Техникалық-экономикалық негіздеме

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 13:43, дипломная работа

Описание работы

Шымкент қаласындағы «Бек-сервис» ЖШС автобус паркі 1999 жылы №4 автобус паркі базасында құрылған. Автобус паркі Шымкент қаласында Таштракт көшесінде орналасқан. Кәсіпорынның негізгі атқаратын қызметі қала ішінде жолаушыларды тасымалдау болып табылады, сонымен қатар кәсіпорын автобустарға техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлерін, ағымдағы жөндеуді және сақтау қызметтерін көрсетеді.

Файлы: 1 файл

Дип.-ЖШС-«Бек-сервис»-автотранспорт.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)


А Н Н О Т А Ц И Я

 

Осы дипломдық жұмыс «Бек-сервис»  ЖШС жылжымалы құрамына ТҚК мен жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және басқару тәсілін жетілдіріп, слесарлы-механикалық бөлімшені қайта жобалауға арналған.

Жұмыстың есептік-түсіндірме жазбасы аннотациядан, мазмұнынан, кіріспеден, негізгі бөлімдерден: техника-экономикалық негіздеме, технологиялық бөлімнен, өндірісті ұйымдастыру және басқару, ғылыми-зерттеу, конструкторлық бөлімнен, тіршілік қауіпсіздігінен, қоршаған ортаны қорғау және экономикалық бөлімнен, бизнес-жоспардан сондай-ақ қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Дипломдық жұмыстың графикалық бөлімі А1 үлгісінің 7 бетінде орындалған, оның құрылымына кіреді: техника-экономикалық негіздеме, өндірістік ғимарат, слесарлы-механикалық учаскесінің технологиялық жоспары, технологиялық және еңбекті ұйымдастыру картасы, автомобильдердің беріліс қорабын жөндеуге және сынауға арналған стенд сызбасы, стенд бөлшектерінің сызбасы, жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері. Жобада технологиялық есептеу нәтижесінде слесарлы-механикалық учаскесінің реконструкциясы жасалып, автомобильдердің агрегаттарын жөндеуге және сынауға арналған стенд  жобаланды  және осы стендпен жұмыс істеуге технологиялық карта құрастырылды, ұйымдастыру бөлімінде жылжымалы құрамның ТҚК және жөндеу өндірісін ұтымды ұйымдастыру және басқару бойынша ұсыныстар келтірілген, сонымен қатар  жобаланатын АТК слесарлы-механикалық учаскесі үшін жөндеу жұмыстарының ресурс үнемдейтін технологиясы ұсынылған, іс-шаралардың тиімділігі экономикалық есептеулермен дәлелденді.

Дипломдық жұмыс түсіндірме жазбасы ____беттен,  ____кестеден, ___ формуладан, 16 әдебиет көзінен, ал графикалық бөлігі ____ сызба беттерінен тұрады.

КІРІСПЕ

 

Елдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы жағдайында автомобиль көлігін қолдану саласы тұрақты кеңейіп отырады. Қазіргі уақытта бұл саладағы қызметтерді ұсыну бәсекелес ортаға толығымен берілген.  
Осы факторлар автомобиль көлік саласында тасымалдарды жандандыруға ықпал етеді. Атап айтқанда «Көліктік-логистикалық қызметтер көрсету» Пекин-Берлин-Брюссель бағдарында жүктерді тасымалдау бойынша NELTI жобасы..іске..асырылуда.  
        Республика автокөлігінің маңызды проблемасы көрсетілетін қызметтер сапасына, тасымалдау қауіпсіздігіне әсер ететін оның паркінің едәуір ескіруі болып табылады. Автокөлік құралдарының басым көпшілігі олардың пайдалану мерзімінің шегіне жеткен, атап айтқанда бұл жүк автомобильдерінің 77 пайызы және автобустардың 65 пайызы.  
       Автокөлік санының көбеюі атмосфераға зиянды шығарындылардың көлемінің ұлғаюына байланысты, әсіресе Алматы қаласында осындай шығарындылардың үлес салмағы ластанудың жалпы көлемінен 80 пайызды құрайды, экологиялық жағдайдың нашарлануына әкеліп соқтырды.  
       Осыған байланысты автомобиль көлігі саласында жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында автокөлік паркін жаңартуды ынталандыру жөніндегі шараларды мемлекеттік деңгейде қабылдау маңызды.  
       Атап.айтқанда.осының:  
- амортизациялық есептеулердің ставкасын, жөндеуге шегерістерді ұлғайту және автокөлік паркін уақтылы жаңартуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін шығаруға.кеден.баждарын.төмендетуге;  
- шығынды болып табылатын жолаушылар автокөлігінің әлеуметтік маңызы бар маршруттарын облыстық бюджет есебінен қаржыландыруға қатысы бар.

 

 

 

 

 

1. ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ

 

    1. Жобаланатын кәсіпорнының жалпы сипаттамасы

 

  Шымкент қаласындағы «Бек-сервис» ЖШС автобус паркі 1999 жылы №4 автобус паркі базасында құрылған. Автобус паркі  Шымкент қаласында Таштракт көшесінде орналасқан. Кәсіпорынның негізгі атқаратын қызметі қала ішінде жолаушыларды тасымалдау болып табылады, сонымен қатар кәсіпорын автобустарға техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлерін, ағымдағы жөндеуді және сақтау қызметтерін көрсетеді.

     Бүгінде  «Бек-сервис» ЖШС автобус паркі ЛАЗ-695Н, ПАЗ-3205, МАН және ГАЗ-3221 автобустарымен № 22 –«Жұлдыз-Жоғарғы базар», 32- «Жоғарғы базар- АТК №4», 34- «Қазығұрт- Ордабасы алаңы», 60- «Жоғарғы базар- Құрсай ауылы» қалалық бағыттарында жолаушыларды тасымалдайды. «Бек-сервис» ЖШС жылжымалы құрамының құрылымы 1.1-кестеде келтірілген.  Кестеден парктің басым бөлігінің ескіргенін байқауға болады. Автобус паркі соңғы уақытта қалалық қатынаста жүретін жеке иеліктегі 44 шетелдік автобусқа келісім-шарт бойынша ТҚК, АЖ және сақтау қызметтерін тұрақты көрсетеді. Бұл мақсатта кәсіпорын қажетті технологиялық құрал-жабдықтармен және білікті жұмысшылармен қамтамасыз етілген. 

АТК жылжымалы құрамы пайдалану жағдайының 3-ші категориясында жұмыс істейді.

АТК жылумен, сумен, электр энергиясымен жалпы қалалық тораптан қамтамасыз етіледі. 

Автобус паркінің құрамына келесі өндірістік, қоймалық және қосалқы  жайлар қарастырылған (кесте 1.2).

Кәсіпорынның өндірістік ғимараты 2 блоктан тұрады. 1-ші блокта қозғалтқыштарды жөндеу, агрегаттар, электротехникалық, карбюраторлық, слесарлы-механикалық, аккумулятор жөндеу және тыс қаптау  учаскелері орналасқан.

2-ші блокта ТҚК және АЖ аймақтары (барлығы 20 бекет), шанақ жөндеу учаскесі орналасқан.

 

        .«Бек-сервис» ЖШС жылжымалы құрамының құрылымы

«Бек-сервис» ЖШС жылжымалы құрамының құрылымы 1.1-кестеде келтірілген.

Кесте 1.1

Жылжымалы құрам маркасы

Барлығы

дана

Соның ішінде

КЖ дейін

КЖ кейін

1. ЛАЗ-695Н

2. ПАЗ - 3205

3. МАН

4.ЛиАЗ 

5.ГАЗ-3221*

6.Форд-Транзит*

7.ЗиЛ ММЗ-555

8. ГАЗ-2401

9.ГАЗ-53А

10.КрАЗ-256

11.Урал-НЗАС

12.УАЗ-452

13.Автокран

46

2

3

1

23

33

2

2

1

1

1

1

1

15

1

-

-

20

23

1

2

-

-

1

-

-

31

1

3

1

3

10

1

-

1

1

-

1

1

Жиыны:

117

63

54


Ескерту:ГАЗ-3221 және Форд-транзит  автобустары «Бек-сервис» ЖШС  бағыттарында келісім-шарт бойынша жұмыс істейді.

Кесте 1.2

Кәсіпорын ғимараттары мен құрылыстарының құрамы

Ғимараттар мен құрылыстардың  атауы

Жоспардағы өлшемдері,м

1

Өндірістік ғимарат

72´145

2

Әкімшіліктік-тұрмыстық  ғимарат

24´42

3

Бақылау-техникалық бекеті

18´18

4

Автобустарды жуу учаскесі

18´54

5

Тазалау құрылыстары

12´24

6

Трансформатор подстанциясы

12´18

7

Канализациялық насос станциясы

   2

8

Орталық жылу тарату пункті

9´12

9

Өрт сөндіру насос станциясы

6´12

10

Өртке қарсы  резервуарлар

9´6

11

Жанармай құю бекеті

9´6


 

Автокөлік кәсіпорнының техника-экономикалық көрсеткіштері

«Бек-сервис» ЖШС-нің есеп берілген 2007 жылдағы техника-экономикалық көрсеткіштері 1.3.-кестеде келтірілген.

Кесте 1.3

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Мәні

1. Техникалық дайындық коэффициенті

2. Тасымал көлемі

3. Жолаушылар айналымы

4. Нарядтағы орташа уақыт

5. Автомобильдердің тәуліктік орташа жүрісі

6. Парктің жылдық жалпы  жүрісі

7. АТК-ның жыл ішіндегі  жұмыс күндері

8. Бір жолаушының орташа жүрісі

мың жолаушы

мың жол . км

сағ

км

мың  км

күн

км

0,71

2715,1

11403,2

10-11

200

2284

365

4,1


 

 

1.2. ТҚК мен АЖ технологиялық процестеріне және ұйымдастырылу сапасына талдау жасау

    Кәсіпорынның соңғы 3-5 жыл ішіндегі жұмысының техника-экономикалық көрсеткіштерінің талдауы төмендегі диаграммаларда келтірілген.

 

1. Қызмет көрсетілетін автомобиль санының өзгеру динамикасы, дана.


 

 

 

 

 

 

 

Ескерту. 2007ж. автомобильдер  саны АТК бағыттарына тартылған  балансқа кірмейтін автомобильдермен  қоса берілген.

2. Тасымалданған  жолаушылар көлемі, мың жол..


 

 

 

 

 

 

 

 

3. Жолаушылар  айналымының өзгеру динамикасы, мың жол.км.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Техникалық  дайындық коэффициентінің өзгеру  динамикасы,  aТ

 

  aТ


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Болуы мүмкін  және іс-жүзіндегі механикаландыру  деңгейлері

 

УМ,%


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диплом алдындағы практика кезінде мен «Бек-сервис» ЖШС жылжымалы құрамының ТҚК мен АЖ технологиясы және ұйымдастырылу сапасын зерттедім.

Талдау келесі критерийлер  бойынша жүргізілді:

1) ТҚК-1 және ТҚК-2 операциялар  тізімінің орындалу толықтығы,  ол операциялардың орындалу толықтығы  коэффициентімен сипаттала-ды:

Кп = Nф/Nн,

мұнда  Nф- іс жүзінде орындалатын операциялар тізімі;

        Nн - операциялық-технологиялық картамен қарастырылған операциялар тізімі.

2) Іс жүзіндегі еңбек мөлшерді tф  нормалықпен tн салыстыру,%: tф/ tн;

3) Тағайындалған ТҚК мерзімділігін іс жүзіндегімен салыстыру;

4) Өндірістік аймақтар  мен учаскелердің  іс жүзіндегі  және қол жеткізуге болатын  механикаландыру деңгейлерін салыстыру;

5) Техникалық дайындық  коэффициентінің іс жүзіндегі  және қол жеткізуге болатын  мәндерін салыстыру;

Талдау нәтижелері бойынша келесі мәліметтер анықталды:  

1) ТҚК-1 және ТҚК-2 операциялары  толық көлемде орындалмайды, яғни  операциялық-технологиялық картамен  қарастырылған 34 операцияның орнына іс жүзінде 21 ғана орындалады, Кп1= 0,62, ТҚК-2 бойынша операциялық-технологиялық картамен қарастырылған 69 операцияның орнына іс жүзінде 37 ғана орындалады, Кп2= 0,54.

2) ТҚК-1 және ТҚК-2-нің  іс-жүзіндегі меншікті еңбек мөлшерлері  нормадан едәуір жоғары, яғни t1ф/ t1н  = 11,3 %, t2ф/ t2н = 14,8 %.

3) ТҚК-1 және ТҚК-2 іс-жүзіндегі мерзімділігі тағайындалған мерзімділіктен  орта есеппен  25 %  ұзартылып орындалады;

4) Өндірістік аймақтар  мен учаскелердің жұмыс орындары  механикаланған жабдықтармен нашар  қамтамасыз етілген, мысалы, КҚК  жұмыстарын 56%-ке дейін механикаландыру мүмкіндігінде,  іс жүзіндегі  механикаландыру деңгейі бар болғаны 24 % құрайды, ТҚК-1 үшін іс жүзіндегі Умф1=9,8%, қол жеткізуге болатыны 24% құрайды, ТҚК-2 үшін іс жүзіндегі Умф2=8,3%,  қол жеткізуге болатыны 21%.

5) Техникалық дайындық  коэффициентінің іс жүзіндегі мәні және қол жеткізуге болатын мәннен  едәуір төмен.

  «Бек-сервис» ЖШС техникалық қызметі  жұмысының көрсеткіштерінің талдауы оның жеткілікті емес дәрежеде жұмыс істейтіндігін көрсетіп тұр, себебі автомобильдерді жұмысқа қабілетті күйде ұстап тұруға кететін шығындар нормалық мәндерден асып тұр. Бұл, негізінен, автомобильдерді ТҚК мен жөндеу бойынша өндірістік процестердің ұйымдастырылуының және механикаландырылуының төмен деңгейімен түсіндіріледі. АТК техникалық қызметі тиімді жұмыс істеуі үшін оның жұмысын жақсартатын оңтайлы ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын  өндіріске ендіру керек.

 

 

 

 

 

 

    1. Жобалау нысанының мінездемесі

 

           Тапсырма бойынша слесарлы-механикалық бөлімше жобаланатын нысан болып табылады, мұнда салыстырмалы түрде қарапайым бөлшектерді әзірлейді және қалпына келтіреді, сондай-ақ негізінен АЖ аймағы мен агрегаттар бөлімшесі үшін түйіндерді жинауды орындайды. Осы бөлімше жұмысының ұйымдастырылуы бойынша станоктық (метал жону, фрезер және тегістеу) және слесарлық жұмыстар бөлшектерді әзірлеу және қалпына келтіру кезіндегі соңғы өңдеу жұмыстары болып табылады, сондықтан слесарлы-механикалық бөлімше дайындаманы қоймадан, пісіру, темір соғу және басқа да бөлімшелерден алады. 

         «Бек-сервис» ЖШС слесарлы-механикалық учаскесі өндірістік ғимаратта орналасқан және  ТҚК-2 мен АЖ аймақтарымен, агрегаттар бөлімшесімен, орталық қоймамен шектеседі. Учаскеде 5 слесарь жұмыс істейді. Учаске 5-күндік жұмыс аптасы бойынша ұзақтығы 8 сағат бір ауысыммен жұмыс істейді. Учаскенің технологиялық жабдығы орындалатын жұмыстарға сәйкес келеді. Диплом алдындағы практика кезінде слесарлы-механикалық учаскенің жұмысының технологиясы мен ұйымдастырылуында келесі кемшіліктер анықталды:

Информация о работе Техникалық-экономикалық негіздеме