Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 13:43, курсовая работа
Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін өшпес із, жазылмас жара қалдырды. Қазақстан тарихы, түптеп келгенде, әлем халықтары тарихында бұл соғыстың алар орны ерен. Себебі соғыстағы жеңіс талай адамдар өмірін сарп етті. Жеңіс құны - «Ұлы» идея мақсатында тәлкекке салынған миллиондар тағдыры болды. Кеңес азаматы Ұлы Жеңіс үшін ең жоғары баға - жанын пида етті. 1418 күнге созылған қан майданда миллиондаған басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, Қазақстаннан ғана 1,2 млн. адам майданға аттанған болса, 700 мыңға жуық қазақстандықтар еңбек майданының «ащы дәмін» татып үлгерген еді. Қазақстанда майданға халықтың 25 пайызы жасақталғаны белгілі.
Соғыстан
кейін, 1945 жылдың мамыр айында генерал
Рақымовтың денесі Ташкент қаласына
көшірілді. Батырмен қоштасуға республиканың
түкпір-түкпірінен адамдар келді. Мұнда
тыл еңбеккерлері де, Сабыр Омарұлымен
бірге Отанның тәуелсіздігі үшін
күрескен әріптестері де, «Қызыл Ту»,
«Суворов», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен
марапатталған батырдың жолдастары
да болды. Батырдың жақын досы, Кеңес
Үкіметі жанындағы Өзбек КСР-
Кеңес халқы өз ұлының атын өшірмеу үшін қала көшелерін, алаңдарын, мектеп, колхоз, совхоздарын батырдың есімімен атады. Батыр туралы көптеген әндер шығарылған, спектакль-фильмдер қойылған. 1965 жылы 6 мамыр күні КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен генерал-майорға Ұлы Отан соғысындағы көрнекті әскери жетістіктері үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.
Батыр туралы тек бір елдің халқы ғана емес, генералдың ерлікке толы өмір жолын бүкіл елдің өскелең ұрпағы біледі. Волгоградта Сабыр Рақымов атындағы отряд ол туралы материалдар іздестіріп жинады. Рақымовтың өмірі туралы сыр шертетін экспонаттар Волгоград облысы, Волжский қаласының мектеп-интернатында бар, Слоним қаласында оқушылар 37-ші гвардия атқыштар дивизиясы туралы материал жинауда. Мұнда С.Рақымов туралы да материалдар берілген.
65-ші армияның саяси бөліміне түскен 37-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының гвардия полковнигі А.М. Смирновтың саяси ақпаратының мәтінін беріп отырмын [46,28]. «Дивизияның бөлімдері мен бөлімшелері 20 наурыз күні ұрысқа кірісіп, сағат 11.00-де шабуылды бастады. Жаудың күшті қарсылығына қарамастан, алға басты. Бір күнде 4 шақырымға дейін ілгері жылжып, 40 адам тұтқынға алынды. Атқыштар роталарында партия ұйымының жұмысын нығайтуға үлкен назар аударылуда. Осыған байланысты, партия қатарына қабылданғандардан басқа 55 коммунист арнайы және тыл бөлімшелерінен жіберілгендер. Сонымен атқыштар роталарындағы партия 12 комунистке дейін жетті. Осындай жұмыс атқыштар бөлімдерінің комсомол ұйымдарында да жүргізілді. Жауынгерлер жеңіске толық сенімді екенін, Данциг пен Гдыньдегі қоршалған жау тобын жоюға уәде берді».
Бұл жоғарыдағы саяси органдарға 37-ші гвардиялык дивизия саяси бөлімі бастығынан түскен соңғы хабарлама еді.
1945 жылы
25 наурызда қайғылы оқиға орын
алды. Дивизия командирінің бақылау
пунктінде жаудың 119-мм мина жарылысынан
құраманың басшылары қаза
Бұл хабарламаның мәтіні төмендегідей:
«Дивизия
бөлімдері жаудың Данциг тобын жою
үшін шайқастарды жалғастыруда. Жаудың
жанталаса қарсыласуына қарамастан,
дивизия бөлімдері алға жылжуда.
Міндетіміз - Брентауды алу. 25 наурыз
күні дивизия командирінің бақылау
пунктінде мина жарылысынан қаза
тапқандар: дивизияның саяси бөлімінің
бастығы полковник Смирнов А.М.
Қол қойған майор Говорушкин, дивизия саяси бөлімінен.
27 наурыз 1945 жыл.
Шайқастар өте ауыр және қантегісті болды. Қарсылас жақ бар күшімен қарсылық көрсетті. Бөлімдердің командирлері, дивизия командирінен үлгі алып, ұрыс даласының алдыңғы шептеріне шығып, жауынгерлерді шабуылға бастады. Жаумен бетпе-бет кездесуде көптеген командирлер мен саяси басшылар оққа ұшып, ерлікпен каза тапты. Дивизия қалаға кірді. Бірақ Рақымовсыз. Дивизия командирі ұрыс даласында жан тапсырды.
Өмір жалғаса бермек. 29 наурыздан бастап 37-ші гвардиялық атқыштар дивизиясын басқаруды Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Кузьма Евдокимович Гребенник қолға алды. Ол бұл құраманың 1942 жылдың тамыз айында Мәскеу әскери округінде қалыптасқаннан бергі алтыншы командирі еді. 1942 жылдың 10 тамызы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында дивизия Ұлы Отан соғысының жолдарынан даңқпен, абыроймен өтті. Гвардияшыларды шайқастарға бастаған командирлер Жолудев Виктор Григорьевич, Морозов Василий Лаврентьевич, Рақымов Сабыр Омарович, Гребенник Кузьма Евдокимович еді.
Соғыс
аяқталғаннан кейін, дивизия солтүстік
әскери тобының құрамындағы 27-ші гвардиялық
механикаландырылған дивизия
2.2 37 атқыштар құрамының әскери
қимылдарының қысқаша
37-ші
гвардиялық дивизияның ұлттық
негізгі құрамының басым
Жау минасының
дивизия командирінің басқару бекетіне
тікелей келіп жарылуы генерал-
Сабыр Рақымовтың әскери қызметі мен сіңірген еңбегіне әділетті баға беру мәселесіне келсек, ол кеңес қарулы күштерінің кадрлық офицері (генералдың жеке куәлігі № 4039-166) және 1928 жылдан бастап большевиктер партиясының мүшесі (партия-билеті № 2870941) ретінде өз қызметтік міндеттерін және мемлекет пен партия алдындағы коммунистіқ борышын адал әрі толық көлемде орындады. 1943 жылы қаңтар айында 395-ші атқыштар [50,41] дивизиясының командир лауазымына тағайындалар алдындағы әскери мінездемесіне келетін болсақ, мінездемеге 56-шы армияның басшылары генерал Рыжов және Қара теңіз әскерлер тобының қолбасшысы генерал Иван Ефимович Петров, әскери кеңес мүшелері Комаров, Кальченко және Селезнев қол қойған. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатындағы осы тарихи құжатта былай делінген (бұл құжаттың көшірмесі кітапта келтіріліп отыр): «Полковник Сабыр Рақымов шайқаста сабырлы әрі ұстамды. Оның бойындағы керемет қасиеттер: ерлік пен жігер қол астындағы командирлерге үлгі болып табылады. Кавказ тауларының етегінде дивизия шегініп, сәтсіздіктерге тап болды, бірақ жолдас Рақымов өзінің жігерлі, қатаң, батыл, табанды қасиеттерімен әскери әрекеттерге әсер етті және өжеттілігінің арқасында жауды үлкен шығынға ұшыратты» [51].
Рыжов Александр Иванович (1895-1950), 1944 ж. генерал-лейтенант. 1945 ж. Кеңес Одағының Батыры. 1942 ж. шілдеден 1943 ж. қаңтар аралығында 56-шы Армия басшысы болды.
Селезнев Петр Иануарович (1897-1949). 1939-1949 жж. партияның Краснодар өлкелік комитетінің бірінші хатшысы. 1942-1943 жж. Солтүстік Кавказ майданы әскери кеңесінің мүшесі және партизандық қозғалыстың Оңтүстік Өлкелік штабының бастығы.
Бұл әскери
мінездемеде дивизия командирі
полковник Рақымов жас
Бұл әскери мінездемені талдай отырып, бүгінгі оқырмандардың назарын екі мәселеге көңіл аударғым келеді. Бірінші: соғыс жылдарында да және кеңес дәуірінің кезеңдерінде де лауазымды тұлғаға мінездеме беру жауапты және принципті мәселе болып есептелетін, өйткепі оны құрастыру және бекіту шындыққа негізделген әрі әділетті болу керек, әсіресе дивизия командирі сияқты жоғары лауазымды тұлғаларға. Бұрынғы штаб және саяси бөлім қызметкері, партия бюросының хатшысы ретінде армия қолбасшысы деңгейінде бекітілетін әскери мінездемелер сияқты құжаттардың ережелері мен талаптары маған ежелден таныс. Бұл құжаттың «кұны» өте жоғары.
Екінші: 1941-1945 жылдары соғыстың басталуы кеңес елі үшін қасіретті оқиға болғаны мәлім. Күтпеген жерден барлық күшімен жойқын соққы беру арқылы гитлершілер Кеңес мемлекетін аса ауыр жағдайға қалдырды. Қазіргі танда көпгеген тарихшылар, саясаткерлер мен әскери басшылар мынадай сұраққа жауап іздейді: өзге халықтар осыған шыдас беріп қиындықтан шыға алар ма еді? Менің көзқарасым бойынша, барлық кеңес адамдары соғыс қарсаңындағы жылдардағы қуғын-сүргінге, жазалау мен заңсыздықтарға қарамастан алдағы жеңіске сенді, барлық күшін жұмылдырып, оқиға барысын өзгертті. Майдандардағы әскери ұжымдар басшылығында кеңес идеалдарына адал берілген комаидир Рақымов. комиссарлар Комаров немесе Селезнев сияқтылар тұрды. 1942 жылдың күзі мен қысында Солтүстік Кавказда күрделі жағдай қалыптасты. Аймақтың байлықтарына ұмтылған жаудың күшін қайткенде де тоқтатып, тойтарыс беру керек болды. Жағдай өте қиын еді. 56-шы армияның әскерлері мен Кавказ майданының Қара теңіз тобы жаудың жолын кесуге күш жинады. Титықтап шаршаған «Орталық» деп аталатын Гитлер әскерлерінің тобы тоқтатылды және қорғанысқа көшті. Бұл 1942 жылдың қараша айының екінші жартысында басталған кеңес әскерлерінің Тихвин мен Ростов маңындағы операцияларының нәтижесі еді. Гитлершілердің қысқа мерзім ішінде бір ғана соққымен кеңес қарулы күштерін жеңеміз деген ойлары іске аспады. Жау корғанысқа көшті. Ақырында Гитлер әскерлері жойылды.
Офицер Сабыр Рақымов
1941 жылдың маусым айынан бастап
майданда болды, ол өте күрделі қантөгіс
ұрыстарда алдыңғы қатарда
Сөздің реті келгенде айта кетейін, Ұлы Отан соғысында генерал атағына ұрыс жүріп жатқан 1943 жылы қазақ халқының екі офицері ие болды. Бұл Сабыр Рақымов - «генерал-майор» (наурыз 1943ж.) және Шакир Жексенбаев - «Техникалық әскерлердің генерал-майоры» (тамыз 1943 жыл). Екі әскери басшы біздің қазақ халқының, барлық қазақстандықтардың мәңгілік мақтанышы болып қалды. Олардың есімдері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де белгілі.
Сабыр Рақымов 37-ші гвардиялық дивизияның командирі қызметіне тұрмай жатып, атқыштар дивизиясы 1944 ж. сәуір айынан бері Березина өзенінің оң жағалауын қорғап тұрды. Одан кейін 18-ші атқыштар корпусының құрамында шабуыл операцияларына қатысты. Дивизия бөлімдерінің шабуыл жорықтары 24 маусым күні басталып, немістердің күшті бекітілген қорғаныс шептері талқандалып, шілде айының соңында дивизия 615 шақырым жерді ұрыспен өтті. 364 елді мекендер, 3 қала - Осиповичи, Слоним, Барановичи (Белоруссия), Порозово атты аудан орталығы азат етілді. Әскери жорық барысында жаудың 800-ден астам солдаттары мен офицерлері тұтқынға алынып, гитлерлік әскери қызметкерлердің 3000-ның көзі жойылды. 1 тамыздан жауды қууды жалғастырған дивизия 255 шақырым жерді өтіп, Батыс Буг, Нарев өзендерін артта қалдырды. Осы уакыт аралығында 2000-ға дейін неміс солдаты мен офицері тұтқынға алынып көзі жойылды.
1944 ж. маусым-қыркүйек аралығындағы сәтті жорықтары үшін дивизия Суворов, Кутузов, Багдан Хмельницкий орденді, екі Қызыл Тулы Речицкая құрметті атағына ие болды [4,24].
1943 жылдың мамыр айынан бастап генерал Рақымов КСРО Қорғаныс Халық Комиссариатының Бас кадрлар басқармасы қарамағында болды.
1943 ж. 1 маусым күнгі №03375 бұйрық бойынша ол К.Е.Ворошилов атындағы Жоғары әскери академиясының тыңдаушысы болды. Айта кететін бір жәйт, осы соғысқа дейін салынған үлкен архитектуралық ғимаратта қырық жылдан астам уақыт осы академия орналасты. Қазір мұнда Ресей Халықтар достығы университетінің инженерлік факультеті орын тепкен. 2012 жылдың наурыз айында біз (С.Н.Әлібек және мен) Мәскеудің ауданында болдық. Күн жексенбі болғандықтан, ғимараттың ішіне кіруге мүмкіндік болмады.
Академияда оқуы аяқталғаң соң, 1944 ж. қыркүйек айында Сабыр Рақымов 47-ші атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалды. 47-ші гвардиялық дивизия өзінің әскери іс-қимылдарын Мәскеуге жақын Козельск-Калуға ауданынан жүргізді. Бұрынғы 154-ші атқыштар дивизиясы, ол 1943 ж. 23 қазандағы КСРО Қорғаныс Халық комиссарының бұйрығымен 47-ші гвардиялық дивизия болып өзгертілді.
1942 жылы тамыз айының 20 күндерінде 154-ші аткыштар дивизиясы Новогрынь ауданына өтті. 22 тамызда таңертең Дивизия бөлімдері мен құрамалары артиллериялық дайындықтан кейін шабуылға шығып, жаудың шебін бұзып Калуға облысындағы елді мекендерді азат етті.
«1944 жылы наурыз айының екінші жартысынан бастап 47-ші дивизия Ингул өзеніне дейін жетеді. Өзеннен өтерде Кеңес гвардиясының ерліктері ерекше көзге түсті. Жаудың оқты қарша жаудырғанына қарамастан, қызыл әскерлер мұздай суға түсіп, кең жайылған Ингул өзенінің арғы жағалауына өтті. Аттар, арбалар, зеңбіректер суға батып, әрең жеткізілді. Осы ерлігі үшін дивизия Қызыл Ту орденімен марапатталады. 1944 жылы 1 маусымда майдан қолбасшысы, Кеңес Одағының Батыры генерал-полковник Чуйков Василий Иванович дивизияны салтанатты жағдайда марапаттады».
47-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының «тарихи» жазбаларында осылай деп көрсетілген.
1944 ж. сәуір айында дивизияның құрамына 1200 адам қосылып көбейді. Бұл жаңадан келушілерге байланысты шапшаң тұрде әскери жаттығуды жүргізуге қажеттілік туды. Себебі, дивизияны шұғыл тұрде жорыққа шығару мақсаты тұрған болатын. 1944 жылы 7 мамырынан бастап дивизия Днепр плацдармы үшін (Кишиневтен 25 шақырым шығысқа қарай) ауыр шайқастар жүргізді. 10-20 шілде аралығында дивизия толық құрамымен Ковель ауданына жіберіліп, сол- жақтан шұғыл дайындықтан соң, Ковельден батысқа қарай орналасқан жаудың шебін бұзу, Плыск өзенінен өту жөнінде бұйрық алды. Бұл тапсырма орындалды. 47-ші гвардиялық дивизия әскерлері шегінген жаудың соңына түсіп, қуа бастады. 1944 жылдың аяғына қарай дивизия Висла өзенінің жағалауына жетті. Осы кезеңде дивизия әскерлері генерал-майор «Сабыр Рақымовтың басшылығымен жорықтарда 175 елді мекендерді азат етіп, Тарнув қаласының аймағында қорғанып тұрды. 1945 жылдың қаңтар айынан бастап Қызыл Әскер жауынгерлері Висла өзенінің батыс жағалауында кең майданда шабуылға шықты. Жау абыржып тәртіпсіз жағдайда сасқалақтап қаша жөнелді. Дивизия командирінің өмірінде жаңа кезең басталды - Сабыр Рақымов 37-ші гвардиялық атқыштар дивизиясына командирлікке бекітілді.
Данциг бағытында 37-ші гвардиялық дивизияның сол қанатында Орта Азия әскери округінің ең ірі, соғысқа жарамды құрамаларының бірі 69-ші атқыштар дивизиясы да ұрыс жүргізді.