Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2015 в 17:48, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлар рухани қажеттіліктің өзектілігі жастардың қарым-қатынас жасау мәдениетін игеруін алға қойып отыр. Студент жастардың болашағы, білімі, мәдениеті кәсіби білім беру жүйесіндегі іс әрекеттерге тікелей байланысты. Сондықтан жоғарғы оқу орны болашақ мамандарды мәдениетті, жан-жақты етіп жетілдіруге міндетті. Қазіргі кезде бұл мәселе әлемдік деңгейде қаралуда.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1 ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ МӘДЕНИЕТ ТҰРҒЫСЫ
1.1 Қарым-қатынастың психологиялық сипаттамасы
1.2 Студенттердің қарым-қатынасының этно-мәдени негіздері
1.3 Педагогикалық қарым-қатынастың сипаттамасы

2 ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҰСТАНУЫ ЖӘНЕ ИГЕРУІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ.
2.1 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы
2.2 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу нәтижелері
2.3 Ұсыныстар

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ.doc

— 644.50 Кб (Скачать файл)

Атрибуция – топаралық тип механизмі. Ақпараттық жетіспеушілігі, мінез-құлық себептерін түсінбеушілік топаралық өзара әсерде пайда болады. Анықталмаушылықты шешіп, өз орнына қою атрибуция механизмінің жұмысы. Ақпараттың 3 түрі бар.

  1. Мінез-құлқын түсіндіретін адам туралы ақпарат
  2. Жалпы контекст, жағдай, ситуация туралы ақпарат.
  3. Біздің әлем туралы, әлеуметті жанасулар, әлеуметтік мінез-құлық туралы біліміміз.

Әрбір нақты жағдайда ақпараттың үш кезі әртүрлі.

Бір жағдайда адамды біз жақсы білеміз.

Екінші ақпараттан ол адам туралы ештеңе ала алмаймыз. Бірінші жағдайда түсіндіру себептері анық және ұғынықты болады. Ал екінші жағдайда сенімсіз ақпараттар көп болады. Осылай басқа адамдық мінез-құлқын түсіндіру қиыншылық тудырмайды. Басқаның мінез құлқын түсіндіру үшін біз өзіміздің фантазиямызды қолданамыз. 7 (16б)

Атрибуция механизмінің функциясы – анықсыздықтан арылу, өткен тәжірибеге жаңа мазмұн қою.

Децентрация - өз тәжірибесіндегі салмақты тастаудағы психологиялық қабілет. Өзінің «Менімен» кетіп, басқа біреудің «Меніне» жақындау.

Децентрация – мен атрибуция механизімнің қатынасы бір-біріне қарама-қарсы.

Атрибуция механизмі – басқаны өз «Меніне» тарту.

Децентрация – өз эгоцентрикалық позициясына қарсы болып, басқаға жақындау.

Децентрация механизмінде бұзылыстар болса, эгоцентриктер деп атайды. Эго – латын тілінде «Мен» деген сөз.

Рефлексия механизмі – басқа адамды ақыл-ой негізінде түсіну. Ойсыз, сөзсіз сезімге, эмоцияға ғана бағдарланып түсіну эмпатия деп аталады.

Эмпатия – басқа адамды оның ішкі әлеміне иіру арқылы түсіну.

Төмен эмпатиялы адам – қатал, сезімсіз адам. Эмпатия механизм жұмыс істемейтін адам басқа адамның сезіміне жауап беріп, біреудің қайғысына ортақтаспайды, қуанышына бірге қуана алмайды.

Эмпатия механизмі дұрыс істейтін адамда қосымша көру мен есту органдары жұмыс істейтін тәрізді.

Тұлғалық идентификация механизмі – децентрация механизмінің нәтижесі. Идентификация жемісті болуы үшін эмпатия мен рефлексия керек. Идентификация механизмі өте ерте жұмыс істейді.

З. Фрейдтің айтуынша ұл баланың әкесімен, қыз баланың шешесімен идентификациясы психосексуалды дамуда маңызды сәті. Фрейдің теориясына сәйкес әкесімен идентификация басында қайшы келеді, әкесін жақсы көреді, соған ұқсауға ұмтылады, бірақ бақталасады, оның орнына өзін қойып, ауыстырғысы келеді. Мұны Фрейд Эдип комплексы деп атады.

Тұлғалық идентификация адамның психикалық дамуының барлық кезеңдерінде маңызды. 7 (24б)

 

 

Мәдениет дегеніміз не? – деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік.

  Қазақ тіліне бұл термин арабтың «Маданият» қала, қалалық деген сөзінен енген.

Қазіргі заманғы сөздіктергі мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген.

а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы.

ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері

б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір санасының жетілу деңгейі

в) агромәдениет 1 (6б)

Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам барда мәдениет бар. Адам о баста өз-өзімен ғана шектеле алмайды, қашанда өзінің нақты болмысынан тысқарыға ұмтылады. Бұл тәсілдемелік қағида мәдениет құбылысының мәнін ашуға көмектеседі. Ал мәдениеттің мәні оның болмыстық сұқбаттылығында, әмбебаптылығында. Басқа үшін болу адамның да мәдениеттің де мағынасының анықтамасы. Жалпы болу дегеніміз – қарым-қатынаста болу деген сөз.  Адамның болмысы – қарым-қатынас тұңғиығы. «Мәдениет» жеке адам ретінде тұлғаландырылғанда, ал мәдениеттер қарым-қатынасы жеке тұлғалар қарым-қатынасы ретінде қарастырылғанда ғана мәдениет шынайы мәдениет болып есептеледі. (Библер В. Культура. Диалог культуры// Вопросы философии 1989-№6 – с38.) Бұл жағдайда мәдениеттер сұғбаттық тікелей «Мен» және «Басқа» диалогы негізінде қарастыруымызға болады.               

Диалог үшін ең бастысы – басқаның өзіндік санасын модельдеу, құру. Өйткені диалог үшін біртұтас көзқарас қажет. Ал біртұтас көзқарас дегеніміз сырт адамның көзқарасы, немесе  И. Бахтин терминологиясын қолданатын болсақ, «тысқарлық» көзқарасы. Бахтиндік қарым-қатынастың антропологиялық теориясында «Мен» 3 кезеңнен өтеді.

  1. Басқаға ену
  2. Өзіне қайта оралу
  3. Тәмәмдау  1 (47б)

Мұндай мүмкіншіліктер «маған» менің негізгі қасиетім – «сыртқарылық» көзқарасым және одан туындайтын «артық көру мүмкіншілігіме» байланысты беріледі. «Басқаға ену» түгел дерлік «Басқаның» әлеміне ену, соның демімен тыныстау деген сөз. Бірақ «Мен» ешқашан өзімнің орныма қайтып оралуды ұмытпаймын, онсыз ешбір басқаны тану мүмкін емес. Басқа санаға енгеннен кейінгі баспалдақ – «өзіне қайта оралу» - онсыз. Басқаның санасына ену нәтижесіз, жеміссіз. Онсыз басқа сана саған сырын ашпайды, басқа жанардан ешнәрсе көре алмайсыз. Осылайша «біреу үшін менге» айналғанда өзімнің «менім» «өзім- үшін - менге» айналып, басқаның мен – үшін – басқасын»  өзімен қоса ала келуі керек. Диалог, сұхбаттылық механизмдері адам ойлауының терең түкпірлерінде, болмыс пен тіршіліктің негізінде орналасқан.  Адам үшін болу және тіршілік ету дегеніміз басқамен және басқа үшін болу дегенді білдірсе керек. Ақыл ойдың сұхбаттың ішкі құрылымы адам болмысының мәнін басқалармен бірге болуда деп, ал адам тіршілігінің мәнін басқалармен бірлесе тіршілік етуде деп танытады.

Сонымен өмірдің болмыстық сипаттамасы оның сұхбаттылығында болса, сол сұхбаттылық тек «Мен» және «Басқаны» ажырата білгенде және тек солар арасында құндылықтың қарым-қатынас мүмкін деп түсінгенде жүзеге асады.

Адам саласы оның әлеуметтік болмысының жеміс ретінде адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасауының нәтижесінде қалыптасты.

Адамдық қарым-қатынас оны басқа қоршаған табиғи ортадан бөліп-жарты өзгешелік алады. Тіпті физиологиялық тұрғыдан осы мәселеге көз тастайтын болсақ, онда сананың сұхбаттық табиғатта куә боламыз.

Адам миының жемісі болып табылатын сана – мидың қос жартышарларының диалогының нәтижесі. Ал мидың қос жартышарларының ақпарат қабылдаудың, сараптаудың қос тәсілінен қос әдісінен тұратыны белгілі. Яғни біртұтас мидың өзінің саналы тудыруы үшін екі қарама қарсы бөлікке бөлінуі қажет болған сол өзгешілікке негізделген қос бөліктің қарым-қатынасынан туындайтын сананың өзі де о бастан («іштей туа») сұхбатты.  Сұхбат адамдардың бір-бірімен пікір алысуымен шектелмейді, ол дегеніміз – адамдардың қатынасы. Тіпті бір ауыз сөз айтылмаса да сұхбаттың болу мүмкіншілігі бар, өйткені сұхбат – ішкі көрер-көрінбес әрекеттің бір-біріне бағынышталғандығы.

Адамдар қарым-қатынастың әмбебап құралы ретінде белгі түгелдей дерлік қоғаммен, әлеуметпен қатынасты әлеуметтік болмыс. Ол қашанда адамдар сұхбатына, адамдар қарым-қатынасына бағытталған. Жалпы ұғыну мәселесіне  XX ғасырда Ф. Шлейермахер, В. Дильтей, М. Хайдаггер, Х.Г. Гадамер көп көңіл бөліп, біраз тер төкті. 1 (53б) Мәдениет және оның өзіндік ерекшеліктері әрқашан философиялық ізденістер мен зерттеулердің негізгі жәйт болып келеді. Сондықтан мәдени даму барысын онда қалыптасқан ойлау тәсілі, дүниетаным түрі арқылы түсіндіруге тырысқан көптеген философиялық үндістерді байқауға болады. Мысалы, мәдениетті рәміздік ойлау түрі арқылы анықтаған. Э. Кассирердің, мәдениетті психофизиологияны негізде қарастырған З. Фрейдтің және т.б. концепциялары соның куәсі XX ғасырдың ойшыл дарынның арасында мәдениетті тілмен теңдестіре қарау әдісі кең етек жайып, олардың барлығы дерлік «тілді адам тіршілігінің негізгі, маңызды анықтауышы деп бірауыздан қолдап отыр» (Б. Нуржанов Мир   как игра. Игра языка в концепции Деррида Exlibris // Алматы 1996 – 36б.) Бүгінде тіл негізгі коммуникативтік құрал ғана емес адамның бүкіл болмысын, адамның мәдениетін аңғаратын әмбебап ұғым. Фрейдизм, феномология экзистенциализм, аналитикалық философия, герменевтика, структурализм, семиология т.с.с. бір ауыздан мәдениетті тілдік қарым-қатынас саласы ретінде анықтайды. 1 (60б)

 

 

Адам қарым-қатынасының биологиялық концепциясы. Ерте заманнан біздің кезімізге дейін адамның табиғатпен бүтіндей бірлікте екенін атап көрсетіп, адам өзінің негізін табиғаттан алатындығын зерттеуде.

Осы көзқарасты қайта өрлеу дәуірінің ойшылы Николай Кузанский дамытты. 6 (10б) «Охота за мудростью» деген трактатында махаббат туралы былай жазады: «Махаббат бірлік пен тұрмыстың байланысы, бастауын табиғаттан алады. Ол өз байланыстарымен таныспайды, қосылуды аңсайды, әлемнің барлық бөліктері оның рухымен сақталады. Бұл рух жан мен тәнді байланыстырады. Жан ұшып кеткенде, дененің жандануы тоқтайды».

Адам қарым-қатынасты биологиялы концепциялары XX ғасырда факторлар мен эксперименттер арқылы байытылды.

Жаңа ғылымдар – этология, жануарлардың мінез-құлқы туралы ғылым, экология табиғат құрылымдарының келісім заңдылықтары туралы, генетика – тұқым қуалаушылықтар заңдылығы туралы, «дәстүрлі ғылымдар» биология, физиология, медицинамен тең тұр.

Этология анализ арқылы жануарлардың мінез құлқы мен қарым-қатынасын табиғатқа негізделетінін түсінуге көмектеседі. Бұл жағдайда этологияның негізін салушы Р. Хайнның «Поведение животных» еңбегін оқуға болады. Этологияны оқу жануарларды жақсы түсінуге олармен қарым-қатынас жасауда адам өз мінез-құлқына коррекция жасай салатындығын көрсетеді.  

Физиология – жыныстар арасындағы қарым-қатынасты қарастырады.

Экология – қоршаған ортаның ластануын, адам төнетін қауіп қатер адамдардың бірігуін талап етеді. Осының бәрі адам қарым-қатынасының жаңа формаларын қалыптастырады.

Қарым-қатынастың биоәлеуметтік концепциялары әлемдегі ғылыми әдебиеттерде кең тарады. Бұл тақырыпқа қызығушылық XIX ғ. аяғында Л. Морган, Г. Спенсер, М. Вебердің еңбектерінен кейін пайда болды. А. Печчейдің «Человеческое качество» кітабының әлемдік қоғамға адамгершілік әсері бар. П. Куссидің көзқарасында кейбір фрагменттері: оның трактовкасы бойынша өмірдің барлық формалары 4 функциядан тұрады.

6 (12б)

  1. Энергияны алу (тамақтану)
  2. Өзін-өзі қорғау
  3. Информациялық даму
  4. Өзі сияқтыларды басып озу

П. Кусси энергиялық есептеулерін сенімді түрде ұсынады. Ол негізді түрде қарым-қатынастық мәдени формасы биік болса, адамның биологиялық табиғатына ешқандай кедергі болмайды деп тұжырымдайды.

Жер 2050 жылдарда 8 млд. адамды асырай алады. Бірақ бұл үшін деп атап көрсетеді Г. Кусси, «Біз мінез-құлқымызды адамгершілік құндылықтарына бағыттауымыз керек». Қысқаша айтқанда адамдарды жаппай құруды, соғысты ұйымдастыруды тоқтату керек. Адамдардың ұрпақтары жалғасуы үшін қарым-қатынас информация көзі болу керек. Жазуға дейінгі кезеңде  ата-ана, ата, әже информация жеткізуші болып табылады. Олардың жиғандары жаңа ұрпаққа берілген құндылықтар деп есептелінеді.

Информациялардың берілуі мінез-құлық мәдениет стратегияларын қалыптастырады.

Адам қарым-қатынасының маңызын, құрылымын, типологиясын қарым-қатынастың әлеуметтік концепциясы қарастырады. 6 (13б)

Ерте заманнан бұл концепцияға талдау жүргізіле бастады. Адам өзінің саны жағынан үлкен күш болғанымен қатар, табиғатқа әсер етіп, екінші табиғатты – мәдениетті қалыптастырды. Ол адамның өмір тәжірибесінің жемісі ғана емес, оның өзгеруінің факторы.

Итальян ғалымы және саяхатшысы Яцек Палькевич «Выживание в городе» деген кітабында «Тропикалық джунглиде өмір сүргеннен қалада өмір сүріп қарым-қатынаста болу әлдеқайда қауіптірек». XX ғасыр жетістігі адам қарым-қатынасына көп өзгерістер енгізеді.

Бұл жерде ұлтаралық, өндірістік, семья қарым-қатынас туындайды. Оның өзі адам өмір сүруінің факторы болады. Қазіргі күнде адам қарым-қатынасына әлеуметтік психология көңіл бөлуде. Әлеуметтік психология адам қарым-қатынасының индивидтің әлеуметтенуіне фундаменталды маңызы бар екендігін көрсетті.

Бұл жерде Л. Выготскийдің  еңбектеріне сүйенеміз: Л. Выготский өз еңбегінде «жоғары функциялардың олардың қатынасының артында шынайы адамдар қарым-қатынасы, әлеуметтік қарым-қатынас тұрады» - дейді.

Адам қарым-қатынасы – тек қана биологиялық, әлеуметтік биологиялық, әлеуметтік құбылыс емес. Адам қарым-қатынасында адам дамуының тарихи тәжірибесі, оның биологиялық қалыптасуындағы терең көздері, социумның қозғалыстары, әлеуметтік байланыстардың алуан түрлілігі синтезделген. Қарым-қатынастың саналық белгілеріне  қарап, шынайы қарым-қатынас және иллюзорлық қарым-қатынас деп бөледі.

Шынайы қарым-қатынас адамның адаммен қарым-қатынаста негізделеді. Бұл қарым-қатынасқа біздің күнделікті өміріміз жатады. Мұндай қарым-қатынас жоқ болса өмірде жоқ. Бұған жанұядағы, ұжымдағы, константтық қарым-қатынасы жатады.

Иллюзорлық қарым-қатынас – адамның өткен, қазіргі өркениетпен өзара қарым-қатынасы. 6 (33б) «Иллиаданы», «Тристан мен Изольда туралы аңызды» оқыған кезде біз қиялымызда сол заманды елестетеміз, қарым-қатынас эмоционалды жағдайын басымыздан кешіреміз.

Иллюзорлық қарым-қатынас - өткенмен байланыс ғана емес, тұрмыстан шынайы көрінісі қарым-қатынас белсенді және енжар болып бөлінеді. Бұларды аэропорттық және аудиторлық деп те айтуға болады. Аэропортта сіз басқа адамдармен күрделі байланысқа түсесіз. Жолаушылармен, стюардессамен қарым-қатынасқа түсіп, жерге самолет қонған соң оларды ұмытып кетесіз. Бұл қарым-қатынас тез ұмытылады. Аудиторлық қарым-қатынас бір адамның бір адамға белсенді әсері, оған өзі білімін, өз тәжірибесін беру. Бұл қарым-қатынас адам өміріне терең із қалдырады.

Информация о работе Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы