Қазақстан Республикасында банктік қызметтер нарығын дамыту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 13:53, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің әдіснамалық негізі еліміздің және шетелдік ғалымдардың, экономистер мен қаржыгерлердің кәсіпорындарды басқару және қаржылық қызмет көрсетулер саласы бойынша жасалынған теориялық зерттеулері мен қаржылық менеджмент жөніндегі жаңаша көзқарастар, осы бағыттарда жазылған ғылыми – зерттеу еңбектері, оқулықтары, оқу құралдары, әдістемелік және монографиялық еңбектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен жарлықтары, Үкіметтің бағдарламалары, еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының әлеуметтік – экономиалық бағыттағы тұжырымдамалары, газет – журналдар беттерінен алынған мақалалар, статистикалық деректер, интернет сайтында, баспасөз құралдарында жарияланған қызмет бағыттарының қорытындысы болып отыр.

Файлы: 1 файл

Сырым диплом.docx

— 198.73 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Экономикалық қатынастардың  күрделене түсуі қаржы қатынастарының да соған қарай икемделуіне әкелетіні  сөзсіз. Экономикалық қатынастардың  дамуымен бірге осы қатынастарды қамтамасыз ететін қаржылық қызметтер  де үздіксіз жетілдіруді қажет етіп отырады.

Қаржылық қызметті іске асыратын кәсіпорындарға банктер, сақтандыру компаниялар, брокерлік компаниялар, жинақтаушы зейнетақы қорлары жатады.

Жұмыста банктің қаржылық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру  мәселелері қарастырылады.

Банк жүйесін жетілдіріп отыру жалпы экономикалық тиімді өсудің кепілі болып табылады. Себебі, экономиканың қызмететіп отырған барлық салалары мен құрылымдары негізінен әр түрлі деңгейдегі қаржылар арқылы қызмет етеді. Ал осы қаржыларды шоғырландыратын, оларды тиімді салаларға бағыттайтын, бос ақша қаражаттарды айналысқа жіберіп, ұлттық экономиканы жалпы қаржылық реттеп отыратын осы банк жүйесі болып табылады. Ал бүгінде экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, ұлттық экономиканы шикізаттық бағыттан индустриялы бағытқа бет бұруға кіріскен және аз арада БСҰ-на кіргелі отырған Қазақстан үшін банк жүйесін тиімді жетілдірудің маңызы зор болып табылады. Мұны кезекті Жолдауында Елбасымызда нақты атап өтті.

Клиенттерге кешенді қызмет көрсету тәжірибесі клиенттердің аса  күрделі қажеттіліктерін қанағаттандыра  отырып жаңа қызметтерді (трастық, лизингтік  және т.б.) жүзеге асыра бастаған отандық  коммерциялық банктермен бірте-бірте  енгізілуде. Қазақстанның қызіргі заман  талабына сай экономикалық шарттарында  бәсекелестік күреске клиентке көрсетілетін қызмет диапазонына тұрақты түрде  кеңейтіп, олардың өзіндік құнын  төмендетеалатын банк қана төзе алады. Әйтпесе, банкт несиелік ресурстар  көлемі бірден қысқарады, оның құрылымы, сәйкесінше, баланс өнімділігі нашарлайды.

Нәтижесінде, бұндай банк үлкен  зиян әкеліп, бәсеке қабілетсіз болып  қалуы мүмкін.

Қарастырылып отырған  объект жүйе құраушы банк болғандықтан, оның көрсететін қызмет жүйесін жетілдіру  мәселесінің өзекті екендігі сөзсіз.

Сондықтан да жоғарыда айтылғандардың негізінде дипломдық жұмыстың тақырыбының  мазмұнын ашуда келесідей міндеттер  мен мақсаттар алға қойылып отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты  – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ңқаржылық қызмет көрсетулер жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.

Дипломдық жұмыстың мақсатына  байланысты, оның келесі міндеттері анықталып, шешіледі:

- кәсіпорынның қаржылық қызмет көрсетулер жүйесінің теориялық негіздерін айқындау;

- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның жалпы сипаттамасы және технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;

- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағықаржылық қызмет жүйесін сипаттау;

- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағы қаржылық қызмет көрсетулер жүйесін жетілдіру бойынша шаралар ұсыну.

Зерттеу объектісі ретінде отандық нарықта қаржылық қызметті жүзеге асыратын «Қазақстан Халық банкі» АҚ алынды.

Зерттеу пәні кәсіпорындағы  қаржылық қызмет көрсетулер жүйесін жетілдірудің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілерінің жиынтығы болып табылады.

Зерттеудің әдіснамалық  негізі еліміздің және шетелдік ғалымдардың, экономистер мен қаржыгерлердің  кәсіпорындарды басқару және қаржылық қызмет көрсетулер саласы бойынша жасалынған теориялық зерттеулері мен қаржылық менеджмент жөніндегі жаңаша көзқарастар, осы бағыттарда жазылған ғылыми – зерттеу еңбектері, оқулықтары, оқу құралдары, әдістемелік және монографиялық еңбектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен жарлықтары, Үкіметтің бағдарламалары, еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының әлеуметтік – экономиалық  бағыттағы тұжырымдамалары, газет – журналдар беттерінен алынған мақалалар, статистикалық деректер, интернет сайтында, баспасөз құралдарында  жарияланған қызмет бағыттарының қорытындысы болып отыр.

Берілген жұмыста қаржылық қызмет көрсетулер жүйесі мәселесіне қатысты келесі шетелдік және отандық ғалымдарының еңбектерінде көрсетілген әдіс-тәсілдер, көзқарастар қарастырылып, пайдаланылды: Сейтқасымов Г.С., Колесникова В.И., Лаврушин О.И., Коробова Г.Г, Тагирбеков К.Р., Земерхайм Т., Мақыш С.Б., Ілияс  А.Ә., Бекболатұлы Ж.К. және т.б.

Зерттеудің ақпараттық негізі болып «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қызметі туралы ақпараттар қызмет етті.

Жұмыс тақырыбы бойынша қолданылған  зерттеу әдістеріне экономикалық, статистикалық  әдістер, жүйелік және жағдаяттық талдау жатады.

Диплом жұмысының құрылымы оның міндеттеріне сәйкес келеді және 3 тараудан тұрады.

Бірінші тарауда қызмет көрсетулер жүйесінің теориялық негіздері сипатталады.

Екінші тарауда кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қаржылық қызмет көрсету жүйесі талданады.

Үшінші тарауда кәсіпорынның қаржылық қызмет көрсетулер жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалады.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік  мәні онда анықталған нәтижелердің іс жүзінде қолданылу мүмкіндігімен  сипатталады.

 

 

 

 

1 Кәсіпорынның  қаржылық қызмет көрсетулер жүйесінің  теориялық негіздері

 

1.1 Қаржылық қызмет  көрсетулер жүйесі мәні және  құрылымы

 

Бүгінгі күні экономикалық қатынастардың күрделене түсу жағдайында қаржы қызметтері жүйесі мәселесі ерекше назарда болады.

Қаржы қызметтерінің жүйесі – бұл қаржы қызметтерінің  іске асырылуына қатысты барлық элементтердің  жиынтығы[8].

Қаржы қызметтері - сақтандыру рыногына, бағалы қағаздар рыногына, жинақтаушы зейнетақы қорларына қатысушылардың қызметі, банк қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі, сондай-ақ орталық депозитарийдің және лицензиялауға жатпайтын өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі. 

Қаржылық қызметті қаржылық ұйым жасайды.

Қаржылық ұйым - қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушы - қаржылық ұйымның қызмет көрсетуiн пайдаланушы, сондай-ақ өз қаражаттарын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға.

Қаржылық қызметтің міндеттеріне келесілер жатады:

1.Өзінің қызметтерін қаржыландыруға  және өзін-өзі қамтамасыз етуге  ақша қорларын табу;

2.Қоғамның ақшалай инфрақұрылымын  құру және оның жұмыс істеуін  қамтамасыз ету;

3.Қоғамда жүріп жатқан  әлеуметтік, экономикалық процестерге  мемлекет қоғамға қолайлы деп  тапқан бағытта ақша көмегімен  ықпал ету.

Қаржылық қызметтің мақсаты  – қоғамның әлеуметтік, экономикалық инфрақұрылымдарының қызмет атқарылуына  қолайлы жағдай жасау.

Қаржылық қызметтің принциптері:

  1. Қоғамның мұқтаждықтарын есепке алу
  2. Қоғамның бақылауында болу
  3. Жариялық, ашықтылық
  4. Нормативтілік, жоспарлылық
  5. Ұжымдылық, жүйелілік және тұрақтылық.

Қаржылық қызмет келесідей  әдістер арқылы жүзеге асырылады:

1.Ақша қорларын қалыптастыру  әдісі – бұл мынандай қызмет  атқарады:

- ақша қорларын қайтармайтын  түрде алу;

- ақша қаражатынының орнына  жүретін бағалы қағаз шығару;

2.Ақша қорларын бөлу  әдісі мынандай қызмет атқарады:

- қаржыландыру, дотация,  субвенция, субсидия түрінде ақшалар  беру

- несиелеу(ұзақ, орта, қысқа  мерзімді)

- мемлекеттің өзінің ішкі  және сыртқы қарызын өтеу

3.Ақша қорларын ұйымдастыру  әдісі мынандай қызмет атқарады:

- ақша қорларының пайдалану  бағытын белгілеу

- ақшаны пайдалануды жоспарлау

- ақша қаражаттарының  қаржылық нормамен берілу шектерін  белгілеу

- ақша қорларын пайдалануға  бақылау жүргізу.

Қаржы қызметтері мынадай  негізгі секторларға бөлінеді:

1. Банк қызметі;

2. Сақтандыру қызметі;

3. Бағалы қағаздар нарығы қызметтері;

4. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметтері.

Банк (италянша банко —  үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар  арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай  есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін  айналымға қосу, ақша мен құнды  қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен  түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын  қаржы мекемесі. Банктің пайда  болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер  кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша  пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен  уақытша кредит беру арқылы қаржы  мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, Банктер  аралық қызмет атқарып ақша пиасасында (рыногында) тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады. Міндеттеме мен талаптың пайда болу процесі қаржылық-делдалдық қызметтің  негізін құрайды.

 Банк— ерекше кәсіпорын.  Егер кәдуілгі кәсіпорын қызметінде  ақша төлем рөлін атқарса, ал  Банк қызметінде ол тауар орнына  жүреді. Банктер уақытша пайдаланылмай  тұрған бос ақша қаражаттарын  өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот  ашып, кассалық қызмет көрсету,  қысқа және ұзақ мерзімге несие  беру, кредит бөлу, инвестициялық  қызмет атқару (ұзақ мерзімді  күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) т.с.с. өзіндік  арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық  экономика жағдайында лизингтік,  факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де  атқарады. Банк жүргізетін операциялар  пассивті (ресурстарды банктегі  есепшотқа енгізу) және активті  (Банк ресурстарын орналастыру)  болып бөлінеді. Негізгі пассивті  операциялардың қатарына Банктің  өзіндік капиталы (жарғылық қор,  резервтік қор), депозиттер қабылдау  және банкаралық ақша пиасасынан (рыногынан) қосымша ресурстар  алу жатса, ал, негізгі активті  операцияларға банкаралық кредит  беру, инвестициялық (тікелей және  портфельді) қаржы бөлу, т.б. жатады. Коммерциялық банктер бұлармен қатар делдалдық және сенімдік (коммандиттік) операцияларды да жасайды. Атқаратын қызметі мен сипатына қарай — орталық эмиссиялық (Ұлттық банк, оның жергілікті филиалдары), коммерциялық, инвестициялық, салалық, ал меншік түріне қарай мемлекеттік, акционерлік, корпоративтік, аралас, мемлекетаралық банктер болып бөлінеді

Сонымен, қазіргі түсінікте  «коммерциялық банк» — бұл  ерекше өнім шығарумен айналысатын  кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын  реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие  институты болып табылады.

Сақтандыру қызметі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу мен орындауға байланысты,

Сақтандыру компаниясы - меншік, ұйымдық-құрылымдық нысанына және құрылысына қарамастан сақтандыру операцияларын  жүзеге асырумен (сақтандыру қорын  қалыптастырып, пайдаланумен) айналысатын ұйымдық құрылым. Кейде сақтандырушы деген үғымның баламасы ретінде пайдаланылады. Сақтандыру компаниясы азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асырады.

Сақтандыру компаниясы бірқатар белгілері бойынша:

- меншік нысанына қарай (мемлекеттік, жекеше, өзара қарыз, бірлескен сақтандыру компаниясы);

- капиталының көлеміне қарай (ірі, орта, ұсақ сақтандыру компаниясы);

- аумақтық қызметіне қарай (аймақтық, ұлттық, халықаралық сақтандыру компаниясы);

- сақтандыру қызметінің бағытына қарай (мамандандырылған, әмбебап сақтандыру компаниясы) сыныпталады.

Мамандандырылған сақтандыру компаниясы сақтандыру қызметінің тек  бір түрі бойынша операциялар  жүргізеді (өмірді сақтандыру, теңіз  сақтандыруы, т. б.).

Әмбебап сақтандыру компаниясы сақтандыру қызметі түрлерінің тобы бойынша операциялар жүргізеді. Бір немесе бірнеше заңи тұлғалар (әдетте корпорациялар мен қаржы-несие  топтары) өздерінің немесе құрамына кіретін шаруашылық жүргізуші бірліктердің мүліктік мүдделерін сақтандыру арқылы қорғау мақсатында құрылатын "кэптивтік" сақтандыру компаниясы ерекше орын алады.

Бағалы қағаздар нарығы қызметтері.

Бұл қызмет түрін брокерлер, кастодиандар атқарады. Брокерлер қызметі- брокерлік және дилерлік қызмет түрін атқаруға берілетін лицензия, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің есеп-шоттарын енгізу құқы бар немесе есеп-шоттарды енгізу құқы жоқ болуы мүмкін [9].

Жинақтаушы зейнетақы  қорлары қызметтері.

Қазіргі уақытта Қазақстанның зейнетақымен қамсыздандыруы ынтымақтастықты  және жинақтаушы жүйе механизмдерін  бір мезгілде үйлестіретін үш деңгейлі жүйесін (пиллар) ұсынады:

Бірінші деңгей - КСРО ыдырағаннан  кейін Қазақстанға мирас болып  қалған және «ұрпақтың ынтымақтастығына»  негізделген ынтымақтастықты зейнетақы  жүйе, онда зейнетақы төлем көздері  халықтың жұмыс істейтін бөлігінің  салық аударымдары есебінен және басқа да түсімдер есебінен мемлекеттік  бюджет атқарады. Зейнетақы төлем  мөлшері еңбек өтілімен анықталады. Қазіргі уақытта осы деңгей аясында 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шығу сәтінде еңбек өтілімі алты айдан кем болған тұлғалардың зейнет төлемдері реттестіріледі.

Информация о работе Қазақстан Республикасында банктік қызметтер нарығын дамыту бағыттары