Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 07:34, лекция
“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин.
Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: “Инвестициялау – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде :
- жылжитын және жылжымайтын мүліктер мен мүліктік құқық, ұстау құқығы, өңдеусіз стауға арналған тауарлардан басқалары;
- акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзгеде нысандары;
- облигациялар және басқа да борыштық міндеттемелер;
- инвестицияларға байланысты келісім-шарттар бойынша орындалуға тиісті қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етулер;
- интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне деген құқықтар, оған жататындар: авторлық құқық, патент, тауар белгісі, өнеркәсіп үлгісі, технологиялық процестер, нау-хау, нормативтік-техникалық, сәулеттік, констукторлық және технологиялық жобалық құжаттар;
- лицензия немесе мемлекеттік органдардан берілетін басқа да нысандардағы кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға арналған кез келген құқықтар ”.
Тәртіпке сәйкес, жеңілдіктер мен преференциялар беру жағдайына:
Инвестициялық жобаның тиімді жүзеге асырылуы үшін инвестиция бойынша Қазақстан Республика агенттігі келесідей жеңілдіктермен преференциялар беруі мүмкін:
Салықтық жеңілдіктер беру мерзімі негізгі қорға инвестиция көлемі мен экономиканың басты секторларына жатқызылуына байланысты беріледі. Ал кедендік баға салықтарынан босату оның Қазақстан Республикасында өндірілмеген немесе көлемі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жағдайына сәйкес келмеу жағдайындағы беріледі.
Мемлекеттік натуралды гранттарға:
Экономикасы дамыған мемлекеттерде инвестициялық белсенділік «интелектуалды экономика» түсінігімен байланысты. Осындай экономиканың қозғаушы күші болып «адам капиталы» мен ақпараттық технологиялар болуда.
Қазіргі кезде қазақстанда шикізат секторының басым болуына қарамастан, ғылыми сыйымды өндіріс үлесіне жоғарлату тенденциясы үстем болуы тиіс.
Қазіргі Қазақстан экономикасы дамуында жаңа сапалық дәрежедегі кезеңге келді. Экономикадағы тұрақтандыру процесі аяқталып, тұрақты өсу деңгейіне жетті. Осы жағдай инвестициялық саясатта өзгерістерді тудырды.
Бүгінде бұл инвестициялық саясат бір қатар мәселелерді шешуі шарт. Біріншіден, тартылатын инвестициялардың сапалық сипаттамаларына басты назар аудару. Екіншіден, барлық экономика субъектілері үшін тең дәрежелі жағдайды қалыптастыру. Үшіншіден, экономикалық жан-жақты әлеуметтелу бағытын үстану болып табылады.
Жаңа жағдай заң негіздерін жетілдіру қажет етеді. 2003 жылы қаңтарда «Инвестициялар туралы» жаңа заң қабылданды.
Жаңа инвестициялық саясат концепсиясында нарықтың барлық агенттерінің халықтың, банктердің, қаржы институттарының, қор нарығы және т.б. инвестициялық белсенділігін жоғарлату маңызды орын алуда.
Тиімді салық жұйесін қалыптастыру жағдайында стратегиялық бағыт болып, мемлекет пен салық төлеушілер арасында мүдделердің тепе-теңдігіне қол жеткізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының инвестициялық іс-әрекетті реттеудің тиімділігін жүзеге асыру мақсатында жаңа Салық кодексінде 138-140 баптарында инвестициялық салықтың преференциялар қарастырылған. Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті мүлікке табыс салығы бойынша берілді.
Инвестициялық салық преференциялары жаңа өндірісті қалыптастыру, не әрекет етуші өндірісті ұлғайту мен жаңарту мақсатында негізгі қорға инвестиция жасаушы салық төлеушілерге, жалпы жылдың табыс салығын белгіленген омаға қысқарту, немесе негізгі қор мүлігі салығынан босату мүмкіндігі қарастырылған.
Корпоративті табыс салығын пайдалану үшін салық төлеуші, енгізілген негізгі қорды құндық. Корпоративті табыс салығын пайдалану үшін салық төлеуші, енгізілген негізгі қорды құндық баланста белгіленген бапқа енгізбей, оны бөлек есепке алуды жүзеге асыруда. Корпоративті табыс салығына преференция салық төлеуші енгізілген негізгі қор құнын жылдық табысынан преференция мерзіміне байланысты бөліп пайдалануға мүмкін береді.
Мүлік бойынша преференция инвестициялық жобаға сәйкес негізгі қорды өндіріске енгізу мүлкінен толық босатуын қарастырады.
1998 жылы 30 маусымда ҚР Президенті
Жарлығымен Президент жанында
кеңестік орган ШЕТЕЛДІК
Қазақстан Республиканың Президентінің Астанада қабылданған 1998 ж. 30 маусымдағы № 3834 « Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар туралы» Жарлығында Қазақстан Республиканың экономикасын дамытудың жалпы мәселелері мен экономикалық өсу стратегиясы принциптері анықталды:
4-дәріс. Инвестициялық саясат
Кәсіпкерлік қызмет пен экономиканың дамуына ықпал ететін негізгі құрал - инвестициялық саясат болып табылады. Инвестициялық саясат көмегімен мемлекет өндіріс көлемінің қарқынына, ҒТП-ті жеделдетуге, қоғамдық өндіріс құрылымына және көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге тікелей ықпал ете алады.
Инвестициялық саясат ұғымынан бұрын “саясат” сөзінің мәніне тоқталайық. Саясат – бұл (грек тілінен politike деген сөзден шыққан аударғанда мемлекетті басқару өнері) қоғамдық қызмет түрінде түсіндіріледі.
Ал саясатты инвестициялық қызметпен байланыстыратын болсақ, онда ол инвестициялық процессті ұйымдастыру шараларын сипаттайды.
Инвестициялық саясат – бұл инвестициялық қызметті жандандыру, экономиканы дамыту, өндірістің тиімділігін арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында барлық шарушылық субъектілері үшін қолайлы жағдай жасау барысында мемлекеттің жүргізетін шараларының жиынтығы.
Жалпы алғанда мемлекет инвестициялық қызметтің жандануына мынадай құралдар көмегімен ықпал етеді:
Мұндағы амортизациялық саясат мемлекеттің ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатымен тығыз байланысты. Мемлекет амортицизациялық аударымдарды есептеу және пайдалану тәртібіні белгілей отырып, бірінші кезекті негізгі өндірістік қорлардың жаңару жылдамдығын, ұдайы өндірістің қарқыны мен сипатын реттейді.
Амортизациялық саясатты жасау барысында мемлекет мынадай принциптерді ұстанады:
ҚР-да амортизациялық аударымдарды есептеу ҚР салық кодексінің 110 бабында көрсетіліп берілген.
Инвестициялық саясаттың мақсаты мен міндеттері болады. Мақсаты – елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегиялық жоспарын іске асыру.
Міндеттері:
Мемлекеттің инвестициялық саясатынан басқа салалық, аймақтық және жекелеген шарушылық субъектілерінің инвестициялық саясаттары болады. Бұл саясаттардың бәрі бір бірімен тығыз байланысты, бірақ барлығын анықтаушы мемлекеттік инвестициялық саясат болып табылады. Инвестициялық саясаттың өзара байланыстары 2-суретте беріледі.
2-сурет. Инвестициялық саясаттардың байланысы.
Аймақтық инвестициялық саясат – кез келген бір аймақтың тұрғындарымен жекелеген инвесторлардың мүдделеріне сай инвестициялық ресурстарды жұмылдырып, оларды тиімді пайдалану бағыттарын анықтауға мүмкіндік беретін аймақ деңгейінде жүргізілетін шаралар жиынтығы.
Аймақтық инвестициялық саясат төмендегідей факторларға тәуелді болып келеді:
Аймақтағы инвестициялық қызметті басқару жүйесінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
Аймақтық инвестициялық саясат аймақтағы экономиканы көтеруге және өндірістің тиімділігін арттыруға, өзіні-өзі қаржыландыруды қамтамасыз етуге және аймақтың алдағы уақытта дамуына жақсы қадам жасауын бағытталады.
Экономиканы дамытуда және өндірістің тиімділігін арттыруда салалық инвестициялық саясаттың ролі маңызды. Ол жекелеген салааралық кешендер және экономиканың саласы деңгейінде жасалады.
Салалық инвестициялық саясат – ағымдағы және алдағы уақыттардағы ел экономикасының дамуын және ҒТП-ті жеделдетуді, дайын өнімді экспортқа шығаруды, елдің экономикалық және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ететін шарушылық салаларын таңдап алып, оларға инвестициялық қолдау көрсету шараларын сипаттайды.
ҚР-да экономиканың жекелеген саларында қатысты инвестиция тартуға мемлекет тарапынан өзіндік қолдау көрсетіледі. ҚР Президентінің жарғысына сәйкес тікелей отандық және шет елдік инвестицияларды тарту үшін біршама маңызды экономика секторларының тізімі анықталған. Оларға мыналар жатады: