Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 10:04, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың құрылымы қазіргі нарықтық экономикаға өту кезіндегі негізгі құралдардың амортизациясы және жөндеу есебі мен аудитін қарастырдық. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, яғни әрбір бөлім жеке бөлімшелерге бөлініп, кең мағынада түсінік береді, сонымен қатар қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құралған.

Содержание работы

Кіріспе 6
1Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық негіздері
9
1.1 Негізгі құралдар түсінігі және жіктелуі 9
1.2 Негізгі құралдардың амортизациясын есепке алу 14
1.3 Негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есепке алу 23
1.4 Негізгі құралдардың аудитінің теориялық негіздері 30

2 «West құрылыс» ЖШС нің негізгі құралдарының тозуы мен жөндеу есебін ұйымдастыру 33
2.1 «West құрылыс» ЖШС - нің экономикалық сипаттамасы 35
2.2 «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдарының амортизациясының және жөндеудің есебі 41
2.3 «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдарының қозғалысының
есебі 46

3 Негізгі құралдардың тозуының аудиті және талдауы 51
3.1 Негізгі құралда аудиторлық тексерудің маңызы мен ақпарат
көздері 51
3.2 «West құрылыс» ЖШС - нің негізгі құралдардың есебін
талдау 53
3.3 «West құрылыс» ЖШС -нің негізгі құралдардың аудиті
59
Қорытынды 67

Пайдаланылған әдебиет тізімі 69

Файлы: 1 файл

№ 93«West құрылыс» негізгі құралдарының тозуы жөндеу есебін ұйымдастыру..docx

— 189.50 Кб (Скачать файл)

Пайдалы пайдалану мерзімі - бұл  не:(а)  кәсіпорынның активті пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі; не активтің көмегімен кәсіпорын алады деп болжанып отырған өнімнің немесе сол сияқты заттардың мөлшері.

Өзіндік құн - бұл төленген ақшалай  қаражаттардың немесе олардың баламаларының  сомасы, не активті сатып алған  немесе құрылысын салған кезде сатып  алу мақсатымен берілген басқа өтемнің  әділ құны.

Жою құны - бұл активті таза пайдалану  мерзімінің соңында оның істен шығуына  шыққан күтілетін шығындар шегерілгеннен  кейін кәсіпорын алады деп  күтіліп отырған таза сома.

Әділ құн - бұл осындай операцияны жасағысы келетін, жақсы хабардар, тәуелсіз тараптардың арасында актив айырбасталуы мүмкін сома. Құнсызданудан болған залал - бұл активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсуі.

Баланстық құн - бұл негізгі құралдардың  барлық жинақталған амортизациясының және құнсызданудан болған жинақталған  залалдардың сомасы шегерілгеннен  кейін баланста танылатын актив.

Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі  болып табылады. Инвентарлық обьект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып  табылады.

Иелігіне  қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті  дегеніміз – субьектіге тиесілі  және оның балансында көрініс табатын  негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субьектіден  алынған негізгі құралдар, жалға  алынған құралдар болып саналады. Оларға жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001 – ші «Жалға алынған негізгі құралдар» баланстан  тыс шотында есептейді. Жалға  алу мерзімі аяқталған соң  немесе ол аяқталмай тұрып, жалға  алушы келіскен бағамен сатып  алуына болады.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған және қор ретінде тұрған болып  бөлінеді . Қолданыстағы жұмыс істеп  тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс  істемей тұрғандар – бұл жұмыс  тоқтатылған немесе басқа жағдайларға  байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал – жабдықтар. Қорда  тұрғандар болып жұмыс істеп  тұрған құрал – жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін  ауыстыру үшін тоқтатылған обьектілер есептеледі. Заттың құрамына қарай  негізгі құралдар мүліктік мүліктік емес болып бөлінеді. Мүлікткке заттай көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге  олатындар ( үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге  пайдаланатын жер, орман алқабы, су ресурстары (жер учаскілеріне, егістік  үшін пайдаланатын жерді өңдеу, жалға  алынған негізгі құралдарға күрделі  қаржы жұмсау т.б) жатады.

Келтірілген негізгі құралдардың құрамына енетіндер:

Жер –  субьект меншігіне сатып алатын жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық  актісімен расталуы керек. Ондай  актісі белгіленген болса, онда ондай  жер учаскілері мүліктік обьекті  болып саналады;

Үйлер –  халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік – мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық  құндылықтарды  сақтауға арналған әлеуметік – құрылыс  обьектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік обьект болып табылады.

Ғимараттар  – еңбек заттарын өзгертуге қатысты  жоқ белгілі бір қызметтерді  орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік – құрылыс обьектілері ( шахта  ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар  әрбір жеке ғимарат мүліктік обьект болып табылады;

Машиналар мен жабдықтар – күш беретін  машиналар және жабдықтар;өлшеу  және реттеу аспаптары және қондырғылар  мен лабораториялық жабдықтар; әрбір  машина, егер ол басқа мүліктік обьектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген  құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптары, қошауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік обьект болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;

Күш беретін машиналар және жабдықтар  – жылу және электр энергиясын өндіретін  генератор – машиналары; түрлі  энергиясы механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель – машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей  жану двигательдері, электрлік двигательдер).

Жұмыс машиналары мен жабдықтар еңбек өнімдерін  жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал –  жадық ( токарьлық бұранда кесетін  станоктар, ағаш кесетін аралар);

Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестері реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай – ақ  лабораторияларда пайдаланылатын приборлар  мен аппаратуралар ( дозаторлар, амперметрлер,микроскоптар);

Есептеу техникасы – процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар ( компьютерлер, басқарушы және басқа есептеу  машиналары);

Басқадай  машиналар мен жабдықтар –  машиналар, аппараттар және басқа құрал  – жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының  жабдығы, өрт  сөндіргіш машиналар); көлік құралдары  – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құрадары ( автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі ).

Негізгі қорлар – жабдықтардың бастапқы, ағымдағы, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.

Бастапқы  құны – негізгі құралдарды сатып  алуға немесе сатуға кеткен нақты  өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан ( мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді  сатып алу кезінде төленген, баж  салығы т.б), сондай – ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қоса шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай  жолмен анықталады:

Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану  құқығы – актіде көрсетілген сатып  алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша  агенттерге берілетін сыйақы, сатып  алу – сату келісімін рәсімдеу ойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсаты пайдалануға дайындау бойынша ( ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу т.б. кезінде алынған материалдарды  сатудан түсетін табыстық шегерімнен басқа ) жұмсалатын шығындар;

Құрал –  жабдықтардың бастапқы құнына:

Құрал –  жабдықты сатып алу бағасы, оны  тасымалдауға, әкелуге, тиіп – түсіруге кеткен шығындар, оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, мотаждау, құрал – жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар тағы да басқалар енгізіледі. Басқа құрал – жабдықтарды мотаждауды, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен салымдар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдардың бастапқы құнына қослмайды.

Ескерту: салынатын немесе салынып біткен құрлыс үшін алынған несие есептелген пайыз сомасы бұған жатпайды. Сатып  алынған үйлер мен ғимараттардың  астапқы құнына шот бойынша сатып  алу бағасы, ол үшін төленетін салықтар мен алымдардың сомасы және бұл құралдардың  құжаттардың реттеу барысында заңгерлерге  төленген төлемдер кіргізіледі.

Кәсіпорынның  өзі салған үйлер мен ғимараттардың  бастапқы құнына осы құрылысты сату үшін кеткен шығындар:материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы бойынша аударымдар, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы, заңгерлерге, архитекторлерге төленген төлемдер, құрылысты сату үшін рұқсат алу барысында  жұмсалған сомалар мен басқа  да кеткен шығындар енгізіледі.

Кәсіпорында мен ұйымдар жерді және сол  жерге салынған үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде пайдалануға сатып  алса, онда осы обьектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір  обьекті бойынша бөліп көрсету  керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың  пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ол жердің пайдалану мерзіміне  шек жоқ, яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен  ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір  обьекті бойынша жекелеп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатып  алынған болып есептелінеді және де бастапқы құны сатып алу бағасымен  үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық обьектілердің шығынының  қосындысынан, бұзғаннан алынған  материалдардың бағасын шегеру арқылы анықталады.

Сондай – ақ негізгі құралдардың  кейбір жағдайларда бастапқы құны өзгермеуі  мүмкін; қосымша салымдар немесе негізгі  құралдардың жарым – жартылай жойылуы, обьектіні демонтаждау  негізгі құралдардың жағдайына  әсер ететін болса, онда ең алдымен, пайдалы  қызмет ету мерзімі қысқартылуы  немесе ұзартылуы мүмкін.

Ағымды  құн – бұл негізгі құралдардың  белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

Баланстық құн – бұл бухгартерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тасқандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.

Сату ( өткізу ) құны – бірін – бірі жақсы  білетін және мәмілеге келуге дайын  тәуелсіз жақтардың ( тараптардың ) негізгі  құралдарын өзара айырбастауына  мүмкін беретін құн.

Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі іткен  негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны. Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субьектінің шығысы ретінде таратылапы.

Негізгі құралдардың есебі 2400 «Негізгі құралдар»  бөлімше шотында жүргізіледі. Оған  мынадай мүліктік шоттар ашуға болады: 2411 – «Жер», 2412- «Ғимараттар мен  құрылғылар», 2413 – «Машиналар мен  жабдықтар, өткізгіш тетіктер», 2414 –  «Көлік құралдары », 2415 – «Басқа да негізгі құралдар».

Сонымен қатар, 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотында  аяқталмаған күрделі салымдар, 2500 шотында биологиялық активтерді өсіруге кеткен шығындар есептелінеді.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі  құралдардың келіп түскен, кәсіпорын  ішіне орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімдеуін және бухгалтерлік есепке уақытылы көрсетілуін; олардың  материалдық жауапты адамдарға  бекітілуін және сақтаулы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі  құралдардың есептелген амортизациясы  мен тозуы сомасының есепке дұрыс  көрсетілуін, негізгі құралдардың  қор қайтарымын анықтауды, жаңа техникалық және оны қолданудың жаңа әдістерінің  тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді  есебін; негізгі құралдарды түгендеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін  есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін  есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

 

1.2 Негізгі құралдардың амортизациясын есепке алу

 

Халық шаруашылығының әр саласында  табиғи-заттық белгі бойынша, оларды пайдалану мазмұны мен сипаты бойынша бірдей активтер тобы негізгі  құралдар тобы деп аталады.

Мекеменің қалыпты өндірістік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі  құралдар қажет. Олардың саны әр өндіріс  бойынша жоспарлы тапсырмаларға  сәйкес өндірісті ұйымдастыру мен  басқарудың озық прогрессивті түрлерін, еңбек құралдарын тиімді пайдалануды  ескере отырып белгіленеді. Бірнеше  жыл бойы мекеменінің өндірістік шаруашылық ісіне қызмет көрсетуші  еңбек құралдары мен басқа  мүліктің құны «Негізгі құралдар» деген  экономикалық түсінікті құрайды.

16 «Негізгі құралдар»  IAS Халықаралық қаржы есептілігінің  стандартына сәйкес негізгі құралдар  – бұл тауарлар мен қызмет  көрсетулерді өндіруде немесе  жеткізуде пайдалануға, үшінші  тұлғаларға жалға өткізуге, немесе  әкімшілік мақсаттарға арналған  және бір кезеңнен астам (бір  жылдан астам – Ж.Т.) уақыттың  ішінде пайдалану көзделетін  материалдық активтерді білдіреді.

Олар өзінің табиғи-заттық түрі мен бөлшектерін өзгертпей-ақ көптеген өндірістік циклдарға қатысады, жаңадан жасалынған өнімге өз құнын  ауыстырады. Оларға үйлер, ғимарат, беру құралдары, машиналар мен жабдықтар, лабороториялық және реттеуші аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары, есептеу техникасы, саймандар мен ұзақ уақыт қолданылатын мүліктер және т.б. жатады  [9].

Түрлі министрліктердің, ведомстволардың  және тұтас халық шаруашылығы  бойынша есепке алу мен қаржылық есептілікте негізгі құралдардың  бірегей топтарының негізгі шарты  оларды ғылыми негізделген жіктеу болып  табылады.

 Негізгі құралдар мынадай  белгілер бойынша жіктеледі: 

  • халық шаруашылығының салалары;
  • функционалдық қажеттілігі;
  • табиғи-заттық белгісі;
  • иелігіне байланысты және пайдалану бойынша.

Халық шаруашылығының салалары бойынша негізгі құралдар он тоғыз  топқа бөлінеді: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, орман шаруашылығы  және т.б.

Функционалдық қажеттілігі  бойынша негізгі құралдар өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдары және өндірістік емес болып бөлшектенеді.

Өнеркәсіптік-өндірістік негізгі  құралдар өзінің атынан көрініп тұрғанындай  өнеркәсіптік өнімдерді шығару мақсатында материалдық өндіріс саласында  жұмыс атқаруға арналады. Оған өндірістік тұрақжайлар, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көлік, саймандар және т.б. жатады.

Информация о работе Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық негіздері