Сабыр Рақымовтың жастық шағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 13:43, курсовая работа

Описание работы

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін өшпес із, жазылмас жара қалдырды. Қазақстан тарихы, түптеп келгенде, әлем халықтары тарихында бұл соғыстың алар орны ерен. Себебі соғыстағы жеңіс талай адамдар өмірін сарп етті. Жеңіс құны - «Ұлы» идея мақсатында тәлкекке салынған миллиондар тағдыры болды. Кеңес азаматы Ұлы Жеңіс үшін ең жоғары баға - жанын пида етті. 1418 күнге созылған қан майданда миллиондаған басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, Қазақстаннан ғана 1,2 млн. адам майданға аттанған болса, 700 мыңға жуық қазақстандықтар еңбек майданының «ащы дәмін» татып үлгерген еді. Қазақстанда майданға халықтың 25 пайызы жасақталғаны белгілі.

Файлы: 1 файл

Нуржан диплом.docx

— 149.18 Кб (Скачать файл)

65-ші  армия, 49-шы армия және 5-ші танк  армиясымен бірлесе отырып, немістердің  2-ші екпінді армиясының Грауденцтен  Висланың сол жағалауымен жылжуына  тосқауыл қойып, Данциг қаласын  басып алуы керек еді. Данциг  қаласын азат ету үшін тікелей  шайқастарға поляк армиясыныц  танкішілері де қатысты. Мен  бұл мәселені айтып отырған  себебім, біздің поляк достарымыз  бен серіктестерімізге Дапцигті  қайтарып алу үшін күрес намыс  пен патриоттық борыш еді.

Майдан  басшылығы шабуылдаушы әскерлерді күшті артиллериялық құралдармен  күшейтті, 4-ші әуе әскері құрғақтағы әскерлермен бірлесе сәтті кимылдады. Генерал Вершинин 4-армиядан басқа  да көрші майданның әуе кұрамаларын   қатыстырып,   «жұлдызды шабуылдарды» ұйымдастырды.  Дұшпан позицияларының үстінде түрлі биіктікте жүздеген ұшақтар ұшумен болды,әсіресе жаяу әскерлер мен танкілердің жылжуына бөгет жасаған жаудың әскери-теңіз  флотымен күресте ұшқыштардың атқарған ролі ерекше болды.

Дәл осы  іс-шаралардың тығыз үйлестірілуі, әскерлердің барлык түрінің бірлесе  қимылдауы осындай жетістікке қол  жеткізді. Кенигсбергке карағанда, Данциг шынында да тез азат етілді, және де осы үш қала - Данциг, Гдыня, Цопот  үшін күресте немістер біздің күшті  тоқтатуға немесе ұзақ шайқасуға  мәжбүр ете алмады.

Міне, майданның осы маңызды бөлігіндегі  күрестің жалпы көрінісі осындай  еді. Данциг бағытындағы біздің құрамалардың  шайқастары   әуелден-ақ  аса  кескілескен  сипатымен  ерекшеленді.  Варлюбен-Ошево  темір жолы бойында  кенеттен неміс танкілері пайда  болды. Оларға қарсы резервте тұрған жойғыш артиллерия мен Дон корпусының гвардияшылары жіберілді. Тағы бір айта кететін нәрсе, армия генералы Пановпен бірлескен қимыл жақсы үйлестірілді. Танкішілер   шабуылдағы   әскердің  жалпы мақсаттарын жақсы түсінді. Жаудың қарсы шабуылы іске аспады. 10 танк өртеніп, калғандары батысқа қарай шегідді. Тұтқындардың айтуы бойынша, бұл Грауденцтің қорғанысын күшейту үшін бағытталған 251-ші дивизияның бір бөлігі екен. Тұткын офицер былай деп мойындауға мәжбүр болды: «Бізді темір жолмен тасыды., бірак орыс ұшақтары эшелондарды қатгы бомбалады, сондықтан біздің жүруімізден тұруымыз көп болды. Сіздердің әуе әскерлеріңіз жан тұршігетіндей екен»?

Ақпан айының соңына қарай армия Данцигке баратын жолдағы үлкен соңғы  су бөгеті болған Шварцвассер атты өзенге жақындап келе жатқан. Күштің жетіспеушілігі анық сезілетін, себебі немістер Шығыс  Пруссиядан шығарылған өздерінің бөлімдерін осында жеткізіп үлгерді. Біз штабта осы жағдайды талқыладық.

- Грауденцтен 37-ші Федюнинскийдің армиясына бергеніне өкініштіміз, - деді Бобков. Ол бізге қазір қажет еді.

  • Бұл жайында бұйрық бар ма?
  • Михаил Владимирович, майдан штабы басшысымен байланыстыр.Мен одан гвардияшылардың кайтарылуын өтінгім келеді.

Бобков  телефонға жақындап үлгерген жоқ, ординарец генерал Рақымовтың келгенін хабарлады.

  • Бұл керемет жаңалық!

Орта  Азия халықтарынан шыққан ең тұңғыш генерал - Рақымов полковник Ушаковты майдан басшылығы жоғарылатқаннаи кейін 37-ші гвардиялық дивизияны қабылдады. Генерал шешімді өте батыл және жылдам қабылдайтын. Ол бөлмеге кірді де, дивизия Грауденц үшін шайқасты аяқтап, толық құрамында «туған армиясына оралды» деп шын көңілімен қуана баяндады.

  • Сіз, Рақымов жолдас, осындай бұйрық алдыңыз ба?
  • Жоқ бұйрық болмады...Түнде жиналдық та, кетіп қалдық,
  • Бұл қылмыс қой. Майдан қолбасшысы сізді сотқа береді!

- Жауынгерлер өзінің армиясында шайқасу үшін жүздеген километр жүріп келді!..

Келесі күні таңертсң дивизия шайқасқа қосылды. Ол армияның Шварцвассер өзенінен бірден жылдам өтіп шығуына көмек көрсетті. Алайда дивизия командирі өздігінен шешімк абылдағаны үшін майдан қолбасшысынан қатаң сөгіс алды.

Армия Данңигке қалың орман ішімен жүріп  келді. Тылда неміс жасақтарының қалдықтарымен, жеке бөлімдері және отрядтарымен шайқастар әлі де жүріп жатты. Жау кұрамалар штабтарына,   қоймаларға,   ұсақ   бөлімшелерге шабуыл жасап тұрды. Осыған байланысты армия бойынша, әсіресе, түнде және жолда қырағылықты күшейту туралы бұйрық шықты. Осыған қарамастан, қиын жағдайларға да тап болып отырдық. Бір күні 18-ші корпустың штабы түнде бір виллада тоқтап, түнейді. Таңертең полковник                И.К. Брушко сол үйдің жертөлесінде ұйықтап жатқан немістерді тауып алады.

Балтық  теңізіне жақындаған сайын поляк  жерінде бай неміс қоныстанушыларының зәулім үйлерін жиі кездестіріп  отырдық. Қожайындары - кулактар мен  барондар -қашып кеткен, ал олардың  батырақтары - поляктар бізді туысқанындай қарсы алып жатты. Бір ферманың жанында  біздің артиллеристердің алдынан бір  қыз жүгіріп шығады. Ол жауынгерлер  арасынан өзінің ағасы Иван Курносиковты таныған екен.

1942 жылы  Орел облысы, Хвостово ауданы  Кнын деревнясында Аняны басқа  қыздармен бірге Грауденцтің  қасындағы лагерьге алып кеткен. Осы жерде 10 қызды неміс бароны  сатып алады. Солардың ішінде  біздің жауынгердің қарындасы  да бар .еді. Екі жылдан астам  олар күң болған. «Бізге мал  құрлы қарамады, - деп Аня жауынгерлерге  әңгімеледі, - қамшымен сабап, күніне  бір кесе сылдыр сорпа мен  бір үзім нан ғана берді.  Тікенек сыммен қоршалған сол  барактарда тұрдық. Тәулігіне 18 сағат  жұмыс істедік». Үш күн ағасының  қасында, ағасының жолдастарының  қамқорында болып, қыз отанына  оралады.

Данцигтен 40 шақырым жерде немістердің 27-ші армия корпусы қорғанып жатты. Жауға  танкішілер шабуыл жасады. Позициялар бір шабуылдан кейін-ақ бұзылды. «Тұтқынға алынған осы корпус штабыныңбарлау бөлімінің бастығы  майор Ландхайц былай деді: «Біздің  бөлімдердің мақсаты күшті қорғаныс еді. Сіздердің шабуылдарыңыз тосын  жағдай болды. Мен өзім басшыларға 65-ші армия толықтырылған емес немесе күшейтілген жоқ, сондықтан ешқандай бір шешуші іс-шара қолдана алмас» дегенмін.Алайда сіздер ұрысқа танк корпусын енгізіп, жағдайымыз қиындады.

Әрине, неміс барлаушысының айтқаны дұрыс. Висладан Данцигке дейінгі шабуылда біздің бір ерекшелігіміз - адам саны тапшы болса да, оқты көп жаудырдық. Қосымша адам жіберілген жоқ. Дивизияларда жеке құрамның тек 40 пайызы ғана қалды. Тыл қызметкерлерін, атты әскерлерді қысқарттық. әр адамға 2-3 ат қалдырдық. Саяси қызметкерлер полковник Ғаниевтің бастауыменгоспитальда емделіп жатқан жеңіл жарақаттанғандар арасында жұмыс жүргізді. Көбісі қатарға қайта оралды. Дивизияға армия штабының күзет ротасын да жіберді, тек түнгі күзетке ғана керектілерді қалдырды. Дон корпусының көмегімен армия Данциг қорғаныс шептеріне де жетті. Жаудың қалада 50 мыңнан астам әскері мен күшті артиллериясы болды. Қорғанысты жау флоты демеп тұрды. 26 наурыз күні 37-ші корпус командирі қала қорғанысын бұзу үшін шабуыл барысында 37-ші гвардиялық дивизияның бақылау бекетіне жаудың кеме артиллериясыиың снаряды түсіп жарылғандығы туралы баяндады. Бірнеше командирлер, соның ішінде генерал-майор С.О.Рақымов және саяси бөлім бастығы полковник А.А.Смирнов қаза тапты. Талай сыннан өткен жауынгер, тамаша адамдардың өмірі осылайша қиылды.

Данцигке  барлық үш атқыштар корпусы шабуылдады. Дивизиялар кеңінен жайылған жоқ. Әр құрамада, жағдайға байланысты, алғы шепке бірнеше шабуыл жасаушы отряд келе жататын. Дивизия командирі жанында резервті ғана қалдырып, өзге жауынгерлерді бөліп-бөліп басып алған көшелерге, кварталдарға, ірі ғимараттарға жіберетін.

Бөлімнің  ең алдыңғы шептері қала ішіне  кіргенде 37-ші гвардиялық дивизиядан генерал  К.Е. Гребенник былай деп баяндағаны [41,45]:

- Біз  екі қашқынды тұтқындадық, неміс  офицерлері. Олар маңызды жеделхат  әкелгенін айтады.

- Қане. оларды маған әкеліңдер!..

Қашқындар 24-ші жау корпусының лейтенанты Нойман меи гарнизонның байланыс торабының бастығы лейтенант Геббель екен. Жеделхатта былай делініпті: «Берлин, фюрердің ставкасы. Данциг гарнизонының бастығы, 24-ші әскери корпусының генералы Фельцманға: Қаланы соңғы адам калғанша қорғау қажет. Капитуляция туралы сөз болмауы тиіс. Жасықтық жасаған офицерлер мен солдаттарды әскери-далалық сотқа беріп, бәрінің көзінше дарға асыңдар. Гитлер». Міне, бұл неміс басшылығының Данциг «қазандығы» маңында біздің күштерді қысымға алу пиғылының соңғы куәсі. 2-ші Белорус майданының қолбасшысы маршал Рокоссовский жаудың солдаттары мен офицерлеріне ізгілік пен ақылға келу туралы ұсыныс жасады.

Ол: «Менің әскерім сіздерді толық қоршауға алып отыр. Осындай жағдайда қарсыласудың мәні жоқ және бұл тек сіздердің, мыңдаған әйелдердің, балалар мен  қарттардың өліміне әкеледі». Капитуляция  туралы ұсыныс қабылданбады.

Біздің  дивизиялардың бөлімдері көше-көшеде қиын шайқастарды басынан өткізіп  жатты. 193-ші Днепр дивизиясының командирі  генерал-майор К.Ф.Скоробаткин орамдардың біреуінде ұрыс жүргізді. Бұрышта  үлкен бес қабатты үй тұр. Қабырғаларында амбразуралар орналасқан. Олардан сегіз  ірі калибрлі пулеметтер от жаудырып жатыр. Ғимараттарға апаратын жолдардың  барлығы миналанған және тікенек  сыммен қоршалған. Шабуылшы отряд бұл  жерде екі сағат ұрыс жүргізіп, өте алмады. Ескі берік ғимараттардың  қабырғаларын бірде-бір снаряд тесіп  өте алмайды. Алайда, шамалы уақыттан соң дивизия командирі: «Алдық-ау, әйтеуір, мына үйді. Енді орамдарды  тазалап жатырмыз»,-деді. Кейін, Данцигті басып алғаннан кейін, К.Ф.Скоробаткин  марапат парақтарымен келіп:

  • Мына батырды ерекше бағалаңыздар. - деп бір парақты ұсынды.
  • 895-ші полктің командирі подполковник Прилепский!..
  • Сіз оны танисыз ба, жолдас қолбасшы?
  • Әрине! Ол біздің атақты Серб 69-шы дивизиясы 303-ші полкінің бұрынғы командирі ғой. Ол Кузовковтың «мектебінен» өткен. Есімде, солдаттар оны Суворов деп атап кеткен. Деснада ауыр жарақат алған еді... Әрине, мұндай ардагерлер қатарға қайта оралып, ерлік жасап жатса, нұр үстіне нұр ғой.
  • Ол шынында да жарады, - деді дивизия командирі. Сол қарғыс атқан үйді ала алмайтын шығармыз деп ойлаған едім. Мен шабуылшы отрядқа өзім келдім. «Біз оларды, генерал жолдас, қазір қуып шығарамыз», - деді Прилепский. Қираған үйлер арасында оттың 12 зеңбірегі орналасып. Неміс қаруларына қарай және ғимараттардың терезелеріне көзделген еді. «Ат!» командасы берілді. Алға қарай мергендер шықты. Төртеуі мина қойылған алаңға жетті, үшеуі жарақаттанды. Ғимараттарға түтін шашқыштар лақтырылды да, айналаның бәрін қара түтін қаптады. Саперлер жолды миналардан тазалап, темір қоршауды бұзды?

Адъютант машинада жатқан генералды алғаш қарап шыққан кезде оң иығындағы жарақатты ғана көрді.

Рақымовқа алғаш дәрігерлік тексеру жасаған медсанбат командирі Фок Яков Самойлович [42,29]. Ол Сабыр Омаровичтің есінен танғанының және ауыр халінің себебін анықтады. Кішкентай ғана снаряд сынығы еш із қалдырмай шеке сүйектен өтіп, миға зақым тигізген. Жедел түрде әскери хирург шақырылды. Ол рентген суреттерін көріп, жаралыны тексеріп, операция жасаудың еш пайдасы жоқ деген шешімге келді. Генералдың жүрегі канша уакытқа шыдас берсе, сонша өмір сүреді дегенді айтты.

Түні  бойы генерал есін жимай, ыңырсып  жатты. Көрші бөлмеде оның көмекшісі, жүргізушісі, бірнеше офицерлер, адъютанты және медбике болды.

1945 жылдың 26 наурызының таңы атты. Солдат  койкасында ауыр жарақатталған  гвардия генерал-майоры Рақымов  жатыр. Осындай күшті адамның  өмірі үзіліп барады. Алайда, дивизия  командирінің соңғы бұйрығындағы  алға қойылған мақсат әлі тірі. Сол тілекті орындай отырып, жауынгерлер  тағы да шабуылға көшті. 114-ші, 109-шы гвардия полктері Брентау,  Любекгхов бағытында бір шабуылдан  соң екіншісіне шығып жатты. 118-ші  гвардия полкі Зибельхаммер жаққа  ұмтылды. Өмір үшін күрес Сабыр  Омарұлының ағзасында әлі де  жалғасып жатты. Алайда, алдыңғы  он жарақаты мен контузиясының  әсері болмай қалған жоқ. 1945 жылы 26 наурызда, сағат 13.00-де генерал майор Сабыр Омарұлы Рақымов, есіне келмей қайтыс болды. Қайтыс болған жері — Фиррек елді мекені, Данцигке апаратын тас жол бойы.

Польша  үшін шайқастардың өзінде 4200 солдат, офицерлер, 12 өзі жүретін құрылғы, 40 зеңбірек пен миномет, 5 танк, 1150 миномет, 55 самолет, 1335 автомат пен винтовка, 36 өзі  жүретін құрылғы жойылды.

Данциг  алынған күні, 1945 жылы 30 наурыз күні Белорус қаласы Гродноның тұрғындары және әскери гарнизон қаза тапқандарға  соңғы рет бас иіп, қоштасу  рәсімін жасады. Олар гвардия генерал-майоры С.О.Рақымов, гвардия полковнигі А.Смирнов, гвардия подполковнигі С.А.Головань еді.

Осы күні даңқты жауынгерлер құрметіне, тірісі мен қаза тапқандарына Мәскеу салют  берді. Жоғарғы Бас Қолбасшының 1945 жылы 30 наурыздағы              № 319 бұйрығында былай деп жазылған:

«II Белорус  майданының әскерлері Данциг тобын  талқандауды аяқтап, бүгін, 30 наурыз күні шабуылмен немістердің маңызды  портты қаласын, немістердің Балтық теңізіндегі күшті әскери-теңіз  базасы - Гданьск қамалын басып  алды.

...Генерал-майор  Рақымовтың әскері ерекше көзге  түсті [43,35].

Данцигты  алғаннан соң бірнеше күннен кейін, жұбайымен кездесуге үміттеніп  жүрген Рақымоваға Усман Юсупов бастаған республика басшылары келіп, жұбайының  қаза тапқаны туралы айтты.

Өзбекстан Компартиясы мен республика үкіметі  сол қайғылы күндерде былай деп  хабарлады: «Халық комиссарлары кеңесі, Өзбек КСР-і Жоғарғы Кеңесінің  Президиумы, Өзбекстан КП(б) Орталық  Комитеті отанымыздың бостандығы мен  тәуелсіздігі үшін соғыста генерал-майор  Сабыр Рақымовтың қаза тапқанын естіртеді.

Генералдың  қазасы туралы бүкіл Ташкент есітті. «Екі рет Қызыл Ту, Суворов және Кутузов ордендерімен марапатталған  гвардиялық дивизия командирі генерал-майор  Рақымов ерлікпен қаза тапты. Арамыздан  ержүрек, батыл, өз елінің патриоты, дарынды  командир кетті. Большевиктер партиясының  адал ұлы неміс фашистерін жою  туралы аманатын жанқиярлықпен орындады, жеке басының ерлігімен өз қарамағындағы  жауынгерлерді жеңіске жігерлендірді», - деп жазылған хабарлама жарияланды [44].

Информация о работе Сабыр Рақымовтың жастық шағы