Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 20:26, курсовая работа
Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерін тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты.
«Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік тәуелсіздік
Конституциялық заңда мемлекеттік тәуелсіздіктің маңызды принципі орнықтырылды. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оның Конституциясы мен заңдары қолданылады. Конституциялық заңның мұндай ережесі Кеңес Одағының құлауымен және оның Конституциясы мен заңдарының Қазақстан аумағында қолданылуын тоқтатуымен түсіндірілді.
Қазақстан
Республикасы мойындаған
Конституциялық заңда «Қазақстан Республикасы өзінің барлық басқа мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптері бойынша құрады» деп жазылды. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттердің тануы үшін Қазақстан Республикасының ашық екені жарияланды. Мемлекеттік егемендіктің аталмыш принциптері тәуелсіз Қазақстан қызметінің негізіне алынды және алғашқы күннен бастап жүзеге асырыла бастады (34, 8).
«Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
Заң Қазақстан халқын таптарға бөлмейді, қайта оны әлеуметтік тұрғыдан бірыңғай, тұтас құбылыс ретінде қарайды. Конституциялық заң мемлекеттік егемендіктің маңызды элементін - өз азаматтығының болуын баянды етті. Республиканың барлық азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтарды иеленіп, бірдей міндеткерлікте болатыны мойындалды. Азаматтық тең құқылыққа қол сұғушылықтың заң бойынша жазаланатыны ерекше атап көрсетілді (18, 6).
Қазақстанның аумағын патшалық самодержавие кезеңінде де, кеңестік уақытта да көптеген қазақтар тастап кетуге мәжбүр болды, олар қазір басқа мемлекеттерде тұрып жатыр. Конституциялық заң олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу құқығын мойындады.
Конституциялық заң Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты да көзқарасын білдірді. Олар Конституцияда белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, міндеткерлікте болады, заңдар мен мемлекетаралық шарттарды (мемлекет өзі алып тастағаннан басқасын) қолдана алады. Конституциялық заң қазақ ұлтының және Қазақстанда тұратын басқа ұлттар өкілдерінің мәдениетін, салт-дәстүрін және тілін қайта өркендетіп, дамыту, ұлттық қадір-қасиетін нығайту мемлекеттің міндеті болып табылатынын мойындады.
2.2 Қазақстандағы тәуелсіз қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың құрылуы, негізгі қызметі
Қазақстандағы тәуелсіз қоғамдық қозғалыстар мен саяси ұйымдардың дамуын бірнеше кезеңге бөлуге болады:
1 кезең - (1986 ж. күзі мен – 1987 ж. көктемі) тәуелсіз қоғамдық қозғалыстар мен саяси ұйымдардың пайда болуы.
2 кезең - (1987 ж.жазы мен 1988 ж. жазы) – экологиялық қозғалыстар.
3 кезең - (1988ж. жазы мен қысы) – саяси құрылымның бөлінуі.
Бірінші кезеңді клубтар кезеңі деп те атауға болады, себебі бірінші тәуелсіз, яғни өкіметтік емес бірлестіктер жастар ортасында әртүрлі пікірталас түріндегі саяси және т.б. клубтар ретінде құрыла бастады. Олар, әсіресе комсомол қамқорлығы негізінде құрылды. Бұл бірлестіктердің азшылығына қарамастан, олардың басты мәні, клуб ортасында алғашқы дииссидентті жастар тобының пайда болуымен бекітілді. Бұл кезеңде қазақ жастары арасында ұлттық-оппазициялық құрылымдар қалыптаса бастады, ондағы шынайы процесс 1986 жылғы Алма-Атадағы желтоқсан оқиғасына байланысты тоқтатылды.
1987 жылы жазда республикада
1988 жылы көктемде экологиялық қозғалыстың күшеюі байқалды. Бұл процесс 1988 маусымдағы «Жасыл майданның» құрылуымен аяқталды, бұл барлық «экологиялық» және «экологияға жақын» бірлестіктерді біріктірді. Біртіндеп экологиялық қозғалыстың географиясы Қазақстанның басқа да аудандарына таралды. Экологиялық топтар саяси клубтарға қарағанда тек қана пікірталаспен айналысып қойған жоқ, олар тікелей билік органдары қабылдаған шешімдерді өзгетуге тырысты.
Бюрократиялық аппаратпен қақтығыс жиі, ашық түрде саяси күрестің режимге қарсы күресуіне итермеледі. Экологиялық бірлестіктердің саяси белсенділігіне деген шектеу ашық оппозиционерлердің сөзінен көрініс тапты. Жекелеген саяси бірлестіктердің құрылуына КОКП-ның 19 конференциясының пікірталасы ықпал болды. Бұл конференцияда «демократиялық» және «консервативтік» күштер ажыратылды.
1988 жылы шілдеде Қазақстанда
бірінші саяси бірлестік –
Кентау қаласында «Қайта құру»
клубы ленинградтық бірлестік
үлгісінде құрылды. 1988 жылы қазанда
«Жасыл майдан» саяси
Қозғалыс 1989 жылы ақпанда Республика жазушылар одағын басқарған, ақын О.Сүлейменов бастамасымен құрылды және Қазақстанның барлық аудандарына таралды. Бұл қозғалыстың басты жетістікке жету факторы республиканың қазақ тұрғындарының қозғалысты қолдауы болды, олар полигонды өз халықтарының ұлттық қайғысы деп есептеді. «Невада-Семипалатинск» қозғалысының дамуына үлес қосқан оның негізін қалаған көсем О.Сүлейменов (9, 11).
Н.Назарбаев 1989 жылы жазда билікке келгеннен кейін, «Неваданың» антицентрикалық бағыты республикалық органдардан қолдау тапты және қозғалыс басқа бірлестіктер тиым салған шерулер мен акциялар өткізуге мүмкіндік алды. 1989 жылы ақпанда «Невада-Семей» деп аталатын ядролық қозғалыстың негізгі мақсаты Семей полигоны, әлемдегі басқа да ядролық қаруға қарсы күресушілер әлемнің түрлі елдеріндегі азаматтық қарсылық көрсету марштарына қатысты. Бұл қозғалыстың құрамына «Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы», «Парламентшілер ғаламдық шараларды қолдайды», «Гринпис» ұйымдары, Жапония, АҚШ; Германия, Франция және басқа да елдердің күрескерлері енетін. Халықаралық ядролық қаруға қарсы альянсқа айналуына мүмкіндік берді. Қозғалыс бөлімшелері Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында, сондай-ақ Ресей, Қырғыстан, АҚШ пен Түркияда ашылды (6, 20).
«Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі О.Сүлейменов халықаралық қозғалысы өте аз мерзім ішінде Семей полигонындағы ядорлық сынақтар санын қысқартуға көмектесті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен 459 ядролық сынақ өткізген Семей полигонын жапты. Бұл акция біздің еліміздің атом қаруын таратпау саясатының басы болды.
Қозғалыстың шарықтау шегі 1989 жылы тамызда Семипалатинск ауданында 1945 жылы Жапониядағы атом бомбасының жарылысының жылдығына байланысты өткізілген шерулер мен шаралар болды.
Тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасы алдында ядролық саясаттың өзіндік қыр сырын, ядролық қаруды жоюдың түрлі мәселелері бойынша ұстанымдарын анықтау секілді өте маңызды міндеттер тұрды. Ядролық қарудан бас тарту саясатын ұстанған Қазақстан 1991 жылғы 29 желтоқсандағы Алматы декларациясына қол қоюшы ретінде Ресей, Украина және Беларусьпен бірігіп, бұрынғы КСРО ядролық арсеналының қызметіне, ядролық қауіпсіздіктің қажетті дәрежесін жоғалтпау үшін бақылау жасау қажеттігін айтты. Қазақстан сондай – ақ КСРО-ның стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сенімділігін қуаттады (4, 49).
Әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылыстың ауысуы кезеңінде саяси плюрализ Қазақстан Республикасы дамуының ерекше сипатына айналды. Мұның өзі қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру үрдісінің басталуы; бұқараның саяси белсенділігінің өсуі; партиялық-мемлекеттік бақылаудың, идеологиялық саяси цензураның әлсіреуі; халықтың түрлі жіктерінің этностық-ұлттық мүдделер мен экономикалық мүмкіндіктер, көзқарастар мен сенімдер бойынша саралануы сияқты факторлар рөлінің артуына байланысты мүмкін болды.
Қазақстан Республикасы егемендігінің дамуы мен нығаюы барысында әлеуметтік жіктер мен топтардың саяси бағытты және әлеуметтік-экономикалық реформаларды орнықтыруға деген ұмтылысы артты. Ал бұл үрдіс қоғамдық бірлестіктердің, ең алдымен партиялар мен қозғалыстардың қызметі арқылы жүзеге неғұрлым тиімді түрде жүзеге асырылады.
1991 жылдан бастап
қоғамдық ұйымдардың қызметі
« Қазақ КСР-індегі қоғамдық
бірлестіктер туралы» Заңмен
реттелді. Заң атап айтқанда, республика
аумағында әрекет ететін
1990 жылдардың бас
кезіндегі заң актілері
1985 жылдан кейін
Қазақстан қоғамы
Қазақстандағы ерікті
кәсіподақтар конфедерациясы
90-жылдары құрылып, жұмыс
істеген құқық қорғау
Сонымен, 90-жылдары қоғамдық сектордың
дамуы республикада қоғамдық-
Нәтижесінде елде “Қазақстанның халық конгресі”, “Алаш” партиялары, Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның социалистік партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, “Лад” республикалық славян қозғалысы және “Азат” Қазақстанның азаматтық қозғалысы, “Мемориал” қоғамдық-ағарту қоғамының филиалы, Алматы-Хельсинки тобы, “Бірлік” қозғалысы, “Әділет” тарихи-ағарту қоғамы, “Поколение” зейнеткерлер қозғалысы және басқалары пайда болды (6, 70).
1990 жылдардың басында Әлеуметтік қорғау коалициясы құрылды, оның аясына қоғамдық өткір проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған негізде шешудің тетіктерін іздестіру жолымен еңсеру жөнінде бірлескен жұмыс үшін 28 түрлі ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бірікті.
Информация о работе Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы