Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2015 в 17:48, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлар рухани қажеттіліктің өзектілігі жастардың қарым-қатынас жасау мәдениетін игеруін алға қойып отыр. Студент жастардың болашағы, білімі, мәдениеті кәсіби білім беру жүйесіндегі іс әрекеттерге тікелей байланысты. Сондықтан жоғарғы оқу орны болашақ мамандарды мәдениетті, жан-жақты етіп жетілдіруге міндетті. Қазіргі кезде бұл мәселе әлемдік деңгейде қаралуда.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1 ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ МӘДЕНИЕТ ТҰРҒЫСЫ
1.1 Қарым-қатынастың психологиялық сипаттамасы
1.2 Студенттердің қарым-қатынасының этно-мәдени негіздері
1.3 Педагогикалық қарым-қатынастың сипаттамасы

2 ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҰСТАНУЫ ЖӘНЕ ИГЕРУІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ.
2.1 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы
2.2 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу нәтижелері
2.3 Ұсыныстар

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ.doc

— 644.50 Кб (Скачать файл)

Аэропорттың қарым-қатынаста да сіздің бүкіл өміріңізге із қалдыратын әсерлер болуы мүмкін. Аудиторлық қарым-қатынас та нәтижесіз болуы мүмкін.

Әлеуметтік концепцияны дамытатын әлеуметтік еңбектердің ядросы тарихи материализм теориясы. Карл Маркстың индивидттің дамуының заңдылықтары әлеуметтік ортаға байланысты деген жаңалығы күнделікті өмірімізде дәлелденіп отыр.

Адам туралы және адам қарым-қатынас ғылымдардың жемісі әлеуметтік психология мен әлеуметтік педагогикадан да көрінеді. Әлеуметтік психология адамдар қарым-қатынасының индивидтің әлеуметтенуінің фундаменталды маңызын көрсетті. Бұл жерде Л. Выготскийдің еңбектеріне сүйенсек «Жоғарғы функциялардан кейін, олардың генетикалық қатынасынан кейін әлеуметтік қарым-қатынас адамдардың шынайы қарым-қатынасы тұрады дейді».

Қарым-қатынастың ғылыми концепциясы – оқыту процесі кезінде бізге осы мәдениет жетпейтінін В.И. Вернадский ашып көрсетті: «Ғылым тарихын және оның өткенін келер ұрпақ сын көзімен қарамау керек, білім қоры өзгереді жаңа құжаттар пайда болады.

Өткенді қайтадан қалыптастыру үшін жаңа әдістер табылады. Жоқ! Ғылым тарихын қайта қайта зерттеу, қайтадан өткенге оралу, қазіргі білімнің дамуына қарай өткендердің біреуі маңызды болады да біреулері маңызын жоғалтады. Әрбір ұрпақтың ғылыми зерттеулері ғылым тарихында өз заманының ағыстарының бейнесін табады. Ғылым алға қарай жылжи отыра жаңаны табады және өткенді бағалайды». 6 (35б)

 

Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажеттілігін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімді болуына, кішкентайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр.

Сөйтіп басқалармен қарым-қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды, өзгелермен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз.

Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс жағдайларына маншықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді.

Әрине,  қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең және бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсек те, лекция тындасақ та, дос жараңдармен сөйлесек те – осының бәрі – қарым-қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тыныс-тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не болмаса жанама (хат жүзінде, радио, теледидар арқылы) не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі.

Осындай қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адам және топтық ұйымдардың тіршілігінен байқалады.

Қарым-қатынас дегеніміз – тіл арқылы пікір алысу. Лингвистер тілді қарым-қатынас құралы, қоғам жасаған білімдерді таратушы ретінде ертеден зерттеп келеді. Кибернетика мен информатика теориясы жасалғаннан бері ойды машиналық өңдеуге лайықтап, символдармен белгілеу міндеті туады. Осылайша машина тілі пайда болды. Оның көмегімен адам электрондық-есептеу машинасының қызметін басқарады, оны информациямен қамтамасыз етеді. Жануарлар арасындағы сигнал алмасу да тереңірек зерттеліне бастады. Түрлі жансыз және жанды жүйелер арасында информация араласу жайлы да едәуір білім жинақталды. Адамның қарым-қатынасы информация алмасудың жеке дара жағдайына айналды. Осы ұқсас құбылыстарды талдап қорыту қажеті туды. Олардың бәрін де коммуникацияның жеке-дара жағдайы деп қарауға болады.

Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық, әлеуметтік және психологиялық негізі, ең алдымен, адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты.

С. Елеусізова бойынша қарым-қатынас – орнатудың екі бөлшектен тұратын ажыратып көрсеткен еді. Оның ьірі – адамның ішкі дүниесінің қатысты қасиеттері, ойлауы мен саналы әрекеті. Ал, келесі бөлшегі – адамның жүріс-тұрысы мен өзгелермен тілдесіп, бірлесіп әрекет істейтін қатынас сипаттарын білдіреді.

Сонымен қарым-қатынас – ғылым әрі өнер болып табылады. Бұл шығармашылық үрдісі.

Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу - әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асып тіршілік мұқтаждығы.

В.В Богословский бойынша, қарым-қатынас дегеніміз – бұл тіл арқылы пікір алысу.

М.И. Лисина пікірінше, қарым-қатынас – бұл екі немесе одан да көп адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін атап көрсетті.

Сонымен қарым-қатынас – бұл белгілі мәні бар, айтылатын ой-пікірді, сезім күйді, эмоцияны басқа адамға беру тәсілі болып табылады.

Қарым-қатынас нәтижесінде адам басқаларға ғана емес, сондай-ақ өзін де танып біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірибесін жинақтайды.

Адамдармен қарым-қатынас жасау жеке адамды интеллектуалдық және эмоция жағынан байыта түседі және қарым-қатынас үрдісінде адамдар бір-біріне ықпалына тигізеді.

Қарым-қатынас түрлері және оның атқаратын функциясы

Қарым-қатынасқа түсушілердің әсерлесуі сөйлеу барысында сөз ғана емес әрекет, қылық алмасу жүреді. Сонымен қарым-қатынас адамдардың санасына қатысты диалогтық және монологтық деп екіге бөлінеді. 10(20б.)

Диалогтық – екі немесе бірнеше адамның әңгімелесуі.

Монологтық – дара адамның сөйлесуі. Мұнда айтылуға тиісті ой пікір толық сипатталып, ұзағынан айтылады. Сондай-ақ қарым-қатынас үш жаққа бөлінеді:

1. Коммуникативті

2. Интерактивті

3. Перцептивті

Коммуникативті қарым-қатынас мәлімет беру мен алмасу мәселесімен анықталады.

Интерактивті қарым-қатынас жасаушы жұптасушылардың өзара әрекеттесуінде болады, яғни өзара әсерлесу, адамдардың бірлескен іс-әрекетінде әсерлерін көрсететін қарым-қатынас компоненттері. Оның жеке тұлғалық жағынан анықталуы:

1. Мақсатына

2. Түрткі

3. Қажеттіліктеріне

Перцептивті қарым-қатынас адамдардың бірін-бірі қабылдауы, өзара түсінушіліктері. Басқа адамдар жайлы ой, елестер, өзіндік сана-сезім деңгейіне байланысты.

Ғылым былай жіктеп бөлудің шарты ғана екендігін қарым-қатынас үрдісінде үш жағы да көрінетінін дәлелдеді.

Қарым-қатынас белгілі бір формасына қарай ауызша, жазбаша, іштей, сырттай деп бөлінеді.

Ауызша – сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан, оның қалған түрлері де осының төңірегінде құрылады.

Жазбаша – бұл монологтық сөйлеудің бір түрі деуге болады. Бұл ауызшадан қарағанда ой-пікірді кеңінен жүйелі, ерікті түрде жеткізеді.

Іштей – бұл адамның практикалық іс-әрекеті мен теориялық пікірі жоспарланып, белгілі жүйеге салынуы.

Сырттай – дауыстап, естіртіп сөйлеу болып табылады.

Қарым-қатынасты қолданатын құралдар бойынша вербалды және вербалды емес деп бөледі. Ал, қажеттілігіне байланысты биологиялық, әлеуметтік; қарым-қатынастың мақсатына қарай – бағдарлы, іскерлік, бәсеке басты, құралдық қарым-қатынастың мазмұнына байланысты – материалдық, когнетивтік, кондициондық, мотивациялық іс-әрекеттік деп бөлінеді.

Кондициондық – адамның психологиялық жағдайының физиологиялық жағдайына өзгеруі.

Когнетивтік – адамдар арасындағы білім арқылы қарым-қатынас жасау.

Мотивациялық – адамдардың ниеттерін ояту.

Сонымен қарым-қатынас түрлері мен формалары әр түрлі болып келеді.

Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша немесе құралдар арқылы толық емес қарым-қатынас.

Адамзат тәжірибесін игеруге жазудың, кітаптың және басқа да әр түрлі техникалық құралдардың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың түрін күрделендіреді. Қарым-қатынас әрі қарай жеке адам аралық және көпшіліктік қарым-қатынас деп бөлінеді.

Жеке адам аралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда, жеке дара ерекшелігін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негізінде қалыптасатын түрі.

Көпшілік қарым-қатынас – көпше түрінде таныс емес адамдардың және көпшілік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау. Мұндай түріне: өнер, эстетикалық қарым-қатынас жатады.

Қарым-қатынастық топтар арасында қарастырсақ, ондай топтар біркелкі емес, олар неше түрлі себепке негізделіп жіктелуі мүмкін: қалыптаса бастаған өзара қатынастардың ықтиярлығы мен тереңдігіне, құралу принципі мен жолдарына, жеке адамның топтық нормаларына, көзқарасына негізделеді. Қалыптаса бастаған өзара қатынастар ырықтылығы мен тереңдігіне байланысты шағын топтар айқындалады.

Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір-бірімен тікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп атайды. Мысалы, жанұя, мектеп сыныбы, өндірістік бригада т.б. бірлестіктер. Бұл топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды. Әркім топтағы кез келген адаммен өз қалауы бойынша және қажетінше қатынас жасайды. Ал, іс жүзінде топ мүшелері топтың бір мүшесіне қарағанда, екіншісін жақын тұтады. Біреулер өзара жиі қатынасып, олардың қарым-қатынасы жақындықпен сипатталынады (көңіл қалауымен немесе іс бабымен).

 

 

Адамдардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғыш рөлін атқарады. Бұл функцияны шартты түрде прагматикалық функция деп атайды.

1. Қалыптастырғыш функция.

  Бұл функция адамның психологиялық бәйгесін қалыптастырып, өзгертудің қалыпты шарты. Эльконини пікірінше, даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық процесінде және баланың дербестік іс-әрекетіне айналады. Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны біреудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баға мен өзгерудің күрделі үрдісі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткіщіп, өңдеп пайдаланады.

2. «Бекітемін» немесе  «қолдаушы» функциясы.

Басқаша айтқанда басқа адамдармен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып, біліп, өзіне-өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқалардың әсері тиеді. Адам өміріндегі әр түрлі дәстүрлер амандасу, түрліше көңіл аудару рәсімдері.

  1. Жеке адам аралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау.

Басқа адамдарға деген эмоционалдық көзқарастар (сүйкімді, сүйкімсіз, ұнайды немесе ұнамайды т.б.) термин сөздер белгіленеді. Бұл жағдайда адамның өз-өзімен қарым-қатынас жасауын (ішкі және сыртқы сөйлеу арқылы) диалог типі ретінде адамның ойлауының әдісі ретінде қарастырылады.

Сонымен қарым-қатынастың осындай әлеуметтік психологияда баса назар аударылатыны жеке адам аралық тікелей қарым-қатынас түрлері терең зерттелгені болып табылады.

 

б) Қарым-қатынас – коммуникацияның жеке дара жағдайы.

Коммуникацияның түрлі формаларын зерттеу, адамның қарым-қатынасы жайлы біліміміхді кеңейтті. Сөйлеу құралымен қатар адам қарым-қатынасының сөзден тыс жолдары: ым-ишара, келбет, мимика, серіктестердің бір-біріне қатыс жағдай, байнелеуі кең зерттеліне бастады.

Соңғы кездерде психологиялық зерттеулерде қарым-қатынас жасаушылардың аралығындағы қашықтықтың, партнерлердің отырысының коммуникативтік мәніне көңіл аударылуда. Американдық психологтар бұл бағыттағы зерттеулерге проксемика деп ат қойылды. Мұнда төрт түрлі арақатынасы бар: көңілдестік, жеке бастық, әлеуметтік, көпшілдік. Алғашқы екі арақатынас жақын, достық байланысты аңғартады. Ресми байланыстағы адамдар әлеуметтік қатынасты ұстанады, көпшілдік арақатынас бөтен адамдармен араласу.

Адамдар арасындағы коммуникативті үрдістер техникалық қондырғылар арасындағы алмасудан өзгеше болады. Оның мазмұны мен формасы бойынша өзіне тән ерекше маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі кері байланыс үрдісі коммуникативті барьер, коммуникативті әсер және мәлімет беру (вербалды сөз түріндегі және вербалды емес жүзінде) сияқты үрдістермен байланысты.

Кері байланыс – ең алдымен мәлімет бір жақты болмайды., екі жақты пікір алмасу ретінде өтеді. Мәлімет беруші – коммуникатор, мәліметті қабылдап алушы – рецепиент. Сондықтан негізгі мәліметті беруден екінші адамға беру ғана емес, қарым-қатынас барысында қарым-қатынас ортақ пікір мәнге келу маңызды.

Жанама кері байланыс – психологиялық мәліметті берудің астырттық түрі. Бұл жағдайда әр түрлі сұрақтар, кекету, қандай да бір күтпеген эмоциялар болуы мүмкін. Кері байланыс – бұл коммуникатордың әрекетіне деген көрсететін реакция. Коммуникация үрдісінде тек мәлімет алмасу ғана емес, оны басқалардың, таратушылардың бірдей түсінуі қажет. Яғни, талдау мәліметі туындайды.

Ең алдымен, мәлімет формасы мен маңызы коммуникатордың жеке даралық ерекшелігі рецепиент туралы көзқарасы, ол туралы өз пікірі және қарым-қатынас үрдісіндегі жағдайларға байланысты.

Екіншіден: оның жіберілген мәліметті рецепиенттің өзгерісіне қатысты түседі. Ең маңыздысы – бұл коммуникативті барьердің болуы (түсініспеушілікке әкелетін тосқауыл) және ол коммуникативті үрдістің екінші ерекшелігі. Түсініспеушілік барьері әлеуметтік мәдени барьер және қарым-қатынас барьері болуы мүмкін.

1. Түсініспеушілік барьер: фонетикалық барьер, диалектикалық сөздер, сөйлеу дефектілері.

Информация о работе Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы