тиімділігін артыру мен пайданы жоғарлату нышандарымен сипатталады.

Инвестициялық ахуал түсінігі өте кең. Оны модельдеу шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану саясатын жасақтаудың маңызды буыны. Өйткені, біріншіден шетел инвесторына әсер етуші факторларға жүйелі сипат береді, екіншіден мемлекеттегі жағдайды тереңірек бағалауға мүмкіндік беріп, үшіншіден шетел инвесторларының іс-әрекет мүдделігін анықтайды. Елде қолайлы инвестициялық ахуалды жасау дегеніміз, осы кезеңдегі елдің инвестициялық хал-ахуалын талдау негізі болып табылатын, әртүрлі кешенді шаралардағы келесідей жүйеленген көрсеткіштерден тұрады:

  • нарықтық мүмкіндіктер сипаты;
  • табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
  • экономикалық реформалардың жағдайы мен жүргізілуі;
  • инвестицияларды құқықтық негізі;
  • салықтық және кедендік жеңілдіктер;
  • мемлекет мекемелерінде басқару шешімдерін жүйеге келтіру;
  • нарықтық инфрақұрылым мен валюта нарығының дамуы;
  • банк жүйесінің тұрақтылығы;
  • саяси жағдайдың тұрақтылығы мен болжамдылығы.

Инвестициялық ахуал бүкіл күрделі қаржыны қабылдау жұйесін (КҚҚЖ) жетілдірудің методологиялық кілті болып табылады. Ол интитуттық құрылыммен бекітілген комплексті шара жүйесі деп анықтама беруге болады. КҚҚЖ және инвестициялық ахуал өзара өте тығыз байланысты. КҚҚЖ инвестициялық ахуалды құрамдас бөлігі болып есептелінеді. Сонымен қатар оның жеке өз бетінше атқаратын қызметі бар, себебі инвестициялық ахуалды қайта қалыптасуына кері әсер етеді. Барлық елдер КҚҚЖ –ның тиімді жолын іздестіруде. ҚР-да соңғы кезге дейін ішкі жағдайдың әсерінен қалыптасқан, шетелдік инвесторлармен жұмысты және қабылдаудың үлгілі жүйесін жасауда айтарлықтай алға жылжу бар.

Қазақстандық КҚҚЖ – шетелдік капиталды, инвесторларды әртүрлі жолмен қаупсіздендіруді тездетіп көбірек тартуға тырысты да, оның мөлшерінің экономикалық тиімділік жағы ескерілмеді. Сайып келгенде КҚҚЖ мекемелерінің іс-әрекеттері қолайсыз жағдайларға соқтырды. Одан басқа өкімет өзінің мемлекеттік мүлікті сыртқа басқаруға беру келісімін және басқа да шешімдерін бірнеше рет өзгертуіне мәжбүр болды.

КҚҚЖ үлгілі құрылымының негізі төмендегідей бөліктерден құралады:

  • шетелдік күрделі қаржы салуды сенімді құқықытық қамсызжандыру;
  • валюта –несиелік және қаржылық тетігі бар, рыноктық реттеу әдісі;
  • қауыпсызіздендіру және сақтандыру жүйесі;
  • елдің экономикалық қаупсіздігін қамтамасыз ету механизмі;
  • шетелдік алғашқы инвестицияларды жалпы ұлттық ыңғайлы жүйемен қамтамасыз ету.

Инвестициялық ахуалды бағалау келесідей факторларды салыстыруға негізделген:

  • елге капитал келуін, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлікке байланысты заңдардың мазмұны;
  • табиғи шикізат байлықтары мен оны бірлескен және шетел кәсіпорындарының пайдалану мүмкіндігі;
  • өндірістін инфрақұрылымының даму дәрежесі;
  • маманданған жұмысшы күшінің бар болуы;
  • энергетикалық қамсыздануы мен энергетикалық қорлардың болуы;
  • жергілікті нарық сыйымдылығы мен төлеуге қабілетті сұраныстың болуы;
  • ішкі шаруашылық механизмінің сипаты, жергілікті тауар өндірушілерімен еркін нарықтық қатынастар мүмкіндігі;
  • жергілікті валютаның тұрақты конверттеленуі, пайданы елден шетел валютасында алып кетуіне кепілдігі.

Шетел инвесторлары үшін Қазақстан экономикасы бір қатар тартымды ерекшеліктерімен сипатталуда. Оның ішінде арзан жұмысшы күші, шетел кәсіпкерлері арасындағы әлсіз бәсеке мен жоғары дәрежелі саяси тұрақтылықты атауға болады.

Бірақ әлемдік тәжірбие көрсеткеніндей, сырттан қарыз алу саясаты таңдамалы және салмақты сипатта жүзеге асырылуын талап етеді. Ол инвестициялық белсенділікті ынталандыруға ғана емес, елдің экономикалық қаупсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты мемлеект инвестициялық үрдісті қолда бар құралдары арқылы реттеу қажет.

Тәуелсіздік алғанынан бері республикамыз инвестициялық саясатты жасақтауда бірнеше кезеңнен өтті.

Алғашқыда қазақстандық заңдарда, шетелден инвестициялау мүмкіндігі бірлескен кәсіпорындарды құру формасы белгіленген болатын. Келесі кезең 1994 жылы қабылданып, 1997 жылы өзгерістер енгізілген «Инвестициялар туралы заң» болды.

Шетел инвестицияларының анықтамасымен қатар бұл заңда шетел инвестициялары бар кәсіпорындар құру тәртібі мен әрекетін реттеу мәселелерін қарастырған негіздер бар.

Бірақ бұл заң мемлекет пен инвестор арасындағы қарым қатынас механизміне түбегейлі өзгерістер енгізбеді. Заңға сәйкес «мемлекет басқару функцияларын бар кәсіпорындарды тіркеу арқылы жүзеге асырады» делінген. Осының нәтижесінде шетел және бірлескен кәсіпорындарды тіркейтін шетел инвестициялары бойынша Ұлттық агенттік мекемесінде жемқорлықтық күрт өсуім әкелді.

Шетел инвестициялар туралы республикада заң тұрғысынан оның әлемдік дәрежеге жеткізу үшін не істеу қажет?

Бірінші кезекте шетел инвестицияларын құқықтық реттеудің жаңа әлемдік концпесиясын алу кезінде маңызды түсініктер мен категорияларын қоса енгізуді қажет етді. Бұл жерде «шетел инвестициясы» категориясының анықтамасын өндірісі дамыған мемлекеттерде нарықтық қатынастарда қолданылатын түсінікке жақындату қажет.

Шетелдік инвестицияларды тіркеу (енгізу) нәтижесінде туындайтын шетелдік инвестициялар қарым-қатынасының анықтамасы, мемлекет пен инвестицияларды жүзеге асыратын шетел азаматтары арасындағы қатынастарды реттеу саяси ретінде бөлуге мүмкіндік береді. Оған: материалды құндылықтар, мүлік, тауарлы белгілерге айрықша құқық, жаңа технологиялар, ноу-хау енгізілуі мүмкін. Осы материалды және бейматериалды нысандар пайда алу мақсатында қолданылып, оның меншік иесі-инвестор шетел инвестициясы түріндегі мүліктің қолданылуын бақылау мүмкіндігі негізіндегі шарт жағдайындағы беріледі.

1994 жылғы Қазақстан Республикамызда  «Инвестициялар туралы» заң шетел  капиталына қажетті кепілдіктер  мен Қазақстандық экономикаға  жол ашып берді. Қазіргі кезде  ел экономикасының дамуында жаңа кезең қалыптасып, тұрақты экономикалық өсу басталды. Жағдайдың өзгерісіне байланысты инвестициялық саясатта да өзгерістер енгізу қажеттілігін талап етеді.

Елдің инвестициялық саясаты бір қатар мәселелерді шешуі тиіс:

Біріншіден, тартылатын инвестициялар көлемі емес, сапасына баса назар аударылуы тиіс, екіншіден, экономикалық барлық субъектілері үшін бірынғай тәртіп болуы. Тәжірбие бұл оның бағыттылығы, технологиялық құрамы, жұмыс орындарын жасақтау мен қоршаған ортаны қорғауға негізделуі қажет. Бұрынғы шетел инвесторлары үшін өте қолайлы жағдай туғызу тәжірбиесі қажетсіз.

Қазақстан Республикасында «Инвестицияларды  мемлекеттік қолдау мен қорғау туралы» жаңа заңда инвестиция түсінігіне өзгерістер енгізілді.

Осы заңға сәйкес инвестиция ұғымына тек табыс алу мақсатында тауар мен қызмет көрсету нысандарына өз қаржыларын  салу түсініледі. Бұл жағдай қазіргі кезде көп мәселе тудыратын инвестициялық қаржыларды есепке алуды тәртіпке келтіріп, жеңілдіктер мен преференцияларды беру аясын нақтылай түсуге жеңілдіктер мен преференцияларды аясын нақтылай түсуге мүмкіндік береді.

Қазіргі жағдайда Қазақстанның инвестициялық саясатының бағыттары мен инвестициялық хал-ахуал күрт өзгерісісмен сипатталуда. Инвестициялар бойынша агенттік Қазақстанға тартымын жатқан инвестицияның санынан сапасына баса назар аударуға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыруда.

Инвестиция сапалылығы дегенде оның салалық бағытталғандығы, қазіргі заманғы технологияларды пайдалану, жаңа жұмыс орындарын жасақтау мен мультипикативті әсері түсініледі.

Инвестициялық ахуалды нашарлатпау мақсатында заң жобасына бұрын қойылған келісім – шарттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін өтпелі қағидалар енгізілді. Біртіндеп «Шетел инвестициялары туралы» занның 6 бабынан бас тартуын, мемлекет әлемдік тәжірбиеде орын алған осындай саяси және реттемелі тәуекелділіктен сақтандырудың құқықтық негіздері мен әрекет етуші механизмін жасақтау арқылы, Қазақстан мүмкін болатын таластарды шешудің өркениетті әдістерін жасақтауға бір қадам жасады.

Қазақстан Республикамыздың үкіметімен 2001-2002 жылдарға тікелей инвестиция тарту бағдарламасы жасалды. Оған жобаларды қоса қаржыландыру мен мемлекеттік үлеске ену сияқты инвестицияны ынталандыру формалары енгізілді. Бағдарламада капитал салымшыларды ынталандыру мақсатында жеңілдіктер жүйесі қарастырылып, оған тездетілген амортизация, шығынды қайтару нормасының ұлғайтылуы сияқтылары енген.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылдың 6 наурызындағы № 349 жарлығымен «Экономикалық басты салаларында инвестициялық іс-әрекетті асырушы инвесторлар мен келісім –шарт жасауда жеңілдікпен преференциялар беру тәртібі» бекітілді.

Информация о работе Инвестицияның мәні мен жіктелемі