Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 13:43, курсовая работа
Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін өшпес із, жазылмас жара қалдырды. Қазақстан тарихы, түптеп келгенде, әлем халықтары тарихында бұл соғыстың алар орны ерен. Себебі соғыстағы жеңіс талай адамдар өмірін сарп етті. Жеңіс құны - «Ұлы» идея мақсатында тәлкекке салынған миллиондар тағдыры болды. Кеңес азаматы Ұлы Жеңіс үшін ең жоғары баға - жанын пида етті. 1418 күнге созылған қан майданда миллиондаған басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, Қазақстаннан ғана 1,2 млн. адам майданға аттанған болса, 700 мыңға жуық қазақстандықтар еңбек майданының «ащы дәмін» татып үлгерген еді. Қазақстанда майданға халықтың 25 пайызы жасақталғаны белгілі.
Міне, сондықтан Кеңес халқының гитлерлік фашизмді жеңгендігінің маңыздылығы шексіз эрі құнды. Қызыл Армияның әскери жорықтары кезінде, эсіресе, Сталинград пен Курск шайқастары кезінде Гитлердің сателлит мемлекетгердің (итальяндық, румындық, венгрлік) армиялары талқандалды. Фашистік Германияның одақтас еуропалық эскерлері 1941-1945 жж соғыстың барысы мен нәтижесіне ешқандай ықпал тигізе алған жоқ.
Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғысы КСРО-дағы халықтар достығының беріктігін, олардың моральдық-саяси бірлігінің бекемдігін, экономикалык және әскери бірлігі сынға түскен қатаң да ауыр жағдай болғандығын баса айтқан жөн.
Майданда және тылда Кеңес адамдарының патриотизмінің бекемдігі, бэріне ортақ Отанға айналған КСРО үшін жүздеген үлттан асатын халықтың қүрбандыққа баруға дайындығы сынға түсті. Бұл қағиданы, менің ерекше айтып отырған себебім, соғыс тарихын жиі бүрмалау арқылы қарапайым адамдардың шынайы достығын, олардың көп ұлтты мемлекетте түру жағдайында өзара қарым-қатынасы мен көмегінің өңін айналдырып көрсететін жағдайлар аз емес. Орталық баспалардан және одақтық, автономиялық республиқаларда, бүрынгы КСРО аумағына кірген аймақтарда жарық көрген көптеген эдебиеттерді мүқият талдап, сараптау нәтижесі майдангерлердің халықтар достығына адалдығын көрсетті.
«Өздерін жекелеп қүртуға мүмкіндік берген кейбір елдер мен үкіметтердегі сұмдық жағдайларға қатысты жұбату айтатын уақыт емес. Олар күштерін біріктірсе өздерін және әлемді апаттан қүтқара алатын еді. Біз ешқашан Гитлермен немесе оның серіктерінің ешқайсысымен де келіссоз жүргізбейміз. Күдайдың көмегімен Гитлердің көлеңкесінен жер бетін қүтқарғанша, халықтарды оның қаһарынан азат еткенше, біз онымен қүрлықта да күресеміз, теңізде де күресеміз, көкте де күресеміз. Нацизммен күресіп жатқан кез келген адамға немесе мемлекетке біз көмегімізді береміз. Біз қолымыздан келгенше Ресейге және орыс халқына барлық көмегімізді көрсетеміз».
Бейбітшілікті сүйетін біріккен күш фашистерді талқандады.
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының
барысы мен нәтижесін,
Соңғы жылдарда қазақ және орыс тілдерінде республикалық баспасөз беттерінде, облыстық газеттерде генерал - майор Сабыр Рақымов туралы мақалалар жарық көрді. Сонымен қатар, Құралай апа туралы да көлемді мақала оқырмандарға белгілі. Баспасөз беттерінде, көгілдір экранда Сабыр Рақымовтың Ташкенттегі ескерткішін алып тастаған соң бұл мәселе өршіді. Дэлірек айтқанда: Сабыр Рақымовтың үлты қазақ екені туралы. Генерал шеніндегі қазақтан шыққан батыр түлға туралы мэліметтер неге толық емес. («Надо признать, о Б.Момышулы знают все, тогда, как имя сына казахского народа С.Рахимова не столь известно», - пишет Қ.Айтбаев. Прав, на мой взгляд, автор статьи). Басқа да ұсыныстар аз емес.
Аталған мақалаларда, кейбір кемшіліктер мен қателіктерді айтпағанда, авторлардың пікірлері, меніңше, дүрыс ойлар мен толғаулар екеніне қосылуға болады. Мысалы: «Өскелең үрпақтың бойында отансүйгіштік тэрбиені қалыптастыру үшін қазақтың даңқын көтерген перзентімізді қүрметтеп, атын қастерлеп, ерлік істерін өнеге ретінде дэріптесек қайтер еді? Бұл жолда Астана мен Алматы қалаларының өзіндік орындары болек. Сондықтан еліміздің бас қалаларының төрінде батырымыздың тас мүсіні қасқайып түрса, оның атында үлкен орталық көшелер, білім ордалары болса өшкеніміздің жаңғаны, рухымыздың асқақтағаны» (Ғ.Сәрсенбайүлы, С.Түйетаев). Өте орынды үсыныс. Батырдың есімі ел есінде мэңгілік болуын да үмытпағанымыз жөн.
Сол газеттің 1943 жылғы 30 шілдеде
шыққан бетінде «Батырлар дэстүрі»
атты мақалаға зер салсақ, мақаланың
авторы газет тілшісі лейтенант
Түймебай Ашимбаев соғыстан кейінгі
жылдары қазақ ғылымында үлкен
жетістіктерге қол жеткізген, академик
дэрежесіне ие болған (1983 жылы) майдан
ардагері. Ол: «Батырлар дэстүрінің
негізі отаншылдық рухтан, Отанға деген
шексіз махаббаттан, озінің жауынгерлік
міндеттерін жүрегімен сезініп
түсінгендіктен басталады» деген ой-пікірлер
айтқан еді. «Неміс-фашист басқыншыларымен
болып жатқан қанды үрыстарда
қазақ жауынгерлері асқан ерлікпен,
зор табандылықпен өзінің Советтік
Отанын қорғауда. Осы айқаста оларды
бабаларымыздың - қазақ халқының батырларының
ардақты бейнелері ерлікке
Гвардия генерал-майоры Сабыр Рақымов туралы ресми мінездемелерде оның әскери кәсіби дайындығын жоғары бағалай келе, командирдің моральдық түрақтылығын, саяси дамығанын және де социалистік Отанға берілгенін корпус, армия және майдан басшылары бірауыздан атап өткен, сол ресми қүжаттарға енгізген.
Жыл сайын 9 мамыр күні Ұлы
Жеңісті мерекелейміз, 7 мамыр күні
Қазақстан Республикасының
Генерал-майор Сабыр Рақымовтың даңқты есімі мен қаһарман өмірі қазақ халқының тарихына, тәуелсіз Қазақстан тарихына, Ұлы Отан соғысының қазақстандық шежіресіне терендеп еніп келеді. Батырдың қайсар бейнесі біздер үшін жеңіс жалауындай айдындана беретіні анық. Сол ушін бүкіл қазақ халқының мақтанышы болған, 1941-1945 жылдардағы қантөгіс соғыста бір емес, үш дивизияға командир болып, гвардиялық генерал-майор погонын иығына таққан асыл үлымыздың есімі тек қана оңтүстік өлкеде шектелмей, еліміздің басқа да аймақтарында, Елордамыз Астана қаласында орын алады деген үсыныс пен үмітіміз артық сөз болмас.
Кеше ғана қүрдымға кеткен
алып мемлекет КСРО-да, Қазақстан мемлекетінің
шежіресінде Ұлы Отан соғысы мен
1945 жылғы Жеңіс күні адамзат тарихындағы
ерекше оқиғалар. Сол соғыс жылдары
қазақ халқының батырлығын әлемге паш
еткен, жауға қарсы шабуылда алдыңғы
сапты бермеген ержүрек ағаларымыз
туралы каншама шындык аңызға айналды.
Баршаға мәлім, 1942 жылы 22 қарашада белгілі
жазушы-журналист Илья Эренбург «Қазақтар»
деп аталған мақаласында
Қан майданда батырлық корсеткен, тылдағы үлағатты істері үлгіге айналған ардагерлер аз емес. Жетерлік. Дегенмен, жылдар жылжыған сайын олардың көбі мына дүниеден өтуде. Ел мен жүрттың бүгінгі жиындарына анда-санда ғана қатыса алатын ардагерлер саны күннен күнге азаюда. Тек қана ерлікті бағалау, ардақтау және насихаттау арқылы халықтың рухани потенциалын дамытуға болады, қиын кезеңдердегі түрақтылық пен бірлік жолын біздің жерлесіміз, біртуар ақындардың бірі қатарындағы Мүхтар Шаханов: «Иэ, ерлікті жасамаудан, бағаламау әлдеқайда қауіпті» деген терең ой-өлеңін жазған. Расында, Ердің қадірін бағалай білген ел ғана ертеңіне нық қадам басып, дамыған мемлекеттер катарында болмақ.
1941-1945 жылғы Ұлы Отан
соғысында халық пен елдің
азаттығы үшін, Отан үшін от
кешіп, рухы асқақтаған, үлттық
намысын жоғары ардақтаған
Социалистік Республикасы болды. Тэуелсіз Қазакстанның Президенті Нүрсүлтан Әбішүлы Назарбаев айтқандай, қазақ халқының тарихында қазақ үялатын ештеңе жоқ. Соғыс жылдары майданда да, тыл жағында да қазақ халқы жауды жою үшін, КСРО атты біртүтас Отаны үшін күндіз-түні аянбай майдандық вахтада болды. Республикамыз майданның өте зор арсеналына айналып, индустриялы елге айналды. Сол жылдардағы батырлык пен ерен еңбек барша қазақстандыктарға мэңгі үлгі мен мақтаныш. Бүгінгі үрпак осы шындықты күмэнсіз біліп, шынайы, тарихымыздың қасиетті рухынан нэр алғаны жөн.
Әр елдің, жердің өзіндік тарихы бар. Бүгінгі Қазығүрт ауданы соғыс жылдары Қаратас ауданы деп аталған. Тек тәуелсіздік таңы мен егемендік тарихымыз басталғанда ғана ел таңбасына айналған, тамыры мен аңызы тереңде жатқан Қазығүрт тауы ауданның атына берілді
Аты аңызға айналған Қазығұрт бауырында шағын ғана Көкібел елдімекенінде өткен ғасырдың бастапқы жылдарында Сабыр атты сэби дүниеге келді. Өмірге деген күштарлығы мен төзімділігі арқылы, езіндік қайраты мен ақылды сана-сезімін азамат қатарында Отаны мен еліне арнады. Сүрапыл соғыс жылдары Қызыл Армияның атақты командирі болып көтерілді. Жаяу әскерлер полкі мен дивизияларын басқарды, жауға қарсы өзі де алда болып шабуылға шықты. Ерлігі мен табандылығы арқасында абыройы асты. Көптеген жоғары дәрежедегі ордендер мен генерал шеніне ие болды. Қазақ халқының, туған жерінің атағы Батырдың есімімен шарықтады. Ал генералдың есімі халқының мэңгілік мақтанышына айналды.
Ресейдің Ржев қаласын фашист басқыншыларынан босату үшін болған шайқастарда қазақстандық 100-ші жеке атқыштар бригадасында, кейіннен 26-шы танк бригадасында барлаушы взводта батылдық пен мергендіктің үлгісін көрсеткен майдангер Исмаилов Боранбай аға да наурызда жарақат алып, госпитальға түседі. Емделіп шыққан соң тағы да майдандағы жауынгер жолдастарына аттанып, Жеңіс күніне Пруссияда жетеді. Соғыста кэрсеткен ерлігі үшін Боранбай аға екі рет «Ерлігі үшін» («За отвагу») медалімен, 2-ші және 3-ші дэрежелі «Даңқ» орденімен наградталған. Соғыстан кейінгі жылдары туған ауылы Шарбұлакта 30 жылдай еңбек етті, жүбайы Орынша апай екеуі 8 үл-қыз тэрбиеледі. 1998 жылы 76 жасында дүние салды.
Әрине, әр заманның өзіндік үні мен бет-айнасы болады, өзіндік ерекшелігін байқауға болады. Дегенмен, қазақ халқы арасынан атылып шыққан ер азамат, ержүрек батыл офицер Рақымов туралы қүжаттарда командирлік тэжірибесі мен рухани қасиеттері жоғары бағаланып, қантөгіс майданда оған полк пен дивизияны басқаруды тапсырғаны кездейсоқ оқиға емес. Сол мінездемелік құжатта корпус командирі Кеңес Одағының Батыры генерал-лейтенант Иванов Сабыр Рақымовты өзінше бағалай келе «Дивизия командирі қызметіне лайықты, сол орынға бекітуді сүранамын», -деп, қолын қойған. Толық мэтіні мынадай: «Занимаемой должности командира дивизии соответствует, ходатайствую в утверждении в должности». Бұл қорытынды сөздер қазақ тарихында, әскери шежіреде және де үлттық рухани қазынада мэңгілік орын алуы тиіс. Бүгінгі таңда генерал Рақымовтың командирлік қызметі мен адами бейнесі, ерлігі мен өнегелі істері Қазақстан түрғындары мен Отанымыздың солдаттары үшін, барша қазақстандық жастар үшін үлгі болып, патриоттық тәрбиелеу жүмыстарында тарихи және рухани қүрал ретінде қолдау табатыны анық-ақ. Генерал-майор Сабыр Рақымовты дэріптеу, оның өнегелі өмірі мен майдандағы ерліктерін баяндау арқылы бүгінгі Отанды қорғау жүмыстарын жақсартуға ықпал жасау, жастарды патриоттық сезімге баулу аса маңызды және де қай кезеңде болмасын өзекті мэселе екенін үмытпаған жөн.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