Сабыр Рақымовтың жастық шағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 13:43, курсовая работа

Описание работы

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін өшпес із, жазылмас жара қалдырды. Қазақстан тарихы, түптеп келгенде, әлем халықтары тарихында бұл соғыстың алар орны ерен. Себебі соғыстағы жеңіс талай адамдар өмірін сарп етті. Жеңіс құны - «Ұлы» идея мақсатында тәлкекке салынған миллиондар тағдыры болды. Кеңес азаматы Ұлы Жеңіс үшін ең жоғары баға - жанын пида етті. 1418 күнге созылған қан майданда миллиондаған басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, Қазақстаннан ғана 1,2 млн. адам майданға аттанған болса, 700 мыңға жуық қазақстандықтар еңбек майданының «ащы дәмін» татып үлгерген еді. Қазақстанда майданға халықтың 25 пайызы жасақталғаны белгілі.

Файлы: 1 файл

Нуржан диплом.docx

— 149.18 Кб (Скачать файл)

Екі мәрте Қызыл Ту, Суворов   ордендерінің иегері 69-шы Севск атқыштар дивизиясының майданда еткен жолы жоғары бағаға лайық. Екінші Белорус майданының 65-шы армиясы құрамындағы әскери бөлімдер Нарва плацдармындағы неміс  қорғанысын бұзуға, Висладан өтуге, поляк  қалалары мен селоларын азат етуге қатысты. Данциг алдындағы ең соңғы кедергі Шварцвассер өзеніндегі плацдарм үшін дивизия әскерлері 11 тәулік бойы  соғысты.  Дивизияның   1943  жылғы Днепрден өткенде жинаған тәжірибесі бар еді. Дивизия әскерлері бұл міндетті де жақсы орындап, Гданьск (Данциг) қаласын алды. Бұдан кейін де жаумен шайқаста тамаша жеңістерге қол   жеткізді. Гитлер гарнизондарынан Штеттин, Нойбранденбург, Росток және басқа бекіністер тартып алынды. Дивизия өзінің әскери соғыс жолын Балтық жағалауларында аяқтады. Шайқастарда 2000 шақырымға созылған майдан жолынан өтіп, жеті ірі өзендерден -Десна, Сож, Днепр, Западный Буг, Нарев, Висла, Одерден өтті. Жүздеген қала мен селоны азат етті, соның ішінде Севск,   Каменковичи, Осиповичи, Слоним, Гданьск бар еді. 17712 жауынгер медальдар және ордендермен марапатталды. Кеңес Одағының Батыры атағына 52 адам ие болды.

37-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының мұрағаттык құжаттарында Кеңес Одағының Батыры деген атағы бар, 69-ші атқыштар дивизиясында қызмет еткен, Днепрден өткені үшін «Алтын Жұлдыздарды» иеленген бір топ әскери қызметкерлер белгіленген. Солардың ішінде 109-ші гвардиялық атқыштар полкының взвод командирі, «Ерлігі үшін» медалінің иегері Қауымбаев Тоғанбай да бар. Ол ОҚО Қызылқұм ауданы «Шымқорған» совхозында дүниеге келген (әкесі Жынғыбаев Қауымбай 69-ші атқыштар дивизиясының 120-шы атқыштар полкінде қызмет еткен. (Командирі полковник Бахметьев). Оның жолдастары сол полктің жауынгерлері, Кеңес Одағының Батырлары, 42-ші жеке гвардия ИПТД командирі майор Калмыков Алексей Сергеевич, лейтенант Ларионов Семен Архипович, взвод командирлері Тихонов Константин Андреевич және Владимиров Александр Иванович те қызмет етті. Барлығы 37-ші атқыштар дивизиясынан 20 Кеңес Одағының Батыры шықты. Соның ішінде 118-ші гвардиялық атқыштар полкінің командирі Қызыл Ту орденімен екі рет, Кутузов және Александр Невский ордендерімен марапатталған Оноприенко Николай Николаевич бар, оның отбасы Ақтөбе облысы, Шалқар селосынан, 109-шы гвардиялық атқыштар полкінің командирі Левин Григорий Михайловичтің отбасы Ташкент облысы Шыршық қаласы Соцгородок 38-үй 10-пәтерде тұрған (жұбайы Анна Николаевна). 1943 жылдың қазан айында  118-ші гвардия атқыштар полкінің пулеметшісі, Кеңес Одағының Батыры Волочин Александр Дмитревич ерлікпен қаза тапты. Дивизия жауынгерлері Алтын жұлдыз медалінің иегерлері капитан Немков Алексей Владимирович, майор Мячин Василий Дмитриевичтерді (батальон командирі) мақтан тұтты. Ерлігі мен қайсарлығы үшін көптеген жауынгерлер мен офицерлер жоғарғы мемлекеттік марапаттарға ие болды. Гвардия генерал-майоры Рақымовтың дивизиясы даңққа бөленді.

