Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 20:26, курсовая работа
Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерін тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты.
Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды (11, 3).
Жүйе оны "Қазақ ұлтшылдығы" деп
айыптауға дейін барды.
Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда
өткен Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес
партия ұйымдарында тазалау басталды.
Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін ашық мойындау, номенклатуралық жетекші
қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту,
бастауыш партия ұйымдарында жеке коммунистердің,
ал жетекші қызметкерлердің өз қызмет
орындарында, тұратын жерлерде есептері
тыңдалды. Есеп беру барысында, тек 1987
жылы облыстық партия комитеттерінде
істейтін жауапты қызметкерлердің 28 пайызы,
ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің
әрбір үшінші қызметкері жұмыстан босатылды.
Желтоқсан оқиғасына «ұлт-азаттық
саяси қозғалымс» деген баға беріліп отыр.
Бұл – қазақ халқының тарихында ерекше
орын алатын көтеріліс. Қазақ халқы өзінің
тәуелсіздігі, мемлекеттілігі үшін қай
заманда болсын, қозғалысын еш уақытта
тоқтатпаған. Бұл - соның айғағы. Егемендікке
жетудің жолында жасалған көп қадамның
бірі осы Желтоқсан көтерілісі. Шындығы,
бұл – ұлт-азаттық күрес. Өйткені бұған
тек қазақтар ғана қатысты. Оған саяси
дегенді қосуымыз керек. Бұл жердегі қойылған
талап – билік басында қазақ отыруы тиіс.
Жергілікті кадрларды қуғынға салған Г.В. Колбин Орталық партия Комитеті бюро мүшелерінің пікірімен санаспады, олардың талаптарын қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті. 1989 жылы наурыз айында Г. В. Колбин Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып Мәскеуге кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
Бір ерекше айтып кететін жағдай, қайта құру жағдайында бұқаралық хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе, республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жөнінде жан-жақты айтылды. Соның арқасында еңбекшілердің азаматтық және ұлттық сана-сезімі едәуір өсті.
Халық арасында орын алған жұмыссыздық,
балалар өлімі, халықтың мәдени-тұрмыстық, үй-жай жөнінде әлеуметтік
зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындылары
ашық жарияланып отырды. Мұның өзі бұқара
халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін
күшейтуге көмектесті.
Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің
тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемлекеттік
егемендік алу жөнінде талаптарын қоя
бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс
тапты.
Жастардың Алматы қаласындағы және басқа да аймақтардағы Желтоқсан шеру-көтерілісіне қатысушыларға күш қолданылды, олар соққыға жығылды, қанды жазаға душар болды. Қаза тапқандары да кездесті, жүздеген жас әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Алайда, оларға дер кезінде әрі сапалы медициналық жәрдем көрсетілген жоқ. Көтерілісшілерді әрбір отбасы өз үйлерінде жасырып ұстады. Өйткені, бәрімізді топ-тобымызбен, отбасы мүшелерімізбен бірге қуғын-сүргінге ұшырататын шығар деп қорықты.
Республикада жүгенсіз кеткен империялық оспадарсыз
әрекеттердің ауыр ахуалы қалыптасты.
Билік орындарының алдындағы үрей күшейе
түсті.
1986 жылғы желтоқсанның екінші жартысы
мен 1987-1988 жылдары кең көлемді қуғын-сүргін
науқаны жүргізілді. Ол 1986 жылғы Желтоқсан
көтерілісін ұйымдастырушыларды, оны
бастап берушілерді, көтерілісшілерге
қолдау көрсетушілерді және жалпы арандатушыларды
іздестіру мен жазалау ұранымен өткізіліп
жатты.
Мекемелерді, ұйымдарды көтерілісшілерге бүйректері бұратындардан, сондай-ақ күдікті деген сенімсіз адам¬дардан тазарту қатар қолға алынды. Ресми түрде жарияланған деректердің өзі бойынша ғана, “шеруге қатысты” деген күдікпен Алматы қаласындағы ішкі істер органдарына 2366 адам жеткізілген. Ал қалалық партия комитетінің 24 желтоқсан күнгі мәліметі бойынша: “Ұлтшылдық пиғылдағы арандатушы элементтер ұйымдастырған тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен 2335 адам ұсталды... 30 коммунистің дербес ісі қаралды, олардың 25-і СОКП қатарынан аласталды. Сондай-ақ 591 БЛКЖО мүшесінің дербес ісі қаралып, 245 жас комсомол мүшесі қатарынан қуылды” деп атап көрсетілді (127 6).
Көтеріліске шыққан жастарға қолдау көрсетті, тіпті көтерілісті ұйымдастыруға өзі де қатысты деген күдік СОКП Орталық Комитеті Саяси Бросының бұрынғы мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Д.А.Қонаевқа да келтірілді. Сол бір сұрапыл оқиғалар кезінде “Правда” газетіне берген бір сұхбатында Г.В.Колбин Д.А.Қонаевты былай деп айыптауға дейін барды: “Алматыдағы оқиғалар үшін ол көп жағдайда ар-намысымен жауапты” 1986 жылғы ақпан айында болып өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында, ол кезде республика Министрлер Кеңесінің төрағасы болып істеген Н.Ә.Назарбаев және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар мұндай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің уақытылы шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, проблемалық мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.
Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В. Колбин сайланды. Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды.
Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек» деген ұран бар еді. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г.В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымының бар жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар болды. Ереуілге қатысушылар таспен , таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті.
Мұздай суға тоғыту үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды жастар өртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е.Сыпытаев және С.Савцкий деген азаматтар қаза тапты. Үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді.
1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық
Комитеті «Қазақ республикалық
партия ұйымдарының
Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы бас көтеруінің түрі ұлттық болғанымен, мазмұны ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Бұл ереуіл саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық – бюрократикалық құрылымы тарапынан ол экстремистік (Экстремист –шектен шыққан көзқарасты жақтаушы) пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Өмір сүріп тұрған жүйе оны «Қазақ ұлтшылдығы» деп айыптауға дейін барды.
Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 комсомол мүшесінен 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды (14, 25).
Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады.
КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды. Жергілікті кадрларды қуғынға салған Г.В. Колбин Орталық партия Комитеті бюро мүшелерінің пікірімен санаспады, олардың талаптарын қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті.
Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. Осымен байланысты он екінші бесжылдықта 1986-1990жж. Республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді, бұл бағытта болған жаң идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде ет, сүт өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді.
Дегенмен, қоғамдық өндіріс көлемі қойылып отырған талаптардың деңгейінен көп төмен жатты. Оның генізгі себебі басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінің икемсіздігіне байланысты еді. Ең бастысы өндірістің тиімділігін арттыруда экономикалық тетіктер жете пайдаланылмады, оның толып жатқан резервтері іске қосылмады.
Өнімнің өсуінің күрт төмендеуінің тағы бір негізгі себебі – ел ішіндегі жағдайдың шиленісуімен байланысты еді. Бұрынғы, ертеден келе жатқан кемшіліктерге еселенген жаңа қиындықтар қосылды. Олар КСРО-ның тарауына байланысты республикалар арасындағы экономикалық қатынастардың үзілуі, бір –біріне тауарлар жіберу жөніндегі міндеттемелердің орындалмауы, қаржы-несие мәселесіндегі қиындықтар болатын. Осының салдарынан, ең алдымен Орта азия республикалары мен Қазақстанның экономикалық жағдайы нашарлап кетті.
1987 жылы сәуірде «КОКП ұлттық саясатының лениндік принципі және интернационалдық тәрбиенің өзекті міндеттері» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Баяндамалардың мазмұны қазақ жұртшылығы тарапынан «этностың өзін-өзі тануы мен этностық кеудемсоқтығын» айыптаумен, «ескілікті қазбалаудың, қазақтарды рулық-тайпалық бөлінісіне сүйсінудің» интернационалдық тәрбиеге зиянды ықпал ететіні және кеңестік өмір салтының дәстүрлеріне ғана емес, сонымен бірге заңға да көрінеу қайшы келетін дәстүрлер мен сарқыншақтарға қарсы аяусыз соғыс жариялау» қажеттігі туралы көпірме сөздерді қайталап айтумен болды.
Бір жылдан кейін болған «Ұлтаралық қатынастар мәдениетін тәрбиелеу» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда: «нақты өмір шындығына, өте күрделі, кейде қарама-қайшылықты үрдістерге байыпты ғылыми зерттеулер жүргізілмегендігі» айтылды. Проблемалық тұрғыда: «социалистікке жатпағанның бәрі ескіліктің қалдығы», «ұлттық нигилизм» деп атап көрсетілді. Жергілікті жерлердегі партиялық-әкімшілік ресурс, сонымен, этностық-мәдени қатынастарда үлкен құқықтарды талап етіп отырған бұқараның көңіл алуаны және жүріпжатқан ұлттық даму барысын орталықтың қалт жібермей қадағалауға міндеттенген директивалары арасында бұлтақтап амал табуға тиіс болды.
1989 ж. жазында Гурьев (Атырау) облысының Жаңаөзен қаласында, ол кезде Маңғыстау облысымен біріктірілген болатын, қазақ тұрғындарының толқуы болды, бұл толқу кемсітушілікке қарсы ұрандармен өтті және оның арты сауда дүңгіршектерімен ішкілік орындарын талқандаумен аяқталды. Жаңаөзен оқиғаларының Алматы оқиғаларынан өзгешілігі,оларға студент жастардың емес, әдетте өз әрекеттернің саяси сипатта болуына онша мүдделі емес жұмысшы жастардың қатысуында болды. Екінші бір өзгеше белгісі тобырдың ашу-ызасы аваказдан шыққандарға бағытталғандығында еді (15, 69).
1990 жылдың орта шенінде өнімнің өсу қарқынының, бұрынғы жылдармен салыстырғанда, мықтап құлдырағаны байқалды.Дағдарыс экономиканың барлық салаларын қамтыды. Ол саяси-әлеуметтік жағдайға теріс әсерін тигізе бастады. Көмір алқаптарындағы кеншілердің, металлургтердің тұрмыс дәрежесі мейлінше төмендеді. Осыған орай, олар өздерінің наразылығын ашық білдіре бастады. Кеншілердің ұжымдарының еріктілігін, шығарылған көмірдің кейбір бөлігін өздерінің қалауынша сатып, қажетті тауарларға айырбастап алып отыруға мүмкіндік берілуін талап етті.
1.3 1985-1991 жылдар аралығындағы
Қазақстандағы саяси-
1986 жылдың желтоқсанынан- 1989 жылдың маусымына дейiн мерзiмде - яғни ККП ОК-ң бiрiншi хатшысы Г.Колбинның қызметі Қазақстанның жаңа басшылығымен жүзеге асқан ашық белгiлi сипаттардың шараларымен ерекшеленді. Олар қоғамда 1986 жылдың желтоқсан оқиғаларынан кейiн қалған ауыр әсерлерді тегiстеуге шақырылды.
Партиялық аппаратта iрi кадрлық тазалық жүргiзiлдi, (1987 жылда обкомдардың 28% қызметкерлерi қызметтерiн жоғалтты), ЖОО-ларына қабылдау қазақ және қазақ емес байланысының қатал есеп процентi арқылы жүзеге асты (16, 41).
"Тұрғын-үй - 91" мемлекеттiк бағдарламасы қабылданып, кең түрде жарнамаланды. Бұл бағдарлама 1991 жылғы Қазақстандағы тұрғын-үй мәселесiн ликвидациялауды қарастырды. Ұлтаралық қатынастардың мәселелерi Халық депутаттары Кеңесінің құрылуымен шешілді. Бұл кезеңдегі қайта құру, яғни аңқау үмiттер және сөз берулер 1989 жылы, ККП ОК пленумы ККП ОК бiрiншi хатшысы қызметіне Н.Назарбаевті тағайындаумен аяқталды.
Информация о работе Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы