Сабыр Рақымовтың жастық шағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 13:43, курсовая работа

Описание работы

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін өшпес із, жазылмас жара қалдырды. Қазақстан тарихы, түптеп келгенде, әлем халықтары тарихында бұл соғыстың алар орны ерен. Себебі соғыстағы жеңіс талай адамдар өмірін сарп етті. Жеңіс құны - «Ұлы» идея мақсатында тәлкекке салынған миллиондар тағдыры болды. Кеңес азаматы Ұлы Жеңіс үшін ең жоғары баға - жанын пида етті. 1418 күнге созылған қан майданда миллиондаған басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, Қазақстаннан ғана 1,2 млн. адам майданға аттанған болса, 700 мыңға жуық қазақстандықтар еңбек майданының «ащы дәмін» татып үлгерген еді. Қазақстанда майданға халықтың 25 пайызы жасақталғаны белгілі.

Файлы: 1 файл

Нуржан диплом.docx

— 149.18 Кб (Скачать файл)

Академияның бесінші бітірушілерінің  қатарында генерал Рақымов та бар еді. Соғыс кезеңінде Академияға 6 рет тындаушылар қабылданып, соңғысы                  1945 жылы 15 наурызда бітіріп шықты.

Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлігінің Орталық Мұрағатында сақталған «395-ші атқыштар дивизиясының «Тарихи формулярында» С.Рақымов және басқа офицерлер командир болған кезеңдегі оқиғалар мен әскери эпизодтар баяндалған

Бөлімдер  мен дивизияның көрсеткен ерлігі үшін, Сталинің жауды Қара теңізге  жібермеу бұйрығын орындағаны үшіп КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 13.02.1942 жылгы жарлығымен полк комиссарлары мен командирлері және көптеген саяси  қызметкерлер ордендермен марапатталды.

11.01.1943 жыл мен 1943 жылдың сәуір айы  аралығындағы шабуылдық шайқастарда  дивизия бөлімдері 40 елді мекендерді  азат етті.

Дивизия командирі С.Рақымовқа жіберген жеделхатта мынадай тарихи сөздер жазылған еді. Зер койып, оқиықшы:

«Өткен 1,5 айда болып өткен шайқастар 18-ші, кейіннен 56-шы Армия құрамындағы  Сізге сеніп тапсырылған, Сіз  басқарған дивизиялардың жоғарғы  жауынгерлік сапасын көрсетті. Топ  пен Армияның әскери кеңесі дивизияның жеке құрамының жауынгерлік сапасын  тәрбиелеудегі Сіздің еңбегіңізді  жоғары бағалайды.

Қызметтік жолымызбен жолдас Рақымов, Сізге, сол сияқты дивизияның бүкіл  жеке құрамына алғыс жариялаймыз, бұдан  кейін де сіздің дивизияңыздың жексұрын жауды - неміс фашистерін бұдан да үлкен табандылықпен, жігермен талқандап, жоятынына сенімдіміз, - деп жазылды  Петров*, Колонин, Ермолов, Гречко*, Харитонов, Гольденштейн және Кальченко* қол қойған жеделхатында.

Әскери  топ пен армия басшылары: Жеке құрам өз қызметінің өн бойында Сталиннің  сөйлеген сөздері мен бұйрықтарынан  тұратын тарихи құжаттар негізінде  тәрбиеленді.

Бұл кезенде  атқарылған барлық партиялық-саяси  жұмыстың нәтижесінде бөлімдердің  партия және комсомол ұйымдары едәуір өсті, олар өз қатарын шайқаста ерекше көзге түскен қызыл жауынгерлермен, сержанттар және офицерлермен толықтырды. 1941 жылдың 1 қыркүйегінен 1943 жылдың                       1 сәуіріне дейін дивизиялық партиялық комиссия ВКП (б) қатарына мүшелікке - 1474, кандидаттыққа - 3449 адамды қабылдады. Олардың арасында дивизияның үздік жауынгерлері - даңқты мергендер: Ермолаев, Мамаев, Захаров және көптеген басқа адамдар болды.

Рақымовтың  Ташкентте болған күндері, бұл оның 1943 жылы қысқа демалысқа келген кезі болатын, сол кездегі Өзбекстандағы  басты газет бетінде оның «По  фронтам Отечественной войны» деп  аталатын мақаласы жарияланды. Төменде  осы мақаланың қазақ тіліндегі  аудармасы толығымен беріліп  отыр.

«Ұлы  Отан соғысының басында мен даңқты батыр майор Ермоленко басқарған  Н танк дивизия мотополкі командирінің орынбасары едім. Алғашқы ұрысты біз  Ельня түбінде, 1941 жылы маусымда өткіздік. Гитлершілердің көптеген құрамаларын  жойып, оларды Ельнядан жүз километрге дейін ығыстырып тастап, Қызыл  Армия бөлімдері әскери операцияларын  жалғастыра берді. 1 тамызда мен ауыр жаракат алып, әскери өмірімде азырақ үзіліс болды.

1941 жылдың  тамызында мен Н дивизиясы  полкінің командирі ретінде Ростов  түбіндегі шайқастарда фон Клейст  армиясының бөлімдерімен бетпе-бет  келдім. Полк қорғаныста тұрған. Біздің мақсат - жаудың шабуылдаған  топтарын жойын, қарсы шабуылға  шығу. Қарашаның жиырма тоғызында  қолбасшыдан шабуылға көшу туралы  бұйрық алдым. Полк алдында  Дон мен Ақсай өзендерінен  жылдам өтіп, солтүстік-шығыс жағынан  Ростовқа жарып шығу тапсырмасы  тұрды. 29 қарашада түнгі сағат  4-те, қарсыластың позицияларын нақты  барлаудан кейін шабуыл басталды. Жау күзетін бұзып, жылдам Дон  өзенінен өтіп, қалың емес мұз  тұрған Аксайға қарай бет алдық.  Немістер бізге артиллерия және  минометпен оқ жаудырды. Жауынгерлер  жатып калды. Дәл осы кезде  «Оқ астында күтіп жатқаннан  гөрі. қарқынды шабуыл жасағанда  аз құрбан болады» деген ұлы  Суворовтың айтқаны есіме түсті.  Мен тез мұз жаққа барып  «Отан үшін!» деген ұранмен  жауынгерлерді бастап, Ростовқа  қарай бет алдық. Немістер абыржып  қаша жөнелді. Сағат               11-де Ақсай немістерден тазартылып, Қызыл Ту желбіреді.

Майдан  қолбасшысы генерал Ремезовқа «полк  алғашқы тапсырманы орындады» деген  мәлімдеме жіберілді. Ростов қаласы үшін шабуыл жалғасты. Жаяу әскер танкілермен  және артиллериямен бірлесіп қимылдады. Осы күні 30 неміс танкі, 17 зеңбірек, 30-ға жуық пулемет, 250 автокөлігі қолға  түсті.

Көп кешікпей полк Донбаста Клейстің топтарына қарсы  жіберілді. Осы кезде бізге қарсы  Италия экспедиция корпусы, 104-неміс  тау дивизиясы мен 225-жаяу дивизиясы  шабуыл операциясын жүргізуде еді. Біздің дивизия қорғаныстан шабуылға көшіп, Струково хуторын, Рассыпная, Петропавловское  деревняларын басып алды. Сұрапыл  шайқаста қызыл әскерлер немістерді              75 шақырымға куып тастады.

Осы ұрыстардан кейін көп ұзамай, мен Донда, Кубаньда. Кавказда әскери іс-қимылдарды орындау  тапсырылған Н Құрамасы командирінің орынбасары болып тағайындалып, Луганск шахтерлерінен жасақталған дивизияны басқардым.

Жауынгерлер арасында ата-аналары немістердің  қолынан қорлықпен мерт болған бірнеше  жасөспірімдер де болды. Солардың бірі - 15 жасар Вася Куркин болатын. Ол: «Менің анам мен әкемді немістер дарға асып өлтірді. Мен солар үшін жаудан кек  аламын» деген еді.

Көп ұзамай Вася жақсы барлаушы, артиллеристке  айналды. Оған кіші сержант шені берілді. Фашистермен шайқаста көрсеткен  ерен ерлігі үшін ол екі рет Жауынгерлік  Қызыл Ту орденімен марапатталды.

Ең  үздік мергендердің бірі — Вася Куркиннің қатарласы Геннадий Суворов  та «Қызыл Ту» орденімен марапатталады. Оны мергендік шеберлікке баулыған ұстазы Ералиев деген жауынгер қазақ  болатын.

Дивизия Кавказда Горячие Ключи ауданындағы  Кохт және Кочканово биіктіктерін қорғады. 125-ші, 128-жаяу әскерлер және 94- тау әскері бізге қарсы тұрды.

1942  жылы қыркүйектің 4-інде радист Аля Ткаченко жаудын радиохабарламасын ұстады. Онда жаудың 198 - дивизиясын басқарған генерал фон Буг, өз офицерлерінің алдында 5 қыркүйек күні сағат 5-те шабуылға көшу міндетін қойғандығы туралы мәлім болды.

Бізге Рақымов деген біреу басқарған, шайқастарда әбден шаршаған дивизиямен соқтығысуға тура келеді. 3 күн ішінде біз оны жойып, Туапсеге шығып, Кавказ операциясын аяқтауымыз керек.

Біз фрицтерге  өзіміздің қаншалықты «шаршағанымызды» көрсетейік деп шешім қабылдадық. Келесі күні таңертең сағат 5-те шайқас басталды. Көп ұзамай радист қыз  нсміс полковнигінің қаза танканын, бір ііодполковникгін, ауыр жараланғандығын  және бір сағатқа да жетпейтін  қысқа ұрыста 300-ден астам неміс  фрицтерінің жарақат алғандығы  туралы хабарлама алынды. Осы күні немістердің 15-ке жуық шабуылдарына гойтарыс берілді. Барлығы 900-ге жуық офицерлері мен солдаттарынан айырылған  фашистер кейін шегінді.

Немістер  кейінгі күндері де сәтсіздікке  ұшырады. Фон Бугтің белгілеген «үш  күні» үш айға созылды. Қыркүйек, қазан, қараша айларында немістердің біздің қорғаныс шебіне жасаған шабуылдары нәтижесіз аяқталып, бір метр де алға жылжи алмады.

1943 жаңа жыл қарсаңында дивизия жауынгерлері 
Грузия   КП   Сухуми   қалалық  комитетінің хатшысы Сачинавадан хат алып,жүректері қуаныш пен мақтанышқа бөленді. Ол хатта былай делінген:

« Құрметті ағайындар.Кавказдың даңқты корғаушылары!

Сухуми  қаласының еңбекшілерінен шын жүректен шыққан большевиктік ыстық сәлемімізді  қабыл алыңыздар... Жолдас жауынгерлер  мен командирлер! Сіздерге біздің Отанымыздың  маңызды бөлігі, бүкіл совет халқының мақтанышы, даңқты Кавказды қорғау - үлкен  сеніммен тапсырылды. Гитлер ешқашан  да Кавказдың тізе бүккенін көрмейді. Әзірбайжан, Грузия, Армения - Кавказ халықтарының барлығы да бір адамдай жауға  қарсы шығады.

Гитлершілерді аямай соққыландар, жау техникасын күндіз-түні талқандап, жойыңдар!

Әрбір Жауынгер өз шебін қорғай отырып, артта -туған жері, Отаны, жеңісті аңсаған  отбасы бар екснін ұмытпағаны жөн».

Үш  ай ішінде дивизия жаудың 8 мың жауынгерлері мен офицерлерінің көзін жойды.

Шахтер-барлаушы, екі орден иегері Загоруйко ебін тауып жау тылына өтіп, фон Бугтің күзетшілерін ұстап, генералды өлтірді.

Көктемде  Краснодар бағытында шабуыл операциясы басталды. Краснодар қаласын азат етіп, немістерді 130 шақырымға кейін  шегіндіріп, жауынгерлер шабуылдарын  әрі қарай жалғастырды.

Кубаньдағы  операцияны орындау барысында дивизия  орналасқан жерге самолет келіп қонды. Онымен совет үкіметі мені ең жоғары наградаларының бірі - екінші дәрежелі Суворов орденімен марапаттау үшін, осы орденді арнайы жеткізген екен.

Н дивизиясының мыңдаған жауынгерлері де түрлі орден, медальдармен марапатталды.

Біздің әскери кызметіміздің мұндай жоғары бағаланғаны біздің   рухымызды   көтеріп,   жаудың   соңғы күндері жақындап келе жатқанын сезгендей болдық.

Менің туған халқым да Кеңес Одағының басқа  халықтары сияқты   майданға көмектесу  үшін бар күш- жігерін жұмсауда

Көпұлтты  кеңес халқы қанқұйлы фашистік Германияны әзірейілді түбегейлі жойып, миллиондаған адамдардың еркін, бақытты өмір сүру құқын қайтарады.

Ташкенттен  кейін Рақымов майданға аттанды. Өзбекстан Компартиясы Орталык  Комитетінің 1-ші хатшысышың ұлы Леонид Юсупов оның адъютанты болған. Кітапта оның сол кездегі өмірі төмендегідей баяндалады.

«Таңертең Ракымов, Алиев және Юсупов аэродромда болды. Көп ұзамай ұшқыш генералдың самолетке кіруін сұрады. Коштасу сәті де келіп жетті. Сабыр Умарович Алиевті құшағына алды. Юсуповке жақындап, қолын созып, иығынан қақты да былай деді: «Сенің өтінішіңе катысты, Асқар [37,55], академия басшылығы қалай шешсе, солай болады. Ал енді, кездескенше. Қай жерде? Самолетке мінер алдында ол былай деді: «Майданда ма, Мәскеуде ме, Ташкентте ме, әркім өз борышын қайда жіберсе, сонда өтеуі керек».

Алиевті тағы бір құшақтады да самолетке  қарай беттеді. Жалғамалы сатымен  көтерілді де, есік алдында тұрып, қолын бұлғап, дауыстап: «Көп ұзамай үйге ораламыз. Кездескенше, достар!» - деді.

Кабина  есігі жабылды. Мотор гүрілдеп, содан соң өзінің сыңғырлаған әуеніне басты. Қанатының ұштары шамалы дірілдеп, алаңдағы шөптерді дөңгелектерімен жайпап, селкілдей гүрілдеп, самолет әуеге көтерілді.

Жер бетін  маусым айының көгілдір-сағымы басқан. Төменнен енді соғыс жалыны тимейтін жасыл егістіктер, ормандар, үйлер көрінді. Алайда әлі де соғыс жүріп жатқан еліміздің Батыс жағына бір жылғы үзілістен кейін Отан қорғаушыларының бірі - генерал-майор Рақымов қайта оралды. Ол 1944 жылдың 8 қыркүйегінен бастап, 47-ші гвардиялық дивизияны басқарды. Толық аты: Богдан Хмельницкий, «Қызыл Ту» орденіме марапаттады. Төменгі Днепр 47-ші гвардиялық дивизия, 1-ші Белорус майданы.

Дивизиянын  жаңа командирі генерал-майор С.Рақымов  әскери қызметінің ұсақ-түйегіне дейін  мән берді. Сондықтан жазғы ұзақ күндердің өзі оған жеткіліксіз  болды. Ол күндіз-түні еңбектеніп, шаршауды білмеді. Аккумулятордан қуат алатын автомобиль шамының жарығымен Сабыр Умарович штаб бөлімдерінде жинақталған қағаздарды реттеді.

Түрлі әскери операцияларды ойластырып, картаны  зерттеп,талдау жасады. Рақымов картамен жұмыс жасауды бейбіт заманда, екі  жыл бойы 19-шы кавалериялық дивизияның 42-полк штабының бастығы болып жүрген кезде үйренген. Содан бері қай  жерде болмасын, қай лауазымда  жүрмесін, картамен жұмыс жасауды  өзіне ғанибет санаған. Полк, дивизия  командирі болып жүрген кезінде  де ол өз қарамағындағы офицерлерді  картаны жылдам оқу қабілетімен  таң қалдырған. Генерал В.И.Чуйков басқарған 8-ші гвардиялық армия құрамында  соғыстың қиын жолдарын өткерген 47-ші гвардия атқыштар дивизиясының командирі  лауазымына кіріскен күннен бастап ол өзінің академиядағы окытушыларын құнды  да керекті дәріс бергендеріне риза болып, құрметпен еске алатын.

Дивизияда бірінші күннен бастап генерал қазіргі  заманғы соғыста командирдің  жақсы ұйымдастырылмаған штабсыз  жұмысы қиын екенін жаксы білетіндіктен, штабтық қызметке үлкен назар  аударды. Қандай керемет басшы болмасын, командир ұрыс даласында болып жатқан жағдайдың барлығын бақылай алмайды. Мұны тек тәжірибелі, арнайы дайындығы  бар офицерлер ұйымы ғана істей  алады.

Генерал-майор  С.О.Рақымовтың 37-екі мәрте Қызыл  Тулы, Суворов, Кутузов, Богдан Хмельницкий  ордендерімен марапатталған гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып  тағайындалғаны 2-Белорус майданы  басшылығының оған деген үлкен сенім  еді. Оның әскери тәжірибесін, көп жылдық қызметін жоғары бағалады. Бұл итальян  және Румын корпустарын талқандауға, Сталинград шайқасына қатысқан даңқты дивизия болатын [38,34].

1944 жылы 37-ші гвардиялық дивизия Орталық, 3-ші Белорус және 1-ші Белорус майдандары кұрамында (П.И.Батовтың 65-ші Армия әскерлерінің құрамында) Еділ өзенінен Шығыс 1 Пруссияға дейінгі ұрыстарға қатысты. С.Рақымов дивизияны басқарған кезде 2-ші Белорус майданы құрамында (Маршал К.К.Рокоссовский) маңызды ұрыстарға қатысты [39,25].

1945 жылдың басында майдан жолдары генерал Рақымовты 65-ші Армияның қолбасшысы П.И.Батовтың әскері құрамына әкелді. П.И.Батов Рақымовтың майдандағы ерліктері туралы кітаптардың алғашқы авторларының бірі болды.

Павел Иванович Батов (1897-1985) 1942 жылдың қазанынан   бастап   соғыстың   соңына   дейін 65-ші Армияны   баскарды.   Оның  басшылығымен бөлімдер меп құрамалар Дон, Сталинград, Орталық, 1-ші, 2-ші Белорус майдандарының Курск шайқасына, Днепр үшін шайқастарға, Белоруссия қалалары меп селоларын азат етуге,  Берлин үшін  болған  маңызды операцияларға белсене қатысты. Әскерлерді білікті басқарғаны және жеке өзінің ерлігі мен кайсарлығы үшін оған екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Екінші жұлдыз 65-Армия Әскерлерінің Висла өзенінен өткені, Данциг, Штеттин қалаларын басып алғаны үшін берілді.

1955 жылы  П.И.Батов «Армия генералы» дәрежесіне  ие болды. 1962-1965 жылдары Варшава келісімшарты мемлекеттерінің біріккен қарулы күштері штабының бастығы, 1970-1981 жж. Кеңес соғыс ардагерлері комитетінің төрағасы болды. Оның қола мүсіні туған жері Рыбииск қаласында орнатылған.

65-ші Армияның қолбасшысы генерал П.И.Батов өзінің 1945 жылдың басындағы Пруссиядағы шайқастары туралы былай деп еске алады. Бұл әскери теңіз флоты көмегімен күшті бекініске айналдырылған порт-қаланы басып алу Кенигсберг қаласынан да қиынға түсті. Неміс басшылығының ойы бойынша осы үш қаланын қорғанысы шабуыл жасаған біздің әскер күштерін әлсіретуге тиіс болды. Алайда бұл ойы іске аспады. Біздің басшылардың мақсаты Данциг қаласын тез арада басып алып, әскерлерді ең маңызды шайқас - Берлин үшін шайқасқа дайындау еді. Осыған байланысты Данциг қаласын басып алу жоспарының операциясы тыңғылықты әзірленді [40].

Информация о работе Сабыр Рақымовтың жастық шағы