Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 10:04, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың құрылымы қазіргі нарықтық экономикаға өту кезіндегі негізгі құралдардың амортизациясы және жөндеу есебі мен аудитін қарастырдық. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, яғни әрбір бөлім жеке бөлімшелерге бөлініп, кең мағынада түсінік береді, сонымен қатар қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құралған.

Содержание работы

Кіріспе 6
1Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық негіздері
9
1.1 Негізгі құралдар түсінігі және жіктелуі 9
1.2 Негізгі құралдардың амортизациясын есепке алу 14
1.3 Негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есепке алу 23
1.4 Негізгі құралдардың аудитінің теориялық негіздері 30

2 «West құрылыс» ЖШС нің негізгі құралдарының тозуы мен жөндеу есебін ұйымдастыру 33
2.1 «West құрылыс» ЖШС - нің экономикалық сипаттамасы 35
2.2 «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдарының амортизациясының және жөндеудің есебі 41
2.3 «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдарының қозғалысының
есебі 46

3 Негізгі құралдардың тозуының аудиті және талдауы 51
3.1 Негізгі құралда аудиторлық тексерудің маңызы мен ақпарат
көздері 51
3.2 «West құрылыс» ЖШС - нің негізгі құралдардың есебін
талдау 53
3.3 «West құрылыс» ЖШС -нің негізгі құралдардың аудиті
59
Қорытынды 67

Пайдаланылған әдебиет тізімі 69

Файлы: 1 файл

№ 93«West құрылыс» негізгі құралдарының тозуы жөндеу есебін ұйымдастыру..docx

— 189.50 Кб (Скачать файл)

Басқа салалардың өндірістік негізгі құралдарына құрылыстың, ауыл шаруашылығының, сауда мен қоғамдық тамақтанудың, көліктің, дайындау, жабдықтау  және басқа ұйымдардың негізгі құралдары  жатады.

Өндірістік емес негізгі  құралдар – бұл халыққа медициналық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет және өнер, тұрмыстық қызмет, білім беру және т.б. салалардың негізгі  құралдары жатады.

Халық шаруашылығының әр саласында  табиғи-заттық белгі бойынша, оларды пайдалану мазмұны мен сипаты бойынша бірдей активтер тобы негізгі  құралдар тобы деп аталады. Негізгі  құралдардың жекелеген топтары  мыналар: жер учаскелері және ғимараттар; машиналар мен жабдықтар; су кемелері; әуе кемелері; автокөлік құралдары; жихаз және инженерлік жабдықтың  салынатын элементтері; кеңсе жабдығы  [10].

16 «Негізгі құралдар»  IAS Халықаралық қаржы есептілігінің  стандартына сәйкес негізгі құралдар  бухгалтерлік есеп пен қаржылық  есептілігінде олар түскен сәттен  бастап теңгерңммен (баланстан)  шыққанша бастапқы құны бойынша  көрсетіледі.

Негізгі құралдар өндіріс  процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық  күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін  жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.

Негізгі құралдар сондай-ақ келесі құндар бойынша бағаланады.

Өзіндік құн- бұл активті  сатып алу үшін немесе тұрғызу  кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының  сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде мұндай активті басқа Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттардың, мысалы, 2 – «Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер»  IFRS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартының нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану кезіндегі бағалау сомасы.

Негізгі құралдар нысанының  өзіндік құны мынадай жағдайда ғана актив ретінде танылуға тиіс, егер:

  • Осы активке байланысты болашақ экономикалық пайдалардың мекемеге келіп түсуі ықтимал болса;
  • Осы нысанның өзіндік құнынын сенімді түрде мүмкін болса.

Амортизацияланатын құн  – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнның орнына көрсетілетін басқа сома.

Нақты ұйымға арналған айырықша құн – ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға  және оның пайдалы қызметі мерзімінің сонында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай  қаражаттар тасқынының дисконтталған  құны.

Әділ құн – жақсы  хабардар, осында мәміле жасағысы келетін  және бір-біріне тәуелсіз тараптардың  арасында мәміле жасаған кезде активті  айырбастауға болатын сома.

Өтелетін сома – екі  мәніннің ішіндегі үлкені: активті  таза сату бағасы және оны пайдалану  құндылығы.

Активтің жойылу құны –  егер осы актив, болжауға болатындай, пайдалы қызмет соңында болатын  мерзімге және жағдайға жететін болса, шығып қалуға болжанып отырған шығындарды шегеріп, активті өткізуден ағымдағы кезеңде ұйым алатындай есептік  сома [11].

Мекеме өзінің есеп саясаты  ретінде негізгі құралдарды не бастапқы құн бойынша есепке алу үлгісін, не қайта бағалау үлгісін таңдауға тиіс және таңдап алған есеп саясатын негізгі құралдардың барлық тобына қолдануға міндетті.

Бастапқы құн бойынша  есепке алу үлгісінің мәні – актив  ретінде бастапқы танудан кейін  негізгі құралдар нысаны, жинақталған  амортизация және құнсызданудан  жинақталған залалдар шегеріліп, оның бастапқы құны бойынша ескерілуге тиіс. Қайта бағалау үлгісінің мәні – актив ретінде таныла отырып, әділ құны нақты бағалауға келетін негізгі құралдар нысаны, кейіннен жинақталған кез келген амортизация және кейіннен құнсызданудан жинақталған кез келген амортизация және кейіннен құнсызданудан жинақталған кез келген шығындар шегеріліп, қайта бағалау күнгі оның әділ құнына тең қайта бағалау шамасы ойынша есепке алынуға тиіс.

Қайта бағалаулар есепті күні әділ құнды пайдалану кезінде  анықталатын теңгерімдік (баланстық) құннан елеулі түрде өзгеше болуына  жол берме үшін жеткілікті түрде  жүйелілікпен жүргізілуге тиіс [12].

Жер учаскелері мен ғимараттардын  әділ құны, әдетте, білікті бағалаушылар жүргізіетін бағалау арқылы нарықтық индикаторлардың негізінде анықталады.  Машиналар мен жабдықтардың әділ құны, әдетте, бағалау жолымен анықталатын олардың нарықтық құны болып табылады.

Тозу-бұл физикалық және моральдік сипаттамаларын жоғалту  процесі.

Негізгі құралдардың физикалық  тозуы олар пайдаланылған кезде  жабдықтың бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер мен ғимараттардың құрылымдың элементтерінің механикалық тозуына  байланысты (физикалық тозудың пайдаланудағы  нысаны), сондай-ақ темірдің тот басуына, ескіруіне, шіруіне әкеп соқтыратын (физикалық тозудың табиғи нысаны) табиғи климаттық жағдайлардың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі  құралдар құнының бөлігі жоғалады.

Негізгі құралдардың моральдік  тозуы техникалық прогреспен, өндіріс  әдістерінің жетілуі мен жаңаруымен байланысты. Техника мен технологияны жетілдіру қолданыстағы негізгі  құралдарға қатысты өндірісті арзандатуға  мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайдаланудағы негізгі құралдар өз құнынын бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды.

 Өндіріске неғұрлым  жетілген және үнемді машина, жабдық, үй мен ғимарат түрлерін, жануарлардың тұқымдарының, көп-жылдық  өсімдіктердің түрлері мен сараптарының  жаңа және жақсартылған, неғұрлым  өнімдірек түрлерінің жасалуы  мен ендірілуі қолданыстағы негізгі  құралдарды одан әрі қолданудың  экономикалық тиімділігін көрсетіп  берді [13].

Негізгі құралдарды моральдық  жағынан тоздыратын факторлар:

1.Өндірістегі жабдықтар  мен жабдықтардың жаңару (ескі  машиналарды жаңа, неғұрлым өнімділеуіне  ауыстыру).

2.Технологиялық процестің  жетілуі (жаңа технология кезінде  қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды  пайдалану мүмкін емес).

3.Шығарылатын өнім номенклатурасының  жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда  ескі машиналар мен жабдықтар  жаңа өнім шығаруға жарамсыз).

4.Тауар өндіруге арналған  машиналар мен жабдықтардың санын  азайтуға субьектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың  азаюы.

5.Жұмыс күшінің, білікті  қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы,  өндірістің гелографилық орналасуындағы  өзгерістер.

Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін.

6.Өнеркәсіптің өңдеуші  салаларындағы шикізат құрамының  жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің  жекелеген түрлерін өндіру қажет.  Бұлар өнеркәсіптің өндіруші  салаларындағы өндіріс көлемінің  қысқаруына әкеп сқтыруы мүмкін.Бұл  өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы  өндіріс көлемінің қысқаруына  әкеп соқтыруы мүмкін. Моральдық  жағынан тозуды болдырмас үшін  негізгі құрал обьектілерін қайта  құрады және жаңғыртады.

Мұражай және қылқалам құнадылықтарынан, кітаптардан, фундаментальды кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің  ескерткіші болып табылатын үйлер  мен ғимараттардан басқа негізгі  құралдардың барлығы-моральды тозуға бейім.

Амортизация – бұл тозудың  құндық белгісі. Бұл негізгі құралдардың  амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін  еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизициялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың (негізгі құралдардың) жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың обьективтік процесі.

Амортизациялық құн дегеніміз  – бастапқы құн мен жою құнының  арасындағы айырмашылық. Ол негізгі  құралдар келіп түскенде қосалқы  бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады.

Амортизациялық аударымдар  амортизация нормалары бойынша  жасалады.

Амортизация нормасы –  бұл амортизациялық аударымдардың  жылдық сомасының негізгі құралдарының жылдық орташа құнына  қатынасы [14].

Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақсатты қызмет мерзіміне  орай белгіленеді. Олар негізгі құралдар өтелуінің нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың деңгейі негізгі  құралдардың ұзаққа шыдамдылығы  мен физикалық тозуына байланысты.

Мұның өзі – еңбек құралдарының техникалық-құрылымдық және материалдық-заттық ерекшеліктеріне, пайдаланудағы негізгі  құралдардың (әсіресе машиналардың, жабдықтардың) нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдік тозуына  байланысты анықталады.

Автомобиль көлігінің  жылжымалы құрамының амортизациялық аударымының нормасы 1000 км жүрістің баланстық құнына пайызбен белгіленуі мүмкін. Жыл бойы әрбір айдағы амортизациялық аударымдардың мөлшерін анықтау негізгі құралдар құрамының өткен айта өзгеруіне байланыты, сондай-ақ негізгі құралдардың толық амортизациясына нормативтік қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген нормаларға түзетілген амортизация нормасына қарай жүргізіледі.

Қайтадан пайдалануға  берілген негізгі құралдар бойынша  амортизация есептеу енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші  күнінен басталады. Шығарылған негізгі  құралдар бойынша амортизация есептеу  шығарылған айдан кейінгі айдың  бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

Қайтадан құру мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша, егер олар толықтай тоқтатылса және «Негізгі құралдар»  консервацияға жіберілмесе, амортизацияға  есептеу жүргізілмейді.

Жалға алынған негізгі  құрал амортизация есептеуді  жалдау шартының нысанына және шарттың  талаптарына сәйкес жалгер немесе жалға  беруші жүргізеді  [ 15].

№16 ХҚЕС бойынша амортизация  есептеу үшін мынадай әдістер  қолданылуы мүмкін:

  1. Құнды біркелкі (тікелей) есептен шығару әдісі

Обьектінің амортизациялық құны ай сайын бірдей сомамен есептен  шығарылады. Амортизация сомасы мыналарға  орай анықталады:

Ұтымды пайдалану мерзімі. Бұл ретте обьектінің жай-күйі, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мәселелері, климат жағдайлары, қазіргі таңдағы  техника мен өндіріс саласындағы үрдістер, осындай активтермен жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Мысалы: Станоктың құны = 20 000 теңге. Болжамды жою құны = 2000 теңге, пайдалану мерзімі 5 жыл. Станоктың амортизациялық құны = 20 00 – 2 000 = 18 000 теңге. Амортизацияның жыл сайынғы сомасы 18 000/10- 1 800 теңгеге тең. Амортизацияның ай сайынғы сомасы – 1 800/12 = 150 теңге.

«Негізгі құралдар» ұтымды пайдалану мерзімі жою құны секілді  «Негізгі құралдар»  күйін жақсартуға жұмсалған соңғы шығындары ескере отрып, қайтадан қаралуы мүмкін.

Мұның өзі қызмет мерзімінің ұзаруына әкеліп соғады. Техникалық өзгерістерді, өткізу нарқындағы өзгерістерді ескерсек, шаруашылық қызметінің өзгеруі нәтижесінде  қызмет мерзімі қысқарады.

 

Кесте1

Негізгі құралдарды нысандарының амортизация сомасын  біркелкі әдіспен есептеу

                                                                                                                  (сома-теңге)

Пайдалы қызмет мерзімі

Бастапқы құн

Амортизацияның жылдық сомасы

Жинақталған амортизация  сомасы

Қалдық құн

1-ші жылдың соңында

20 000

1800

1800

18200

2-ші жылдың соңында

20 000

1800

3600

16400

3-ші жылдың соңында

20 000

1800

5400

14600

4-ші жылдың соңында

20 000

1800

7200

12800

5-ші жылдың соңында

20 000

1800

9000

11000

Ескерту- [12] негізінде автормен құрастырылды


 

Егер 4 жылдан кейін шаруашылық қызметі түрінің өзгеруіне байланысты станоктың ұтымды қызмет мерзімі 7 жыл  болып белгіленіп, жою құны 3 000 теңге мөлшерінде белгіленсе,онда жыл сайынғы амортизацияның сомасы қалған 3 жылға ( 20 000- ( 1 800 х 4) – 3 000) 3 000 = 3 267 теңге немесе ай сайын 272 теңге болады.

Бұл әдіс «Негізгі құралдар»  пайдаланудан түсетін табыс оны  пайдалану мерзімінде бірден болады, яғни жобаның қалған ұтымдылығының  кемуі біркелкі жүзеге асады деп  болжамдалатын кезде пайдаланылады.

  1. Өндірістік әдіс (амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу ) .

Информация о работе Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық негіздері