Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 20:26, курсовая работа

Описание работы

Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерін тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты.

Файлы: 1 файл

мемлекеттер.doc

— 382.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К І Р І С П Е

 

Тақырыптың өзектілілігі. 1980 жылдардың екінші жарртысынан бастап Қазақстанда, Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты тоқырау жылдарында басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды.

Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерін тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде  тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде  көрініс тапты.

Жұмыстың тақырыбы Қазақстандағы тәуелсіздік қарсаңындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірді талдауға негізделеді. 80 жылдардың екінші жартысында саяси өмірде көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, қоғамдағы  жағымсыз жағдайларды жасауға, аздаған  жақсы істерді  ерекше мадақтап,  жоғары көтеруге, болып жатқан істердің  барлығын тек жақсы  жағынан көрсетуге тырысты. Міне, осымен байланысты 1986 жылғы ақпан айында болып өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында, ол кезде республика Министрлер Кеңесінің төрағасы болып істеген Н.Ә.Назарбаев және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар мұндай  келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің уақытылы шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, проблемалық мәселелерді шешуге  ескіше  қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.

КОКП-ның таратылуына және кейіннен КСРО-ның құлауына орай сол кезеңде, қандай да болсын партияның саяси монополиясын жоққа шығаратын көппартиялықтың шынайы қалыптасуы үрдісі басталғандығы толық талданады. Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы да өз бастауын осы кезеңнен алады. Әлеуметтік жіктер мен топтардың саяси бағытының қалыптасуына және әлуметтік-экономикалық реформалардың барысына ықпал етуге деген ұмтылысының үдей түсуі партиялар рөлінің күшеюін алдын ала айқындады, өйткені азаматтар қоғамдасып бір одақта болғанда ғана оқиғаларға елеулі ықпал ете алады. 

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тоталитарлық сана-сезім мен ойлау жүйесі келмеске кеткенен кейін мүмкін болған тарих білімін идеологиясыздандыру тарих ғылымының жаңа бағыттарының жанданып, өріс алуына септігін тигізді. Осы бағыттағы жаңа зерттеулер дараланды.

Қазақстанның қазіргі заман тарихындағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы ерекше орын алады. Алайда бұл оқиғалар отандық тарих ғылымында әлі лайықты көрінісін тапқан жоқ. Академик М.Қозыбаев осы оқиғаға арналған еңбегі 1997 жылы жарық көрді (1). Бұл еңбек желтоқсан оқиғасының онжылдығы қарсаңында жарық көрді.

Желтоқсан оқиғасына арналған еңбектер, құжаттық сипатта жинақтар жарық көрді. Мақалалар мен партиялық негізде құжаттар мәтінінің жинағы 1990 жылы шықты (2). Жинақта берілген және авторлар 1990 жылдың басында жазған сараптамаларда желтоқсан толқуларына шынайы баға берілген.

Қазақстанның тарих ғылымында тәуелсіздік жылдары қазіргі замандағы отандық тарихқа талдау жасауға арналған көптеген зерттеулер жинақталды. Тарихнамада Қазақстан материалдары негізінде жазылған іргелі еңбектерде Қазақстан мемлекеттілігінің дамуы проблемалары белгілі бір дәрежеде орындалды. Тарихшылар М.Қозыбаевтың (3), С.Ф.Мажитовтың (4) еңбектерінде түрлі құнды мәліметтер берілген.  

Ж.Б.Әбілғожиннің «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тарихының очерктері. ХХғ» атты монографиясындағы түрлі құжаттар материалдары ғылыми айналысқа түскен (5). Әлеуметтік–экономикалық тарих бойынша нақты тұжырым жасалған.

Жұмыстың мақсаты. Қазақстанның тәуелсіздік қарсаңындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық даму тарихы сараптайтын дипломдық жұмыстың алдындағы мақсат

      • Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сараптама жасау;
      • 1985-1991 жылдар аралығындағы Қазақстандағы саяси-экономикалық реформалары барысына талдау жасау;
      • Қазақстандағы желтоқсан оқиғасына саяси баға беру;
      • Тәуелсіздік қарсаңындағы құрылған тәуелсіз қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың жұмысына баға беру;
      • Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне талдау жасау сараптау болып табылады.     

Зерттеудің құрылымы.  Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

1 Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

 

    1. 1985 жылғы сәуір пленумы және Қайта құру кезеңінің негізі бағыттары

 

КСРО  80-шi жылдардың ортасына қарай терең экономикалық, саяси және әлеуметтiк дағдарыстың ортасында қалды. 1986 жылдағы КСРО  еңбек өнiмдiлiгі  американдық өнімділіктің үштен бiрін құрады, ауыл шаруашылығында - АҚШ деңгейiнен 15%-ға кем болды. КСРО  тауарлар және қызметтердің әр адамға шаққанда тұтынылу көлемі бойынша әлемде 50-60 орында орналасты.

Ресми дерек бойынша, 1989 жылы КСРО-да 41 млн адам өмір сүру табыстары -78 рублейді құрады. Бала өлімі жөнінен КСРО  әлемде Маврикия және Барбадоссадан кейінгі 50 орында, өмір сүру ұзақтығы бойынша – 32 орында болды.

1985ж наурызда К.У. Черненко қайтыс  болғаннан кейін КОКП ОК Бас  хатшысы қызметіне М.С.Горбачев  сайланды. 1985 жылы ақпанда оның қолбасшылығымен  КОКП ОК-нің кезекті пленумы өтті. Пленумда әлемдегі ең үлкен елдегі  ірі саяси, әлеуметтік, экономикалық және діни өзгеріс кезеңін талқылау басталды. Бұл кезең 7 жылға созылды және тарихта бұл « Қайта құру» деген атпен белгілі.   Қайта құру тарихы төрт кезеңмен айырмашылық жасайды.

1 кезең – 1985 ж наурызы мен 1987 ж. қаңтары. Бұл кезең «жеделдету» және «көбірек социализм» деген ұранмен өтті.

2 кезең – 1987-1988жж  Бұл кезең  ұрандары – « көбірек демократия» және « жариялылық».

3 кезең – 1989-1990жж. «Алауыздық және теңселу» кезеңі. Бұл қайта құру кезеңдерінде жікке бөлінушілік байқалды, ашық саяси, ұлттық қарсылық басталды.

4 кезең – 1990-1991жж. Бұл кезең әлемдік социалистік жүйенің құрдымға кетуімен және КПСС-тің саяси банкротқа ұшырауы мен және КСРО-ның құлауымен сипатталды.

 Саяси жағдайда КОКП-ның 1986 жылғы XXYII сьездінде социалистік демократияны жетілдіру үндеуімен шектелді. Барлық бастаулардың сәтсіздікке ұшырауы 1987 жылдың басында байқалды.

1987 жылдың қаңтарында КОКП ОК Пленумы өтті, пленум КСРО-ның саяси әлеуметтік өміріндегі өзгерістерді ретке келтірді, мұны толық құқылы реформа деп те айтуға болады.

Экономикалық реформаның дамуы екі тенденцияны анықтап берді: мемлекеттік кәсіпорындардың өздігінше кеңеюі және экономиканың жеке секторының әрекетінің кеңеюі. 1986 жылы Жеке еңбек қызметі жөнінде заң қабылданды, бұл жеке кәсіпорын қызметінің 30 түрлі өндірістік тауарлар мен қызметтері легализдендірілді (6, 25).

КСРО-да көптеген онжылдықтар нәтижесінде алғаш рет ресми рұқсат етілген «жекеменшік» қалыптасты. Экономикалық өмiрде 1986 жылы жаңалық пайда болды - мемлекеттiк қабылдау. Кәсiпорындар дайын өнiмді қабылдауын тәуелсiз кәсiпорындар, яғни Мемлекеттiк комиссия жүзеге асырады деп есептелдi. Дегенмен, бұл нәтиже бермеді.

Әлеуметтiк салада бiрнеше науқандарға жол ашылды: мектептердiң жаппай компьютеризациясы, iшiмпаздықпен, маскүнемдiкпен және еңбектiк емес табыстармен күресу науқаны.

1987 жылы мемлекеттік кәсiпорындар  туралы заң қабылданды, бұл заң  бойынша мемлекеттік кәсiпорындар  шаруашылық есепке және өзiн-өзі  қаржыландыруға көшті, сонымен қатар әрiптестерімен  өз алдына  келiсiмшартқа отыруға, ал кейбір ірі кәсіпорындарға  сыртқы нарыққа шығуға рұқсат етiлдi. 1988 жылы «КСРО-да  кооперация туралы» заң қабылданды. Сонымен, 1989 жылы жердi 50 жыл мерзiмге  жалдауға рұқсат етiлдi.

          «Капитализмге»  мұндай барлық жол берулер,  мынадай қағида бойынша жүзеге  асты -  бiр қадам алға, екi рет  артқа адымдау. Жекелер  мен кооператорларға  үлкен салықтар салынды (65% ); кооперативтiк секторды 1991 жылы 5% -дан аспайтын еңбекке жарамды тұрғындар құрады,  ауылда жалгерлердiң қолдарында  2% жер және 3% мал  болды.

Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:  
1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.  
2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.

Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Бүкілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады:

 Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше  әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.  
2. Демократияландыру мен жариялылық.  
3. Төрешілдікке қарсы қүрес.  
4. Халықтық реформа жүргізу.  
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.

        Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа енгізу керек болды. М.Горбачев саяси облыста параллельді түрде  саяси лексиконға жаңа  «жариялылық» деп аталатын ұғым енгiздi, бұл ұғымды өкiмет бұрыннан келе жатқан кемшiлiктердегі  «сындарлы» сынды, көптеген тұрғындардың ақпараттандырылуы мен кейбiр цензураның әлсiреуiмен түсіндірді.  Басты сынның рұқсат етілген объектiсі "сталинизм" , басты идеал – «Лениндік  норманың партиялық және мемлекеттiк өмірге қайта оралуы» болды. Бұл науқан шеңберiнде партиялық қайраткерлер Н.Бухарин, А.Рыков, Г.Зиновьев, Л.Каменов және т.б. ақталды.

Бұрын тиым салынған шығармалар жарық көре бастады, олардың қатарында Гроссманның, Платонова, Рыбакова, Дудинцева, Приставкина, Гранина, Мандельштам, Галич, Бродский, Солженицин, Некрасова, Оруэла, Кестлер шығармалары. Теледидарда "Он екiншi этаж" , "Көзқарас" , "Бесiншi  дөңгелек" , " Түнге дейін және кейін " атты бағдарламалар пайда болды.

 1987 жылдары алғашқы саяси өзгерiстер басталды, бастапқыда шалағай сипат алды. КОКП ОК-нің қаңтар пленумында елдiң қоғамдық-саяси өмiрiндегi  мынадай жаңалықтарды  мақұлдады, яғни кәсiпорын басшыларының альтернативті сайлануы  және партиялық комитеттердiң хатшыларын сайлауда құпия дауыс беру мәселелері.

       Саяси реформаларға  шындығында 19 Бүкiл одақтық партиялық  конференция (1988 жылдың жазы)  өз ықпалын тигізді. Конференцияда М.Горбачев партиялық аппаратқа альтернативті таңдауларды қолдану мәселесін, сонымен қатар партиялық комитеттің бiрiншi хатшысының қызметiн халық депутаттарының кеңесiнің төрағасының  қыметімен қатар қолдану мәселесін ұсынды. Және, бұл конференцияның маңыздылығы сол, партиялық аппараттың  көп бөлiгiнiң кедергiсiне қарамастан, КСРО-да өкiлеттi өкiметтiң жаңа екi деңгейлi жүйесiнiң жасалуы және КСРО-да  Президент лауазымының енгізлуі мақұлданды. Бұл реформа өкiлеттi және атқарушы өкіметтің жаңа жүйесінің қалыптасуына себепші болды:  1990 жылы болған КСРО  Халық депутаттарының үшiншi съезiнде КСРО-ның  бiрiншi және соңғы президенті етіп М.Горбачевтi тағайындады (7, 18).

1988-1989 ж.ж  толықтай заңдардың қабылдануымен: баспасөз , қоғамдық ұйымдар, елдегі мемлекеттiк қауiпсiздiк туралы және т.б заңдар  елдегi саяси  қалып айтарлықтай либералданды, өз кезегiнде, саяси өмiрдi  кенет қанат жандандырған "формальді емес" ұйымдардың қызметі.  1989 жылдан бері ішкі саясатта – нарық , саяси плюрализм, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, жаңаша ойлау секілді ұғымдар  саяси лексикондардаға  берік  тiркелдi.

КСРО халық депутаттарының 1989 жылғы I-III съездерiінің жұмысы бiрiншi съездке депутаттардың таңдаулары, ел тереңдеген экономикалық дағдарысты фон әр түрлi саяси күштердiң арасындағы ашық қарсы тұруды жолаққа кiргенiн ашық көрсеттi. Әлеуметтiк қарбаластықты  жеке тауарларға  жүйелi түрде дефициттердің енгізілуі күшейтті: 1989 жыл жазында - қантқа, жуғыш заттарға, 1989 жылдың күзiнде - шай дағдарысы, 1990 жылдың жазында - темекi дағдарысы және т.б.

1990 жылы көктемде  Н.Рыжков үкiметі  бірқатар тауарлардың құнын көтеретін  нарыққа өту  қоғамдық бағдарламасын  сотқа ұсынды. Халық  оған жауап  ретінде дүкендердiң полктерiнде әлi қалған тауарларды иемденумен болды.

         Бұған қарама-қарсы Совмин бағдарламасы , 1990 жылдың жазында  "500 күндік" жоспар жарияланды,  бұл жоспар С.Шаталинаның және Г.Явлинский басшылығымен жүзеге асты. Жоспар осы кезеңде нарықтық экономикаға өту жағдайын құру мәселесін көтерді.

Информация о работе Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы