Инвестицияның мәні мен жіктелемі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 07:34, лекция

Описание работы

“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин.
Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: “Инвестициялау – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде :
- жылжитын және жылжымайтын мүліктер мен мүліктік құқық, ұстау құқығы, өңдеусіз стауға арналған тауарлардан басқалары;
- акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзгеде нысандары;
- облигациялар және басқа да борыштық міндеттемелер;
- инвестицияларға байланысты келісім-шарттар бойынша орындалуға тиісті қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етулер;
- интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне деген құқықтар, оған жататындар: авторлық құқық, патент, тауар белгісі, өнеркәсіп үлгісі, технологиялық процестер, нау-хау, нормативтік-техникалық, сәулеттік, констукторлық және технологиялық жобалық құжаттар;
- лицензия немесе мемлекеттік органдардан берілетін басқа да нысандардағы кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға арналған кез келген құқықтар ”.

Файлы: 1 файл

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ КАРЖЫЛАНДРУ ЖӘНЕ НЕСЕЛЕу-11.doc

— 445.50 Кб (Скачать файл)

Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының шетелдік капиталдың көптеп келуіне бірнеше факторлар қолайсыз әсер етуде. Олардың ішінде: кәсіпорындарға салық салудың дүние жүзіндегі ең үлкен дәрежесі; жүріп жатқан жалпы экономикалық дағдарыс; рынок инфрақұрылымының толық қалыптасуы; инфляцияның көтеріңкілігі және айырбастау курсының тұрақсыздығы.

 

 

13-дәріс. Жобалық несиелеудің экономикалық мәні.

Әлемдік банктік жүйенің кәсіпорындарды орта және ұзақмерзімді несиелеудегі тәжірибесі аз емес. Сонымен қатар шетелдік банктік тәжірибеде жобалық несиелеуде қатар дамып келеді. Жобалық несиелеу технологиясын біздің тәжірибемізде қолдану әлемдік қаржы нарықтарынан ресурстарды тартуға тырысатын банктердің қатарын ұлғайтары сөзсіз.

Несиелік жобалау шетелдік тәжірибедегі қарыз алудың жаңа нысаны ретінде еліміздің экономикасын дамытуға үлес қосуға тиіс. Несиелік жобалау негізіне алдағы уақытта құрылатын немесе қайта құрылыған кәсіпорын әкелетін пайда есебінен инвестициялық жобаларды қаржыландыру жатады. Осы табыстардың көмегімен банктердің несиелеген инвестицияларының қайтарылуы қамтамасыз етіледі. Банктік несиелеудің бұл бағыты әсересе өнеркәсіптің капитал сиямдылығы жоғары салалары, мысалға жылу-энергетика кешені, өндіру және қайта өңдеу өнеркәсіптерін кеңейту және жаңғырту қажет болған жағдайда маңызды.

 Жобалық несиелеуде банктік  несиенің қамтамасыз ету құралына болашақта табыс әкелетін, яғни бүгін құрылатын немесе қайта құрылуға тиіс кәсіпорынды несиелеуге байланысты инвестициялық жобаның өзі жатады.

Жобалық несиелеуге мысал ретінде батыстағы Англия мен Еуропаның арасын жалғап отырған Еуротуннелді жатқызуға болады. Мұндағы жобалық несиелеудің жалпы сомасы 7 млрд. ф.ст.  Несиелеуге 198 банк қатынасқан. Несиені қайтарылуы туннелді пайдаланудан түскен түсімдер есебінен жүзеге асуда. Жобалық несиелеу механизмін Дүниежүзілік банк бүгінгі таңда дамушы елдерге қаржылық көмек беру барысында, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдердінде жобаларды несиелеуге қатысасуда кеңінен пайдаланып отыр.

Нақты іс-жүзінде несиелік жобалау механизмін пайдалану және оған қатынасу үшін несие берушілер үшін ол жобаның техникалық және экономикалық өміршеңдігіне қатысты сұрақтар қызықтырады. Инвестициялық жобаны бағалағанда төмендегідей критерийлер есепке алынады:

  • несиелік тәуекел деңгейі;
  • қанағатанарлық іскерлік-жоспары немесе техникалық-экономикалық негіздемесінің болуы;
  • жобаның пайдаланылатын өнімдері мен шикізат көздері мен құндарының кепілденуі;
  • жобадан алынатын тауарлар мен қызметтерді іске асыру рыногының болуы;
  • қалаған бағада құрылыс материалдарын алу мүмкіндігі;
  • мердігердің, пайдаланушының, және басқаратын қызметкерлердің тәжірибесі мен сенімділігі;
  • жобада мақұлданбаған технологияның болмауы;
  • серіктестер мен басқа да мүдделі тараптардың арасында келісім-шарттардың жасалуы, сол сияқты лицензиялар мен рұқсат қағаздарды алынған болуы;
  • валюталық тәукелдің диверсификациялануы;
  • негізгі кепіл берушілердің тиісінше капитал қосуы;
  • қосымша қамсыздандыру құралы ретінде жобаның құныды активтерінің болуы;
  • жабдықталатын ресурстар мен активтердің сапалы болуын қамтамысыз ету;
  • сақтандыру көздерінің қарастырылуы;
  • форс-мажорлық жағдайлардан туындайтын тәуекелдің,  жабдықтауға байланысты кешігу тәуекелдің алдын алу шараларының қарастырылуы;
  • инвесторлар үшін жобаның қанағаттанарлық көрсеткіштерінің болуы;
  • инфляция мен пайыз  мөлшерлемсінің нақты түрде болжануы.

Барлық инвестициялық жоба әрдайым жоғарыда аталған критерийлерге сәйкес келе бермейді. Бірақ та оның құрылтайшылары несиелік және басқа да тәукелдермен байланысты шығындарды  туындай қалған жғадайда мойнына алатын кепіл беруші болса мұндай несиелеу жүзеге асуы мүмкін.

Жоғарыда аталған критерийлер жобалық несиелеуді жүзеге асыру барысында төмендегідей басты бес принципті бөліп қарауға негіз болады:

  • инвестициялық жобаның өміршеңдігі;
  • жобаны іске асыруға тәжірибелі, мықты және жауапты серіктестердің қатынасуы;
  • жобаның барлық тәуекелдерін есепке алу және бөлу;
  • құқықтық жақтарын реттеу;
  • нақты әркет ету жоспарын жасау, иневстициялық жобаны іске асыратын сапалы іскерлік-жоспардың болуы.

Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайында жобалық несиелеуді іске асыру барысында ерекше ролді жобаға қатысушылар арасында бөлу алады, мысалы диверсификациялар немесе кепіл беру жолымен. Іс-жүзінде құрылтайшылар мен несиелеушілер арасында тәуекелдерді әртүрлі бөлу  жолдары орын алуы мүмкін.

Қазіргі әлемдік тәжірибеде жобалық несиелеудің үш негізгі түрі бар:

  1. толық регрессті құқылы несиелеу, яғни мұнда несие беруші қарыз алшуының міндеттемесі бойынша шығынды толық жабуды өзіне алады;
  2. жартылай регрессті құқылы несиелеу, яғни мұндай несие беруші қарыз алушының міндеттемісінің жартысына ғана жауап береді, қалғаны қарыз алушының мойнында қалады;
  3. регресс құқысыз несиелеу, яғни несие берушілер көптеген тәуекелдерді өздеріне алады.

Егер де несие беруші қарыз алшуының міндеттемесі бойынша толық регрессті құқықты сақтайтын болса, онда мұндай несие қарапайым түрде қамтамасыз етілетін несиеге ұқсас болып келеді. Мұндай жағдай да жоғарыда айтылған тәуекелді бөлуге байланысты жобалық несиелеу принциптері орындалмауы мүмкін. Жобалық несиелеудің бұл түрі өте қарпайым, ұйымдастырылуы жылдам және арзан болып табылады. Бұл несие ұсақ жобаларға пайдаланылады.

Жартылай регресстік құқылы несиелеуде жоба бойынша тәуекел барлық жобаға қатысушылар арасында бөлінеді.

Соңғысы өте қымбат жобалық несиелеуге жататындықтан халықаралық тәжірибеде де сирек кездеседі.

Жобалық несиелеу басқа несиелеу нысандарынан өзара ажыратылады. Оның мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады. Жобалық несиелеу барысында несие берушілерге: кәсіпорындар, өнімді жабдықтаушылар мен сатып алушылар,  банктер, зейнетақы қорлары, инвестициялық және лизингтік компаниялар, тәуекел етуші фирмалар-инвесторлар, мемлекет және басқалары жатады. Осы жерден оның келесі бір ерекшелігі, яғни ірі инвестициялық жобаны іске асыруға қажетті бірнеше көздердің пайдалануы туындайды. ßғни жобалық несиелеу барасында несиелеу көзі ретінде халықаралық қаржы нарықтарынан тартқан қаражаттар, экспортты мемлекеттік несиелеу бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттар, Дүниежүзілік банктің және Еуропа қайта құру және даму банктерінің ұзақмерзімді несиелерін тарту маңызды.  Жобалық несиелеу негізінен несие берушілерді кеңірек тарту, яғни консорциумдардың несиелерін пайдалануды сипаттайды.

Жобалық несиелеуде қарыздық қаражаттарды арнайы компанияға береді. Себебі, бұл жерде жобаның құрылтайшылары несиенің қайтарылуына толық жауап бермейді. 6-суретте жобалық несилеу бойынша ақшалай қаражаттың банктен қарыз алушыға қарай қозғалысы көрсетілген.

капиталынан жоғары мөлшерде капитал тартуға мүмкіндік туындайды. Ал ұсақ компаниялар үшін капиталдан жоғары мөлшерде несие алуға мүмкіндік шектелген.

Жобалық несиелеуде жобаны іске асырудан туындайтын тәуекелдің жартысын жобаның басқа да  қатысушыларына бөлуге мүмкіндік бар. Ал қарапайым несиелеуде мұндай тәуекелдің барлығы бір қатысушының басында болады.

Жобаның құрылтайшылары мұндай несиелеу барысында алған несие бойынша қарызды өзінің балансында көрсепейді, ол тек қана арнайы компанияның балансында есепке алынады. Нәтижесінде мұндай несие құрылтайшының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал етпейді.

Жобалық несиелеудің тағы да бір ерекшелігі, мұнда ірі компанияның меншікті

Сонымен, жобалық несиелеудің басқа несие нысандарынан айырмашылығы мынадай:

  • пайыз бен негізгі қарызды қайтару негізіне жобаны іске асырудан түсетін табыстар жатады;
  • жоба бойынша тәуекел оған қатысушы тұлғалар арасында бөлінеді;
  • заемдық капиталдың бірнеше көзін бірдей пайдалану мүмкіндігі бар;
  • жобаны қаржыландыруға байланысты заемдық қаражаттар арнайы құрылған компанияға беріледі;
  • жобалық несиелеу құны өте жоғары. 

 

 

14-дәріс. Лизингтік қаржыландыру

Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықгарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған кұрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін карастыратын жалға беру шартын білдіреді.

Лизингтік мәміле бұл лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы (жабдықтаушы) арасындағы лизинг келісім-шартты жүзеге асыру үшін қажетті келісім-шарттар жиынтығы.

Лизинг объектісі ретінде ғимараттар мен құрылыстарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, транспорттық құралдарды, жер учаскелерін және т.б. тұтынылмайтын заттарды қарастыруға болады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар  лизинг объектісі болып табылмайды.

Лизингтік мәмілеге келесі субъектілер қатыса алады:

-  Лизинг   беруші   -   лизингтік   мәмілені   іске   асыру барысында    меншікті     немесе     тартылған     ақша қаражаттары есебінен лизинг объектісін сатып алып, лизинг алушыға белгілі бір төлемге,  уақытқа және шарттар    негізінде    уақыты    біткен    кезде    меншік құнының   ауысуымен   немесе   ауысуынсыз   уақытша пайдалануға беретін жеке немесе заңды тұлға.

- Лизинг   алушы   -   лизинг   келісім-шартына   сәйкес лизинг объектісін белгілі  бір төлемге, уақытқа және шарттар   негізінде   уақытша   пайдалану   үшін   алуға міндетті жеке  немесе заңды тұлға.

- Мүлікті сатушы (жабдықтаушы) - лизинг берушімен сату-сатып   алу   шарты   негізінде   лизинг   берушіге немесе лизинг алушыға белгіленген уақытта лизинг объектісін сатушы жеке немесе заңды тұлға.

- Банк  (немесе  басқа  да несиелік  мекеме)  -  лизинг  объектісін  сатып  алуға  қажетті  қаржы  ресурстарын беретін заңды тұлға. Сонымен қатар лизинг нарығындағы арнайы субъектілерді көрсетуге болады, Оларға:

  • - Сақтандыру компаниясы - лизинг мәмілесін іске асыру кезінде пайда болатын әр түрлі тәуекелдерді сақтандыратын заңды тұлға. Лизингтің кез-келген субъектісі Қазақстан

Қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің шаруашылық тәжірибесінде лизингтің көптеген түрлері көрініс табады. Олардың ішінде негізгілері болып:

- Шұғыл лизинг;

- Қаржы лизингі;

- Қайтарылатын(возвратный) лизинг;

- Үлестік лизинг;

- Тура лизинг;

- Сублизинг;

Шұғыл лизинг

Шұғыл лизинг-ағымдағы жал туралы келісім. Әдетте бұл келісімнің мерзімі активтің толық амортизациялық кезеңінен аз болады. Яғни, келісім-шартта көрсетілген жал төлемдері активтің толық құнын өтемейді,сондықтан актив лизингке бірнеше рет беріледі.

Шұғыл лизингтің ең негізгі ерекшелігі-лизинг алушының келісім-шартты уақытынан бұрын тоқтата алуы. Соныиен бірге бұл келісімде лизингке берілетін объектіге ағымдағы техникалық қызмет көрсетужәне басқа қызметтер түрін көрсету туралы шарттар қарастырылады.

Шұғыл лизингтің негізгі объектілері тез тозатын (моральді) құралдар (компьютерлер, көшірме техникасы, оргтехниканың көптеген түрлері) және техникалық күрделі, үнемі қадағалауды қажет ететін техника (жеңіл және жүк автомобильдері, әуе кемелері және т.с.с.).

Жалпы лизингтің бұл түрі лизинг алушы үшін үнемді. Себебі уақытынан бұрын келісім-шартты тоқтату моральді ескірген құралдарды жаңа бәсекелестік қабілеттілігі жоғары құрал-жабдықтармен ауыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар егер лизинг алушы бір жолғы жобаларды іске асыру үшін мүлікті алған болса, оның одан әрі мүлікті ұстау және сату жөніндегі қиындықтары туындамайды. Лизинг берушінің ағымдағы техникалық қызмет көрсетуі артық персоналды ұстаудағы қажеттілікті төмендетеді.

Сонымен бірге шұғыл лизингтің келесі кемшіліктері бар:

-басқа   лизигн   түрлеріне   қарағанда   қамбаттылығы, жал  төлемдерінің жоғары болуы;

-аванстар мен алдын-ала төлемдерді  салу қажеттілігі;

-уақытынан бұрын өтеу кезінде  айып пұлдың төленуі;

-мүлік иелерінің тәуекелді  төмендету мақсатында жасаған басқа да шарттары;

Қаржы лизингі

Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері нігізінде жалға алынатын мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім. Келісімнің уақытынан бұрын жалды тоқтатуын қарастырмағандықтан, бұл келісім мүлік иесінің құралды сатып алу,оған техникалық қызмет көрсету бойынша барлық шығындардың орнын толтырып, қажетті табыс деңгейін қамтамасыз етеді. Лизингтің бұл түрі кезінде құралдарды орнату және ағымдағы қызмет көрсету бойынша барлық шығындар жалға алушы есебінен қаржыландырылады. Сонымен қатар көбінде бұл лизинг түрінде келісім уақыты біткен кезде жалға алушы негізгі құралды қалдық құны бойынша сатып алуға құқылы.

Шұғыл лизингке қарағанда қаржы лизигнгі кезінде мүлік иесінің тәуекелі едәуір төмен болады. Былай қарағанда бұл келісім банктің ұзақ мерзімді несиесіне өте ұқсас болып келеді. Себебі құрал-жабдықтың құнының толық өтелуін, кезіңдік төлемдердің төленуін және жалға алушының өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда оны банкрот деп атау құқығын қарастырады.

Қаржы лизингінің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылғылар), сонымен қатар ұзақ мерзімді өндіріс құралдары жатады.

Қаржы лизингі қайтарылатын және үлестік лизингтің базасы болып табылады.

Қайтарылатын лизинг

Қайтарылатын лизингті екі келісімнен тұратын жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл келісім кезінде құралдың иесі оны 3 тұлғаға сатады да, сол сәтте 3 тұлға жалға алушымен ұзақ мерзімді жал келісім-шартына отырады. Бұл кезде сатып алушы ретінде әдетте коммерциялық банктер, инвестициялық, сақтандыру немесе лизингтік компаниялар көрініс табады. Яғни келісімнің нәтижесінде мүлік иесі ғана ауысады, ал пайдаланушы өзгермейді.

Өз алдына инвестор сатушының мүлкіне меншік құқын кепілдікке ала отырып, мүлік иесін несиелендіреді деп айтуға болады. Мұндай келісімдер негізінен іскерлік белсенділіктің төмендеуі кезінде, көсіпорындардың қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Үлестік лизинг

Үлестік лизинг - қаржылық лизингтің бір түрі. Лизингтің бұл түрі 3 жақтың (инвестордың) қатысуын қарастырады. Әдетте инвестор түрінде банк, сақтандыру немесе инвестициялық компаниялар жұмыс істейді. Бұл келісім кезінде лизингтік компания ұзақ мерзімді жал келісім-шартын жасап, лизингтік объектіні тартылған қаражаттар есебінен сатып алады. Алынған займның кепілі ретінде әдетте сатып алынатын мүлік немесе негізгі құрал болып табылады, тартылған қаражаттар болашақ кезеңдердегі лизингтік төлемдер есебінен өтеліп отырады. Сонымен қатар лизингтік компанияның салықтық және займды өтеу кезінде жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіншілігі туады.

Информация о работе Инвестицияның мәні мен жіктелемі