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының  тарихында Шығыс Пруссиядағы  Гитлершіл Вермахтың ірі тобының  жойылуы маңызды орын алады.  Шығыс Пруссия Германияның маңызды  әскери-өндірістік ауданы, неміс  армиясы жеке құрамының, әскери  техникасы мен қаруының ірі  арсеналы мен базасы еді. Бұл  жерде кеме құрылысы, машина жасау,  соғыс өнеркәсібі кәсіпорындары  шоғырланған болатын. Бұлар неміс әскерін оқ-дәрімен, әскери аппаратура және қарумен қамтамасыз ететін. Пруссияның ауыл шаруашылығы Вермахт әскерлерін қажетті азық-түлікпен толық дерлік қамтамасыз ететін. Шығыс Пруссияның әскери-стратегиялық маңызы Гитлердің жоспарларында зор орын алған еді. Шығыс Пруссия Вермахтың ірі Курляндия тобы мен немістердің Шығыс майданының негізгі күштерінің арасындағы байланыстыратын буын  және Орталық Германияға солтүстік Шығыстан Варшава-Берлин стратегиялық бағытында Кеңес әскерінің шабуыл жасауына кедергі жасайтын қалқан ретінде қарастырылды. Осы мақсатпен Шығыс Пруссияда ұзақ уақыт шабуылдарға төтеп бере алатын бекіністер мен күшті қорғаныс ұйымдастырылып, мұнда Вермахтың ірі әскери күштері орналасты. Гитлер әскерлерінің Еділ бойындағы жеңілісінен кейін, 1944 жылдан бастап Шығыс Пруссияда дала бекіністерінің терең эшелондандырылған жүйелерін жасау мақсатындағы қорғаныс жұмыстары кеңінен жүргізілді.

Кеңес басшылығы У.Черчилльдің  Сталинге жіберген жолдауындағы «КСРО-ның  батыс одақтастары Висла майданында немесе басқа жерде қаңтар айының ішінде және басқа уақытта Кеңес  әскерлерінің ірі шабуыл жасауына үміт артуына бола ма?» [55,15], - деген өтінішін ескере отырып, Польша-Германия бағытындағы өз әскерлерінің шабуылының мерзімі мен жоспарын қайта қарастырды. Бүкіл Орталық майдан бойынша кеңінен шабуылдық іс-әрекеттер ашу үшін стратегиялық операцияларға дайындықты күшейту туралы шешімі қабылданды [56,43].

Неміс әскерлерінің Шығыс Пруссия  тобына Кеңестік 2-ші және 3-ші Белорус  майданы әскерлері (қолбасшылары К.К.Рокоссовский, И.Д.Черняховский) қарсы шықты. Маршал Рокоссовскийдің әскерінің құрамында  генерал-полковник П.И.Батовтың 65-ші армиясы, ал оның қарамағында Сабыр  Рақымовтың 37-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы  болды. 1945 жылдың 14 қаңтарында Вермахтың  «Орталық» армиясынан бастап, Пруссиядағы  басқа да әскери күштерін жою мақсатында екінші Белорус майданы әскерлерінің шабуыл операциясы басталды.

37-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы  командирі гвардия генерал-майоры  Сабыр Рахымовқа берілген жауынгерлік  мінездемені (боевая характеристика) ұсынып отырмын. Бұл құжат Подольск қаласындағы Мұрағаттан алынды: «1944 жылдың қараша айынан дивизия командирі, тактикалық дайындығы, әскери сауаты жоғары деңгейде, өз басы тәртіпті командир, өз жарлықтарын іске асыруда өте табанды. Моральдық жағынан ұстамды» корпус командирі (Иванов), армия қолбасшысы (Батов), 2-Белорусь майданы қолбасшысы (Рокоссовский), саяси комиссарлар (Радецкий мен Субботин) бірауыздан Рақымовты комдив қызметіне бекіткен.

Рокоссовский Константин Константинович (1896-1968) КСРО-ның көрнекті әскери қолбасшысы. Кеңес Одағының Маршалы (1944 ж.), екі мәрте Кеңес Одағының Батыры. Сталинград шайқасында, Белоруссия операциясында, Пруссиядағы ұрыстарда өте жоғары деңгейдегі қолбасшылық етті. «Победа» (Жеңіс) орденімен екі рет марапатталған. Тарихта белгілі 1945 жылғы 24 маусым күні Мәскеудің Қызыл алаңында өткен жеңіс Парадында. 1949-1959 жылдары Польша Республикасының Қорғаныс Министрі. 1956 жылдан КСРО Қорғаныс министрінің орынбасары.

Субботин Никита Егорович (1904-1968). Кеңес Армиясының саяси қызметкері; генерал-лейтенант (1944). Ленин атындағы саяси академияның түлегі. Ұлы Отан соғысында Армия саяси бөлімінің басшысы. 1944 жылдың шілде айынан 2-Белорусь майданының Әскери Кеңесі мүшесі. Ленинрад, Сталинград, Қырым, Шығыс Пруссия, Берлин шайкастарында саяси басшы.

 

 

 

 

3 САБЫР РАҚЫМОВТЫҢ ЕСІМІ МЕН ЕРЛІГІ ЕЛ ЕСІНДЕ.

 

3.1  Соғыс аяқталған  соң Сабыр Рақымов жайлы жарияланған еңбектер мен деректер

 

Сабыр жайлы жазылған еңбектерді бір саралап көрелік. Әскери офицер, полковник, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ануар Исмаиловтың «Генерал Сабыр Рақымовтың өмірі мен ерліктері» деген зерттеу мақаласында мынандай жолдар бар: «1984 жылы мен Юсупов Леонид Усмановичтің «Сабыр Рахимов. Документальная повесть» (Ташкент,1983) атты кітабына пікір жаздым. Ол «Советский воин» (Москва) бүкілодақтык әскери журналында жарияланды. Генерал Сабыр Рақымов туралы «Жизнь-подвиг» (№ 4 Ташкент,1985) ресми басылымында жарық көрді [8,24].

Генерал туралы жазылған кітаптардың  авторы Өзбекстан Компартиясы Орталық  Комитетінің бірінші хатшысы  Усман Юсуповтың ұлы Леонид еді. Ол соғыс кезінде Сабырдың адъютанты болған. Ташкентте шыққан кітаптардан басқа, 1975 жылы Мәскеуде « Из боя в бой» атты деректі құжаттар бойынша жарияланған повесі жарияланды. Леонид Юсупов көп жылдар бойы КСРО Ғылым академиясының тарих институтында жұмыс істеді. Ол тарих ғылымдарының докторы. Сабыр Рықымовтың майдангер серігі 1994 жылы дүниеден озды.

Генерал туралы басқа да көптеген мақала, шығармалар жазылған. 1946 жылы «Звезда Востока» журналында Марина Меленовскаяның «Сабир Рахимов - первый узбекский генерал» очеркі жарияланды [9,18]. Кинодраматург Камил Яшен 1949 жылы «Генерал Рахимов» көркем фильм түсірді. 1980 жылы Ташкентте «Подвиг» атты кітап жарық көрді. Бұл ақпараттар батырдың қаһармандық бейнесін, оның майдандағы өмір жолын білгісі келгендер үшін маңызды болды. Ол мәліметтерді қазақстандық авторлардың мәліметтерімен толықтыру керек. Ал ғалым Әсілхан Оспанұлы ағамыз алғашқылардың бірі болып, 1972-1974 жылдары генерал туралы «Оңтүстік Қазақстан» газетіне мақалалар жазған. Сөйтіп, ол Сабыр Рақымов өміріндегі шындықтың бастапқы басқышын жасауға атсалыскан. Қазақтан шыққан тұңғыш генерал жөнінде ең көбірек зерттеу мақалалар жазған Әкім Ысқақтың еңбегі атап өтуге тұрарлық. Ол «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің Оңтүстік Қазақстан  облысындағы  меншікті тілшісі кезінде Сабыр Рақымов тақырыбына дендеп енді. Ол өзінің 20 жылдан бұрын бастаған тақырыбын тағы да терендетіп «Тұңғыш генерал» кітабын жарыққа шығарды. Журналистік зерттеулерден тұратын бұл еңбектің кейінгі ұрпаққа беретін әскери-патриоттық, тәлім-тәрбиелік маңызы өте         кұнды [10,60].

Сабыр Рақымов туралы П.И.Батовтың естеліктер жинағын, Ташкент қаласында жарық көрген А.Рахматтың «Генерал Сабыр Рақымов», Кеңес Одағының маршалы Рокоссовскийдің, маршал Гречконің естеліктерін окыған болатынбыз. Батыр жайында жерлесі Бекбосын Көбеевтің «Бағыс суан» шежіресінен де біраз жайға қанық болдық. Қазақстан мен Қырғызстан республикаларында прокуратура саласында 40 жылға жуық еңбек еткен КСРО - ның «Құрметті прокуроры» атанған Б.Көбеев қазақ генералының ата—тегін тереңнен, сауатты таратып берді. А.Құраловтың «Қазығұрт қыраны», Нығмет Төлендіұлының «Қазақтың қос батыры» шығармалы да өзіндік құны бар тарихи деректемелерге негізделген әдеби құрылымы тартымды шығармалар екені рас. Елік Дүйсебеков маңдай терімен келген Генерал Сабыр Рақымов атты еңбегінде тарихи мәліметтерді өз өміріндегі көрген-білгендерімен қабыстыра суреттеп, әдемі түйін жасайдьі

Бауырлас  өзбек халқы С.Рақымовты Өзбекстаннан шыққан тұңғыш генерал ретінде қастерлеп, көптеген мекеме, елді мекендер мен  көшелердің, аудан мен метро станциясының атымен атап, зәулім ескерткіш орнатып даңқын аспанға көтерді. Көптеген кітаптар жазылып, фильмдер түсіріліп, театр қойылымдары қойылды. Алайда соңғы кезде көршілес елде батырдың атын өшіруге бағытталған шаралар қолға алынып жатыр

Құдай қосқан көршiмiз «ала тақиялы» ағайындармен қазақты ортақтастыратын  дүние көп. Басқаны былай қойғанда, ең ақыры, Алпамыс сияқты батырымыз  ортақ. Бiрақ, әкесi – қазақ, шешесi –  өзбек, Оңтүстiк Қазақстан облысының  Қазығұрт ауданында туған, алайда тағдырдың  жазуымен Ташкентте өскен генерал-майор, Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымов  қазақ пен өзбекке ортақ тұлға  бола алмайтын сияқты.

Ташкенттегi батыр атымен аталатын метро стансасы мен ауданның атын «Олмазор» деген атаумен  қайта атау туралы шешiм шығарған өзбек билігі, жақында екінші дүниежүзілік соғыстың батыры, генерал-майор Сабыр  Рақымовқа қойылған ескерткішті  алты бульдозердің көмегімен бұзып  тастады. Ресми Ташкент «мұндай  шешiм жергiлiктi халықтың өтiнiшi бойынша  жүзеге асырылды»,- деп жақауратқанымен, гәп басқада сияқты. Мұндағы гәп, көршi елде өзбекстандық деген ұғым жоқ. Онда өзбек деген ұғым ғана бар.

Бұған дейін ұзақ жылдар бойы «генерал – өзбек» деп талмай күресіп келе жатқан «өз-ағаларымыздың» кейінгі әрекетіне көпшілігіміз түсінбей қалғандаймыз. Мұны Сабыр  Рақымовтың қазақ екендігін өзбектер ақыры мойындаған екен деп те қабылдауға болар. Генералдың Ташкентте өскендігі  ақиқат, ендеше батырға өзбек ағайындардың барынша құрмет көрсетуі орынды деп  санап келіп едік.

Дегенмен «ала тақиялының»  осы әрекеті, ендігі мәселенің барлығы  ұлттың даңқты ұланын ұмыттырмау өзбектің емес, қазақтың еншісіндегі жұмысы екендігін көрсетіп отыр. Әйтпесе, бұған  дейін көшесіне, мектебі мен ауданына, метросына да есімін беріп ардақтап келіп, кілт бұрылған өзбектің батырды  ұлықтаған үлгісін қазақ жасай  алды ма?! Бауыржан Момышұлы секілді  қазақтың маңдайына біткен даңқты қолбасшылардың бірі, өзбек ағайындар еншілеп  алған ұлттық батырымызды бүгінгі  күні қаншалықты ұлықтап жүрміз?

Ерлiгi мен әскери шеберлiгiн  сұсты Сталиннiң өзi мойындап, «темір генерал» деп атаған атақты қолбасшы Сабыр Рақымовтың ерліктері туралы кейінгі ұрпақ не біледі? Жалпы, бүгінгі  күні батыр бабамыздың атын өскелең  ұрпақтың жадында қалдыру шаралары қаншалықты деңгейде атқарылып жатыр? Осы мәселелердің өзі баспасөзде дүркін-дүркін көтерілгеніне қарамастан, батыр даңқына әлі де тереңінен ден қою, рухына құрмет көрсету кемшін секілді.

Көшесіне көне атауын қайтарып, ескі ескерткіштерді орнынан қозғап жатса, ол – өзбек жұртының ішкі шаруасы. Ары кетсе, төл тарихын  түгендеп, қайта талдап-таразылап жатқаны деп қарауға да болар. Бірақ, аудан атауын ауыстырам, қола мүсінді құлатам деп жүріп, көршінің көңіліне кірбің, ағайынның арасына «араздасу» түсіруге болмас сірә!?!

Амангелді Момышев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Ресей Мемлекеттік Думасының  кей депутаттары Отан соғысының  генерал-майоры Сабыр Рахимовтың мүсінін  Өзбек Үкіметінің бүлдіруі ұялар  іс, вандализм деп санап отыр. Осыған байланысты, олар Ресей қалаларының  біріне дәл сондай мүсін қоюды  сұрап отыр. Қазір жылу жинау басталып кетті.

Сабыр Рахымов – екі  ұлтқа да ортақ тұлға еді. Біраз  тарихи талас та болған. Орта Азиядан  алғаш шыққан генерал қай орданың  оғланы деп?! Жауабы жақында ғана анық болды. Этникалық шығу түбін, құжат  ақтарған бір топ кісі анықтапты. Соңы – өзағамның Үкіметі –  «өзіме де, өзгеге де емес»-деп үкім шығарды.

Ұлықбек Башенов, С.Рахымов  атындағы республикалық әскери мектеп-интернаттың  директоры:

Сабыр Рахимовтың жеке өз басы керек болмаған. Өзбек Үкіметіне  керегі Орта Азия жұртынан алғаш шыққан генералдығы керек болған. Тұңғыш генерал басқа емес, өзбек халқынан шықты деудің мақсаты болған.

Ташкент төрінде жиырма тоғыз  жыл тұрған бұл мүсін 6 бульдозердің таптауына тасталды. Кеңестік кезеңнің бар дүниесінен арылуды сылтауратқандар, батырдан да бас тартты. Бір басылымдар осылай жазып жатса, кей газеттерде мүсін тек мекен-жайын өзгерткенін  айтады. Анық-қанығын білмек болып, Сыртқы істер министрлігінен мән-жайды  сұрағанбыз.

Асқар Абдрахманов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Біздің Ташкенттегі Елшілігіміздің хабарлауынша, ескерткіш бұзылған жоқ. Ол Ташкент қаласындағы басқа  саябаққа орын ауыстырған. Сол Гафур  Гулямов атындағы саябаққа қазірде  орнатылып үлгеріпті. Жалпы жергілікті БАҚ сол елді-мекеннің әкімшігі жергілікті тұрғындардан елді-мекендердің байырғы  атауын қайтаруды сұраған ұсыныс түскен және жұртшылық соны қолдады  деп жазылған болатын.

Информация о работе Сабыр Рақымовтың жастық шағы