Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 10:04, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың құрылымы қазіргі нарықтық экономикаға өту кезіндегі негізгі құралдардың амортизациясы және жөндеу есебі мен аудитін қарастырдық. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, яғни әрбір бөлім жеке бөлімшелерге бөлініп, кең мағынада түсінік береді, сонымен қатар қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құралған.

Содержание работы

Кіріспе 6
1Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық негіздері
9
1.1 Негізгі құралдар түсінігі және жіктелуі 9
1.2 Негізгі құралдардың амортизациясын есепке алу 14
1.3 Негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есепке алу 23
1.4 Негізгі құралдардың аудитінің теориялық негіздері 30

2 «West құрылыс» ЖШС нің негізгі құралдарының тозуы мен жөндеу есебін ұйымдастыру 33
2.1 «West құрылыс» ЖШС - нің экономикалық сипаттамасы 35
2.2 «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдарының амортизациясының және жөндеудің есебі 41
2.3 «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдарының қозғалысының
есебі 46

3 Негізгі құралдардың тозуының аудиті және талдауы 51
3.1 Негізгі құралда аудиторлық тексерудің маңызы мен ақпарат
көздері 51
3.2 «West құрылыс» ЖШС - нің негізгі құралдардың есебін
талдау 53
3.3 «West құрылыс» ЖШС -нің негізгі құралдардың аудиті
59
Қорытынды 67

Пайдаланылған әдебиет тізімі 69

Файлы: 1 файл

№ 93«West құрылыс» негізгі құралдарының тозуы жөндеу есебін ұйымдастыру..docx

— 189.50 Кб (Скачать файл)

Ай соңында негізгі  құралдар нысандарын жөндеу жөніндегі  барлық шығындар сомасы 8310 «Көмекші өндіріс» «көмекші өндірістер шотына мынандай бухгалтерлік жазумен аударылады:

8310 «Көмекші өндіріс»  шотының дебеті

8310 «Көмекші өндіріс»  шотының келесі қосымша шоттарының  кредиті:

8311»Материалдар»

8312 «Қызметкерлердің еңбекақысын  төлеу»

8313 «Еңбекақыдан аударымдар»

Жөндеу жұмыстары аяқталталған соң, арнайы коммисия жасаған «Жөнделген, қалпына келтірілген (жаңғыртылған) негізгі құралдарды қабылдап алу-беру № кесіміне (актісіне)» («Негізгі құралдар»-3 нысаны) сәйкес негізгі құралдар нысандарын жөндеу бойынша шығындардың нақты  сомасы есептелген (құрылған) жөндеу қорының  есебінен мынандай бухгалтерлік тізбемен өтеледі:

3440 «Өзге қысқа мерзімді  бағалау міндеттемелері» шотының  «Жөндеу қоры» субшотының дебеті

8310 «Көмекші өндіріс»  «Көмекші өндірістер» шотының  кредиті

Негізгі құралдар нысандарын жөндеу шығындарын есептеудің екінші нұсқасының мәні -  жөндеуге кететін  барлық шығындар тікелей есептелген жөндеу қорының есебінен мынандай бухгалтерлік жазбамен есептен шығарылады:

3440 «Өзге қысқа мерзімді  бағалау міндеттемелері» шотының  «Жөндеу қоры» субшотының дебеті

Тиісті шоттардың кредиті:

1310  «Шикізат пен материалдар»

1350 «Өзге қорлар» - жұмсалған  шикізаттар, материалдар, конструкциялар, қосалқы бөлшектер, отын, құрылыс  және басқадай материалдар сомасына

3350 «Еңбекақы төлеу бойынша  қысқа мерзімді берешек» - жөндеу  жұмысшыларына есептелген еңбекақы  сомасына

3150 «Әлеуметтік сақтандыру  бойынша міндеттемелер» - жөндеу  жұмысшыларының еңбекақысынан есептелген  әлеуметтік сақтандыру бойынша  аударымдар сомасына

Егер «Жөндеу қоры»  субшоты бойынша жөндеу қорында  дебеттік қалдық (сальдо) шықса (артық  шығын – нақты жөндеу шығындар мен жоспарлы аударымдар арасындағы айырмашылық), онда оны алдағы кезеңдердің  шығындары ретінде бухгалтерлік теңгерім (баланс) активтерінде 1620 «Алдағы  кезеңдердің шығыстарыц» шотында  көрсетіледі.

Жөндеу қорының артық  шығыны (деббетік) қалдық (сальдо) бұл  қорға төлемдердің жеткіліксіздігін куәләндырып, жөндеу қорына ай сайынғы  төлемдер нормативін қайта қарап, ұлғайтуды  немесе негізіг құралдарды жөндеу бойынща  нақты шығындардың негізділігін және дұрыстығын тексеруді талап  етеді.

Жөндеу қоры құрылмайтын  мекемелерде негізгі құралдар нысандарына  техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеудің нақты шығындарын тиісті шығындар әлементтері бойынша (материалдық  шығындар, еңбек ақы төлеу шығындары  және басқалар) тікелей өндіріс оралым шығындары есебіне жатқызылады.

 

1.4 Негізгі құралдардың тозуы мен жөндеу аудитінің теориялық негіздері

 

Аудиторлық қызмет - ол мекемелердің қаржылық есебінің дұрыстығын тексеріп, ресми аудиторлық есеп беру.

Аудиторлық тексеріс міндетті немесе ерікті болуы мүмкін.

Жылдағы міндетті аудиторлық тексерістен өтуі қажет мекемелер шеңбері “Аудиторлық қызмет туралы ” ҚР заңының 4 бабында келтірілген [22 ].

Негізгі құралдың қозғалысна арнаулы аудиттің құрамды элементтері-тексеру болып  табылады:

1)Бас кітаптың деректері  бойынша негізгі қордың барлығын  сипаттайтын баланс баптарының  сәйкестігі;

2)Негізгі құралдың түскендігі, барлығы және сақтаулы туралы  ақпараттың маңыздылығы;

3)Мүлікті негізгі құралға  жатқызудың дұрыстығын, олардың  өндіріс үрдісіне қатыстылығын және керек-жараққа жататындығын жіктеу арқылы топтау;

4)Негізгі құралдың түсуі  мен шығуындағы операциялардың  есебінің көрсетілуі мен рәсімделуінің  дәл бағасы;

5)Негізгі құралдың амортизациясы  мен жөндеуге кеткен шығынды  есепте көрсету мен есептеудың  орталығы.

Амортизация (кейінгі латынша  «жабу») – айналымдағы қарапайым  немесе кеңейтілген негізгі құралды (негізгі капитал) немесе кеңейтілген  негізгі құралды (негізгі капитал) немесе өндірістің шығынына қосылатын  амортизациялық аударымы.

6)Негізгі құралдың қозғалысы  мен барлығы туралы деректерді  алғашқы құжаттарда, бухгалтерлік  есептің тіркелімінде, статистикалық  және қаржылық есепте тұрақты  көрсету;

7)Негізгі құралды және  т.б. пайдаланудың тиімділігі  мен қалыптасуының оңтайлығы  [23].

Негізгі құралға аудит  жүргізудің жоғарыда көрсетілген стратегиялық тәртібін ескере отырып, мыналарды  зерделеу қажет:

а) негізгі құралдың сақталуын  қамтамасыз ету үшін қандай шара қолданылғанын  кәсіпорынның басшысының бұйрығымен материалдық  жауапты адам тағайындалғанын, олармен  толық материалдық жауапкершілік  туралы жазбаша келісімшарт жасалғанын;

б) негізгі құралдың сақталуын  қамтамасыз ететін материалдық жауапты  адамдарға жағдай жасалғанын, оның ішінде жабылатын қойма жайы барлығын, олар күзет дабылдамасымен жабдықталғанын; 

 в)негізгі құралдың  барлығы мен сақталуын іріктеп  тексеру мен түгендеу өткізілгенін, олардың қортындысы әзірленген  бе, әзірленсе, жетпей қалған жағдайда  оларға кінәлі адамдарға қандай  шара қолданылғанын  [24].

Негізгі құралды жөндеудің аудиті

Аудиттор дебеттегі 8410 «Үстеме шығыстар», 7210 «Әкімшілік шығыстар», 7110 «Өнімдерді өндіру мен қызмет көрсету бойынша шығыстар», кредиттегі 3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» «Өзге де қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шоттарындағы, «Негізгі құралды алда тұрған жөндеу шығынының резерві», 4430  «Өзге ұзақ  мерзімді міндеттемелер»- қосалқы шотындағы, дебеттің 3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»- шоттарындағы, кредиттің 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек», 4110, 3350, 4170  «Өзге ұзақ  мерзімді кредиторлық берешек»,1310 «Шикізат пен материалдар», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 2180 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 3140 шоттарындағы жөндеу құралдың есебі мен қалыптасуын зерттеу қажет.

Негізгі құралдың обьектісінің бұзылып немесе жетіспей қалған шағында дебеттің 1410,2410 «Негізгі құрал» шоттарына, кредиттің 3130 шотына, дебеттің 2422 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шотына, кредиттің 2410 «Негізгі құрал» шотына, дебеттің 1250»Ќызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттарына, кредиттің 1410 шоттарына, дебеттің 1250

Кесте   3

Негізгі құралдарға арнаулы аудиттің бағдарламасы

 

Аудит тәртібі

Ақпарат көздері

1

2

Негізгі құралдың қозғалысы  туралы алғашқы құжаттардың дұрыс  әзірленгенін тексеру

Қабылдау-беру актісі(«Негізгі құралдар»-1) жөнделген, қайта құрастырылған  және жетілдірген обьектілер («Негізгі құралдар»-2), негізгі құралды есептен  шығару актісі («Негізгі құралдар»-3) автокөліктерді есептен шығару актісі («Негізгі құралдар»-4), негізгі құрал есебінің түгендеу карточкасының тізімдемесі («Негізгі құралдар»-6), негізгі құралдың қозғалысының карточкасы («Негізгі

 

құралдар»-7) негізгі құралды жалдау (ұзақ мерзімге) есебінің карточкасы («Негізгі құралдар»-8), негізгі құралдың (тұрған жері мен пайдалануы) түгендеу тізімі («Негізгі құралдар»-9), құрал-жабдықтың (түскені) қабылдау актісі («Негізгі құралдар»-10), құрал-жабдықты құрастырудың қабылдау-беру актісі («Негізгі құралдар»-11), құрал-жабдықтың  анықталған кемшіліктерінің актісі («Негізгі құралдар»-12)

Негізгі құралды жіктеудің  дұрыс жүзеге асуын тексеру

Техникалық құжаттар (паспорт, жинақталған тізімдер және т.б.), «Негізгі құралдар»-1, «Негізгі құралдар»-2, «Негізгі құралдар»-3.»Негізгі құралдар»-4, «Негізгі құралдар»-5, «Негізгі құралдар»-9 .

 

 Негізгі құралды жіктеудің  дұрыс жүзеге асуын тексеру.

 

Келісімшартты бағаның хаттамасы  сатып алу мен сатудың келісімі, жалдау, негізгі құралды қайта  бағалаудың әзірленген кестесі, «Негізгі құралдар»-1, «Негізгі құралдар»-2, «Негізгі құралдар»-5 және т.б

Негізгі құралды кірістеудің  дұрыстығын тексеру

Техникалық құжаттар, «Негізгі құралдар»-1, «Негізгі құралдар»-2, «Негізгі құралдар»-5 және т.б.

Негізгі құралдың тозуының есептегі көрсетілуі мен тіркелуінің  дұрыстығын тексеру

Есептеу саясаты туралы бұйрық, негізгі құралдың тозуы туралы есептің  әзірленген кестесі, нормативтік құжаттар, 10-журнал-ордер, Бас кітап: 2422 «Негізгі құралдардың амортизациясы»

Негізгі құралды жөндеуге кеткен шығынның негізділігі мен  оның бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуін  тексеру

Есеп саясатының бұйрығы, жобалық-сметаалық құжаттар (кемшіліктер  тізімдемесі, сметалар. Т.б.) орындалған жұмыстың қабылдау актісі, мердігерлермен келісім-шарт, басқа да алғашқы құжатта  талдау есебінің деректері мен шоттарда 8010 «Негізгі өндіріс»- шотта «Негізгі құралды жөндеу» 

қосалқы шоты деректері бойынша

Жалдау төлемі есебінің көрсетілуі мен  есеп айырысудың дұрыстығын тексеру

Жалдау келісімшарты, негізгі  құралдың («Негізгі құралдар»-8) (ұзақ мерзімді жалға алған) жалға алған есеп карточкасы

Негізгі құралдың есептен шығарылуы  дұрыс көрсетілуін тексеру

«Негізгі құралдар»-1, «Негізгі құралдар»-2, «Негізгі құралдар»-3, «Негізгі құралдар»-6, келісімшарттар, ағымдағы түгендеу қортындылары, 12-журнал-ордер.

 

    3 кестенің жалғасы

Негізгі құралға қатысты салықты  аудару мен есебінің дұрыстығын тексеру

Есеп айырысу тізімдемесі, салықтың есеп айырысуы, 5-8- журнал-ордер, 1420,3130,3160,3170,3180-шоттар бойынша Бас  кітап

Негізгі құралды пайдаланудың тиімділігі мен қалыптасуын, техникалық жағдайының оңтайлығын талдау

Негізгі құралды (жалпы құны, құрылымы, үдерісті стандарттық сапасының  сәйкестігі, қорға тиімділігі, экстенсивті, қарқынды дамуы мен бірігуінінің салмағы және т.б.)

Ескерту- [24] негізінде автормен құрастырылды


 

  «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 4420 шоттарына, кредиттің 6210 шотына [25].

Негізгі құралды ағымдағы жөндеудің шығындары бухгалтерлік есепте түгелдей толық күйінде сол  кезеңдегі шығынға жатады, ал салық  есебінде –шегеріске жатады.

 Күрделі жөндеуге кеткен  шығын негізгі құралдың соған  сәйкестігі тобындағы бухгалтерлік  есеп пен құндық баланста обьектінің  алғашқы құнын көбейтіп және  алғашқы есептелген мөлшерден  тыс (мысалы, автомашинаға жаңа  двигатель салынғанда) жоғары өнімділігін  көтергенде, қашан активтерінің  жағдайын  жақсартқанда, салық есебінде  сонда кіреді.

Аудитор жөндеу опреациясының  дұрыс көрсетілгенін тексеруі қажет, мәселен:

а) шаруашылық есебі мен  жөндеу қорын(резерв) құру:

  дебеттің 8110 «Негізгі өндіріс» шоты

 кредиттің 3390 «Өзге  қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3540 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық  берешек», 4170  «Өзге ұзақ  мерзімді  кредиторлық берешек», 4430  «Өзге  ұзақ  мерзімді міндеттемелер»-шоттары;

б) негізгі құралдың жөндеу цехындағы жөндеу шығынын анықтау:

дебеттің 8110 «Негізгі өндіріс»-шоты, кредиттің 8310- шоты;

в) құрылған жөндеу қорының(резерв) есебінен шығынды есептен  

шығару:

дебеттің 3390 «Өзге қысқа  мерзімді кредиторлық берешек», 3540 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық  берешек», 4170  «Өзге ұзақ  мерзімді кредиторлық берешек», 4430  «Өзге  ұзақ  мерзімді міндеттемелер» шоттарынан

кредиттің 8110 «Негізгі өндіріс»-шотынан.

Негізгі құралға жетіспеушілік:

а) баланстық құнына –  дебеттің 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 2180 «Өзге қысқа  мерзімді дебиторлық берешек»-шоттары

 кредиттің 2410 « Негізгі  құрал»  шоты;

б) кінәлі адамға дебеттің 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 2150 «Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» шоттары, кредиттің 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 2180 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шоттары;

в) есепке бұрын алынған  сомасы, дебеттің 7210 «Әкімшілік шығыстар»  шоты, кредиттің 3130 шоты.

Мүлікті жалдау мерзіміне  байланысты айырмашылықтар:

а) ұзақ мерзімді жалдау (лизинг) 3-жылдан артық;

б)  қысқа мерзімді (рейтинг, чартер) – 1жылға дейін [ 26].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 «West құрылыс» ЖШС - нің негізгі құралдарының тозуы мен жөндеу есебін ұйымдастыру

 

2.1 «West құрылыс» ЖШС - нің экономикалық сипаттамасы

 

«West құрылыс» ЖШС өзінің қызметін 2007 жылдың 5-ші ақпаннан бастап бастады.

Заңдық күші бар бухгалтерлік есеп туралы Қазақстан Республикасының  президентінің  2007 жылдың 27-шы  желтоқсанында  № 234 шығарған бұйрығына сәйкес, кәсіпорын  басшысы Мусаинов С.С бухгалтерлік есеп  және қаржы есептілігін  қағидалармен, негіздемелерге сәйкес жүргізу үшін өзінің есеп саясатын құрып, бекіткен.

«West құрылыс» ЖШС -нің барлық шешімдерді директор шешеді.

2010 жылдын қыркүйегінде кәсіпорын кассалық- бақылау машинасының тіркеуінен өтті.

Қазіргі уақытта кәсіпорын  «West құрылыс» ЖШС № 572 салық кодексінің статьясына сәйкес электрондық салық төлеуші ретінде есепте тіркелген және өзінің қызметінде электронды салық бағдарламасын қолданады. Өзінің криптографиялық кілттеріне қолдануына келісім алған.

«West құрылыс» ЖШС компаниясы 2008 жылдан бастап «Банк клиент» бағдарламасын қолданад, өзінің барлық айналымдарын банк клиент жүйесі арқылы және интернет банкинг арқылы қолданад,

 «West құрылыс» ЖШС компаниясы архитектуралық және құрылыс қызметімен айналасад.

Кәсіпорынның орташа қызметкерлер саны – 50 адам.

 Есеп саясатына сәйкес  кәсіпорынның қаржылық есептілігін   тапсыру мынадан тұрады:

  • Бухгалтерлік баланс;
  • Табыс және шығыс туралы есебі;
  • Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі;
  • Меншікті капитал өзгерісі туралы есебі;
  • Есеп  саясаты және түсініктірме қағазы (пояснительная записка).

Қаржылык есеп беру басқарушы  органдардың жұмысын және субъектің  ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын  бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді. Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады. Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.  

Есеп беруге қойылатын  негізгі талаптар: көсіпорын кызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Информация о работе Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық негіздері