Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 21:29, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бюджет мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән.
КІРІСПЕ………………………………………………..……………………............3
1. БЮДЖЕТТІҢ МЕМЛЕКЕТ ЭКОНОМИКАСЫНА ТИГІЗЕТІҢ ӘСЕРІ.....6
1.1 Бюджеттің әлеуметтік-экономикалық мәні, мазмұны және ролі................6
1.2 Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері мен жүйесін қалыптастыру қағидалары........................................................................................................22
2.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТІН РОЛІ..........................................................................................................................31
2.1 Қазақстан Республикасы бюджетінің құрылымы мен өсу қарқынын талдау..................................................................................................................31
2.2ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарының мақсаттылығы мен бағыттылығы..............................................40
2.3 Бюджет артықшылығының экономикаға тигізетін әсерi................................45
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖІТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...........................................49
3.1 Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін ұйымдастырудағы ерекшеліктері.........................................................................................................49
3.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары...............51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................
1-тарауда. Бюджеттің экономикаға тигізетің әсері қаратырылған. Ол мемлекеттік бюджеттін мән рөлі. Бюджеттің мәні мен рөлі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшелігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының аздаған уақыт өтсе де, біздің еліміз өз экономикасының берік негізін қалауға тырысуға және белгілі бір нәтижеге қол жеткізуде. 2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығындарының ең көбісі әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған. Содан кейін трансферттерге көп ақша бөлінетіні туралы айта кете керек. Ол мемлекеттің бюджет деңгейлеріне байланысты болады. Мемлекеттік бюджетті атқаруда кездесетін бірқатар мәселелер бар. Бюджетті атқаруда кездесетін басты мәселе – бюджетке салықтық түсімдердің уақытында түспеуі. Ол мемлекеттің экономикасына кері әсерін беретіні анық. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарынның әлеуметтік-экономикалық салаларға, нақты экономика секторына, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты нақты жұмсалуы, яғни мақсаттылығы және бағыттылығы бірдей болуын қамтамасыз ету керек.
2-тарауда .Қазақстан республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын талдау. Елдің экономикасын дұрыс қалыптастыру көзі – ол әрине елдегі бюджет жүйесінің дұрыс қалыптасуы болып табылады деген түйінге келдім. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің құрылымына келетін болсақ, жоспарланған 2011-2013 арналған мемлекеттік бюджеттің кірісі салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер,трансферттер түсімдер бойынша әр жыл сайын өсуде. Бюджет арқылы осы түсімдер реттеліп, сонымен қатар мемлекеттің кең көлемді қоғамдық қажеттіліктерін, атап айтқанда: денсаулық сақтау,шаруашылық салалары, әлеуметтік мұхтаждық, басқару, қорғаныс тағы басқа қаржыландыруға бағытталады.
3-тарауда. ҚР бюджет жүйесін ұйымдастырудағы ерекшеліктері. Еліміздің тұрақты экономикасына қадам басуы - біріншіден мемлекеттік бюджеттің дұрыс бөлініп, қадағалауынан басталады қарастырылған. Жалпы айтқанда, мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде танылуы деп түсінудемін.
Жалпы қорта келсек мемлекеттiк бюджет – үкiмет қолындағы ақша ресурстарының орталықтандырылған қоры. Бұл қаражат мемлекеттiк аппараттарды, қарулы күштердi қаржыландыруға және әлеуметтiк-экономикалық қызметтердi атқаруға жұмсалады. Қазiргi жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттiк реттеудiң, шаруашылық конъюктураға ықпал етудiң, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күштi құралы. Қазiргi мемлекеттiк бюджет, оның сан түрлi қызметiн көрсететiн күрделi де, көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте – мемлкеттiң кiрiсi мен шығысының құрылымы бейнеленедi. Шығында бюджеттiк ассигнациялардың бағыттары мен қызметтерi көрiнедi. Өзiнiң құрылымы жағынан бюджеттiң шығыны мынадай бөлiмдерден тұрады: әскери шығындар, мемлекеттiк шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық шығындар.
Мемлекет шығындарының басты тармағына – экономиканың өндiрiстiк секторының қызмет iстеуiн қамтамасыз етуге байланысты шығындар жатады. Әлеуметтiк инфрақұрылымдарға бiлiм беру мен денсаулық сақтауға бөлiнетiн шығындардың да үлесi айтарлықтай.
Мемлекет бюджетiнiң басты құрамды бөлiгi – жергiлiктi бюджеттер. Олар арқылы ең алдымен коммуналдық меншiк объектiлерi, жол, мектеп, байланыс құралдарын дамыту жәен тұрғын үй құрылысы қаржыландырады. Жергiлiктi бюджеттi жергiлiктi әкiмшiлiк, полиция, сот пен прокуратура пайдаланады.
Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерi, бiрiншiден, орталық және жергiлiктi ұйымдар жинайтын салықтардан, бюджеттен тыс, мақсатты қорлардың төлемдерiнен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы iрi қаражатты ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтiк-экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметтерiнен тұрады. Бұлардың қатарына: әлеуметтiк қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшiн даярлау, қайта даярлау және тағы басқалары жатады. Мемлекеттiк табыстың жалпы материалдық негiзiн ұлттық табыс құрайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі