Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 10:04, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың құрылымы қазіргі нарықтық экономикаға өту кезіндегі негізгі құралдардың амортизациясы және жөндеу есебі мен аудитін қарастырдық. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, яғни әрбір бөлім жеке бөлімшелерге бөлініп, кең мағынада түсінік береді, сонымен қатар қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құралған.
Кіріспе 6
1Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық негіздері
9
1.1 Негізгі құралдар түсінігі және жіктелуі 9
1.2 Негізгі құралдардың амортизациясын есепке алу 14
1.3 Негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есепке алу 23
1.4 Негізгі құралдардың аудитінің теориялық негіздері 30
2 «West құрылыс» ЖШС нің негізгі құралдарының тозуы мен жөндеу есебін ұйымдастыру 33
2.1 «West құрылыс» ЖШС - нің экономикалық сипаттамасы 35
2.2 «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдарының амортизациясының және жөндеудің есебі 41
2.3 «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдарының қозғалысының
есебі 46
3 Негізгі құралдардың тозуының аудиті және талдауы 51
3.1 Негізгі құралда аудиторлық тексерудің маңызы мен ақпарат
көздері 51
3.2 «West құрылыс» ЖШС - нің негізгі құралдардың есебін
талдау 53
3.3 «West құрылыс» ЖШС -нің негізгі құралдардың аудиті
59
Қорытынды 67
Пайдаланылған әдебиет тізімі 69
Кәсіпорынға 2010 жылы «Промстрой-Энерго» компаниясынан Mersedes Benz E 200 көлік сатып алынды.Соммасы 4 500 000 тг.
«West құрылыс» ЖШС компаниясына түскен негізгі құралдар нысандарын мекеме басшысының өкімімен құралған арнайы комиссия қабылдайды. Комиссия құрамына мекеменің бас инженері, техникалық бөлімнің инженері, нысанды пайдалануға берілетін цех немесе бөлімнің бастығы енеді.
Негізгі құралдың түсуі комиссия жасайтын «Негізгі құралдарды қабылдап алу-беру № кесімімен(актісімен) рәсімделеді. Онда қабылданатын нысанның егжей-тегжейлі сипаттамасы беріледі, оның бастапқы құны және нысанды беру туралы құжаттардың мәліметі бойынша амортизация (тозу) сомасы (егер нысан бұрын пайдалануда болса) көрсетіледі, сондай-ақ нысанның жағдайы туралы комиссиясының қортындысы келтіріледі.
Кесім негізінде құралдардын кез-келген түріне – тұрақжайлар, машиналар, аспаптар, т.с.с. әрбір нысанға жасалады. Шаруашылық мүліктеріне, саймандарға, станоктарға және т.б. осы сиқтыларға, егер олар бір типті болса, құны бірдей және бір күнтізбелі ай ішінде қабылданса жалпы кесім жасалуға жол беріледі.
Негізгі құралдарды қабылдап алу-беру кесімін екі тарап – нысанды қабылдаушы және беруші жасап, пайдалануға берген күнін, жасалынған күнін, бастапқы құны мен амортизация сомасын қоса көрсетеді.
Негізгі құралдардың есептен шығуы.
Шаруашылыкты жүргізуші субъект қолданылып жүрген зандарға сәйкес, өзіне тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен қүрал-саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, сондай-ақ баланстан шығарып тастауына болады.
Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық (сапалық) тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде; кәсіпорында, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда; табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде, пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда; шаруашылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық үйымдарға бергенде (сатқанда), өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.
Объектілер толық немесе ішінара
(объектіні қайта жабдықтау
Негізгі құрал-жабдықтардың жарамсыздығын анықтау үшін, сондай-ақ қажетті құжаттарды дайындау үшін (құрылтайшылардың немесе уәкілдіктердің жиналысында қабылданған шешімімен) басшының бұйрығымен комиссия қүрамы тағайындалады, оның қүрамында бас инженер немесе субъект жетекшісінің орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапкершілігі бар түлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік көлік инспекциясының өкілі (автокөліктерді есептен шығарғанда) бар тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар кұрылады. Негізгі құрал-жабдықтардың кейбір түрлерін баланстан шығарғанда комиссияға арнайы салалык мамандар да катыстырылады.
Айталық, инженер-механиктер, инженер-энергетиктер, инженер-гидрологтар, инженер-жылу техниктер, инженер-технологтар, мал дәрігерлері, мал шаруашылығы мамандары және т.б. мамандар.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар есептен шығарылатын қажетті объектілермен тікелей танысып, оларды қайта қалыпқа келтіру немесе одан әрі пайдалануға жарамсыздығын; есептен шығару себептерін, қажетті жағдайда объектілердің уақытынан бұрын есептен шығаруға кінәлілі тұлғаларын; кейбір тораптардың, тетіктер мен материалдың пайдаланылу мүмкіндіктерін және олардың бағасын анықтайды; негізгі құрал-жабдықтардың есептен шығару актілерін жасайды. Комиссия актілерді дайындағанда төл құжаттарын, этаптык жоспарларын, ақау белгілерінің тізімін, машиналардың апатқа ұшырауы жөніндегі актілерін және тағы басқа қолда бар құжаттарды пайдаланады.
Негізгі кұрал-жабдықтарды (автокөлік қүралдарынан баска) толық және ішінара есептен шығару пайдаланылатын Негізгі қүрал-жабдықтарды жою туралы Акт арқылы жүзеге асады.
Актіні субъектінің басшысы тағайындаған комиссия немесе соған уәкілетті адам екі дана етіп дайындайды. Актінің 1-ші данасы бухгалтерияға беріледі де, екіншісі негізгі қүрал-жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғада болады және ол есептен шығарғаннен кейін калған косалқы бөлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және тағы басқаларын қоймаға еткізуге негіз болып табылады.
Есептен шығаруға жұмсалған, сондай-ақ жоюдан және үйлерді, ғимараттарды бұзғаннан, құрал-жабдықтарды белшектегеннен түскен материалдык қүндылықтардың бағасы актінің "Объектіні есептен шығару нәтижелерінің есебі" деген бөлімінде қарастырылады.
Баланстан автокөлік құралдарының барлық түрін есептен шығару "Автокөлік құралдарын есептен шығару актісінде" керсетіледі.
Актіні комиссия екі дана етіп дайындап, субъектінің басшысы немесе әкілетті уәкілі бекітеді.
Бір данасы бухгалтерияға берілсе, екіншісі негізгі кұрал-жабдыктардың сақталуына жауапты тұлғаға беріледі де, ол автокөлік техникасын есептен шығарудан кейін қалған материалдық құндылықтар мен металл сынықтарын қоймаға тапсыруға негіз болып табылады.
Автокөлік құралдарын жоюдан және бөлшектеуден түскен материалдык кұндылықтар бағасы "Автомобильді (тіркемені, жартылай тіркемені) есептен шығару нәтижесінің есебі" деген бөлімшесінде көрсетіледі.
Объектіні есептен шығарған кезде, оған қысқаша сипаттама беріледі, және оның есептен шығу себептері, негізгі запас белшектерінің жағдайы көрсетіледі және олардың жөндеуге жарамдылығы да айтылады. Егер де объект табиғат апаттарының, аварияның және тағы басқа да күтпеген жағдайдың салдарынан есептен шығарылатын болса, онда актіге қоса тиісті құжаттары да бірге тіркеледі. Актіні кәсіпорын басшысы бекітеді.
Тек бекігеннен кейін объектіні жоюға кіріседі. Жоюдан алынған запас бөлшектері пайдалануы мүмкін болатын бағасы бойынша құндылықтар тиісті шоттар бойынша кірістеледі. Негізгі құралдарды есептен шығарудың қабылданған тәртібін бұзған жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен қарау (жойып немесе ертеп жіберу) анықталса, онда оған кінәлі лауазымды адамдар белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.
Басы артық, пайдаланбайтын құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, приборларды, құрал-саймандарды, мүлікті, жұмысқа пайдаланатын және өнім алатын малдарды занды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады.
Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екінші бір кәсіпорынға беру кезінде екі дана етіп акт дайындалады. Акт негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік түгендеу тізіміне негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады.
Негізгі құралдар субъектінің әз ішінде (цехтан цехқа) орын ауыстыруы кезінде, орын ауыстыру актісімен рәсімделеді.
Оның негізінде негізгі құрал-
Негізгі құрал-жабдықтарды жою
туралы дайындалған актілер
Негізгі қүралдардың есептен шығарылуы жөніндегі шотгардың (қысқартылған) корреспонденцииясын кестеде қарастырайық.
Кесте 13
Негізгі құралдардың есептен шығарудың шоттар корреспонденциялары
Сомасы, теңге |
Шоттар корреспонденциясы | |||||||
дебет |
кредит | |||||||
А. Негізгі құралдардың барлық түрін жою | ||||||||
1 |
Heriзгi құралдарды есептен шығару актісінін негізінде өндіріс күрал-жабдыктары есептен шығарылады (актіге караңыз): - объегегінін пайдалану кезіндегі есепгелген тозу сомасына - объектінің баланстық құнына |
349860 5140 |
2422 7410 |
2410 | ||||
Жиынытығы |
355 000 |
- |
- | |||||
2 |
Объектіні бөлшектеу (бұзу) үшін еңбек ақымен қоса аударымдар бірге есептелінді: - есептелінген еңбек ақы сомасы - аударған әлеуметтік салық пен зейнетақы қорына |
13700 2590 |
2430 2430 |
3350 3220,3150 | ||||
3 |
Жойылған объектіні тасымалдағаны үшін автокөлік шаруашылығының шоты акцептелді (келісілді) |
5500 |
2430 |
3310 | ||||
13 кестенің жалғасы | ||||||||
4 |
Heriзгi құрал-жабдықтар объектісін жоюдан түскен материалдар (металл сынықтары) кіріске алынды |
18000 |
1310 |
6210 | ||||
5 |
Жыл аяғында кіріс пен шығыс "Жиынтық табыс (зиян)" шотына жатқызылды: - негізгі құрал-жабдықтарды жою шығындары - негізгі құрал-жабдықтарды жоюдан түскен табыс |
26930
19000 |
5610
6210 |
2430
5610 | ||||
Ә. Негізгі құрал-жабдықтарды сату | ||||||||
1 |
Құрал-жабдықтарды сату кезінде жинақталған сомасына |
16000 |
2422 |
2410 | ||||
2 |
Сатылатын құрал-жабдықтың баланстық құнына |
234000 |
7410 |
2410 | ||||
Жиынтығы |
250000 |
- |
- | |||||
3 |
Сатылған құрал-жабдық үшін, сатып алушылар ұсынылған төлем шоты: - келісім шарттық құнына - қосылған құн салығы сомасына (12%) |
300000 36000 |
1210 |
6210 3130 | ||||
БАРЛЫҒЫ |
348000 |
- |
- | |||||
Б. Негізгі құралдардың шаруашылық ішінде орын ауыстыруы | ||||||||
1 |
Негізгі құрал-жабдықтар бір цехтан (құрылымдар бөлімнен) екіншісіне берілді |
300000 |
2410 |
2411 | ||||
Проскурина В.П. «Бухгалтерлік есеп» - Алматы, 2011ж. |
Негізгі құралдарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға келіп түседі, және ол талдамалы есеп тізімдемесіне жазу үшін негіз болады, ал ол 2410
«Негізгі құрал» бөлімшесіндегі шоттарының кредит бойынша жүргізіледі.
Қорыта келе бұл бөлімінде «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдардың қозғалысы талданған. Мұнда келіп түскен және есептен шығарылған негізгі құралдар, олардың құжатпен рәсімделу, операциялардың мазмұндары.
Енді келесі бөлімде негізгі құралды аудиторлық тексерудің маңызы мен ақпарат көздерін қарастырамыз.
3 Негізгі құралдардың тозуының аудиті және талдауы
3.1 Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің маңызы мен ақпарат көздері
Аудиттің негізгі мақсатының бірі - аудит қорытындысын алу. Аудит пен ревизияның арасында айырмашылықтар көп болғанымен, тексеру әдістеріне, тәсілдеріне деген ортақ көзқарас бар.
Аудиторлық тексеріс міндетті немесе ерікті болуы мүмкін.
Жылдағы міндетті аудиторлық тексерістен өтуі қажет мекемелер шеңбері “Аудиторлық қызмет туралы ” ҚР заңының 4 бабында келтірілген.
Ерікті аудит тексерілетін ұйымның еркімен жүргізіледі.
«West құрылыс» ЖШС ерікті аудиттің түріне жатады.
Халықаралық тәжірибеде аудит ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Сыртқы аудит – сыртқы тәуелсіз аудиторлармен немесе аудиторлық фирмалармен мекеменің қаржылық есебінің дұрыстығын әділ бағалау мақсатында келісім шарт негізінде жүргізіледі. Сыртқы аудиттің объектісі - ол, шаруашылық субъектілері. Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырушының талабына сәйкес анықталады. Тапсырушылар - кәсіпорын, мемлекеттік құрылым және қаржы, мүлік иегелері. Сыртқы аудит қызметін атқарушылар - жеке аудиторлар және аудит фирмалары.
Бұл стандарт
ҚР-ның «Аудит қызметі туралы»
Заң және 400-ХАС «Ішкі бақылау
мен тәуекелділікті бағалау» деп
аталатын стандарт негізінде дайындалған
(орыс және ағылшын тексттерінде). Бұл
стандартта дәстүрлік операцияларды
үйренумен қатар, ұйымдастыру-басқару
іс-шараларын бағалау мен
Ішкі аудит - мекеменің әкімшілік мүддесіне қарай шаруашылық іс әрекеті нәтижесін тексеру және бағалау бойынша ұйымдағы тәуелсіз қызмет. Ішкі аудитті осы мекемені тікелей өзінде істейтін аудиторлар немесе бухгалтерлер жүргізеді. Ішкі аудит есепте бұрмалаушылық пен заң бұзушылыққа жол бермейтін тиімділігі жоғары бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесінің құрылуына жағдай жасайды.
Ішкі
аудитордың алдына қойылған талаптарды
шешу оның әдістемесін ары қарай
кемелдендіру және шаруашылықты жүргізудің
жаңа талаптарына сәйкестендіруді
талап етеді. Ішкі аудит әдістемелер
таным принциптері, тәсілдері, және
теориялық қорытындылау тұжырымдау
жүйесімен сипатталады. Нарыққа
өту жағдайында ішкі аудиттің әдістемесі
жұмыстардың нәтижелерін
Ішкі аудиттің тиімділігі сыртқы аудитпен салыстырғанда шығындарының төмендігінде (ішкі аудиторлық кызметінің құны 35-50 пайызға арзан); ішкі аудиторлардың кәсіпорын жағдайын, жұмыс ырғағын және басқару жүйесін терең білуінде; аудиторлардың тексеруге құрылымдық бөлімдердің жоғары білікті мамандарын тарту мүмкіндігінде; заң талаптарын сақтау кепілдігінде болып отыр.
Ішкі аудиттің маңызды құрамдас бөлігі, мүліктің сақталуын және қозғалысын бақылау болып табылғандықтан, онда түгендеу әдісін және онымен байланысты аудиторлық процедураны дамыту айрықша мәнге ие болады (түгендеу жүргізуге дейін, түгендеу барысында және одан кейін.) Аяқталмаған өндіріс және қор қалдықтары бағасы әдейі немесе абайсызда бұрмаланса ол кәсіпорынның қаржылық нәтижелеріне тікелей енеді және жетіспеушілікке әрі ұрлықтың пайда болуына әсерін тигізеді.
- құжаттардың, ақша белгілерінің, құнды қағаздардың түп - нұсқасын тексеру;
- тауарлардың, қызметтердің, жұмыстардың сапасын тексеру [32].
Активтер бойынша ішкі аудит.
«West құрылыс» ЖШС активтерді тексеруі 5 этаптан тұрады:
Информация о работе Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық негіздері