Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:29, контрольная работа
Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады.
Ақпараттық жанрлардың
қазіргі мерзімді баспасөздегі және
қоғамдағы орнын, даму бағыттарын нақты
көрсету үшін елімізде жарық көріп
жатқан барлық басылымдарды қамту мүмкін
емес, әрі оларды қоғамдық-саяси
бағыт-бағдарларына сәйкес жекелеген
типологиясы бойынша
3. Заметка
Заметка дегеніміз – ең шағын және оперативті жанр. Ол өмір шындығының нақты фактілері, құбылыстары туралы дәлме-дәл тұжырымды хабарлайды. Заметка көбінесе телеграфтық стильде жазылады. Баспасөздің бұл қарапайым да шағын жанры үгіт-насихатты факті арқылы жүргізетін, оқушыға әсерлігі жағынан ең бір қонымды да ыңғайлы жанр боп саналады. Ол еліміздің, республика мен өлкенің, облыс пен ауданның өмірінде болып жатқан жаңалықтарды, өнеге боларлықтай жайларды, үздік үлгі боларлықтай істер мен жаңа бастамаларды газет оқушыларына тұжырымды түрде жеткізеді. Заметка өмірдің жағымды жақтармен бірге, кейбір кемшіліктері туралы да еңбекшілерге дер кезінде жария ғып отырады. Газеттердің қайсысын алсаңыз да, заметкасыз олардың бір де бірі іжарыққа шықпайды. Газет окушыларының назарын аударарлық жақсы заметкалар жиі-жиі жарияланып тұрса, онда, ол газеттің өмірге терең араласып, газет қызметкерлерінің өмірді жақсы білетіндігін көрсетеді. Демек, газетте өмір ақиқатының шын ұшқындарын шебер керсететін заметкалар неғұрлым көп болса, соғұрлым сол газеттің ажарын ашып, көркемдігі мен мазмұнын байыта түседі.
Заметканың негізінде бір оқиға, бір құбылыс, бір объект ғана жатады. Заметканың авторы өз пікірін байыптау мен қорытынды жасамайды. Тек бір мәселені, я құбылыс пен бір жақсы бастама, не бір аяқталған жақсы іс туралы үн қатады, соны газет окушыларына асыға хабарлайды. Әрине, заметка жазу үшін көрген-білген, естігендердің бәрі бірдей, кез келген факт негіз бола бермейді. Тек әлеуметтік мәні бар фактілер ғана, өмірдің белгілі бір құбылысын, елесін көрсететін фактілер ғана негіз бола алады. Заметкаға өзек болып отырған факт мен құбылыс тың қоғамдық мәні мен маңызы салмақты болуға тиіс. Сонымен қатар заметка тек өмір шындығына, фактілер мен ресми цифрларға, документтерге сүйеніп отырады. Мұның өзі заметканың айқын, дәл болуының және тек шындыққа ғана сүйенетіндігінің айқын белгілерінің бірі болады, яғни заметканы жазу үстінде автор тек өмір шындығына, өмір фактісіне ғана сүйенуге тиіс. Заметка - үгіт-насихатты тек фактімен жүргізудің бірден-бір құралы. Мұндай әдіс пен тәсіл - өздерінің жұмыс істеп отырған облысы мен аудан еңбекшілерінің күнделікті өмірінде қандай өзгерістер мен жаңалықтар болып жатқандарын анықтап біліп, олардың қайсысын көпшілікке үлгі ретінде хабарлап, қайсысын кемшілік ретінде сынға алу үшін редакция қызметкерлері мен авторлар үшін үлкен тәжірибе мектебі болуға тиіс.
Өмірдің осындай шындықтарынан алынған заметкалар баспасөзде әр түрлі формада жазылады. Заметкалар ортақ немесе дербес заголовоктармен беріледі. Заметка алуан түрлі формада жазылғанмен, заметканың негізгі екі ғана түрі бар деп санаймыз. Атап айтқанда, бірнеше жолдық тектес заметкалар және дербес заметка. Дербес заметка екі түрлі формада кеңейтілген түрде және сын түрінде жазылады да, ол газеттің күнделікті ісінде өте жиі кездесіп отырады.
Тектес заметкалар. Халық шаруашылығы мен мәдениет саласында болып жатқан алуан істердің жемістерін шағын жолдармен жеткізеді. Заметканың бұл түрі көбінесе өмірдің жағымды фактілерімен оқушыны көңілдендіріп қуантып отырады. Газет редакцияларына талай-талай тамаша қызықты фактілер, хабар-хаттар түсіп жатады.
Тектес заметканың өз алдына дербес заголовкасы болмайды, бірнеше жолдық боп, бір атаумен топталып береді.
Дербес заметка. Бұл заметканың өз алдына дербес
заголовогы болады. Дербес заметка,
тектес заметка сияқты, ортақ заголовокпен
берілмейді. Өйткені оның баяндалуы да,
көлемі де ол ырыққа көнбейді. Дербес заметка
тектес заметкаға қарағанда көлемі жағынан
анағұрлым кең болады
да, мәселені толығырақ қамтиды. Қол жеткен
табыстардың мәні
мен маңызын барынша қысқа, бірақ айқып
баяндайды. Табыстың мәні мен маңызын
хабарлаумен бірге оның сырын да жол-
жөнекей, жол арасында
түсіндіріп кетеді. Заметканың бұл түрі
халық шаруашылығындағы жаңалықтарды,
үлгілі істерді, жеке адамдардың еңбектегі
көрнекті табыстарын өзіне өзек етеді.
4. РЕПОРТАЖ
Репортаж латынның «rераrtоrе»
деген сөзі - хабарлау, баянlау деген
мағына береді. Алғашқы уақыттарда
ағылшын парламентінің
Репортажды жазу және ұйымдастыру жөнінде бір-екі сөз. Әрине, бұл жөнінде «рецепт» ұсыну дұрыс емес. Солай бола тұрса да теория мен тәжірибенің негіздеріне сүйене отырып бірқатар ойлар мен ұсыныстарды ортаға салу жөн болса керек. Ең алдымен, репортажды жазу өте шапшаңдылық пен аңғарымпаздықты талап етеді. Тіпті материалды лезде жаза да, ұйымдастыра да білу керек. Репортаж жазушының бұл жанрды жазуға өзінің табиғи қабілеті мен таланты болуға тиіс. Журналист - творчестволық кызметкер. Оқиға болған жерге барғанда көрген-білгендері онын ой елегінен, субъективтік қабылдауынан барып өтеді. Сондықтан журналист көргендері мен сезгендерін, ойда жүргендерін күні бұрын қандай да болса белгілі бір схемаға салып қоюы әсте мүмкін нәрсе емес.
Журналист репортажды жазуды жоспарлап, ойға салу үстінде біздің жан-жақты сан алуан күрделі өмірімізді тым жақсырақ, неғұрлым ұғымдырақ, толығырақ, сапалы етіп көрсетуді ешбір естен шығармауға тиіс. Журналистің жазуға ықыласы ауған әрбір мәселе мен кездескен оқиғасының тек өзіне ғана тән өзгешеліктері және ешбір қайталанбайтын ерекшеліктері болады. Міне, сондықтан да әрбір оқиға мен факті жайында жазудың, оны көрсете білудің әдістері әрқашанда да соны және жаңаша, ерекше болуы керек. Айталық бір ғалым өзінің ғылыми лабораториясында бидайдың бір жаңа сортын өсіріп шығарды. Міне, осыны жазу үшін оған репортёр келді. Мұны жазу ісіне репортёр ең әуелі лабораториядағы адамдар туралы айтып, коллективті әңгімелеуден бастауы мүмкін. Өйткені қазіргі заманда ғылымның үлкен-үлкен тамаша табыстары коллективтік еңбектің нәтижесінен шығуы кімге де болса түсінікті. Демек репортажды әуелі жалпы мәселеден бастап, сонан соң жалқыға қарай ауысып, ең басты мақсат - ғалым бидайдың жаңа сортын қалай шығарғанын толық жан-жақты жазуға болады.
Репортаждың мақсаты – болған оқиғаны тек бұлжытпастан суретке түсіру емес. Журналист оған тиісті мағына беріп, оның бояуын «қылқаламмен» әдемілей білуі керек.
Репортаж жазу ісі зор әзірлікті талап етеді. Автор өзінің жазғалы отырған проблемасын терең, жан-жақты көрсете білуі тиіс. Болған оқиғаны жете терең түсінуі былай тұрсын, ол жөнінде ой толғауын туғыза білмеген журналист көңілдегідей көркем, жұрт сүйсінерлік репортаж жазып шыға алады деп айта алмаймыз. Объектаны асықпай-саспай, аса мұқият зерттей білу, адамдармен сөйлесе білу, фактілерді іріктей білу де репортаждың сапасын жақсартып, ажар беретінін естен шығармау қажет.
Репортажды жазудың әдістері
мен формаларын журналист
үнемі іздестірумен болады.
5. Репортаждың түрлері
Оперативті репортаж. Бұл репортаж белгілі бір уақыттың ішінде болған оқиғаны ғана қамтиды. Мысалы, бір делегацияның келуі, салтанатты жиылыстар мен мерекелердің өткізілуі, немесе спортшылардың кездесулері және тағы басқа оқиғалар. Мұндай оқиғалар белгілі бір күнде, нақтылы бір уақытта өтеді. Сондықтан сол күні, сол сағатта оған қатысып жазбасаң, әрине, оның маңызы болмай қалады. Ал маңызын жойып алған репортаждың ешбір мағынасы қалмайды. Сондықтан мұндай репортажды тек оперативті түрде ғана жазуға болады.
Оқиғалы репортаж. Кең-байтақ Отанымызда талай-талай таң қаларлық құбылыстар мен оқиғалар болып жатады. Кейбір оқиғалардың қоғамдық-саяси мәні болумен бірге, ол Отанымыздың даму кезеңдерінен елеулі орын алатын оқиғалар болады. Ал, кейде болған оқиғаның тек еліміз үшін емес, бүкіл социалистік елдер үшін, социалистік система үшін, қала берді бүкіл адам баласының тарихында елеулі орын алатыны да болады. Әрине, мұндай жайлар бүкіл елімізді, оның халқын, қала берді бүкіл жер жүзін, бір сілкіндіріп тастайтындығында сөз жоқ. Міне, осындай мәні өте зор оқиғаға арналған репортаждарды оқиғалы репортаж дейміз.
Проблемалық репортаж. Бұл репортаж халық шаруашылығының барлық саласынан жазылады. Репортаждың бұл түрі кәсіпорнының, колхоз бен совхоздың күнделікті өмірінен, ғалымның лабораториясынан жазылады. Әрине, бұл жерде ешқандай оқиға болмайды. Өйткені, кеше де, бүгін де, ертең де заводтар, колхоздар мен совхоздар, кәсіпорындары жұмыс істеген, істеп те жатыр және істейді де. Репортаждың мұндай түрінде журналист кәсіпорындары мен совхоздардың немесе колхоздардың бір күнгі еңбек көрінісін суреттеп жазады. Болмаса жеке бір озаттың еңбек қимылын қамтиды. Мұндай репортажда істің жақсы жақтары: озат кәсіпорны, үздік еңбектің үлгісін көрсетуші адам туралы баяндалады. Мұндай жайсаң жайларды көрсету арқылы, газет оны халық шаруашылығына тартуды көздейді.
Жол-жөнекей репортаж. Репортаждың бұл түрі жол-жөнекей очеркке ұқсас келеді. Ол оқиға туралы баяндаумен қатар журналист жол-жөнекей көргендерінің ішшде елеулі нәрселердің бәрін қысқа баяндап отырады. Журналист заводты, қаланы, яғни белгілі бір объектіні аралағанда назар аударатын жайларды қысқаша, қоюлап жазып отырады. Жол-жөнекей репартаж көбінесе репартердің оъектіні аралау сапарынан туады.
Сөйтіп, жол-жөнекей репортаж көбінесе кәсіпорындары мен совхоз, колхоз шаруашылығын аралау үстінде туады. Репортёр мұндай репортажды жол-жөнекей байқап, көрген-білгендерін әдемілеп суреттей отырып аралаған жерлерінің барлық жайын, адамдардың еңбегін, олардың көңіл күйін көрсетеді.
Репортаж жазу тақырып таңдаудан басталады. Репортаж жазуды тілеп тұратын көп сырлы, әсерлі тақырыптар да болады. Мысалы, бүкіл халықтық мереке, салтанатты жиналыс, көрменің ашылуы, үлкен каналдың пайдалануға берілуі, шопан аулының тойы, егін орағына жаппай кіріскен алғашқы күн тағы басқалар. Қалай болғанда да тақырыптың тыңдығы, жаңалығы ұнамдылығы журналистің үнемі іздену, ойлануы үстінде тууға тиіс. Бұл жөнінде мынадай бір мысал келтіруге болар еді. Лина Малинидің «Бейбітшілік гимні» деген өлеңін Зара Духанованың радиомен жүзінші рет орындағанын біледі де, репортёр ол жөнінде шағын заметка жазып, бөлім бастығына береді. Заметкада жазылған факт өзінен-өзі болатын нәрсе.
6. ИНТЕРВЬЮ
Журналист қоғам қайраткерлерімен немесе шаруашылық салаларында істеп жүрген озаттар мен сан алуан мәселелер жөнінде әңгімелесіп, пікір алысады. Әрине, бұл әңгімелер мен пікірдің біздің ұшан теңіз болып толқып жатқан өміріміз үшін маңызы мен қоғамдық саяси мәні зор болуға тиіс. Әңгіме болып отырған мәселенің мән-жайын жақсы білетін, болған оқиғаны дұрыс бағалай алатын адамнан интервью алу газет үшін өте бағалы болып саналады.
Әңгіме, кез келген адаммен кездесіп, онымен ауызба-ауыз сөйлескен әңгімені бұлжытпай жазып алу деген сөз емес. Жұмыстық табысты болуы мынадай жайларға байланысты: журналист әңгімеге лайық тақырыпты таңдай білді ме, әңгімені алу үшін кіммен сөйлесу керек, әңгімені алуға журналистің өзінің әзірлігі қалай, лайықты сұрақтар қоя білді ме? Міне, осындай негізгі талаптарды журналист орындағанда ғана оның әңгімесі көңілдегідей болып шығады. Интервью туралы айта келіп, бұл жанрды аныктай түссек күн тәртібіне өмірдің өзі ұсынып отырған қоғамдық мәні бар мәселе жөнінде журналист белгілі бір адамның ой-пікірін біледі, немесе сол мәселе жөнінде одан түсініктеме алады, онымен сөйлеседі. Осыларды әдеби өңдеп, қорытып жазады, міне, осы талаптарға сай жазылған материал газеттің хабар жанрының бір түрі - интервью боп аталады.
Қазіргі баспасөзімізде: интервью - әңгіме, интервьюдің сұрақ-жауап түрі; интервью - суреттеме, интервьюдің анкета түрлері бар. Сонымен қатар соңғы кездері газет «тілші тілдескенде», «Біздің интервью» деген және басқа рубрикалармен де итервьюлер жариялап жүр.
Интервьюдің әңгіме түрі. Журналист белгілі бір адаммен кездесіп, әңгімелеседі. Бірнеше сұрақтарына жауап алады. Сол мәселе жөнінде ол адамның пікірш біледі. Мұндай кездесу көбінесе жайдары жағдайда, екі адамның жәй ғана әңгімелесуі жағдайында өтеді. Журналист фактілерін жинақтап, ой-пікірін саралап, белгілі бір мақсатқа бағыштап, бір арнамен, бір тақырыптың аумағында жазып шығады. Әңгіменің соңында жазып алған «пәлен» деген аты-жөні айтылады. Немесе әңгіме тақырыбының астына «мынадай адаммен әңгіме» деп жақша ішіне алына да қойылады. Немесе тілші тиісті бір адамға жолығып, керекті бір мәселені газет оқушыларына айтып берудіде өтінуі де мүмкін.
7. ЕСЕП (ОТЧЕТ)
Газет есебі - съездер, конференциялар,
мәжілістер мен кеңестер туралы мерзімді
баспасөзде жиі жазылатын хабар
жанрларының бір түрі. Коммунистік
партияның съездерінен бастап, біздің
еліміздің кәсіпорындарында, колхоздары
мен совхоздарында жиі-жиі
Информация о работе Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны