Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 20:26, курсовая работа

Описание работы

Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерін тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты.

Файлы: 1 файл

мемлекеттер.doc

— 382.00 Кб (Скачать файл)

Алайда, осыған қарамастан, 1987 жылғы шілде айында алғаш рет Қазақстанда жергілікті кеңестерге халық депутаттарын сайлау округтер бойынша  көп мандатты негізде іске асырылды. Республиканың  196 ауданында көп мандатты округтік сайлау барысында депутаттыққа кандидат болып 2270 адам ұсынылды. Оның 1701-і депутат болып сайланып,  қалғандары резерв ретінде қалдырылды.  185 ауылдық  және селолық кеңестерге 6291 депутат сайланды, ал 1928 адам резервке кіргізілді (21, 18).

Жаңа сайлау  жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы  еңбеккерлері  арасында КСРО  Ғылым  Академиясы әлеуметтану  институтының  зерттеуі жүргізілді.  Сайлаушылардың  басым  көпшілігі  бұл жаңа тәртіпті мақұлдады. Өйткені көптеген еңбек  ұжымдары депутаттыққа кандидат  етіп өздерінің қалаулыларын ұсынуға қолдары жетті, ал кандидаттар  бұхара халықпен кездесу барысында өздерінің бағдарламаларын анықтауға, онымен еңбекшілерді жан-жақты таныстыруға мүмкіндік алды.

1988 жылғы шілде – тамыз айларында  өткен Бүкілодақтық  XIX партия  конференциясында Кеңес қоғамының  саяси жүйесіне реформа жүргізу қажеттігі атап көрсетілді. Онда ең басты мәселе – халық депутаттары Кеңестерінің толыққанды өкіметін барлық жерлерде  қайтадан  қалпына келтіру көзделді. Конференцияның шешімдеріне сәйкес қысқа уақыт ішінде ең жоғарғы мемлекет органдарын қайта құрум жоспарланды. Ол 1988 жылғы 1 желтоқсанда қабылданағн «КСРО Конституциясына қосымша өзгерістер  енгізу туралы» және «КСРО халық депутаттарын сайлау» жөніндегі заңдарда өзінің шынайы көріінсі тапты.

1987 жылы өткен жергілікті Кеңестерді  сайлау тәжірибесі елдегі демократияның жаңа жағдайда дамуына үлкен жол ашты. Атап, айтқанда, КСРО халық депутаттарын сайлау мемлекеттік және қоғамдық өмірде жүріп жатқан демократияның толық айғағы болды.

Елдегі жүріп жатқан саяси реформаның екінші кезеңі – республикаларды, өлкелерді, облысатрды, қалаларды, аудандар мен округтерді басқарудың жаңа жүйесін құру еді. Оның негізігі мақсаты –бұхара халық өкілдері органдарының  рөлін тек орталықта ғана емес, сондай-ақ жергілікті жерлерде де көтеру болатын. Оны тәжірибе жүзінде іске асыру үшін партия комитеттерінің бірінші хатшылары халық депутаттары кеңесінің төрағаларына ұсынылды. Бірақ мұндай өзгеріс барлық жерлерде бірдей міндетті емес екендігі айтылыд. Міне, осының нәтижесінде 1990 жылғы жергілікті кеңестер сайлауының қорытындысы бойынша Қазақстанда 9 қалалық және аудандық  кеңестерге кандидаттар бөлек-бөлек сайланды.

Сөйтіп 1990 жылғы 24 сәуірде  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі (1990 ж. Сәуір)  жетекші орын алды. 1990-1991 жж. қабылданған республика заңдарында әрбір адамның бостандықтарымен адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан жағдайдың талаптарына сай республика заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам болды (22,6).

Заңдар Қазақстанның саяси  және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға, демократия жолына  бүкіл саналы  күштерді топтастыруға бағытталды. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтіп, республиканы мекендейтін барлық ұлттар өкілдерінің талап-тілегіне жауап беретін еді. Республика парламентінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-нің тіл туралы заңын»  1989 ж. қыркүйекте қабылдауы маңызды зор оқиға болды.

Толғағы жеткен мәселелерді өзі шешуге республиканың құқылы болуы Қазақстанның өткен кезеңінде жіберілген ағаттықтарын түзетуге ммүкіндік туғызды. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің қаулысымен 30-40 жылдары және 50- жылдардың бас кезінде сотталған  және  жазаға ұшыраған халқымыздың данқты өкілдерінің есімі халқына қайтарылды. Әсіресе, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймаутовтың, Міржақып Дулатовтың шығармашылық мұраларының ақталуы жұртшылық арасында зор қолдауға ие болды. Сөйтіп, қазақ халқының аталған бес арысы 1988 жылы ресми ақталды (22,11).

Қайта құру жылдары Қазақстанның экономикалық дамуында дағдарыстық құбылыстар  одан әрі тереңдей түсті. Экономикада көптеген кәсіпорындардың шығынын табысы  мол кәсіпорындардың арқасында ұстап тұру  орын алды. Жұмыстың бағасы өнімнің саны мен сапасына емес, оған жұмсалған қаржымен есептелді.

Республиканың өндірістік құрылымы шикізат өнімдерін өндіру саласымен сипатталды. Өндеу саласы өте төмен, әлсіз, ғылыми негізделмеген болды. Сондықтан да Қазақстанда оның үлесі өте аз мөлшерде еді. Қазақстан өз шикізаттарының ең негізгі бөлігін толық өндеу үшін сыртқа шығарып, дайын күйіндегі өндіріс құрал-жабдықтарын қымбат бағаға  сатып алуға мәжбүр болды.

Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру жағынан орнында болды. Халық тұтынатын тауарлардың 44% сырттан әкелінді. Республикада  сыртқа  70 % шикізат, 12 % жартылай өнімдер  шығарып жатты.

Жоғары сапалы түсті металдың өзінің 3 % ғана  дайын  заттарға  айналып, қалған 97 % республикадан шығарылып жатты. Мұндай  жағдай өндірісті тығырыққа әкеп тіреп, республиканы шикізат өнімдерінің бағасының  төмендігінен көп қарыздар етті. Қазақстан өндірісінің  93 % одаққа, тек 7 % ғана жергілікті жерге бағынышты болды. Сондықтан да республикалық бюджетке қаржы өте аз мөлшерде бөлінді (23, 4).

Қазақстан экономикасының  артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. 12- бесжылдықта (1986-1990жж.)  республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді, жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауыл шарушылығы өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді.

Дегенмен қоғамдық өндіріс көлемі  қойылып отырған талаптардың деңгейінен көп төмен жатты. Оның негізгі себебі басқарудыің әкімшіл-әміршіл жүйесінің икемсіздігіне байланысты еді. Ең бастысы өндірістің тиімділігін арттыруда экономикалық тетіктер жете пайдаланылмады, оның толып жатқан резервтері іске қосылмады.

1990 жылдың орта шенінде өнімнің  өсу қарқынының бұрынғы жылдармен  салытырғанда  мықтап құлдырғаны  байқалды. Дағдарыс экономиканың барлық салаларын қамтыды. Ол саяси-әлеуметтік жағдайға теріс әсерін тигізе бастады. Кеншілер ұжымдарының еріктілігін, шығарылған көмірдің кейбір бөлігін өздерінің қалауынша сатып, қажетті  тауарларға айырбастап алып отыруға мүмкіндік берілуін талап етті.

Экономикалық дағдарыс республиканың өнеркәсіп өндірісінің көптеген салаларын қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді. Әсіресе, халық тұтынатын тауарларды өндіру нашар жағдайда болды. Қажетті материалдардың жеткіліксіздігінен күрделі құрылыстың қарқыны баяулап, жоспарлар орындалмады.

Осындай күрделі жағдайда Республика экономикасын нарықтық қарым-қатынас аясына шығару мақсатымен 1991 жылдың ақпан айында Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды. Оның құрамына енген белгілі экономист Г.Явлинский, АҚШ-тан келген доктор Бэнг тағы басқа ірі экономист мамандар республика экономикасына нарықтық қатынастарды енгізудің мүмкіндіктерін іске қосу мәселесімен шұғылданды.

Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің жаңа формалары – акционерлік қоғамдар, жалдық және кооперативтік кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар, біріккен кәсіпорындар, түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер қалыптаса бастады. 1991 жылдың ортасында республикада 35 біріккен кәсіпорындар, 16 сыртқы экономикалық қауымдастықтар, халықаралық коммерциялық банк жұмыс істеді.

Дегенмен әртүрлі себептерге байланысты бірінші кезекте Кеңес Одағы республикаларының бір-бірімен біте қайнасып, бірігіп-кірігіп кеткен шаруашылық қарым-қатынасының бұзылуына байланысты Қазақстанда экономикалық қиындықтар күшейді. 1991 жылдың қорытындысында қоғамдық өнім шығару соның алдыңдағы жылмен салыстырғанда 7,2%-ке, ұлттық табыс 10%-ке, еңбек  өнімділігі 5,4 %-ке төмендеді (24, 101).

Тұтыну-сауда саласындағы жағдай шиеленісе түсті. Жеке сауда тауар айналымының ерекше қысқаруы «көленкелі» экономикасының кеңінен өрістеуіне, халықтың тұрмыс дәрежесінің одан әрі төмендеуіне алып келді. Елде ақшаның құны түсіп кетті. Құны жоқ қағаз ақшаның көлемі 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 4,5 есе өсіп, 8,7 миллиард сомға жетті, оның 3 миллиарды 1991жылы Қазақстандағы барлық кәіспорындар мен ұжымдардың 11%-і шаруашылық жылын шығынмен аяқтады. Халық тұтынатын тауарлар азайды.

Өнеркәсіп тауарларына бағаның айтарлықтай қымбаттауы аграрлық сектордың жағдайын едәуір қиындатып жіберді. Соның салдарынан егер 1991 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы 1,5-3 есеге дейін өссе, ауыл шаруашылығына қажетті механизм мен машиналарды сатып алу бағасы одан бірнеше есе асып түсті. Оның үстіне ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру біраз төмендеді. Оған 1991 жылғы болған қуаңшылықтың үлкен зардабы тиді. Нәтижесінде жоспарланған астықтың тең жартысы ғана алынды, мал шаруашылығын  жеммен қамтамасыз ету 60-65%-тен асқан жоқ. Соның салдарынан республикада ет, сүт, жұмытқа сатып алу деңгейі төмендеді.

Мемлекетке небәрі 3,2 миллион тонна астық сақталып, бұл барлық жиналған астықтың тек 27 %-ін ғана құрады. Колхоздар мен совхоздардың қаржы жағдайы нашарлап, экономикалық тиімсіз шаруашылықтардың саны 5 есеге дейін өсті.

Халық шаруашылығына жұмсалған қаржының барлық көлемі 1990 жылмен салыстырғанда 7%-ке азайды. Іске қосылуға тиісті 57 халық шаруашылығы объектілерінің тек 30ы ғана бітіп, оның есесіне аяқталмаған құрылытар саны 1,4 есеге көбейді. Оған жұмсалмай қалған қаржы 1991 жылдың аяғында 17 миллиард сомаға жетті. Транспорт бойынша 1990 жылмен салыстырғанда жолаушыларды тасу 8% қысқарды. Шет елдерге бұрынғысынша машина жасау өнеркәсібіне қажетті жабдықтардың 250-астам түрлерін, 13% көлемінде халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне керекті материалдар мен шикізатты алдырды (24, 38).

ХХ ғ.80 жылдары Қазақстанда ұлттық шаққанда Одақтық деңгейден 12% кейін қалды. Сондай-ақ республикада үй құрылысы, мектеп, балалар бақшасы және басқа да мәдени -әлеуметтік құрылыстар салуда да ілгерілеу болған жоқ. Мысалы, 80-жылдары Одақ бойынша 10мың адамға жыл сайын  75 пәтер салынса, Қазақстанда тек 69, Одақта әрбір 10мың алдамға 404 дәрігерден келсе, мұнда тек 352 дәрігерден келді. 1987 жылы мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекемелерімен қамту 53% ғана болды. Экологиялық жағдай төтенше түрде күйзеліске түсті.

Табиғи ресурстарды пайдаланудағы ведомствалық мүдде қоршаған ортаны қорғау шараларының жүзеге асуына кедергі жасады. Соның нәтижесінде көптеген территория, су мен ауа бассейндері ластанды. Қазақстанның бірқатар аймақтары экологиялық аймақтары экологиялық зардап шегуші аудандарға айналды.

Табиғи ортаны қорғау жұмысының жеткіліксіздігінен көптеген қалаларда ауаның ластануы өте жоғары деңгейге жетті. Әсіресе, Қызылорда, Ақтөбе, Семей облыстарында экологиялық өте ауыр  жағдай қалыптасты. Арал аймағында көптеген аурулар тарап, балалар өлімі өсті. 1991 жылғы желтоқсанда «Қазақстан Республикасы әлеуметтік қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы» президенттің жарлығына байланысты республика үкіметі бірнеше шешім қабылдады.

Зейнетақы, жәрдем ақша, стипендия, т.б. әлеуметтік төлемдердің ең аз мөлшері көбейтілді. Қазақстанда 1991 жылы зейнетақының төменгі мөлшері және балаларға мемлекет тарапынан қосымша төлем төлеу екі есе өсті, көтерілген бағаның орынын толтыру үшін қосымша 3 млрд сом ақша бөлінді. Әрине, бұл қаржы күн санап қымбаттап, бара жатқан халықтың тұрмыс қажетін қанағаттандыра алмады. Сол кездегі мейлінше күрделі де, ауыр кезенде таяу арада саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайдың түзеліп кетуіне ол кезде жұрттың сенімі азайды.

Сонымен, Кеңес үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саладағы жағдайды жақсартуға ұмтылуы көздеген нәтиже әкелмеді. 1981-1991 жылдардағы тиімсіз реформалар жағдайындағы экономикадағы келеңсіз өзгерістер, шаруашылық дамудың қарқынының,  төмендеуі өмір сүріп тұрған жүйені толық дағдарысқа ұшыратты.

           1989 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындарының  ұлттық құрамы мынадай еді: қазақтар-39,7, орыстар-37,8, немістер-5,8, украиндер-5,4, өзбектер мен татарлар-2, ұйғырлар мен беларустар-1,1, кәрістер-0,6, әзірбайжандар-0,5, процент тағы сол сияқты. Сонымен, қазақтар 1926 жылдан кейін бірінші рет өзінің этникалық территориясында саны жағынан басқалардан озды. Міне, біз мұнан Қазақстан тұрғындары ұлттық құрамының соңғы жарты ғасырда этнодемографиялық дамуының бір ерекшелігін көреміз (25, 56).

            Еліміздегі ұлтаралық қатынастардың күллі күрделілігін ұғыну үшін қоныс аударулардың тарихына қысқаша тоқталайық. XIX ғасырда Ресейден, Украйнадан, басқа да аймақтардан Қазақстанға көптеген қоныс аударушылар ағылып келіп жатты. Бұл лек 1991 жылдың 16 желтоқсанына дейін тоқтаған емес: XX ғасырдың алғашқы он жылында, столыпиндік реформаны іске асыру барысында шырқау шегіне жетті. Жыл сайынғы көшіп келушілер саны 140 мың адамнан асып жығылып отырды.

Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі шет елде сіңісіп кете алмай кейін қайтып, қалғандары жайғасып, иеліктеріне шаруашылық алып, осында мәңгіге қоныстанып жатты. Тарихшылар берген бағаға сайсақ, сол кездерде Қазақстанға келгендердің ұзын-ырғасы бір миллион 200 мың адамнан асады.

Бұл қоныстанушылардың жергілікті халықты орыстандыруды және отарлаудың барлық өлшемдеріне сәйкес олардың иелігіндегі жерді Ресей тәжіне түпкілікті бекітіп алу мақсатын көздегені түсінікті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Тәуелсіз Қазақстанның  қоғамдық-саяси өмірі

 

2.1 Кеңес Социалистік Республикалар одағының құлауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Одақтастығының құрылуы

Информация о работе Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы