Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 20:26, курсовая работа

Описание работы

Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерін тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты.

Файлы: 1 файл

мемлекеттер.doc

— 382.00 Кб (Скачать файл)

       Ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы өзара әріптестік орнату арқылы жасалатын іс әрекеттер:

  • көлік және байланыс құралдары жүйесін бірлесе дамыту;
  • әлеуметтік және көші-қон мәселелерін шешу;
  • ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес;
  • қорғаныс саясаты мен ішкі шекраларды қорғау шаралары;
  • денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау.

ТМД-ның құрылымдары. Ұйымның ең жоғарғы құрылымы (органы) ТМД мемлекет басшыларының кеңесі болып табылады. Барлық мүше мемлекеттердің басшылары кіретін кеңес ұйымның маңызды деген шешімдерін қабылдайды, ұйымның ұстанымдарын (принциптерін) бекітеді, айқындайды. ТМД мемлекет басшыларының кеңесі жылына екі рет ауқымды жиын өткізеді. ТМД үкімет басшыларының кеңесі ұйымға мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы экономикалық, әлеуметтік және т.б. мәселелер бойынша мәселелерді талқылайды, шешеді. Бұл кеңес жылына төрт рет ауқымды жиын өткізеді (31, 31).

ТМД мемлекет басшылары кеңесі мен ТМД үкімет басшылары кеңесі жиындарында талқыланған мәселелердің шешімдері консенсус негізінде қабылданады. Екі түрлі кеңестің басшылары ТМД-ға мүше елдердің алфавиттік тізімдегі реті бойынша кезегімен сайланады.ТМД сыртқы істер министрлері кеңесі ТМД-ға қатысушы елдердің (мүше елдер) сыртқы істер министрлерінен тұратын құрылым болып саналады. ТМД Атқарушы комитеті ұйымның тұрақты түрде қызмет ететін құрылымы, жұмыс органы болып саналады. Оның бас штабпәретін Минск қаласында орналасқан.     Жоғарыда аталғандардан бөлек ТМД-ның төмендегідей құрылымдары бар:

ТМД парламентаралық Ассамблеясы;

ТМД Қорғаныс Министрлері кеңесі;

ТМД сыртқы істер министрлерінің кеңесі;

ТМД экономикалық соты;

ТМД шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесі.

     Алайда бұл шешім әуелгі кезеде басқа республикалар тарапынан қарсы көзқарастар туғызыд. Өйткені заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бұл үш республика егеменді ктуралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осымен байланысты 1991 жылдың 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда тәуелсіз мемлекеттердің Достастығында тек барлық республикалардың тең құқықтық негізінде құрылушылық жағдайын мойыдағанда ғана қосылуға болатындығы айырықша атап көрсетілді.

1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы  жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мәселелрдің барлығы мақұлданды.

Жаңадан құрылған Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрылды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделінді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл Тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойыды.

Тәуелсіз мемлекеттердің Достастығы (ТМД) осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің әрдайым орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін жариялады.

Тәуелсіздік алу Қазақстанда жалпы демкратиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның –өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. Осы кезден бастап Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа қарсы оппазицияға айналды. Қазақстанның бастам асы бойынша Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы эконмикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.

        1990 жылғы желтоқсанда  Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан  республикаларының  жетекшілері  өзара төрт жақты шарт жасау  жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа қарсы қоятын талаптарының бар екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы федарацияның орнына, енді конфедерация орнына, енді конфедерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде талап қойды. Ол бойынша Орталықтың шешуіне сыртқы саясат, халықаралық мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік банк және финанс, елдегі қорғаныс мәселелрін шешуді қалдырып, қалған мәселелрдің барлығын жергілікті жерлерде шешу дұрыс деп есептелінді.

        Кеңес Одағы  ыдырағаннан кейін ғана Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы дербес, егеменді мемлекетке айналды. 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап мемлекеттіліктің негізгі нышандарының қалыптасу барысы жүрді. XX ғасырдың 90-жылдарының басында Еуразия құрлығының ұлан-байтақ аумағында социалистік деп аталған бір мемлекеттік-құқықтық жүйе сапалы әрі мазмұнды өзге бір мемлекеттік-құқықтық жүйемен ауысты. Бұл Кеңес Одағы ыдырағаннан соң және бұрынғы одақтас республикалардың негізінде дербес егеменді мемлекеттер құрылғаннан кейін жүзеге асты.

Бұрынғы социалистік жүйедегі республиканы жаңа тәуелсіз мемлекетке алмастыру 1990 жылдың 25 қазанынан басталып, 1991 жылдың 16 желтоқсанында аяқталды. Қазақ мемлекеттілігінің тәуелсіздігі КСРО-дай алып империяның күйреуінің нәтижесінде қалыптасқанымен оның саяси-құқықтық негізін басты үш құжат, атап айтқанда: 1990 жылғы 25 қазандағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация», 1991 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» Қазақ КСР-інің заңы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы құрады. Аталған құжаттар ішінде «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» тәуелсіздік жолындағы бірінші конституциялық акт болып табылады.

Қаз КСР-інің 1991 жылғы 10 желтоқсандағы заңымен Қазақстан Республикасы болып қайта аталуына байланысты аталған құжат «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» деген жаңа атауға ие болды.

Қазіргі кезде Декларацияны бағалауда екі ұстаным орын алып отыр. Біреулер: ол Қазақстанның мемлекеттік құрылысына қандай да болсын елеулі өзгерістер енгізген жоқ, сондықтан тәуелсіз және социалистік емес мемлекет идеялары баяндалған акті болып есептеле алмайды деп пайымдайды. Екінші біреулері Декларация тәуелсіздікті және мемлекет дамуының социалистік емес жолының бастауын қалады. Құжатта социалистік федеративтік мемлекеттің принципін, ұйымдастырылу тәртібі мен қызметін теріске шығарған ережелер баяндалған және ол бұрын орын алмаған тың жаңалықтарды ұсынды деп есептейді (32,33).

         Жоғарыда атап көрсетілгендей Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі орнығуының және қалыптасуының негізін жоғарыда аталған үш тарихи құжаттың құрағандығын көруге болады. Сондықтан да еліміздің тәуелсіздік тарихын жазуда және оқытуда осы аталған тарихи құжаттарға айрықша маңыз беру керек.

  Декларация республика егемендігін  заң жүзінде бекітудің бастамасы  болды. Онда, республиканың тең құқылы  шарт негізінде, егеменді республикалар  одағына кіру ойынан басқа, алғаш  рет ҚазССР-нің  егеменділік құқығы  жағдайы үшін принципиалды мемлекеттік –құқықтық нормалар: одақтың шешуіне берілген мәселелерді қоспағанда, ҚазССР территориясында Республика Конституциясы  мен заңдарының үстемдігі туралы, одағтық Жоғарғы органдардың қазССР-і конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз территориясында күшін жою құқы, ҚазақССР-нің егеменділігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа, кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның территориясындағы барлық ұлттық байлықтар – экономикалық және ғылыми техникалық әлует туралы, республиканың қосқан үлесіне  сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, ваюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген.

Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті, декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы Кеңеске берілді, президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика территориясында ядролық  қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдеени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа конституциясын жасау басталды.

          Декларация  Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігін  ресми түрде жариялады. Қазақ КСР-і 1978 жылғы республика Конституциясы бойынша заң жүзінде егеменді мемлекет болды, алайда ҚазКСР-інің егемендік құқықтары Кеңес Одағының егемендігімен шектелді. Сол кездегі Конституцияның 73-бабында «КСРО заңдарын ҚазКСР-інің аумағында орындау міндетті» деп атап көрсетілген. Ал Декларация бойынша «Қазақ КСР-і өз аумағында Республиканың егеменді құқықтары мен Конституциясын бұзатын Одақтың заңдары мен оның жоғары органдарының басқа да актілерінің қолданылуын тоқтата тұруға құқылы.

Қазақ КСР-і ұлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады. Қазіргі шекарасында Қазақ КСР-інің территориясы бөлінбейді және оған қол сұғылмайды, оның келісімінсіз пайдалануға болмайды» делінген болатын. Бұның өзі Қазақ КСР-інің аумағында, оның өз еркімен Одаққа берген мәселелерін қоспағанда, Қазақ КСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігі орнатылды дегенді білдірген еді. Басқаша айтқанда, Декларация Қазақстанның дербес Конституциялық заңнамасына негіз қалады.

        Қазақ КСР-інің мемлекеттік өкімет органдары Декларация қабылданғанға дейін КСРО мемлекеттік өкімет органдарының құрамдас бөлігі болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінен бастап селолық, ауылдық Кеңестерге дейінгі Кеңестердің барлық буындары мемлекеттік өкіметтің бірыңғай жүйесін құрады. Кеңестер жүйесіне кірмейтін мемлекеттік органдардың дербес ұйымы туралы айтылмады.

Декларацияда «Қазақ КСР-і Республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және ұлттық-мәдени құрылысқа, оның әкімшілік-аумақтық құрылымына байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді, мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының құрылымы мен құзыретін айқындайды» деп жазылды. Егемендік туралы Декларацияға дейін Қазақ КСР-інің меншікті ішкі әскері болмады. Республиканың мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдары Одақтың тиісті органдарының бөлігі болды және республиканың жоғары мемлекеттік органдарына бағынбады. Ал мұның өзі республиканың егемендігі жоқ екенінің елеулі көрсеткіштерінің бірі еді. Ал егемендік туралы Декларацияда Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі мен Қазақ КСР-і Президентіне бағынатын және солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-і толық құқықты деп ерекше атап көрсетілді.

     Декларацияның келтірілген ережелері оның Қазақстанда социалистік мемлекеттік машинаны ығыстыруға, демократиялық құқықтық мемлекет құруға және одақтық мемлекеттегі өзінің мәртебесін түбегейлі өзгертуге негіз қалағаны туралы қорытынды жасау үшін жеткілікті негіздеме береді. Осылайша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» қабылдануы дербес, егемен Қазақстан мемлекетін құрудың негізін қалады. Ол Қазақстан Республикасының дербес Конституциялық заңдарының алғашқы конституциялық құжаты ретінде тарихқа енді.

   1991 жылғы 10 желтоқсанда «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» Қазақ КСР-інің Заңы қабылданды. Бұл заңды Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Республиканың көпұлтты халқының өзін-өзі билеу қағидаттарына, адам құқығы мен бостандықтарының мызғымастығына, қоғамның саяси, экономикалық және идеологиялық жағынан сан-алуандығына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбітшілік сүйгіш, құқықтық мемлекет құруға ұмтылысын басшылыққа ала отырып қабылдады. Осы заң негізінде Қазақ КСР Конституциясы мен Қазақ КСР-інің мемлекеттік Егемендігі туралы Декларацияға, Қазақ КСР-інің басқа да заңдарына тиісті өзгерістер енгізілді. Аталған заң конституциялық деп аталмағанымен іс жүзінде осы мазмұнға сай еді (33,4).

Жаңа заңда халықтың «өзін-өзі билеу, адам құқықтары мен бостандықтарының мызғымайтындығына, қоғамның саяси және идеологиялық алуан түрлігіне негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбітшіл, құқықтық мемлекет құруға» ұмтылысын басшылыққа алатындығы ерекше атап көрсетілді. Заңнан келтірілген үзіндіде «социалистік» мемлекет тетігін жою қажеттігі туралы идеялар ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің ұйымдастырылуы, қызметі және оның міндеттері принципін түбірімен өзгерту идеялары да баяндалған. Мұнда бұрынғы Қазақ КСР-і демократиялық және құқықтық емес әрі тәуелді мемлекет екендігі жанама түрде мойындалады. Заң Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп қайта атады. Ол тиісті өзгерістер енгізу, атап айтқанда, «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияға» өзгерістер енгізу қажеттігін көрсетті.

1991 жылғы 10 желтоқсандағы Заң қабылданған  сәттен бастап, құжат «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» деп аталды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы тарихи құжат болды. Заң КСРО-ның құлауына байланысты қабылданды және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Заңның кіріспесінде Қазақстан мемлекеті басшылыққа алуға тиіс Қазақстан мемлекетінің құқықтық принциптері баяндалды. Оларға Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының, қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқығының басымдығын мойындау, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру, бейбітшіл сыртқы саясатты жүзеге асыру, ядролық қаруды таратпау принципі мен қарусыздану принципіне адалдығын мойындау жатады.

Информация о работе Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы