Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 07:34, лекция
“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин.
Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: “Инвестициялау – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде :
- жылжитын және жылжымайтын мүліктер мен мүліктік құқық, ұстау құқығы, өңдеусіз стауға арналған тауарлардан басқалары;
- акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзгеде нысандары;
- облигациялар және басқа да борыштық міндеттемелер;
- инвестицияларға байланысты келісім-шарттар бойынша орындалуға тиісті қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етулер;
- интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне деген құқықтар, оған жататындар: авторлық құқық, патент, тауар белгісі, өнеркәсіп үлгісі, технологиялық процестер, нау-хау, нормативтік-техникалық, сәулеттік, констукторлық және технологиялық жобалық құжаттар;
- лицензия немесе мемлекеттік органдардан берілетін басқа да нысандардағы кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға арналған кез келген құқықтар ”.
Лизингтің бұл түрінің негізгі объектілеріне қымбат бағалы активтер (пайдалы қазбалар кенорны, өндіруші салалар құрал-жабдықтары). Тікелей лизинг
Лизингтің бұл түрі кезінде жалға алушы жалға берушімен қажетті құрал-жабдықтар мен негізгі құралдарды жалға беру туралы келісім-шарт жасасады. Көп жағдайларда лизинг беруші мен лизинг объектісін өндіруші бір тұлға болады. Яғни келісім-шарт тікелей өндірушімен жасалынады. Әлемдегі өз өнімін лизинг негізінде сататын ірі компанияларға ІВМ, Хеrох, GАТХ, көптеген әуекемелерін,тенізкемелерін және автокөліктерін өндіруші компаниялар жатады. Мысал үшін, “Даймлер-Крайслер” және ВМW концернлері ірі лизингтік компаниялардың құрылтайшылары болып табылады және осы компаниялар арқылы өздерінің автокөліктерін өткізеді.
Сублизинг
Сублизинг - сублизинг келісім-шартымен рәсімделетін, лизинг объектісін пайдалану құқығын 3 тұлғаға берумен сипатталатын ерекше қатынастар түрі.
Сублизинг кезінде сублизингті іске асырушы тұлға лизинг объектісін лизинг берушіден лизинг келісім-шарты негізінде 3 тұлғаға уақытша пайдалануға береді. № 78-ІІ 05.07.2000 ж. “Қаржы лизингі туралы” ҚРЗ-на сәйкес лизинг алушының лизинг төлемдерін төлеу бойынша өзінің міндеттемелерін 3 тұлғаға аударуға тиым салынады.
Объектіні сублизингке беру кезінде лизинг берушінің жазбаша рұқсаты міндетті түрде болу керек.
Халықаралық сублизинг халықаралық лизингтің бір түрі болғандықтан, ол да халықаралық лизингтік заңдарға сай жүзеге асырылуы керек. Халықаралық сублизингтің бір ерекшелігі ретінде лизинг объектісінің Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тек сублизинг келісім-шартының мерзімі аралығында ғана өтуін көрсетуге болады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының нарығынды 15 лизингтік компаниялар жұмыс жасауда. Астана қаласында 4 лизингтік компания (Астана финанс, Астық лизингтік компаниясы, Қазагрофинанс және Агромашлизинг), Қарағанды қаласында 1 (Қарағанды лизинг компаниясы) және Алматыда 10 (Центрлизинг, Альфа-лизинг, Нұр-инвест, Халық лизинг, Темірлизинг, Казтранслизинг, Альянс лизинг, БТА лизинг, АТФ лизинг және Медикал лизин групп) лизингтік компаниялары жұмыс істеуде.
Лизинг келісім шартының сызбасы.
Лизинг алу үшін алдын ала қойылатын талаптар.
Керекті құжаттар:
“Банк Туран Алем” ААҚ-ы республикамыздың алдыңғы қатарлы банктерінің бірі. 2000 ж. Банк өзінің еншілес “БТА лизинг” компаниясын құрады. Қазіргі таңда “БТА лизинг” компаниясы өзінің капитаклы және ЕҚҚД банкісімен желiсi бар iрi компаниялардың бiрi.
Компанияның жарғылық капиталы – 2000000 $ “БТА лизинг” ААҚ нарықта жақсы жұмыс жасауда және экономикалық мына салаларда қызмет көрсетедi:
“БТА лизинг” ААҚ Еуропа Қайта Құру және Даму банкiсiнен 5000000 $ займ алған Қазақстандағы бiр ғана компания.
“БТА лизинг” компаниясының лизинг бойынша айлық төлемдi төлеудi есептеу программасы.
Лизингтiк төлемдердi есептеу тәсiлдерi.
S = A + B + Q + R + D
S – жалпы лизинг кезеңiндегi
лизингтiк төлемдердiң жалпы
А – лизинг кезеңiндегi лизинг мүлкiнiң қайта қайтару (возмещение) құнының соммасы;
В – лизингберушiге комиссионды сыйақы;
Q – несие ресурсы бойынша лизингберушiге төлем;
R – мүлiктi сақтандыруға байланысты лизингберушiге төлем;
D – келiсiм шартта көрсетiлген
лизингберушiнiң басқа да
Әрi қарай сақтандыру соммасын және басқа да шығындарды есепке алмай лизингтiк төлемдердiң соммасын мына формуламен есептеймiз:
Лизинг мүлкiнiң қайта қайтару соммасы лизинг кезеңі бойынша амортизациялық алымдарға тең болады.
Лизингберушiнiң комиссиондық сыйақысы i– кезеңiнде мына формуламен есептеледi.
А – лизинг мүлкiнiң өтеу соммасы.
Ai – i-кезеңiндегi лизинг мүлкiнiң өтеу соммасы.
Pb – комиссионды сыйақының
m – бiр жыл iшiндегi кезеңдер саны.
Лизинг берушiге “i” периодындағы лизинг құралының несие ресурсының құнын төлеу формуласы:
K – несие ресурсының (величина) шамасы.
Ki – i-кезеңiндегi несие ресурсына төлем.
Pk – несие бойынша жылдық пайыздық қойылым.
m – жыл iшiндегi кезеңдердiң саны.
Лизинг төлемiнiң i – кещеңiндегi шамасының, үлесiнiң (величина) есебiн мына формуламен есептеуге болады:
Ci = Ai + Bi + Ki, i = 1,N
Лизинг төлемдерiнiң жалпы соммасы, барлық кезеңдердiң төлемдерi ретiнде есептеледi.
Лизингтiк төлемдердiң жалпы соммасы лизинг жобасының қанша соммаға бағаланатындығына мүмкiндiк бередi.
Гиперинфляция жағдайындағы лизингтiк төлемдердi
анықтау әдістемесі
Лизингтiң бағасын мыналар құрайды: амортизациялық төлемдердiң (отчислений) соммасы, несие ресурстарын пайдалану төлемақылар, комиссионды төлемдер, табысқа салынатын салық.
P1 = Pa + Pk + Pi + Pu + Pn
P1 - лизингтiң құны.
Pa – амортизациялық төлемдердiң өсiмi (величина).
Pk – пайдаланылған несие ресурстары бойынша төлем ақылар.
Pi – лизингберушiге комиссиондық төлемдер.
Pu – лизингберушiнiң қосымша шығындары.
Pn – ҚҚС өсiмi (величина).
15-дәріс. Инвестициялық тәуекел
Инвестициялық жобалауда белгісіздік пен тәуекел аспектілері қарастырылады. Анықсыздық дегеніміз – кәсіпорын қызметінің негізгі шамалары мен көрсеткіштерін және инвестициялық жобаны жүзеге асырудың шамалары мен көрсеткіштерін нақты болжаудың мүмкінсіздігі. Мұндағы басты шарт белгісіздікті сандық категорияларда бейнелеу.
Кәсіпкерлік іс-әрекетте тәуекел дегеніміз – кәсіпорынның өз қорларының бөлігін жоғалту мүмкіндігі, жоспарланған табыстардың төмендеуі немесе нақты өндірістік және қаржылық іс-әрекетті жүзеге асырудың нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы. Тәуекелдің негізгі түрлері: фирманың заказ берушіге қатысты өз міндеттемелерін орындамау мүмкіндігімен байланысты өндірістік тәуекел; фирманың инвесторларға қатысты өз міндеттемелерін орындамау мүмкіндігімен байланысты қаржылық тәуекел; меншік және сатып алынған құнды қағаздардан тұратын инвестициялық-қаржылық портфельдің құнсыздану мүмкіндігімен байланысты инвестициялық тәуекел; қор нарығындағы нарықтық пайыздық ставкалар мен валюта курстарының ауытқу мүмкіндігімен байланысты нарықтық тәуекел. Сонымен қатар елдегі тұрақсыз саяси жағдай салдарынан кәсіпкерлер мен инвесторлардың шығындалу мүмкіндігімен байланысты саяси тәуекел болады.
Капитал салымдарының тәуекелі – кәсіпкерлік қызметтің нақты түрінің тәуекелі, ол қаражаттарды салудан күтілетін қайтарымды алмау мүмкіндігімен байланысты. Бұл тәуекелге жоғарыда айтылған барлық тәуекелдер кіреді. Тәуекелді талдаудың қызметі – потенциалды инвесторларға жобаға қатысудың мақсаттылығы жайлы шешім қабылдаудың қажетті деректерін беру мен мүмкін қаржылық шығындардан қорғану шараларын алдын-ала ескерту.
Белгісіздікті талдаудың екі әдісі бар:
1) ықтималды-статистикалық
2) қысқартылған әдістермен
- сезімталдықты талдау;
- инвестициялық жобалардың
Негізінде инвестициялық жобалауда екі әдіс те тізбектей орындалады – алдымен бірінші, содан кейін екіншісі. Мұнда біріншісі міндетті, ал екіншісі – едәуір қажетті, әсіресе егер ірі инвестициялық жоба қарастырылса.
Сезімталдықты талдаудың мақсаты – инвестициялық жобаның түрлі факторларының жоба тиімділігінің басты көрсеткішіне, мысалы табыстылықтың ішкі нормасына әсерін салыстырмалы талдау. Сезімталдықты талдау келесі тізбектілікпен орындалады:
- инвестиция тиімділігінің
- инвестициялық жобаның дайындау
- таңдалған белгісіз
-белгісіз факторлардың барлық
таңдалған мәндері үшін
-барлық белгісіз факторлар
Бұл график инвестициялық жобаның көбінесе шиеленісті факторлары жайлы қортынды жасауға мүмкіндік береді, оның себебі – инвестициялық жобаны жүзеге асыру тәуекелін қысқарту мақсатымен осы факторларға аса көп көңіл бөлу. Мысалы егер өнім бағасы шиеленісті фактор болса, онда жобаны жүзеге асыруда маркетинг программасын жақсарту және (немесе) тауар сапасын жоғарылату қажет. Егер материалдық шығындар факторы шиеленісте болса, онда сатып алу бағаларын төмендету мақсатымен жеткізушілермен жұмысты жақсарту мақсатты болады.
Сценарилерді талдау- бұл тәуекелді талдау әдісі, ал жобаның бастапқы деректерін жинаумен қатар, басқа да жобаны дайындаушылардың пікірі бойынша жүзеге асыру үрдісінде орын ала алатын деректі жинайды.
Сценариді талдауда «жаман» жағдайлардың тоғысуы (сатудың ең аз көлемі, төмен баға тауар бірлігінің жоғарғы өзіндік құны мен т.б.) мен «жақсы» жағдайлардың тоғысуындағы өндірістік-техникалық көрсеткіштер жинақталады. Осыдан кейін NPV жақсы және нашар жағдайларда есептеледі және күтілетін NPV -мен салыстырылады.
Монте-Карло имитациялық үлгілеу әдісі кездейсоқ сценарилерді құрудың мүмкіндігі есебінен, тәуекелді бағалауда қосымша мүмкіндік береді. Мұнда тәуекелді талдаудың нәтижесі NPV - ның қандай да бір мәнімен белгіленбейді, ал осы көрсеткіштің барлық мүмкін мәндерін ықтималды үлестірудің ретінде белгіленеді. Яғни потенциялды инвестор Монте-Карло әдісінің көмегімен жоба тәуекелін сипаттайтын деректің толық жиынтығыменқамтамасыз етіледі. Жалпы жағдайда Монте-Карло имитациялық үлгілеуі –қандайда бір қаржылық көрсеткішті анықтаудың математикалық үлгісі компьютердің көмегімен бірнеше имитациялық айдауға шалдығатын процедура.