Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 13:43, курсовая работа
Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін өшпес із, жазылмас жара қалдырды. Қазақстан тарихы, түптеп келгенде, әлем халықтары тарихында бұл соғыстың алар орны ерен. Себебі соғыстағы жеңіс талай адамдар өмірін сарп етті. Жеңіс құны - «Ұлы» идея мақсатында тәлкекке салынған миллиондар тағдыры болды. Кеңес азаматы Ұлы Жеңіс үшін ең жоғары баға - жанын пида етті. 1418 күнге созылған қан майданда миллиондаған басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, Қазақстаннан ғана 1,2 млн. адам майданға аттанған болса, 700 мыңға жуық қазақстандықтар еңбек майданының «ащы дәмін» татып үлгерген еді. Қазақстанда майданға халықтың 25 пайызы жасақталғаны белгілі.
Өзгеріс былай өрбіген. «Тошкент оқшомы» басылымы бас болып, қалған газеттерде «гөзәл» бастама десіп, ауданның атауын «Олмазор» деп атауды ұйғарыпты. Билік халықтың қалауын ғана орындайды. Соңы «Собир» деген сықпыты бар метросынан бастап, бірнеше көшесіне дейін көне атау «алмабақпен» алмастырылған. Ал, Сабыр ағамыздың сұр мүсіні мекенін тастап, қала сыртына сырғытылды. Жә, бастысы, генералдың гені қазақ екендерін осылай дәлелді. Бірақ, екі жұртты таластыра жүріп тұтастырар тұлғаны сыртқа тебу қаншалықты ақылға қонымды? Соңыра, бүйте берсе, өзағамның Алпамыстан сол Алмабақты артық көрер күні де жақын келмей ме екен?! Әлі басы ашық сұрақ бұл.
3.2 Кеңес Одағының батыры гвардия генерал – майоры Сабыр Рақымовтың 110-жылдығына арналған Халықаралық ғылыми – практикалық конференциядан үзінді.
2012 жылы 29- қыркүйекте Шымкент
қаласында, Кеңес Одағының
Осы конференцияны ұйымдастырушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері тарих ғылымдарының докторы, профессор. Облыстық тарихшылар мен саясаттанушылар қоғамының төрағасы:
А.И.Исмайловтың конференцияда жасаған мәлімдемесінен үзінді келтіргенді жөн көрдім:
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде дивизия командирі генерал Сабыр Рақымовтың есімі қазақтың ұлттық тарихына мәңгілікке енді. Аты аңызға айналған генералдың ұлты қазақ екені баршаға белгілі. Бұл туралы осы уақытқа дейін айтылып, әрі жазылып жүр. Оңтүстік Қазақстан облысының қазіргі Қазығұрт ауданының тумасы.
Генерал-майор Сабыр Рақымовтың өмірбаяны және әскери қызметіне қатысы мына мәселелерге тоқтауды жөн көріп отырмын. Біріншіден, офицер Сабыр Рақымовтың өмір мен әскери қызметі ғылыми, тәрбиелік мәні бар және кәсіби қызметі баршамыз үшін өте маңызды. Екіншіден, бұл ұлы тұлға қазақ тарихында жалғыз ғана үш дивизияны басқарған генерал, сондықтан орны мен үлгісі ерекше және мәңгілік.
Әскери қызметкерлер және тиісті лауазымды тұлғалар қол қойған ресми қабылданған құжаттарға сүйенсек, Сабыр Умарұлы Рақымов (тегі, аты-жөні солай жазылған) 1902 жылы 25 қаңтарда Ташкент қаласында туған, сол жерде мектепте 5-сынып бітірді. Бұл қаланың ескі бөлігі, Рақымовтар отбасы тұрған көше сол кезде Сагбан деп аталған. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының бас жағында генералға қойылған ескерткіш тұрған «Жаңа Сабан» проспектісі ескі көшенің жалғасы болатын. Өзбекстан Астанасы Ташкенттің осы бөлігіндегі үлкен аудан Сабыр Рақымовтың атымен аталды. Генералға арналған ескерткіш сол ауданның Хокимиаты қасында еді.
Мектеп бітірген соң, Сабыр тоқыма фабрикасында жұмыс істеді. Ол үлгілі ВЛКСМ (Совет заманында Лениншіл жастар одағы осылай аталатын - Всесоюзный Ленинский Коммунистический Союз Молодежи) мүшесі, әрі алдыңғы қатарлы жұмысшы болды. Әскери қызметі 1922 жылы қыркүйек айында басталды. Сол кезде ол Әзірбайжан ССР-нің астанасы Баку қаласында Бірлескен әскери мектептің курсанты болды. Оқу бітірген соң, Самарканд қаласында Жеке Өзбек кавалерия дивизионынна взвод командирі болып жіберілді. 1931 жылдың ақпан айынан, 1938 жылдың шілде айына дейін Орта Азиялық әскери округінің (ОАӘО, яғни САВО) Самарқанд және Байрам-Али (Түркіменстан) гарнизондарында қызмет етті. Ол полк штабының бастығы болды. НКВД органдарының тергеуінде болды. Офицер Рақымовтың өмірбаянының бұл тұстары бөлек зерттеуді талап етеді. Армия қатарына шақырылып, ол жігерлене әскер қызмет етті. 1936 жылдың сәуір айында офицер Рақымов жетістіктері үшін «Қызыл Жұлдыз» орденіне ие болды. 1939 жылдың қазан айына дейін запаста болды. Бір жылдан соң, 1940 жылдың соңында 9-шы танк дивизиясында полк командирінің орынбасары лауазымына тағайындалды. 1941 жылдың шілде айынан бұл дивизия майданда 104-ші танк дивизиясы болып аталынды. Осы уақыттан бастап С. Рақымов майданда. 1941 жылдың қыркүйек айында 353-ші атқыштар дивизиясының полк командирі болып тағайындалды. 1942 жылдың 26-шы қазанында Закавказье майданы әскер басшысы бұйрығымен полковник Рақымов 395-ші атқыштар дивизиясына командир болды. 1943 жылдың 19 наурызындағы КСРО үкіметінің үкімі бойынша оған «генерал-майор» әскери атағы берілді.
1943 жылдың 7 шілдесінен бастап ол К.Е.Ворошилов атындағы Жоғары Әскери академиясына қабылданды. Әскери академияны бітірген соң, 1944 жылы 8 қыркүйекте 1-ші Белорус майданы әскерлерінің құрамындағы Қызыл Тулы Богдан Хмельницкий орденді 47-ші гвардиялық Төменгі Днепр атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалды. 1944 жылы қараша айында Суворов және Кутузов орденді екі мәрте Қызыл Тулы 37-ші гвардиялық Речицкая құрметті атағындағы атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалды. 1945 жылы 25 наурызда дивизия командирі генерал-майор С.У.Рақымов ауыр жарақаттанып, 1945 жылы 26 наурызда қаза тапты.
Сабыр Рақымов соғыстың алғашқы күндерінен бастап майданда болып, Ұлы жеңістен 1,5 ай бұрын қайтыс болды. Ұрыстың ең ауыр аймақтарында жаумен шайқасты. Үш рет жарақат алды. 1941 жылы тамыз айында Батыс майданында сол иығына оқ тиіп, ал 1942 жылы шілде айында Оңтүстік майданда басынан жарақат алды, осы жылы 15 қыркүйекте оқ оның жамбасын тесіп өтті. Емделіп ұрысқа кайтадан кірісті. Оның тәжірибелі, әрі өжет командир екендігіне, жоғары наградалары куә бола алады: 4 рет «Жауынгерлік Қызыл Ту» орденімен, «Суворов» (ақпан 1943 ж.) және «Кутузов» (қаза болған соң, сәуір 1945ж.) қолбасшылық орденімен наградталды.
Ұлы Жеңістің 20 жылдығы қарсаңында, 1965 жылы 6 мамырда Сабыр Рахимовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Шындығында оның бүкіл өмірі - ерлік.
Қайғы мен мұқтаждық өз дегенін жасады: 1917 жылы әлі қартаймаған Сабырдың шешесі қайтыс болды. Оны балалар үйіне өткізді, бұл жерде директор болып татар, тәжірибелі педагог және тәрбиеші Ш.Ф.Хасанов жұмыс істеді. Сабыр оның қызы болашақ жары Әминамен кездесті. Өмірбаяндық құжаттарда, әрі жеке сөйлескенде Рахимов оны Магра деп атайды. Генералдың жеке іс-қағаздарында «Жанұялық жағдайы, мекен-жайы және жанұя құрамы» графасында былай жазылған : «Жұбайы - Рақымова Магра, мекен-жайы - Ташкент қаласы, Сталин көшесі, 2-үй, 1 пәтер, зейнетақымен қамтамасыз ету 1971 жылы тоқтатылды». Генералдың жеке іс-қағаздарында тек қана осы бір әйел ғана жазылған. Басқа әйелдер, қазіргі тілмен айтқанда азаматтық некеде, немесе т.б.жағдайда көрсетілмеген. Құжат бойынша тіркелген басқа әйел (әйелдер) жоқ.
1941 жылы қыркүйек айының басында
1149-шы атқыштар полкіне
1942-1943 жылдардың қысқы айларында Кубаньде және Украинаның оңтүстігінде Рақымовтың дивизиясы ірі әскери операцияларды жүргізді.Кеңес басшылығының тапсырмасы үздік орындағаны үшін, жеке батылдығы және дивизияны шебер басқарғаны үшін Рақымов ІІ-ші дәрежелі «Суворов» қолбасшы орденімен марапатталды.
Жоғары награда әскери жағдайда тапсырылды. Майдан штабынан келген байланыс офицері пакет берді, онда М.И.Калининнің хаты болған: «ІІ-ші дәрежелі Суворов» орденімен 1943 жылдың 8 ақпандағы өкімімен марапатталғансыз, өзім сізге қолма-қол тапсыруға мүмкіндік болмағандықтан, оны осы хатпен жіберіп отырмын. Сізді еңбегіңізге лайық жоғары награда алуыңызбен құттықтаймын, және сізге жеке өміріңізде, әскери қызметіңізде сәттілік тілеймін. КСРО Жоғары Кеңес Президиумының төрағасы М.И. Калинин». Генерал Сабыр Рақымов туралы Ұлы Отан соғысында жоғары лауазымды әскери қолбасшылар К.К.Рокоссовский және А.А.Гречко, армия генералы П.И. Батов құнды естеліктер қалдырды. Рақымов басқарған дивизиялар соғыс жылдары аса қиын бағыттарда жаумен шайқасып, жеңіске жеткені сол естеліктерде баяндалған.
Генерал Рақымовтың өмірі мен жауынгерлік жолы отан қорғаушылардың көптеген ұрпақтары үшін елімізге шексіз беріліп қызмет ету, ерлік пен отан сүйгіштіктің үлгісі болып табылады. Қорыта айтқанда:
1.Кеңес Одағының Батыры
2.Бүгінгі біздер үшін, келешектегі ұрпақтар үшін Батырдың өмір жолы және әскери қызметі толық зерттеліп, тарихи деректермен материалдар жинақтап, осында, яғни Шымкент шаһарында музей мен зерттеу орталығында өз жалғасын табады.
3.Кең байтақ қазақ елінің қалаларында, Астана мен Алматыда Батырдың мүсіні орнатылып, есімі берілсе, бұл орынды және қуаныш болар еді.
4. Сабыр Рақымовқа арналған
Сабыр Рахимов біздер үшін, әрбір қазақтың жастары үшін мақтаныш етер жан. Сол жылдары аз ұлттың өкілдерінен генерал шеніне жету оңай емес еді. Ал жерлесіміз осы шенге жеткенге дейін қаншама ерлік болар істер атқарды. Біз бауырлас өзбек халқымен таласпаймыз. Біздердің жеңістеріміз қашанда ортақ, қуанышымыз да, мақтанышымыз да бір. Алайда генерал Сабыр Рахимов сынды Кеңестер Одағының Батырының кіндік қанының тамған жері біздің жерде екенін, оның қазақ екенін неге айтпасқа.
1965 жылы Кеңестер Одағы Жоғары Кеңесі Президиумының қаулысымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін Кеңестер Одағының Батыры атағын алған ол төрт рет "Қызыл Ту" орденімен, "Қызыл Жұлдыз" орденімен және екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталса, оның өзі қаншама ерлік істердің куәсі. Бұған біз неге мақтанбайық.
Батыр жөнінде ізденіс, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген олардың мақсаты Сабыр Рахимовты туған жеріне, туған халқына қайта табыстыру. Олай болса, біздің мақсатымыз да жаңалық ашу емес, халқымыздың мақтаныш етер батыр перзенті туралы тағы да айтып, оның аруағын тағы бір тербету.
Ұлы Отан соғысының каһарлы күндері алыста қалса да миллиондар аңсаған жеңісті жақындатқан біздің аға буын қаһармандарымыздың жасаған ерліктері келер ұрпақтың жадында мәңгі сақталады. Қасиетті жеріміз бен бейбіт өміріміз үшін күрескен Сабыр Омарұлы Рахимов сынды отты жылдары от кешкен Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан ардагерлер қашанда біздің есімізде. Біз қашанда оларды мақтан етеміз, әрқашан бейбітшілік болсын дейміз.
Оңтүстік өңірінен шыққан батырларымыз, шүкір баршылық. Олардың әр кайсысының орны бөлек. Бірақ, Оңтүстік өңірінен шыққан батырлар ішінде генерал Сабыр Рахимов біреу ғана.
ҚОРЫТЫНДЫ
Соғыс жылдарындағы Германия
ішіндегі жағдайларды және Гитлердің
іс-эрекеттерінің сыртқы саяси аспектілерін
жан-жақты зерттеген неміс
Гитлердің үлттық-социалистік идеологияға негізделген сыртқы саясаты Ресейді нәсілдік, экономикалық, демографиялық және идеологиялық жағынан езіп-жаншып, содан кейін Шығыстағы өмір кеңістігін кеңейту арқылы КСРО үлтгық мемлекеттерінің халқын қүл етуді көздегендігін, сөйтіп, Германия империясын, яғни «Ұлы Гитлерстанды» қүруды мақсат түтқапдығын білдіреді.
1941 жылы 8 қыркүйекте фюрердің
мәлімдегеніндей, немістер
Сыртта «басқа әлем болады, онда орыстарға тұруға рүқсат береміз. Жылына бір рет біз империяның астанасы арқылы осы қаланың тастан жасалған ескерткіштерінің күші мен айбынын көрсету үшін қырғыздарды өткізіп түрамыз». 1942 жылдың наурыз айында Гитлер өзінің сандырақ ойларын қайталады. «Шығыс облыстарында оларға белгілер мен сигналдар тілін үйреткеніміз тамаша болар еді. Радиодан оларға тек музыка ғана шектеусіз берілетін болады». Міне, Гитлер осылай шығыс шеткі аймақтардағы халықтарды өркениеттен, дүниежүзілік мэдениеттен тыс үстап, төмен деңгейде қалдыруды жоспарлады.
Гитлер германдық рейхті екі үлкен кезеңнен өткізіп, «ұлы держава» статусына жеткізуді көздеді. Ол үшін бүкіл Еуропада билік ететін кең байтақ Еуропалық «Шығыс кеңістігінің» негізінде саяси және әскери-экономикалық қүрлықтық күшті империяны құру қажет болды. Одан кейін Африкадағы отарлық иеліктерді тартып алып, Атлантикада тірек базалары бар күшті флотты күру арқылы Германияны, қол астына үлкен Шығыс Азиядағы аймақты бағындырған АҚШ секілді «әлемдік державалардың» біріне айналдыру болды».
Ескере кететін жәйт, КСРО-ға соғыс ашардың алдында фашистік Германияның қарауында өзінің өндірістік базасынан басқа, бүкіл Батыс Еуропаның экономикалық және әскери ресурстары болды. Германияға чехословактың 30 дивизиясының, 92 француздың, 12 ағылшын, 22 бельгиялық, 18 голланд және норвегиялық дивизияларының қару-жарақтары5 оқ-дэрілері мен әскери жабдықтары өтті. Гитлерлік агрессияның алдында металл өндіру, электр қуаты, көмір өндіру Германияда Кеңес Одағына қарағанда 2,5 есе көп болды. Осылайша Кеңес Одағына күшті әскери-экономикалық базаға негізделген ғаламат әскери машинамен соғысуға тура келді.