Сабыр Рақымовтың жастық шағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 13:43, курсовая работа

Описание работы

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін өшпес із, жазылмас жара қалдырды. Қазақстан тарихы, түптеп келгенде, әлем халықтары тарихында бұл соғыстың алар орны ерен. Себебі соғыстағы жеңіс талай адамдар өмірін сарп етті. Жеңіс құны - «Ұлы» идея мақсатында тәлкекке салынған миллиондар тағдыры болды. Кеңес азаматы Ұлы Жеңіс үшін ең жоғары баға - жанын пида етті. 1418 күнге созылған қан майданда миллиондаған басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, Қазақстаннан ғана 1,2 млн. адам майданға аттанған болса, 700 мыңға жуық қазақстандықтар еңбек майданының «ащы дәмін» татып үлгерген еді. Қазақстанда майданға халықтың 25 пайызы жасақталғаны белгілі.

Файлы: 1 файл

Нуржан диплом.docx

— 149.18 Кб (Скачать файл)

Сабырдың  осындай  еңбегіне  баға  бере  келіп,республикалық  “Правда  Востока”  газеті  былай, - деп  жазды:

“Майор С.Рақымов  әскери  маман  ретінде,педагог  әрі  ұйымдастырушы  ретінде  Ташкент  облысы  тұрғындарын  әскери  іске  үйретуді  жақсы  ұйымдастыра  білді.  Ол  өзінің  күш-жігері, әскери  істі  жетік  білуі, бұқараны  ұйымдастыра  білуі  арқасында  облыс  жастарының  сүйіктісіне  айналды. 1939-1940 жылдары  облыс  әскери  оқуды  ұйымдастыру  жөнінен  бірінші  орынға  шықты”.

Сабыр  ішінен: “Өзбекстан  Компартиясы  Орталық Комитеті  органының  мақтауы –бүкіл  партия  мен  халықтың  мақтауы. Яғни,мен  өзіме  көрсетілген  сенімді  ақтадым”, деп  ойлады.

Ташкет  облыстық  қорғаныс  қоғамы  кейінрек, 1943 жылы  “Осоавиахиші”  атты  самолет  жасауға  20 мыңнан астам  рубль  жинап  өткізді.  Рақымов  пен  оның  ізбасарларының  істеген  еңбектерінің  бәрін  тізе  берсең,  том-том  кітап  болар  еді.

Сонымен, Сабыр  Рақымовтың  өткен  ғасырдың  30-40-шы жылдарында  Орта  Азия  әскерлері  қатарында  белгілі  офицер  болғаны  мұрағат  құжаттары, әдеби  шығармалар  мен  бұқаралық  құралдарда  орын  алған. Әскери  дайындығы  мен  азаматтық  борышқа  деген  өлшемдері  жоғары  деңгейде  болған.  Және  де  командир  ретінде  өз  қарамағындағы  жауынгерлердің  кәсіби,саяси дайындығы  мен  әлеуметтік  жағдайын  жақсартуға  аса  мән  бергенін  атап  айтуым  керек. Сабыр  Рақымов  осындай  үлгілі  офицер  болған.

 

2 ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН МАЙДАНГЕР

 

2.1 Сабыр Рақымов 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы майдандарында

 

1941 жылдың 22 маусымы күні гитлерлік Германия  өзінің бүкіл әскери қуатымен  Кеңес Одағына басып кірді.  Адамзат баласының тарихындағы  ең қантөгісті соғыс басталды. Өзінің ауқымы, қиян-кескілігі және  алға қойған мақсаттары жағынан  алып қарағанда, бұл соғыс қарама-қарсы  екі мемлекеттік жүйенің қарулы  қақтығысы еді.

Отан  соғысы Кеңес халқы үшін өте ауыр, бүкілхалықтық сипаттағы соғыс  болды. Гитлерлік қарулы күштер қатарында 5,5 млн. адам, 4300-ден астам танкі, 4200 әскери самолет, 47.900 зеңбірек пен миномет  болды [1,25].

Соғыстың алғашқы үш аптасы ішінде жау Белоруссия мен Украинаның көп бөлігін басып алып, Киев бағытына 350 км, Ленинград бағытына 450 км, Смоленск бағытына 600 км жылжыды. Кеңес әскерлерінің шығыны орасан көп болды. Балтық пен Қара теңіз аралығында орналасқан 170 кеңес дивизиясының 28-і талқандалып, 72 дивизия адамы мен техникасының жартысынан айырылды, демек, алдыңғы шепте орналасқан 100 дивизия жойылды деген сөз. Кеңес жағынан 850 мың адам қаза тауып, 3.5 мыңға жуық ұшақ, 6 мыңнан астам танкі, 9,5 мың зеңбірек жойылды [2,32]. Қызыл Армияны басқару қиынға айналды.

Кеңес шекарашылары мен айрықша батыс  округ әскерлері, Одесса мен Севастополь, Ленинград пен Смоленск қорғаушылары беріспей шайқасты. Соғыстың алғашқы  күндерінен-ақ, 1941 жылы маусымының соңына қарай 9-шы танк дивизиясы (кейін 104-ші танк дивизиясы болып   өзгертілді)   құрамындағы   полк командирінің орынбасары қызметіндегі майор Сабыр  Рақымовтың Ұлы  Отан  соғысына  қатысуы  басталды. Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатында сақталған  ресми құжатта Сабыр Рақымовтың ҰлыОтан соғысына қатысуы 1941 жылдың 22 маусымнан басталған деп көрсетілген. Ал С.Рақымовтың өз қолымен жазылған өмірбаянында «Ельня түбіндегі ұрыстарға  қатыстым» деп қысқа тұрде  көрсетілген. Бұл Сабырдың 1941 жылдың 10 шілдесі мен 10 қыркүйек аралығында болған Смоленск шайқасының Ельня түбіндегі  ұрыстарға қатысқанын көрсетеді. Мәскеу бағытында орналасқан Смоленск жеріндегі  бұл шайқас Ұлы Отан соғысы тарихында  үлкен орын алады, өйткені, Кеңес  астанасын кідіріссіз басып алу  идеясы, яғни, Гитлердің ең басты  стратегиялық мақсаты іске аспай  қалды. Жаудың «Орталық» тобына кіретін  ең таңдаулы дивизиялары Мәскеу бағытында  ұрыс жүргізгенін айта кеткен орынды.

Леонид  Юсуповтың кітабында, соғыс жылдарындағы құжаттар мен еңбектерге сүйене отырып, 104-ші танк дивизиясының Ельня дөңіндегі  ұрыстары суреттелген. Осы кітаптан шағын үзінді келтіргенді жөн  көрдік.

«Әскери бұйрық алған С.Рақымов алдағы ұрыстардың сипатын коз алдына елестетті. Атқа қарғып мініп, қарапайым қару-жарақпен қаруланған басмашыларға шөл далада тап беру бір басқа. Ал орманды жерде және броньмен мұздай құрсанған жаумен шімірікпей шайқасудың жөні бөлек.

104-ші  танк дивизиясының 104-ші мотоатқыштар  полкі 20 шілдеде бұйрық берілген  жерге келіп тоқтады. Командирлермен  кеңес өткізілді. 43-армияның қолбасшысы  генерал-майор П.П.Собенников, армия  әскери кеңесінің мүшесі, бригада  комиссары Яковлев жағдайды түсіндіре  келіп, алдағы міндетті айқындады.  Жағдай аса күрделі еді. Жау  алға жылжуын жылдам жалғастыра  отырып, біздің әскерлерді қоршауға  алуға ұмтылды. Смоленскінің батысында  кескілескен ұрыстар жүріп жатты. 104-ші танк дивизиясы алдына  басқа бөлімдермен тізе қоса  отырып, жауды Сож өзенінен және  Смоленск қаласын оңтүстік жақтан  айналып өткізбеу міндеті қойылды.

Жаудың  снарядтары мен миналары қарша борап, жауынгерлерді бас көтертпей  тұрған кезде полк командирі майор  Ермоленко жараланды. Полк басшылығын С.Рақымов қолға алып, жаудың бірнеше  шабуылдарына тойтарыс берді. Сабырдың ұрыс даласындағы алғашқы күні осылай өткен еді.

Қазіргі заманғы соғыс дегеннің не екенін Сабыр екінші күні, 21 шілдеде көрді. Таң сәріден артиллерия мен авиацияның қолдауымен ондаған танкі Борисовка, Велик, Ельня ауданында орналасқан полк бөлімдеріне шабуылға шықты. Құлақ  тұндырған жарылыстардан, оқ пен  оттан айналаның астаң-кестеңі  шығып жатқан ұрыс сегіз сағатқа  созылды. Полктың қорғаныс шебі бұзылып, роталардың аражігі ажырап, байланыссыз  қалды. Жау екінші қорғаныс шебін  бұзып өтті. Осындай жағдайда майор  С.Рақымовтың өзі тікелей батальондарды  аралап, жауынгерлерді жігерлендірді.

Ф.Бок  пен X. Гудериан басқарған Герман әскерлерінің аса күшті шабуылын кеңестік Батыс  майдан әскерлерінің жанкештілікпен тоқтата  алған 1941 жылдың жазындағы оқиғалар жайында аз жазылған жоқ. Бұл туралы тағы бір еске алып өткен артық  болмайды. Өйткені, бұл шайқастарда  ортаазиялық әскери бөлімдер ерлікпен шайқасты. Мәскеумен қатарлас ежелгі қала Ельня түбіндегі ұрыстарда  майор Рақымов ауыр жараланып, сол  иығын оқ тесіп өтті. Осыған байланысты полк командирінің орынбасары С.Рақымов 1941 ж. 1 тамызынан 15 қазаны арлығында  Ставрополь өлкесінің Железноводск қаласында орналасқан эвакогоспитальда емдеуде болды [4,12].

Мәскеуге  апарар төте жолда жатқан Смоленск аймағындағы Вязьма, Ельня, Рославль қалаларында генерал Гудерианның  моторландырылған және танк дивизиялары  ұрыс қимылдарын жүргізіп жатты. Оларға төтеп беру аса қиын еді. Батыс  майданының сол кездегі қолбасшысы Г.К.Жуков былай деп еске алады: «Смоленск 16-шілдеде жау қолында  қалғанымен, Батыс майдан әскерлері  басқыншыларды Мәскеуге жібермей тоқтатып тұрды. Батыс елдеріндегі оңай жеңіске  үйренген Гитлер генералдары мен  офицерлерінің көңіліне күдік ұялады» [5,18].

Маршал  Г.К. Жуков: «Майданның барлық бөліктеріндегі шайқастар екі жақ үшін аса  ауыр кескілескен сипатта болды, біздің әскерлер күн-түн демей ауыр соққылар берді», - деп еске алады. Ельня  шайқасында немістердің 10-шы танкі, 17-ші моторландырылған, 15-ші жаяу әскер дивизиялары  талқандалды. Жау ұрысқа жаңа бөлімдерді кіргізумен болды. Дұшпан әскерлерінің Ельня тобын талқандау - біздің жауынгерлердің рухын көтеріп. жеңіске деген сенімін арттырды [6, 37].

1941 жылдың  шілде-тамыз айларындағы Смоленскіні  қорғау шайқастарында кеңестік  гвардия дүниеге келді [7,49]. 1941 жылдың 18 қыркүйегіндегі КСРО Қорғаныс Халық Комиссарының бұйрығымен Қызыл Армияның төрт атқыштар дивизиясына Отан қорғаудағы ерлігі үшін гвардиялық атақ берілді. Атап айтқанда, 100-ші атқыштар дивизиясы 1-ші гвардиялық (командирі генерал-майор Н.Н.Руссиянов) [8,24], 161-ші және 2-ші гвардиялық (командирі генерал-майор П.Ф. Москвитин), 127-ші және 3-ші гвардиялық (командирі полковник А.З.Акименко), 153-ші және 4-ші гвардиялық (командирі полковник Н.А.Гаген) болып қайта құрылды. Гвардиялық әскерлер Кеңес әскерінің ең таңдаулы бөлімдері еді.

Смоленск  шайқасында капитан И.А.Флеровтың  реактивтік артиллерия батареясы жауға  соққы берді. Бұл кейін «Катюша» аталып кеткен қарумен қаруланған Кеңес  әскері құрамындағы жалғыз бөлім  болатын [9,55]. Флеровтың батареясы фашистерге қарсы ең алғаш рет 1941 жылдың 14 шілдесінде Орши маңында оқ жаудырды. Қазан айында батарея жау тылына 200 шақырымдай жақындай түсіп, фашистердің үрейін ұшырумен болды. Смоленск облысы, Знамя ауданы, Богатырь деревнясының маңында болған ұрыста батарея қоршауда қалып, ракеталық қондырғылар жау қолына түспес үшін жойылып жіберілді.

Смоленск  шайқасы барысында Ельня қаласы бағытындағы ұрысқа Орта Азия әскери округінен келген полковник И.Ф.Куцтың 221-ші моторландырылған дивизиясы қатысты. Дивизия бөлімдері Үлкен және Кіші Липня, Мутици аймағында Гудерианның  танк армиясының алдыңғы саптағы  күштерімен шайқасты. Сонан соң 17-ші механиқаландырылған корпустың  құрамында Ельня қаласын азат етуге қатысты.

Орта  Азия Әскери Округінің тағы бір құрамасы генерал-майор Я.К.Кулиевтің 21-ші тау  атты әскер дивизиясы Батыс майданның 28-ші армиясы құрамында Гудериан армиясының оң қанатына шабуылдады [10,65].

Кулиев  дивизиясының негізгі күштері 2 тамызда  неміс танкі дивизиясының Понятовка  және Зимница бекеттерінің маңындағы  шабуылдарына тойтарыс беріп, Краснопольеге  бекінді. Понятовка бекеті үшін шайқаста дивизияның               67-ші және 17-ші полктарының бөлімдері 25 танк, 3 миномет батареясын, екі  неміс жаяу әскер батальонын жойып  жіберді [11,9].

104-ші  ғанк дивизиясының бөлімдері  жауды өкшелей қуа отырып,                              7 қыркүйекте Стряна өзенінен  өте сала шайқасқа кірісті  [12,19]. Осы ұрыстарда командирдің орынбасары майор С.Рақымов болған полк ерлікпен шайқасты. Сабыр осы Смоленск жерінде жараланып, госпитальға жіберілді. Госпитальдан  соң Закавказье майданына жолдама алды. Кадрлар басшылығы оны 395-ші атқыштар дивизиясына жіберді.

395-ші  Қызыл Ту, II дәрежелі Суворов орденді  Тамань атқыштар дивизиясы алғаш  рет 1941 жылдың тамыз-қыркүйек  айларында Харьков әскери округінде  құрылған болатын [13,16]. Дивизия әскерлері негізінен Донбасс шахтерлерінен жасақталды. Дивизия құрамында 11800 адам бар еді [14,55].

Құраманың жауынгерлік жолы 1941 жылы қазан айында басталды. Осы кезде кеңес әскерлерінің оң қанатында аса қиын жағдай қалыптасты. Көптеген ірі әскери құрамалар қоршауда қалды. Олардың жауынгерлерінің  көпшілігі тұтқынға түсті. 1941 жылы қыркүйектің  ортасында Кеңес әскері Киев қаласын  жау қолына қалдырды.

Оңтүстік  майданы құрамындағы 395-ші дивизия  жау әскерімен шайқасты бастады. 56-шы армия құрамындағы 1149-шы атқыштар полкін бұл кезде подполковник Сабыр  Рақымов басқарған еді. 1942 жылы мамыр  айында С.Рақымов 353-ші атқыштар дивизиясы  командирінің орынбасары болып тағайындалды [15,75]. 1942 жылы қазан айында С.Рақымов 395-атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалды [16,39]. Бұл Орта Азия және Қазақстан халықтарының ішінен шыққан офицерді осындай жоғары әскери қызметке алғаш рет тағайындау болатын. Ол бұл үлкен сенімді ақтай білді деп мақтанышпен айта аламыз. Көрсеткен ерліктері мен командирлік шеберлігі үшін 1942 жылы екі рет жауынгерлік Қызыл Ту ордендерімен марапатталды. Сырткавказ майданы әскерлерінің тарихында: «Қара теңіз әскер тобының бірқатар құрамалары мен бөлімдері қорғаныстағы табандылығы мен жауыш ерлерінің ерлігі үшін үкіметтік наградаларға ие болды. Мыңдаған жауынгерлер, командирлер мсн саяси қызметкерлер ордендермен және медальдармен марапатталды. «Қызыл Ту» орденімен наградталғандардың ішінде 395-ші атқыштар дивизиясының командирі генерал-майор Рақымов Сабыр Омарұлы бар еді» деп жазылған [17,28].

1944 жылы  осы жоғары награда С.Рақымовқа  екі рет берілді. Ол Жауынгерлік  «Қызыл Ту» ордендерімен барлығы  төрт рет марапатталды. «Қызыл  Ту» ордені -тарихы мен құрметі  ерекше әскери награда 395-ші  атқыштар дивизиясы Краснодар  өлкесіндегі Чердаклы, Македоновка,  Новопавловка, Нижний Нагольчик  тәрізді ірі елді мекендер  мен Мариуполь қаласын азат  етуге қатысқан болатын. Дивизия  18-ші армияның құрамында, ал 1943 жылдың сәуірінен 37-ші армияның  құрамында болды. «11 қыркүйек -              395-ші атқыштар дивизиясы күні»  деп белгіленген болатын Сталинград  шайқасында күйрей жеңілген гитлерлік  әскерлер Ф.Паулюстің 6-шы армиясынан, генерал-фельдмаршал Э.Манштейннің  4-ші танк армиясынан, екі румын  және бір итальян армиясынан айырылды. Кеңес Командованиесі Солтүстік Кавказдағы фашист әскерлерін талқандау жөнінде шешім қабылдады. Операцияны Оңтүстік және Сырткавказ майдандарының күшімен іске асыру керек еді. Бұл майдандар Солтүстік және Қара теңіз топтарынан тұрды.

Міне, осы әскери күштер құрамында С.Рақымовтың да дивизиясы бар еді. 1943 жылдың қаңтарынан бастап Солтүстік топ әскері фашистердің  ірі күштеріне қарсы ұрыс қимылдарын бастады.

Дұшпан  Майкөп, Грозный, Баку мұнайы мен Кубань, Ставрополь аймағына және Қара теңіз  жағалауындағы Туапсе-Батуми аймағын  басып алуға ұмтылды [19,44].

Бес айға созылған қорғаныс шайқастары мен шабуылдар  нәтижесінде Кеңес әскерлері  жаудың Сырткавказ бен мұнайлы аймақтарды басып алу ниетін іске асырмай  тастады. Қазақстан мен Орта Азияда жасақталған құрамалар Солтүстік  Кавказ бен Төменгі Дондағы кескілескен  шайқастарда үлкен ерлік көрсетті. Бұл жерде 4-ші гвардиялық атқыштар бригадасын (Ферғанада құрылған бұрынғы 38-ші жеке атқыштар бригадасы «Қызыл Ту» орденімен марапатталған) ерекше атап өтуге болады. 1943 жылы шілде  айында 4-ші және 10-шы гвардиялық атқыштар бригадалары негізінде 108-ші гвардиялық Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы құрылды.

С.Рақымов  басқарған 395-ші атқыштар дивизиясы 1942 жылдың 25 қыркүйегінен 20 желтоқсан  аралығында жүргізілген Туапсе қорғаныс операциясы барысында табандылықпен  әскери шеберліктің үлгісін көрсетті. Жау осы дивизияның 723-ші атқыштар полкі орналасқан аймақты бұзып  өтуге әрекет жасады. Бірақ, екі сағаттық ұрыстан кейін кері шегінуге мәжбүр болды. 198-ші неміс жаяу әскер дивизиясы 28 қыркүйекте ірі авиация күштерінің қолдауымен 395-ші және 30-шы дивизияларға шабуыл жасады. Бірақ, жаудың бұл шабуылдары іске аспады [20,21].

С.Рақымов  басқарған дивизия жауынгерлерінің ерлігі Солтүстік Кавказдағы ұрыстар туралы қысқа ақпарларда шынайы бейнеленген. 1942 жылдың жазында кеңес әскери командованиесі Каспий теңізінен Тамань түбегіне дейінгі аралықта Кавказ тауының солтүстік жағын алып жатқан аймақта қорғаныс шебін ұйымдастырды. Солтүстік Кавказдағы жағдай қиын еді. Осы жылдың қыркүйек-қараша айларында немістің 17-ші армиясы үш рет Туапсеге өтуге әрекет жасады. Гитлершілдер Грозный бағытында да табысқа жете алмады. Сырткавказ майданының әскерлері олардың Орджоникидзе қаласын басып алу үшін жасаған әрекетін іске асырмай, қорғанысқа көшуге мәжбүр етті. Еділ мен Солтүстік Кавказдағы қорғаныс ұрыстары төрт айға созылды. 1942 жылы көктемде неміс басшылығының алға қойған мақсаты орындалмай қалды [21,63]. Бұл жат жерлік басқыншылардан өз жерін жан аямай қорғаған кеңес әскерлерінің ерлігінің жемісі еді. Кеңес жауынгерлерінің жеңіске деген ерік-жігерін, идеялық табандылығын ештеңе де шайқалта алмады. 1942 жылы қазан айында фашистік газеттердің бірі былай деті мойындауға мәжбүр болды:

Информация о работе Сабыр Рақымовтың жастық шағы