Қазақстанның Ресей құрамына енуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 23:26, курсовая работа

Описание работы

Жоғарыда көрсетілген мəселелерге талдау жасауда жергілікті материалдардың қолданылуына баса назар аударылған. Мысалы, патша үкіметінің жер саясатына баға беруде, оның Шығыс Қазақстанды мекендеген қазақтарға əсеріне сипаттама берілген. Осы қазақтардың ата мекендерінен қуылып, Қытай, Монғолия жəне Алтай өлкесіне қоныс аударуға мəжбүр болуы жаңа деректік негізде қарастырылған. Оқу құралының соңында берілген қосымша материалдар студенттің өзіндік
жұмысын ұйымдатыруына көмекші құрал болады деп сенеміз.

Содержание работы

Кіріспе
1-тарау. Қазақстанның Ресей құрамына енуі
1.1 ХVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси жəне
халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары
1.2 Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.Əбілқайыр хан
1.3 XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің отаршылдық саясаты.
Абылай хан
1.4 Қазақстанның Ресей құрамына енуінің аяқталуы
2-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі халық-азаттық күресі
2.1 Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
2.2 Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісі
2.3 Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалысы
3-тарау . Қазақстан Ресей империясы құрамында.
.1 ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар
3.2 ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақ қоғамындағы əлеуметтік-
экономикалық өзгерістер
3.3 ХIХ ғасырдың соңғы ширегіндегі патша үкіметінің Қазақстандағы
отарлық саясаты
4-тарау. ХVIII –ХIХ ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті
4.1 Халық ауыз əдебиеті
4
4.2 Музыка өнері
4.3 Қазақтың демократ ағартушылары
4.4 Халық ағарту ісі
Қосымша
Қолданылған əдебиеттер

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 166.43 Кб (Скачать файл)

Əскербасы Əбілқайыр  халық жасақтарында қыруар істер  атқарды, соғысу қабілетін жоғары

деңгейге көтерді  жəне қарулы күштерде адамгершілік рух  пен патриотизмді марапаттап отырды.

1728 жылы қазақ  əскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері

мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының  ұлы басқаратын

экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық  көкейінде жеңіске қол жеткізуге

болады деген  сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы  халық жұмыла көтерілді.

Алайда бұл жеңістен кейін де жау əлі күшті күйінде  қалды. Жағдайға қанық Əбілқайыр  жаңа

шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік-шығысындағы  Итішпес елді

мекенінде Əбілқайыр  бастаған қазақ əскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз

жылдық соғыста  қазақ халқы өзгерісті кезеңге  аяқ басты, жеңіске бір табан  жақындағандай

болды.

Алайда дəл осы  кезде Болат хан қайтыс болады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау

төңірегінде сауал  туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға  байланысты, Болат ханның жас ұлы

Əбілмəбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Əбілқайыр  хан құптамай, бас сардар

атағынан бас  тартып, өз əскерімен Кіші жүзге  келеді. Осыдан соң, біріктірілген қазақ  халқының

жасақтары ыдырай бастайды.

Күллі қазақтың əскері ыдыраған соң, əр жүз жаудан жеке өзі  қорғана бастады. Бұл кезеңде  Кіші

жүз тұрғындары өте  ауыр əскери жағдайға тап болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың

қыспағында қалды. Тығырыққа тірелген Əбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мəжбүр болады.

Ресейдің қоластына  өтіп, жан сақтап қалу үшін Əбілқайыр 1730 жылдың күзінде елші жібереді.

1731 жылдың ақпанында  Кіші жүз қазақтарын Ресей  үкіметі өз қарауына алуға  келісім береді.

Əбілқайыр 1748 жылы 1 тамызда өзінің ата жауы барақ  сұлтанның қолынан қаза тапты.

Əбілқайырдың жүргізген  саясаты қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы жолында маңызды

рөл атқарды жəне мəмілеге келе алмаған сəттері де болды. Дегенмен, біз ерекше атап өтуге

тұрарлық қиын-қыстау кезеңдерді айтып отырмыз.

РАЙЫМБЕК  БАТЫР

(1705 ж.  –белгісіз)

Қазақтың батыры. Əкесі Ханкелді батыр 1733 жылы Ұлы  жүздің беделді азаматтары Қодар  би,

Төле би, Сатай  батыр, Бөлек батырларға қосылып, Ресей  патшасы Анна Иоановнаға Ұлы жүзді

Ресейдің (1730-1740) қоластына  алу туралы ұсыныспен елші жіберген. Райымбек батыр 17

87

жасында жоңғар əскерлеріне  қарсы күресте ерен ерлік пен  батырлықтың озық үлгісін көрсетіп,

батыр атанған.

Торайғыр жəне Сөгеті жоталары аралығында Ойрантөбе жазығы бар. Мұнда қазақтар мен

жоңғарлардың сұрапыл  шайқасы болып өткен. Айырлы асуына таяу Торайғыр тауында

Райымбек бастуы бар.

Райымбекпен бірге  жоңғарларға қарсы күрестің бел  ортасында Сатай, Қойкелді, Малай,

Байсейіт сынды  батырлар жүрді.

Райымбек батырдың есімі албан руының ұраны мен  символына айналды. Оның мазары Алматы

қаласында орналасқан.

СЫРЫМ БАТЫР  ДАТҰЛЫ

(1712 -1802 жж.)

XVIII ғасырдың екінші  жартысындағы отарлық езгіге  қарсы ұлт-азаттық күрестің

ұйымдатырушысы  əрі көсемі. Сырым дүниеден озған  кезде оның асына 2000 жылқы, 2500 қой

сойылып, 5000 күбі қымыз  ішілген жəне бірнеше жүз ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Бұл, бір

жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді.

Сырым 2000 шаңырақты  басқарды. Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта

білген жəне отарлық  бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің отарлау саясатын

жүзеге асырған  казактарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің

себебі – патша  саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы

болды. Халық көтерілісін  сырым батырмен бірге Барақ, Тіленші, Оразбай, Жантөре сұлтан

сынды елдің беделді  азаматтары басқарды. Кіші жүздің байбақты, табын, шекті, кете жəне

шеркес рулары көтеріліске  қатысты.

1783 жылдың тамыз  айында жайық казактары Сырым  мен Нұралы хан ауылдарын тонау

жорықтарын бастады. Сырым батыр осы кезде тұтқынға түсіп, оның ел арасында беделі жоғары

екендігін білген Нұралы хан Сырымды орыс түрмесінен босатып  алады. Сырым темір тордан

шыққаннан кейін  халық көтерілісінің қарқыны  үдей түсті. Бұл уақытта патшаға  қарсы бас

көтеруден қорыққан нұралы Сырымға қарсы шығып, Ресейді  көмек беруге шақырды. Осы кезден

бастап Сырым  батырға екі жаумен бірдей шайқасуға  ьура келеді. 1784 жылы Сырым Сағыз

өзенінің бойында  Нұралы ханға шабуыл жасағанда, ол орыс-казак  бекіністеріне қашып құтылды.

1785 жылы сырымның  үзеңгілестері орналасқан аудандарда  – Орал бекінісінің төменгі  жағында

ірі шайқатар болды.

88

Бұл кезеңде Кіші жүздің аудандарында стихиялы көтерілістер басталды, олар Жайық пен Ембі

өзендері арасында көшіп-қонып жүрген руларды да қамтыды. 1786 жылы 3 шілдеде Екатерина II

Нұралы ханды  қызметінен босатты.

1792 жылы хандық  билік қайта күшіне енген соң,  Сырым Датұлы бастаған халықтық  жаппай бас

көтеру кезеңі басталды. Бұл кезеңде көтеріліске қатысқан көптеген сұлтандар мен билер  күресті

одан əрі жүргізуден бас тартқан соң, сырым батыр  партизандық соғысқа көшті. 1797 жылы Кіші

жүз ханы Есім көтерілісшілер қолынан қаза тапты. 1797 жылы 28 тамызда 1797 жылы 28

тамызда көтерілісті  тоқтату туралы шешім қабылдады.Ол хандық кеңестің құрамына енген

блатын, алайда оны  сұлтандар қудалағандықтан, Хиуаға қашуға мəжбүр болды.

АБЫЛАЙ  ХАН

(1711 –  1781 жж.)

Қазақ ордасының  ханы, Қазақ мемлекетінің тарихындағы  аса көрнекті мемлекет қайраткері. 1743

жылға дейін Орта жүздің сұлтаны болған. Əбілмəмбет хан қаза болған соң, Абылай

(Əбілмансұр) Ұлы  жүздің ханы болады.

Абылай ханның ата-бабалары Шыңғысханның ұлы Жошы ханның ұрпағы болып табылатын –

Қазақ Ордасының  негізін қалаған Əз Жəнібектен тараған.

Əбілмансұрдың əкесі  жау қолынан қаза табады. Абылай жастайынан қиындықты көп көреді жəне

Ораз құлға арқа сүйеп өседі. Ол жас кезінен-ақ Отан қорғау жолында ерекше жауынгерлік

қасиеттерімен танылады. Ол қашанда қанды шайқастардың бел  ортасында жүреді, əсіресе жекпе-

жекте ерен ерлік  көрсетеді. Қалың халық бұқарасына оны əйгілі еткен ірі жеңіске  ол Əбілмəмбет

бастаған қазақ  жауынгерлерінің жоңғарлармен болған шайқасында қол жеткізді. Бұл ұрыста 20

жасар Əбілмансұр қалмақтардың қонтайшысы Қалдан-Сереннің ұлы Шарышты  жекпе-жекте

өлтіреді.

Абылай зерделі  зерделі саясаткер, білімдар дипломат, дарында қолбасшы болды. Оның көздеген

мақсаты мемлеектті нығайту еді. Ол сыртқы жаулардан  қорғану үшін үш жүзді біріктіруді  жүзеге

асыра бастайды. Абылай қазақ мемлекетін нығайту мен  оның тəуелсіздігін сақтау жолында  көп

еңбек сіңірді. Ол билік  құрған жылдары алғаш рет қазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт

келісім жасалды, Ресеймен, Қытаймен тату көршілік қарым-қатынас  орнатылды.

Бұл күшті мемлекеттер  білгір қазақ ханымен санасатын  болған. Соғыс тəсілдерін жетік білетін

қолбасшы орыс жəне қытай өкіметінің ішкі есебін де біліп  отырған. Сондықтан да ол жоңғар

қонтайшысы қалдан-серенмен болған тоғыз жылдық келісімнен кейін  соғыс өртінің

тұтанатынын білді. Жоңғар мемлекеті ішіндегі өзара  қырқысулар соғыстың басталуын

жеделдетті.

89

1752 жылы жоңғар  басшысы Лама-Доржы қазақ жеріне  қарақшылық шабуыл жасағанда,  Абылай

хан бастаған қазақ  əскері оларға ойсырата тойтарыс береді. Кезекті шабуылдан кейін, соғыстың

айла-тəсілдерін жетік  білетін Абылай өзінің бес жүз  таңдаулы жауынгерлерін жібереді.

Қарсыласы жағынан  əскер келеді деп күтпеген Лама-Доржы  тұтқынға түсіп, дарға асылады. Бұл

оқиға 1753 жылы 12 қазанда  болған еді.

Абылайдың арғы есебі  жоңғарларды жеңіп, оларды қазақтардың  ықпалына көндіру, Қытаймен

жəне Ресеймен терезесі тең мемлекет орнату еді. Бұл мақсатта 1753-1754 жылдары ол Қабанбай,

Бөгенбай, Жəнібек, Өтеген сынды батырларымен бірге  қалмақ ұлыстарына қарсы шабуылды

үдете түсті. 1755 жылдың көктемінде сарбаздардың жеңісті жорықтары  жалағаса берді. Ақыры,

ойраттар мен  қазақтардың арасында 200 жылға созылған сұрапыл соғыста қазақ халқы  түпкілікті

жеңіске жетті.

Қазақ халқының жеңісі көршілес Қытай мен ресей үшін қолайсыз болды. 1756 жылы Қазақ

хандығы мен Қытай  мемлекеті арасында соғыс өрті тұтанып, ол 1757 жылға дейін созылды. Бұл

қақтығыс та Абылай ханның арқасында бейбіт жолмен шешілді.

1765,1770 жылдары Абылай  хан қырғыз ұлысына қарсы жорық  бастайды, нəтижесінде мемлекет

шекарасы кеңейеді. 1771 жылы ол Еділ қалмақтарын талқандайды. Мемлекет шекарасы Абылай

хан билік құрған кезеңде одан əрі кеңейе түсті. Халықтың рухы көтеріліп, мерейі үстем бо

ЖƏҢГІР  ХАН

(1801 -1845 жж.)

Бөкей Ордасының (1823-1845) ханы, Бөкей ханның ұлы. 1815 жылы əкесі  мұрагерлік салтпен

хандық тақты  Жəңгірге берді. Алайда Жəңгір жас болғандықтан, Бөкейдің тапсыруы бойынша

хандықты Бөкейдің інісі Шығай сұлтан басқарды. 1823 жылға дейін Жəңгір еуропалық  үлгіде

тəлім-тəрбие алады, Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде жатып оқиды. Сол жерде

хандықты əкімшілік  басқару əдістері бойынша да дəріс  алады.

Жəңгір хан билік  құрған кезеңдесаяси жағдай шиеленісіп тұр еді. Сол тұстағы басқару  мен жер

бөлуде жіберілген кемшіліктерге орай , ол халыққа  қарсы бірқатар əрекеттерге баруға мəжбүр

болды. Бұл жағдайды Ресей қазақ хандығы территориясын  отарлау мақсатында ұтымды

пайдалана білді. Қазақ  халқы үшін негізгі экономикалық шектеулердің бірі қазақтардың Каспий

теңізі, Жайық пен  Еділ өзендерінің жағалауларындағы аумаққа қоныс аударуына тыйым

салынуы еді. Шаруалардың  бұл өзеннен балық аулауға  жəне малын суаруға құқы болған жоқ.

Жəңгірдің жүргізген  саясатының ақыры И.Тайманов пен  М.Өтемісов (1836-1838) бастаған

шаруалар көтерілісіне əкеліп соқтырды. Бұл көтерілістің негізгі сипаты Ресей отарлаушылары

90

мен феодалдар саясатына  жасалған қарсылық еді. Жəңгір көтерілісті  Ресей əскерінің көмегімен

басып тастады.

Орыс губернаторынан əкімшілік басқару əдістері бойынша  алған дəріс тері Жəңгірдің жүргізген

саясатына үлкен  ықпал етті. Хандықты басқару құрылымында  ол бірқатар реформаларды жүзеге

асырды. Толыққанды жəне икеді басқару жүйесі құрамына енгендер: кеңсе, депутаттар тобы

жəне билер кеңесі, тағысы тағылардың жиынтығы болды. Билік  жүргізуді басқаратын жүйеге

руханият қызметі  – ахун (қажы) енгізілді. Ахуннң негізгі  міндеті хандықта рухани білім беру

болды. Мұсылман мектептері мен медреселердің саны көбейді.

1841 жылы Ордада  Жəңгір ханның бастамасымен балалар  грамматика, математика жəне басқа

пəндер бойынша  білім алатын жоғары мектеп ашылды. Осы мектептің қабілетті жоғары зерделі

түлектері Ресейде  білімін жалғастыруға мүмкіндігі болды.

Жəңгір хан сауатты  адам болған. Қазан университеті жанындағы  ғылыми-тарих қоғам құрамына

ол құрметті мүше болып енді. Ол халықтың əдеби шығармаларымен шұғылданады, өзі де

көптеген эпикалық шығармалар жазды. Оның басқаруымен  Ордада қазақтың шеберлері жасаған

аса құнды əскери қару-жарақтар сақталатын музейі құрылды.

Ол отырықшы өмірді жақтады, сондықтан да осы үрдістің өріс алуы үшінжерге жеке меншікті

енгізді. Ол салық  жинауды күшейту бағытында да бірқатар істер атқарды. Тауар айналымын

кеңейтіп, саудагерлерді  тарту үшін жəрмеңкелер ұйымдастыруға  көп көңіл бөлді.

1845 жылы Жəңгір  хан қаза тапты. Ол Бөкей  ордасының үшінші жəне ең соңғы  ханы болды.


Информация о работе Қазақстанның Ресей құрамына енуі