Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 10:04, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың құрылымы қазіргі нарықтық экономикаға өту кезіндегі негізгі құралдардың амортизациясы және жөндеу есебі мен аудитін қарастырдық. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, яғни әрбір бөлім жеке бөлімшелерге бөлініп, кең мағынада түсінік береді, сонымен қатар қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құралған.

Содержание работы

Кіріспе 6
1Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық негіздері
9
1.1 Негізгі құралдар түсінігі және жіктелуі 9
1.2 Негізгі құралдардың амортизациясын есепке алу 14
1.3 Негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есепке алу 23
1.4 Негізгі құралдардың аудитінің теориялық негіздері 30

2 «West құрылыс» ЖШС нің негізгі құралдарының тозуы мен жөндеу есебін ұйымдастыру 33
2.1 «West құрылыс» ЖШС - нің экономикалық сипаттамасы 35
2.2 «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдарының амортизациясының және жөндеудің есебі 41
2.3 «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдарының қозғалысының
есебі 46

3 Негізгі құралдардың тозуының аудиті және талдауы 51
3.1 Негізгі құралда аудиторлық тексерудің маңызы мен ақпарат
көздері 51
3.2 «West құрылыс» ЖШС - нің негізгі құралдардың есебін
талдау 53
3.3 «West құрылыс» ЖШС -нің негізгі құралдардың аудиті
59
Қорытынды 67

Пайдаланылған әдебиет тізімі 69

Файлы: 1 файл

№ 93«West құрылыс» негізгі құралдарының тозуы жөндеу есебін ұйымдастыру..docx

— 189.50 Кб (Скачать файл)

Амортизация обьектіні пайдалану  мен уақыт бөлігінің нәтижесі ғана болып табылады деген негіздеме  оны есептеген кезде ешқандай рөл атқармайды. Кәсіпорында өндірілетін  әрбір өнім, жұмыс, қызмет бірлігінің құны оның көмегімен осы өнімдер, жұмыстар мен қызметтер өндірілген «Негізгі құралдар» обьектілерінің құнын өзіне бірдей мөлшерде сіңіреді.

Ай, жыл ішіндегі амортизация  сомасы обьектінің құнын оның қатысуымен өндірілетін бұйым, жұмыс және қызмет санына бөлу жолымен анықталады. Бұл әдісті пайдалану мерзімінің көбіне техникалық көрсіткіштеріне немесе субьектінің шаруашылық қызметінің өзгеруіне байланысты шектелуі кезінде пайдаланады.

 Мысалы: Құны 240 000 теңге болатын станок 6 000 бұйымды өңдеуге қабілетті, жою құны 18 000 теңге, 1 бұйымға амортизация нормасы – (240-18)/6 = 37 теңге.

Егер 2010 ж. Мамыр айында 45 бұйым өндірілсе, онда амортизация сомасы 45 х 37= 1 665 теңгеге тең.

2010 ж. Маусым айындағы 52 бұйымға амортизация сомасы 52 х 37 = 1 924 теңге.

Техникалық паспорт бойынша  жұмыспен өтелген сағат саны көзделуі мүмкін, мысалы: 10 мың сағат: Л/ат. 1 сағат  = (240-18)/10 = 22,2.

Егер станоктың мамыр  айындағы жұмыс уақыты 224 сағат болса, онда амортизация сомасы 224 х 22 = 4 928 теңгеге тең.

Пайдаланудың алғашқы  жылдарындағы амортизация сомасы одан кейінгі жылдарындағы амортизация  сомасы кейінгі жылдарындағы қарағанда  едәуір жоғары болады.

Кемімелі қалдық (регрессия, қосарланған регрессия) әдісі амортизацияны  есептеу бастапқы құнынан емес, баланстық  құннан жүргізілуге тиістігін білдіреді.

Тікелей әдіс кезінде қолданылатын амортизация нормасы екі еселенуі мүмкін, сол кезде қосарланған  регрессия әдісі жайлы сөз  болады.

Амортизацияны есептен шығарған кезде, соңғы жылды қоспағанда, жою  құны ескерілмейді.

Мұндайда амортизация  сомасы қалдық құнның жою құнына дейінгі  кемітілуі үшін ішкі қажеттікпен  шектелген болады.

Мысалы: станоктың бастапқы құны 260,0 жою құны – 80,0, пайдалану  мерзімі – 5жыл, амортизация нормасы  – 20%.

 

Кесте 2

Негізгі құралдарды кемімелі қалдық әдіспен есептеу

 

Жыл

«Негізгі құралдар» обьектісінің құны 1-ші жыл, бастапқысы, соңғы

Амортизация нормасы

Жыл ішіндегі амортизация  сомасы

Айға шаққанда

1.

260 000

20 %

52000

4333

2.

260 000-52 000 = 208 000

20%

41 600

3467

3.

208000-41 600-166 400

20%

33280

2773

4.

133 120

20%

26624

2219

Б

106 496 -80 000

 

264926

2208

Ескерту- [14] негізінде автормен құрастырылды


Амортизациялық аударымдар әрбір есепті кезеңде «Негізгі құралдар»  әрбір түріне жұмсалған шығындар ретінде танылады. Амортизацияның әртүрлі әдістерін қолдануға рұқсат етіледі. Амортизацияны есептеудің субьект таңдап алған әдістері сеп саясатымен анықталып, бір есепті кезеңнен келесісіне қарай қолданылуға тиіс [16].

«Негізгі құралдар» тозуын есепке алу үшін ««Негізгі құралдар»  тозуы» деген XIII бөлімшенің пассивтік  шоттары қолданылады, онда мынадай  жинақтамалы шоттар бар:

2422 «Негізгі құралдардың  амортизациясы» – үйлер мен  ғимараттардың тозуы;

2422 «Негізгі құралдардың  амортизациясы» «Негізгі құралдардың  амортизациясы» 3 – машиналардың, жабдықтардың, беріліс құрылғыларының тозуы;

2422 «Негізгі құралдардың  амортизациясы» 5 – көлік құралдарының  тозуы;

2422 «Негізгі құралдардың  амортизациясы» – офистік жихаздар  мен өндіріс жабдықтарының тозуы.

Аталған шоттардың әрқайсысына  субшоттар ашылуы мүмкін:

  1. Меншікті «Негізгі құралдар» тозуы;
  2. Ұзақ мерзімді жалға алынған «Негізгі құралдар» тозуы.

Жер өндіріс құралы ретінде  – еңбек процесіне қажетті  материалдық кепілдік, оның маңызды  заттық факторларының бірі. Сату бағасы бола тұра және субьектінің балансында ескерілгенмен тозбайды. «Негізгі құралдар»  тозуын меншік нысанына қарамастан барлық субьетілер есептейді. Олар мыналардан басқа барлық қалған «Негізгі құралдар»  түрлеріне есептеледі:

1)   Өнім беретін  малдар, өгіздер, буйволдар, бұғылар.

2 )  Жер.

3)   Кітапхана қорлары,  фильм қорлары.

4)   Мұражай және  қылқалам құндылықтары.

5)   Сәулет мен өнердің  ескерткіштері.

6)   Жалпы пайдаланудағы  автомобиль жолдары.

Толығымен амортизияланған  «Негізгі құралдар» бойынша амортизация  есептелмейді

Егер «Негізгі құралдар»  обьектісі бойынша тозуды есептеу  тоқтатылса, онда «Негізгі құралдар»  есепке алудың «Негізгі құралдар» №6 нысанындағы инвентарлық карточкадағы амортизация нормасы түрлі-түсті  қаламмен сызылып тасталады және амортизация есептеудің қай мезгілден  бастап тоқтатылғаны көрсетіледі.[ 17].

«Негізгі құралдар» №13 нысанындағы «Негізгі құралдар»  тұрған немесе пайдаланған жері бойынша  инвентарлық тізімде «тозған» деген  белгі қойылады. Өндірістік шоттарда 8110 «Негізгі өндіріс» – «Үстеме шығындар» бөлімшесінің

8410 – «Негізгі құралдар» тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы» шоты бөлек көрсетіледі. Жалпы шаруашылық мақсаттағы және коммерциялық құрылымдардың «Негізгі құралдар» тозуы 7210 «Әкімшілік шығыстар» – «Жалпы және әкімшілік шығындар» шотында ескеріледі. Тауарларладың сатылатын жерінде сақтауға арналған «Негізгі құралдар» 7110 «Өнімдерді өндіру мен қызмет көрсету бойынша шығыстар» –   «Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі шығындар» шотында ескеріледі. 8415 және 8410 – шоттарға өндіріс түрлері бойынша субшоттар ашу қажет.

Операциялар:

  1. Негізгі өндірісте қолданылатын «Негізгі құралдар» бойынша тозу есептеледі:

а) Д-т 8110 «Негізгі өндіріс»/н.ө  К-т 2422 «Негізгі құралдардың амортизациясы» – 150,0.

2. Көмекші өндірісте қолданылатын  «Негізгі құралдар» бойынша тозу  есептеледі:

а) Д-т 8310 «Көмекші өндіріс»/к.ө  К-т 2422 «Негізгі құралдардың амортизациясы» «Негізгі құралдардың амортизациясы» «Негізгі құралдардың амортизациясы»1 «Негізгі құралдардың амортизациясы»-2422

 «Негізгі құралдардың  амортизациясы» – 150,0.

ә) Д-т 8310 «Көмекші өндіріс»/к.ө  К-т 8110 «Негізгі өндіріс»/к.ө – 150,0.

3. Жалпышаруашылық мақсаттағы  және коммерциялық құрылымдардың  «Негізгі құралдар» бойынша тозуы  есептеледі: Д-т 7210 «Әкімшілік шығыстар»  К-т 2422 «Негізгі құралдардың амортизациясы»  «Негізгі құралдардың амортизациясы»  «Негізгі құралдардың амортизациясы»1 «Негізгі құралдардың амортизациясы»  – 2422 «Негізгі құралдардың амортизациясы»  «Негізгі құралдардың амортизациясы»  «Негізгі құралдардың амортизациясы»  – 80,0.

Жыл соңында Д-т 5410 «Құрылтайшы  құжаттармен құрылған резервтік  капитал» (жиынтық кіріс/зиян) К-т 7210 «Әкімшілік шығыстар».

4. Тауарларды сатылатын  жерінде сақтауға пайдаланылатын  «Негізгі құралдар» бойынша тозу  есептеледі: Д-т 7110 «Өнімдерді өндіру  мен қызмет көрсету бойынша  шығыстар» К-т 2422 «Негізгі құралдардың  амортизациясы»   – 30,0 жыл соңында Д-т 5410 «Құрылтайшы құжаттармен құрылған резервтік капитал» К-т 7110 «Өнімдерді өндіру мен қызмет көрсету бойынша шығыстар».

5.  Ағымдағы жалға берілген  «Негізгі құралдар» бойынша жалға  беруші тозуды есептеген: Д-т  7470 «Өзге де шығыстар» К-т 2422 «Негізгі құралдардың амортизациясы»  – 40,0.

6. Ұзақ мерзімді жалға  алынған «Негізгі құралдар» бойынша  жалға беруші тозуды есептеген:  Д – т 7110 «Қнімдерді өндіру  мен қызмет көрсету бойынша  шығыстар», 7210 «Әкімшілік шығыстар»,  К-т 2422 «Негізгі құралдардың амортизациясы».

 Жал мерзімі аяқталып, ұзақ мерзімге жалданған «Негізгі  құралдар» жалгердің меншігінде  өткен кезде есептелген тозу  түзетіледі: Д – т 2422 «Негізгі  құралдардың амортизациясы» К  – т 2422 «Негізгі құралдардың  амортизациясы». [ 18].

 

 

1.3     Негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есепке алу

 

Негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстау  үшін оларды мерзім сайын жөндеу қажет. Мұның өзі машиналардың, жабдықтардың, үйлердің және «Негізгі құралдар» басқа  түрлерінің жеклеген бөлшектерінің  тозуы біркелкі еместігіне байланысты болады. Бухгалтерлік есеп орындалған жөндеу жұмыстарының көлемі мен оның құны туралы ақпаратпен, сондай-ақ жөндеуге жұмсалатын қаражаттарға бақылау жасауды  қамтамасыз етуге тиіс. Ұйымдастыру  – техникалық белгілері бойынша  жөндеу:

а) күрделі  жөндеу;

ә) шағын (ағымдағы) жөндеу болып бөлінеді.

Күрделі жөндеу дегеніміз – жалпы обьектіні  салыстырғанда тозу мерзімі аз «Негізгі құралдар» жекелеген бөлшектерін  қалпына келтіру.

Бір жылдан артық мерзім сайын жүргізілетін, нәтижесінде агрегат толықтай бөлшектелетін, алмастыратын немсе тозған барлық тетіктері  мен желілері қалпына келтіретін, агрегат жинақталатын және сынақтан өтетін жөндеуі болып саналады, Машинаның  агрегаттарына (қозғалтқышқа, шестеріне, қозғалу қорабына) күрделі жөндеу машина маркасына байланысты белгіленген  жүрістен кейін жүргізіледі.

Үйлер мен  ғимараттардың күрделі жөнделуі, әдетте жөнделетін обьектілерді шамалап  қайта құрумен ұштасады, мұндай кезде  тозған конструкциялар мен тетіктер алмастырылады. Шамалап қайта құру немесе жаңғырту «Негізгі құралдар»  бастапқы құнын өсірмейді, №16 ХҚЕС-ке сәйкес «Негізгі құралдар» обьектілерінің бастапқы құнын өсіу кейінгі күрделі салымдарыдың нәтижесінде обьект күйі жақсаратын жағдайларда ғана жүргізіледі.

Мұндай  кезде оның бастапқы бағалаудың нормативтік  көрсеткіштері: қызмет мерзімі, өндірістік қуаты артады. Обьектінің техникалық күйін сақтау және ұстау мақсатында «Негізгі құралдар» жөндеуге жұмсалған  шығындар бастапқы құнды өсірмейді, олар пайда болған сәтте ағымдағы шығындар ретінде танылады.

Мысалы: автомашинаның бастапқы құны 1 500 000 теңге, ұтымды пайдалану мерзімі 8 жыл, ал 5 жылдан кейін автомашинаға құны 2 900 000 теңге болатын жаңа қозғалтқыш орнатылды, оң жақ нәтижесінде қызмет мерзім/2 жылға артады, сөйтіп, 2 900 000 теңге сомасындағы шығындар бастапқы құнды өсірді, ал 45 000 сомадағы шығындар ағымдағы шығындар ретінде танылады.

Ағымдағы  жөндеу «Негізгі құралдар» жұмыс  жағдайында ұстау үшін оның тозған тетіктерін алмастырудан немесе түзетуден  тұрады. Оны «Негізгі құралдар» пайдалану  процесінде жүргізеді.

«Негізгі  құралдар» сақтандыру мақсатымен белгіленген  мерзімдерден ертерек жүзеге асырылатын жоспарлы-ескерту жөндеуінің маңызы зор болмақ  [19].

Жөндеудің есебі барлық жұмыстардың құжатпен ресімделуін, жұмыстардың көлемі мен өзіндік құнын анықтауды, жөндеуге арналған қаражаттардың мақсатқа сай пайдалануына бақылау жасауды қамтамасыз етуге тиісті.

Жөндеуді  үш әдіспен жүргізеді:

  1. Мердігерлік.
  2. Шаруашылық.
  3. Аралас.

1* Мердігерлік әдіс кезінде  негізгі құралдарды арнайы субьектілер  (автожөндеу, жөндеу-шаруашылық субьектілері) жөндейді.

2* Шаруашылық әдісі кезінде  жөндеу субьектінің өз күші  және қаражаттарымен жүзеге асырылады.

3* Аралас әдіс кезінде  жөндеу жұмыстарының бір бөлігін  өз күштерімен, екінші бөлігін  арнайы ұйымдар жүзеге асырады.

Мердігерлік ұйымдармен шарт мердігерлік әдіспен  орындалған «Негізгі құралдар» күрделі  және ағымдағы жөндеуі кезінде кәсіпорын  жөнделетін обьектілерді жөнделетін жерге  және кері қарай жеткізу жөніндегі  шығындарды қоса алғанда, обьектіні  жөндеу жөніндегі аяқталған жұмыстарды төлейді. Жабдықтар мен көлік  құралдарын жөндегені үшін мердігерлермен есеп айырысуды жалпы обьект бойынша  аяқталған жұмыстар үшін толықтай жүргізеді.

«Негізгі  құралдар» күрделі жөндеуден, қайта  құрудан және жаңғыртудан қабылдау-өткізу («Негізгі құралдар») №2 нысанындағы  «Жөнделген, қайта құрылған және жаңғыртылған обьектілерді қабылдау-өткізу актісімен» ресімделеді.

Субьектінің «Негізгі құралдар» қабылдауға уәкілетті  қызметкері мен жөндеуді жүргізген  субьектінің өкілі қол қойған акт бухгалтерияға өткізіледі. Акт  екі данада жасалып, бас бухгалтер  қол қояды және оны кәсіпорын  басшысы бекітеді.

 Негізгі  қорлардың жөнделген обьектісінің  техникалық паспортына күрделі  жөндеуді, қайта құруды және жаңғыртуды  жүргізуге байланысты обьект  сипатындағы қажетті өзгерісреді  енгізу керек.

Жұмыстарды  жүргізудің шаруашылық әдісі кезінде  «Негізгі құралдар» ақау ведомосы жасалады. Оның негізінде «Негізгі құралдар»  жөндеу жүргізуге наряд-тапсырыс жасалады.

Кәсіпорынның  жөндеу цехтарына әрбір жөнделетін обьектіге көпбағандық карточкалар  ашылып, онда жөндеудің шығындары  жинақталады.

Жөндеу  жұмыстары аяқталғаннан кейін («Негізгі құралдар») №2 нысаны бойынша обьектілер тапсырыс берушілерге табыс етіледі. «Негізгі құралдар» обьектілерін жөндеуден  мерзімінде алуды бақылау мақсатында («Негізгі құралдар») №6 нысанындағы  инвентарлық карточкаларды обьектілерді жөндеу кезінде картотеканың «жөндеуде» деген бөліміне орналастырылады. Жөндеу карточкаларын бұл бөлімнен «Негізгі құралдар» топтары бойынша картотеканың тиісті бөлімдерінде көшіреді [20, 128  бет].

Информация о работе Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық негіздері