Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:29, контрольная работа
Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады.
Істі коллективтік түрде басқару, оны асықпай-саспай, алып-ұшпай коллективтік оймен пікірлесудің нәтижесінде шешу біздің партиялық, мемлекеттік және қоғамдық, шаруашылық істеріміздің негізгі принципі боп саналады. Міне, осы тұрғыдан алғанда еліміздің қалалары мен ауыл-селоларында, заводтары мен фабрикаларында, мекемелері мен совхоз, колхоздарында, оқу орындарында сан алуан мәселелерге арналған жиналыстар мен кеңестер жиі өткізіліп тұрады. Бұл жиналыстарды партия, совет, комсомол, кәсіподақ ұйымдары өткізеді. Халық шаруашылықтары коллективтерінің де жиналыстары, әр түрлі кеңестер мен мәслихаттары өткізіліп жатады. Сонымен қатар еңбекшілердің митингілері мен салтанатты демонстрациялары, бір жерде ескерткіштің ашылуы, өткізілген спорт жарыстары, әр түрлі делегациялардың кездесуіне арналған салтанатты жиналыс, міне, осы сияқты оқиғалар әр кезде де баспасөздің шағын жанры - газет есебінің өзегі болып отырады. Еліміздің көсемі халқымыздың ақылы мен ожданы болып отырған Қоммунистік партияның съездері, конференциялары мен пленумдары ел өмірінің үлкен қоғамдық саяси елеулі оқиғасы боп саналады. Бұл оқиғаны да баспасөз газет есебінің жанры арқылы ел құлағына жеткізеді.
Газет отчетын жазу - творчестволық жұмыс. Ол журналистен оқиғаға жауаптылықпен қарауды талап етеді. Өйткені жиналыстар мен өнеркәсіптік мәжілістерде көптеген мәселелер қаралады, талай ойлар тоғысады, пікір таластары туады. Мұның ішінде дұрыс та, бұрыс та пікірлер ұшырасады. Ал кейде дұрыс, пайдалы пікір қағыс қалып, теріс пікірлерді қолдаушылар табылуы мүмкін. Бұл жағдайда журналист барынша объективті, барынша адал болуға тиіс. Тек құр адалмын дегеннен гөрі жиналыста қаралған мәселеге жан-жақты, терең түсініп алу керек. Бұл тұрғыдан келгенде, оқиғаға сол жиналыста каралған мәселеге баға бергенде партиялық тұрғыдан келу, лениндік принциптілік тұрғыдан келу талап етіледі. Әрине, мұның барлығы фактіге баға беру, баяндамашы мен сөйлеушілердің сөздерін іріктеу, олардың ой-пікірлерін сараптаудан шықса керек-ті.
Есептің мерзімді баспасөзде жиі қолданылып, көп таралғанымен де, оның санаулы ғана түрлерін атауға болар еді. Қазіргі баспасөздің тәжірибесіне карағанда хабар жанрының бірі - газет есептері: заметка түрінде, қысқа есеп түрінде, тіке және кеңейтілген есеп түрінде, суреттеме түрінде беріледі. Сонымен қатар спорт тақырыптары және соттың мәжілістеріне арналған газет есептері де болады.
Есептің заметка түрі. Телеграфтық стильмен бірнеше жол ғана жазылады. Есептің бұл түрінде жиналыс қайда, қашан өткені, қандай баяндама жасалғаны, оны кім жасағаны, жиналыс қандай шешім қабылдағаны қысқа хабарланады.
Тіке есеп. Мерзімді баспасөздегі мұндай есептер коммунист партиясының, бүкіл еліміздің өмірінде болған елеулі оқиғаларға арналады.
Кеңейтілген есеп. Есептің бұл түрінде жиналыста, мәжілісте қаралған мәселелер түгел көрсетіледі. Мұнда баяндамашы да, сөйлеушілер де түгел қамтылады. Журналистің болған оқиға, қаралған мәселе туралы өзінің пікірін білдіруіне толық жағдай туады. Журналистің шеберлігі де, мәселені қаншама терең білетіндігі де, тақырыпты қандай дәрежеде меңгеретіндігі де, оның адалдығы мен принциптілігі де осы есептің кеңейтілген түрін жазу үстінде анық байқалады.
Қеңейтілген есеп екі түрлі боп жазылады. Ол такырыптық және сын формасында кездесіп отырады.
Кеңейтілген сын есеп. Жиналыстардың өткізілуі, онда мәселенің қойылу дәрежесі бірдей бола бермейді ғой. Кейде жиналыс ешбір әзірліксіз өте нашар өтеді. Немесе жиналыста баяндама нашар боп, ол ешбір мәселе кетермейді, жиналысқа қатысушыларды белгілі бір мәселеге жұмылдыра алмайды. Сондай-ақ мұндай баяндамадан кейін сөйлеушілер де осыған сай болады.
Журналист мұндай нашар өткен жиналыстарға объективті баға беріп, сынап жазуға тиісті.
Суреттеме есеп. Есептің бұл түрі суреттеу стилімен жазылады. Мұнда автор оқиғаны тартымды да қызғылықты әдеби стильде береді. Мұның өзі мерекенің өтуіне, салтанатты жиындар мен слетке, әр түрлі көрмелерге, бүкіл халықтық мерекені мейрамдау демонстрацияларын келісті теңеулерді кең қолдана отырып, жүрекке жылы тиетін әдемі тілмен жазады.
Мерзімді баспасөзіміз газет
есептерін жариялаудың
Кей жағдайда журналистің газет есебінің жазылу дәрежесі оның шебер бастауына, көркем баяндауына байланысты болады.
Газет қызметкерлерінің барлығы да, олар қай бөлімде жұмыс істесе де, газет есебін жазу ісіне түгел қатысып отырады. Мұның өзі оңай да жұмыс емес. Ол саяси қырағылықты, ойлы-пікірлілікті, әдеби шеберлікті талап етеді. Газет есебін жазудың үздік шеберлерінен үйреніп, олардың жазудағы тәжірибелері мен әдістерін әлі де жете зерттей түсуіміз керек.
Публицистика жанрларының ерекшеліктері, ең алдымен, публицист лабораториясының ерекшеліктеріне байланысты. Публицист өз жұмысын бүкіл жұрт алдында жария жүргізеді, қалың бұқарамен ақылдасып отырады. ОЛ белгілі бір мәселе жөнінде ой қорытып, пікір айту үшін көп ізденіп, талай бұралаң жолдардан өтеді, бұл жолда оның күмәндануы немесе қателесуі ықтимал, сөйтіп, ол талай сезім толқынына түседі. Демек, публицистің «лабораториясы» ғалым сияқты жабық бөлмеде емес, жұртпен қоян-қолтық араласу арқылы ашық жұргізіледі. Осы лабораториялық жұмысы үстінде публицист шындық құбылыстың қоғамдық-саяси мәнін байқайды.
Публицист
жазу әдістері мен тәсілдерін жетілдіре
түсіп, өз шығармасы арқылы оқырмандарға
идеялық ықпал жасаумен қатар
олардың сезіміне де әсерін тигізеді.
Оқырман эстетикалық тұшым
Міне, осы жерде публицистің шығарма жазу ерекшелігі мен жазушының шығарма жазу ерекшеліктерін аз ғана салыстырып көруге болады. Публицист өмір фактілері мен құбылыстарына, нақты көрсеткіштерге, мысалдарға, айтылған сөздерге сүйенеді. Мұның өзі іскерлікті, шапшаңдықты, ұшқырлықты талап етеді. Мұнда ой мен пікір анық та айқын, тұжырымды болуға тиіс. Публицист көбіне-көп белгілі фактіні хабарлауға, белгілі бір объектіде бола қалған құбылысты, оқиғаны лезде жазуға мәжбүр болады.
Мысалы, космонавтар келіп қонды. Міне, бұл оқиға туралы журналистер сол сағатта радио арқылы репортаж беріп, телевизия арқылы оны дәл минутында көрсетеді, баспасөз арқылы оқиғаның ізін суытпай-ақ бұқараға жариялайды. Немесе күнделікті өмірімізде бүкіл жер жұзінің, қоғам өмірінің назарын аударатын оқиғалар мен құбылыстар болып жатады. Журналист осы оқиғаларды ұшқырлықпен хабарлауға міндетті.
Бұқаралық
үгіт пен насихат құралдары –
Мысалы, М.Әуезов Абай эпопеясын жиырма жылдан астам мерзім ішінде жазды. Бұл шығармасында ұлы жазушы қазақ халқының жарты ғасырлық әлеуметтік өмірін жан-жақты қамтыды. Қоғамдық-әлеуметтік өмірдің ірі өкілі Абайдың тұлғасын жасады. Бүкіл бір халықтың мақтанышы мен абыройы болып көрінетін Абайдың әдеби-көркем образын мүсіндеп берді. Бұл шығарманы жазуға кірісерде де, оған кіріскенде де жазушы туған халқының өткен-кеткеніне, әр уақытта да көрегенділікпен көз жібере жүрді. Үнемі ойлану үстінде болды. Шындығына келгенде, публицистің ондай уақыты бола бермейді, ол заман үнін бес жолдық заметкадан бастап, жалынды да жарқын публицистикалық мақалаға дейін белгілі бір мерзімде жариялап отыруға тиіс.
Журналист
еңбегінің осындай
Публицистикалық шығармаларда фактілер, деректер сол қалпында пайдаланылса, көркем әдеби шығармаларда бұл жайлар шартты түрде пайдаланылады. Публицистикаға нақтылық тән болса, көркем әдебиетке шарттылық тән келеді.
Публицистикалық шығармалардың барлығы бірдей сюжетке (мазмұнға) құрыла бермейді және ондағы портреттер ойдан шығарылмайды.
Көркем
әдеби шығармалар (әңгіме, хикая, роман)
міндетті түрде сюжетке құрылады,
портреттер ойдан шығарылады. Типтендіру,
образ жасау, публицистиканың көркем
жанрларына ғана тән келеді. Оның өзінде
де очерк пен фельетон авторлары
өздерінің кейіпкерлерімен
Қорыта келгенде, журналист лабораториясының, оның еңбегінің ерекшелігі бүгінгі күннің міндеттерін белгілі бір мақсатпен орындай білуінде. Және күн тәртібіне қойылып отырылған әлеуметтік істер мен оқиғалардан іле-шала, сол минутында әсер ала отырып, нақты саяси программаны іске асыруға әсерлі үгіт жүргізу, сөйтіп, маркстік-лениндік идеологияны тиімді насихаттау болып саналады.
Қалың
бұқараға саяси басшылықты оперативті
жүргізе білу деген сөз –ол
партияның қаулы-қарарлары мен
мемлекет белгілеген шаралардың мән-маңызын
жан-жақты түсіндірумен ғана шектелмейді.
Керісінше, журналист еңбегінің
жемісі партия мен мемлекет қойып
отырған нақтылы саяси
Журналист еңбегінің осы ерекшеліктері публицистикалық жанрлардың сипатын да айқындай түседі. Өйткені жанрлардың сипаты өмір құбылысының сипатымен байланысты болуымен қатар, оған деген автордың көзқарасынан да байқалады. Автордың көзқарасы оның түние танымынан, таптық позициясынан көрінеді. Демек, публицистикалық жанрлардың пайда болуы, қалыптасуы журналист еңбегінің ерекшеліктеріне байланысты болумен қатар, қоғам дамуының тарихымен де байланысты.
Публицистика жанрыныңда пайда болу, қалыптасу, даму тарихы бар. Осы ұзақ жолда жанрлардың сипаты, өз ерекшеліктері пайда болып отырған. Дамудың осы барысында «жанрлар туады, өседі, өзгереді, жолығады, жаңадан пайда болады» [1]
Баспасөз
арқашанда идеялық-саяси
Бірақ
қандай жанрлардың да даму тарихын, қалыптасуын
алып қарағанда да оларды пайдаланудың
өзі баспасөз органының идеялық*саяси
позициясына байланысты. Мұның бәрін
де өмір тәжірибесі анықтап отрады.
Газет бетінде жарияланған
Информация о работе Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны