Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 13:53, курсовая работа
Зерттеудің әдіснамалық негізі еліміздің және шетелдік ғалымдардың, экономистер мен қаржыгерлердің кәсіпорындарды басқару және қаржылық қызмет көрсетулер саласы бойынша жасалынған теориялық зерттеулері мен қаржылық менеджмент жөніндегі жаңаша көзқарастар, осы бағыттарда жазылған ғылыми – зерттеу еңбектері, оқулықтары, оқу құралдары, әдістемелік және монографиялық еңбектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен жарлықтары, Үкіметтің бағдарламалары, еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының әлеуметтік – экономиалық бағыттағы тұжырымдамалары, газет – журналдар беттерінен алынған мақалалар, статистикалық деректер, интернет сайтында, баспасөз құралдарында жарияланған қызмет бағыттарының қорытындысы болып отыр.
Ынтымақтастықты жүйемен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылды және дамытылып жатыр.
Екінші деңгей: Қазақстан азаматтары, Қазақстанда тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін ай сайынғы табысынан 10 пайыз мөлшерде зейнетақы аударымдарын ұстап отыратын міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі.
Үшінші деңгей: ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе.
1.2 Қаржылық қызмет көрсететін кәсіпорындар, олардың қызметінің ерекшеліктері
Банк қызметін іске асыратын кәсіпорынбанк болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңның 1-бабына сәйкес, «банк - осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға» [2].
Банктік қызмет — бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
1)заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
2)жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
3)банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашy және жүргізу;
4)заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
5)айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау, аударым операциялары;
6)заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
7)есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
8)заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай нысанда несиелер беру;
9)заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент- банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
10)сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
11)клиринттік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза ұстанымын анық- тау;
12)сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін керсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
13)ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
14)төлем карточкаларын шығару;
15)банкнот пен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту;
16)шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру;
17)төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
18)чек кітапшаларын шығару;
19)бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
20)аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
21)ақшалай нысанда орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;
23)үшінші тұлғаның атынан ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.
Экономиканы дамытуда несиенің
рөлі маңызды әрі сан салалы. Несие
өнімнің өндірілуі, өткізілуі мен
тұтынылуы үрдісіне және ақша айналысы
саласына әсерін тигізеді, яғни өнімді
өндіру мен өткізу үрдістерінін іркіліссіз
болуына ықпал етеді, өндірістің
маусымдылығына орай туындаған қаражатқа
деген ділгірлікті уақытша
Несие, негізінен, коммерциялық несие және банк несиесі түрлеріне бөлінеді [11]. Айрықша түрі халықаралық несие.
Коммерциялық несие — сатушы тауарды сатып алушыға төлемін кейінге қалдыра отырып беретін несие. Бұл орайда айналым құралы ретінде, әдетте, вексель жүреді. Мұндағы вексель дегеніміз — несиегерге вексель беруші қарызгерден вексельде көрсетілген ақша сомасын белгіленген мерзімде төлеуді талап ету құқын беретін белгілі бір нысандағы жазбаша борыштық міндеттеме. Банк несиесінің әмбебаптық сипаты бар. Бұл ретте банктер, ақша иелері және басқа несие мекемелері несиегерлер болып келеді. Несиенің берілуі мен өтелуіне, ставка пайызының мөлшеріне байланысты тараптардың міндеттемесі мен экономикалық жауапкершілігі несиелік келісімдер негізінде шешімін табады. Банк несиені несиелеу мерзіміне қарай қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі мерзімге), орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге) және ұзақ мерзімді (3 жылдан астам мерзімге) болып келеді. Ол қарызгерге тиесілі жылжымайтын мүлік, тауарлар, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтар кепілімен қамтамасыз етілуге тиіс. Сондай-ақ, несие түрлері несиелеу нысандары мен әдістері бойынша және басқа белгілеріне қарай жіктеледі.
Қазақстанда несиенің мынадай түрлері пайдаланылады:
- ұлттық банк несиелері – аукциондық, ломбардтық, бюджеттік несиелер;
- екінші деңгейдегі банктер несиелері – меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігін уақытша толтыруға, күрделі салымдарды қаржыландыруға, тұтыну мақсатына арналған несиелер; импорттық, ипотекалық, консорциалдық, банкаралық несилер.
Қазақстан Ұлттық банкінде несие сапасына қарай стандарттық, бейстандарттық, қанағаттанғысыз, күмәнді және зиян келтіруші несие деп бөлінеді.
Несиені сақтандыру - сақтандыру
түрлерінің жиынтығы. Мұнда сақтанушының
контрагенттері берілген несиені қайтару
немесе сақтандыру шартында ескертілген
себептер бойынша несиені пайдаланғаны
үшін пайыз төлеу жөніндегі
Кредит карточкасы- банк немесе басқа мамандырылған кредит (сауда) мекемесі шығарған атаулы ақша құжаты. Ол тиісті мекемеде кредит карточкасы иесінің есепшоты бар екендігін куэландырады және оғаи бөлшек сауда жүйесінде тауарларды қолмақол ақшасыз сатып алуына, сондай-ақ өзіне қызметтің де солай көрсетілуіне кұқық береді
Кредиттік ақша - несие мен
төлем қаражаты ретінде ақша атқарар
міндеттің дамуы негізінде
Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Машиналарды, құрал-жабдықтарды,
көлік құралдарын, өндірістік мақсаттағы
ғимараттарды ұзақ мерзімге жалдаған
жалға алушы мүліктерді пайдалану
шамасы бойынша борыштарын бірте-бірте
өтеуі; лизингтік келісімшарт
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл
мүліктің қызмет ету мерзіміне
қарағанда, оның пайдалану
2. Қаржы лизингі –
бұл уақытша пайдалануға
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
1.Ішкі лизинг – бұл
өзінің қатынасушыларының бір
елден болып келуімен
2.Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:
- лизинг беруші(жалға беруші);
- лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі.
Заем - мемлекетгің қарыз (заемшы) немесе несие беру рөлін атқаруына байланысты несиелік қарым-қатынастардың бір түрі. Заем қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді, пайызды, ұтыс заемдары болып ажыратылады.
Овердрафт (ағылш. овердрафт
– жоспардан тыс) – төлем шамасы
тапсырыскер шотындағы
Банк кепілдігі - ақшалай немесе басқа міндеттемелердің клиентпен немесе басқа тұлғасымен орындауға банк көрсетуші кепілшілік. Бұл банктің кепілдік берген міндеттемелерінің орындамаулары жағдайда кепілдік аталып өткен шектердегі қарызшының парыздары бойынша жауапкершілік.
Банк кепілдігі - өз клиентінің
ақшалай міндеттемелерінің
Валюталық Операциялар —
валюталық құндылықтарға
Ал, шұғыл валюталық операциялар кезінде мәміле жасалған мерзім ішінде (бір аптадан бес жылға шейін) төлем төленеді.
Төлем карточкасы — бұл ақша емес, карточка ұстаушыға төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және карточкасының эмитенті айқындаған және оның талаптарымен басқа операцияларды жасауға мүмкіндік беретін ақпараттан тұратын электрондық терминалдар немесе өзге құралдар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалту дегенді білдірмейді: олар толық сақталады.
Информация о работе Қазақстан Республикасында банктік қызметтер нарығын дамыту бағыттары