Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 13:43, курсовая работа
Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін өшпес із, жазылмас жара қалдырды. Қазақстан тарихы, түптеп келгенде, әлем халықтары тарихында бұл соғыстың алар орны ерен. Себебі соғыстағы жеңіс талай адамдар өмірін сарп етті. Жеңіс құны - «Ұлы» идея мақсатында тәлкекке салынған миллиондар тағдыры болды. Кеңес азаматы Ұлы Жеңіс үшін ең жоғары баға - жанын пида етті. 1418 күнге созылған қан майданда миллиондаған басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, Қазақстаннан ғана 1,2 млн. адам майданға аттанған болса, 700 мыңға жуық қазақстандықтар еңбек майданының «ащы дәмін» татып үлгерген еді. Қазақстанда майданға халықтың 25 пайызы жасақталғаны белгілі.
“Қарақұм құмдарында Аманқұлдың маңында құдық бар. Оның тереңдігі жиырма бір метр.Оның шыңырау түбіндегі жылтылдаған су адам көзіне көрінбейді. Халық оны Самэ Гулямовтың құдығы деп атайды. Самэ Гулямов деген кім және ауызсу көзі неге оның есімімен аталады? Самэ Дурменнен шыққан еді. Сол басмашылармен күресуге кеткен кезде,ол жақта онгың қалыңдығы қалған. Пулеметті бәрінен жақсы білуге тырысқанда Самэ қалыңдығы туралы ойлайтын; өзінің эскадроны шабуылын пулеметімен демей отырып,шабуылға шыққан кезде де сол туралы ойлады,себебі қыздар батылдарды ұнатады...”
Жауларды ол ызамен атып жатты,және жеңісті шайқас аяқталар сәтте Самэнің жүрегін басмашы оғы тесіп өтті.
Сұрғылт шөлге алқызыл раушан түсті қан атқылап жатқан кезде Самэнің қимылсз денесіне жақындап келіп эскадрон командирі Сабыр Рақымов сөз сөйледі.Жауынгерлердің жүректері жігерленіп, көздеріне жас келді.
1931 жылдың күзінде
түрікмен шөлдерінде басмашылар
нақты қауіп төндірді,
1931 жылы 17 қыркүйекте Түркістан әскерлерінен үш есеге көп, мың адамға жуық басмашылар Дахлы құдығында тоғыз сағаттан аса уақыт бойы табанды қарсылық көрсетті. Жер жағдайы басымашылардың оқ жаудыруна қолайлы еді. Көмекке келіп үлгерген 1-ші Түркмен кавалериялық полкінің жауынгерлері мен Якуб Кулиевтің басқарған кііші командирлер мектебі курсанттарының отряды шайқастың нәтижесін шешті.Олар басымашылардың шөлдің түкпіріне кететін жолдарының бәрін жауып тастады. Банды талқандалды.
1920 жылдан 1932 жыл
аралығында басмашы құрылымдарымен
күресте офицерлер-
Басымашылармен күресте, қиын және күнделікті оқу-жаттығуларда Сабыр Рақымов командир ретінде қалыптасты. Өзінің білімін тереңдетіп, әскери өнердің құпияларын меңгере отырып,тәжірибелі командирлер мен саяси жетекшілерден үйренді. 1935 жылы сәуірде офицер Рақымов “Қызыл Жұлдыз” орденімен марапатталды. С.Рақымовтың командирлік қабілетті туралы аттестациялау кезіндегі мінездемелер дәлел болады:
1932 жыл –“Қайсар командир, тамаша пулеметші, партсаяси жұмыстардың белсенді қатысушысы. Қорытынды: штаб бастығы көмекшісіне лайық”.
1933 жыл -“Тәртіпті, жігерлі. Әскери міндеттерді орындауға жауынгерлерді жұмылдыра біледі”.
1934 жыл – Әскери мектепте оқуды жақсы және сүйіспеншілікпен ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстардың белсендісі... Қорытынды:штаб бастығы қызметіне лайық”.
1935 жыл- “Курсанттардың
саптық дайындығы бойынша
жақсы көрсеткіштерге жетті.
Өз білімін жетілдіру үшін
көп жұмыс істеді...
“Басымашылықпен күресті Орта Азия және Қазақстан халықтарының тамаша ұлдары, көрнекті партия-мемлекеттік қызметкерлер - Н.Айтақов, К.Атабаев, Ю.Ахунбабаев, С.Дадабаев, И.Зеленский,Акмаль Икрамов, Тұрар Рысқұлов,Н.Төреқұлов; ірі әскербасшылар – И.Белов, П.Дыбенко, А.Корк, М.Левандовский, В.Соколовский,В.Шорин; Басымашыларға қарсы ерлік күрестің жылнамасына Якуб Кулиев, А.А.Лучинский, Н.Г.Лященко, Абдулла Набиев, А.Османбеков, М.Султанов,Е.Хамидов, Сабыр Рақымов есімдері кірді.
Осы даңқты есімдер ішінен Ұлы Отан соғысы жылдары ірі әскербасылар, армия қолбасшылары шықты.Солардың ішінде: түрікмен халқының мақтанышы Якуб Кулиев, 21- таукавалериялық дивизиясының командирі[1,46]. Офицер А.А. Лучинский соғысты армия қолбасшысы болып аяқтады. Әсіресе, Түркістан әскерінің ардагері Николай Григорьевич Лященконың еңбегі мен есімін айтпай кетуге болмайды.
Н.Г.Лященко – көптген жылдар бойы Қызыл Армия қатарында әскери мектептің курсантынан армия генералы шеніне көтерілді. Қырғыз Республикасының тумасы. 1969 жылдан Орта Азия әскери округінде қолбасшы. Ұлы Отан соғысы жылдарында дивизия командирі, соғыстан соңғы көптеген жылдарда Түркістан әскери округінде басшылық қызметте. Кеңес Одағының Батыры. Ол 1937-1938 жж. Республикалық үкімет жағында Испаниядағы азамат соғысына қатысты [43,5]. 1965-1969 жылдар ТүркӘО бастығы,1969-1977 жылдар ОАӘО әскерлерінің бастығы. 1929 жылдан бастап оның бүкіл әскери қызметі Орта Азия республикаларымен байланысты болды. 1990 жылы Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен командирлік қызметі үшін Н.Г.Лященкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Міне, осылар офицер Сабыр Рақымрвтың қызметтестері және әскери жолдастары болды. Орта Азияда әскери қызметтен өткен офицер- түркістандықтардың ішінен біразының ғана есімі аталды.
Бұл қорытынды пікір КСРО-ға белгілі ғалымдар жазған кітаптан. Түркістан өлкесінде өткен ғасырдың 30-40 жылдарында басымашыларға қарсы ұрыстарда қазақ елінің тумасы офицер Сабыр Рақымовтың есімі сол замандағы әскери қолбасшылар қатарында болғанына куә. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Сабыр Рақымов Орта Азия әскери округідегі белгілі және болашағы зор командирлердің бірі болды.
1936 жылы қарашада Рақымов 42-ші өзбек ковалериялық полк штабының бастығы болып тағайындалды. Осы қызметте ол 1938 жылдың шілдесіне дейін жұмыс істеді.Оның қызметтік құжаттарында көрсетілгендей, осы кезден бастап ол “43баптың А пункті бойынша Қызыл Әскерден босатылды”[1,48]. Соғыс алдындағы жылдарда елде және қарулы күштерде кең таралған жауап алулар мен қуғындаулар, жасырын арыздар мен қаралаулар офицер Рақымовты да аттап өтпеді. Майор Рақымов запаста болған біраз уақыттан соң әскер қатарына қайта шақырылып, әскери антқа адал екендігін дәлелдеп, өзіне лайықты қызмет атқарды.
Сабыр Рақымов біраз уақыт КСРО-ның қорғаныс потенциалын нығайтуға бағытталған бұқаралық ерікті ұйым – Осоавиахимнің Ташкент Кеңесі әскери дайыдық бөлімінің бастығы болды [22,233].
Осоавиахим –1941-1945 жылдардағы соғысқа мыңдаған жастарды әскери жаттығумен дайындады. Жаяу әскер, әуе және теңіз күштері қатарына алғашқы дайындықты Осоавиахим (Общество содействия армии, авиации и химической защите) үйірмелерінде өткен советтік жастар фашистік Германияға қарсы соғыста батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті.
С.Рақымовтың бөлімі кеңестік заманда “патриоттар мектебі” деп аталған қорғаныс қоғамының негізгі буыны болды. Осоавиахимде (соғыстан кейінгі жылдары ДОСААФ – ӘАФЖЕҚ )көптеген елге белгілі адамдар, Кеңес Одағының екі рет Батыры атанған Талғат Бигелдинов және Кеңес Одағы Батыры Мәлік Ғабдуллин, Сталинградтың даңқты қорғаушысы Яков Павлов, аты аңызға айналған мерген, Кеңес Одағының Батыры Василий Зайцев және басқалары алғашқы әскери дайындықтан өтті.
Генерал Сабыр Рақымов туралы арнайы плакат шығарылған.
1940 жылы қазанда Сабыр
Рақымов ОАӘО– ның 9-шы
танк дивизиясының 9-шы мотополк
командирінің орынбасары болып
тағайындалды.Бұл жыл, әйгілі
қолбасшы Г.К. Жуков жазғандай,
КСРО –ның қарулы күштерінде
шұғыл түрде жаңа мехкорпустар,танк
және механикаландырылған
Бүкіл Қызыл Әскердегі сияқты, ортаазиялық округ әскерінің құрамында жаңа бөлімшелер мен құрамалар құрылды. Бұл 58-ші атқыштар,4-ші кавалериялық және 27-ші механикаландырылған корпус,9-шы және 50-ші танк дивизиясы, 221-ші моторлы және 194-ші тауатқыштар дивизиясы [1,50].
Рақымов күндеп, апталап,айлап бірде полигонда, бірде танкодромда жүрді. Шаршап, үсті май мен солярка, шаң басқан ол үйіне сирек келетін. Шамасы тек ұйқыдағы ұлын көруге ғана жететін. Таң ата қайтадан бөлімге жол тартатын. Рақымов қызмет еткен кавалериялық полк-мотоатқыштар, ал дивизия – танкі дивизисы болып қайта құрылды. Жаңа техниканы игеру жүріп жатты. Т-26, T-27 танктерінің орнына БТ-5және БТ-7 мықтырақ және жылдамырағы келді, бірақ олар да жаңа Т-34 танкілерімен ауыстырылып жатты.
Оқулар мен маневрлер, қарулардың жаңа түрлерін ұрыс жағдайында үйрену,әскери қызметті ұйымдастырудың басқа да жұмыстары, бөлімшелердің іс-қимылдарын жоспарлау және үйлестіру, рота мен баталоньды тиянақты басқаруды қамтамасыз ету полк штабының бастығы майор Рақымовтың иығына артылды. Танкистердің барлық әскери оқулары негізгі міндет – Кеңестік Отанымызды қорғауға толық дайын болу ісіне бағындырылды. Тікелей соғыс қаупі жағдайында жоғарғы тактикалық білім атыс дағдыларын меңгеру,бір кісідей жұмыла әрекет ету,жеке құрамның тәртібі мен қызметкерлері мен барлық офицерлерінің басты назарында болды.
Тәртіпті және елгезек офицер болғандықтан, Сабыр Рақымов қандай қызметте болса да жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізе алды. Оның осындай жетекшілік қыры Ташкент Осоавиахимінде істеген кезінде айқын көрініс тапты. Республиканың социалтстік құрылыстағы жнтістіктері еңбекшілердің саяси белсенділігін одан сайын көтеріп, елдің қорғаныс ісінде Осовиахимнің рөлін арттырды. Оның жұмысы құрылымдық өзгерістеге ұшырап, қалың бұқара халықты әскери іске үйрету қолға алынды. Барлық мекеме, кәсіпорындар мен оқу орындарында “әуе және химиялық шабуыл қорғанысына дайын”, “Ворошилов атқышы”, “Ворошилов атты жауынгері”, “Еңбек пен қорғанысқа дайын” төсбелгілеріне сынақ тапсыу ұйымдастырылды.
Халықаралық жағдайдың шиеленісе түсуіне байланысты Қызыл Армияға резервтер дайындаудың сапасын көтеру қажет болды. Осы мақсатпен Осоавиахим ұйымдарына жетекшілік ету үшін дайыдығы мықты, соғыс өнерін жақсы білетін командирлер жіберілді. Сабыр осындай коиандирлердің бірі еді [2,33-35].
Партия сенімін ақтау үшін жас коммунист С.Рақымов жаңа жұмысқа білегін сыбана кірісті. Бұл жерде оның ұйымдастырушылық қабілеті шыңдала түсті. Оның бастамасы бойынша запастағы командирлер мен саяси жетекшілер Ташкент облысының бастауыш және аудандық Осоавиахим ұйымдарына бекітілді. Әскери өнерді жетік білетін олар, қалың еңбекші бұқараға әскери істің негіздерін үйретті.
1940 жылдың жылдың
21 тамызындағы нұсқауда КСРО
Осоавиахимнің Орталық Комитеті
өзінің барлық ұйымдарын
жаңа оқу бағдарламасына
көшуді міндеттеді. Бағдарлама
Қызыл Армия қатарын
кез келген уақытта толықтыра
алатын білікті кадрлар
даярлауды көздеді. Осы
нұсқауды басшылыққа ала
отырып, Ташкент облыстық Осоавиахимі
әскери дайындық бөлімінің
жетекшісі С.Рақымов
Терең әскери білімі,
оны басқаларға түсіндіріп жеткізе
білуі, ұйымдастыру дарыны арқасында
Сабыр Қызыл Армияның алдыңғы
қатарлы командирлерінің біріне
айналды. Оның бастамасымен өткізілген
әскери жорықтар, әскери оқу-жаттығулар,
тұрақты әскерлермен бірлескен
іс- шаралар жұртшылығына кеңінен
танылды. Ол Өзбекстан Осоавиахим
қызметкерлерінің кеңесінде сөйлеген
сөзінде: “1940 жылы қоғам қатарына
көптеген жаңа мүшелер тартылды.
Біз екі мыңға тарта бастауыш
ұйымдарын құрдық. Ташкент облысында
халықты әуеден жәек химиялық
шабуылға қапсы қорғанысқа дайындау,әскери
іске үйрету жоспары асыра
орындалды. Мыңдаған атқыштар, минометшілер,байланысшылар,
Кеңес Сабырдың ұсыныстарын мақұлдады. Ал, ол өзінің бастамаларын іс жүзіне асыруға кірісті. Жұмысқа барлық күш-жігері мен тәжірибесін жұмсады. Жақсы қызметі үшін оған “майор” әскери шені берілді. Сабыр партия мен үкіметтің қамқорлығына жауап ретінде бұқаралық қорғаныс ісін жақсарта түсуге жігерлене кірісті.
Отанымызға империалистердің қарулы шабуыл жасау қаупі күшейе түскенін көрген ол жастарды әскери міндеттерге тарту үшін үгіт-насихат жұмыстарын барған сайын жандандырып, әскери дайындықтың барлық түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырды. Оқу орталықтары мен атыс алаңдары оның жұмыс орнына айналды. Ол республикалық Осоавиахим ісіне өзінің лайықты үлесін қосты.