Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 20:26, курсовая работа

Описание работы

Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерін тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты.

Файлы: 1 файл

мемлекеттер.doc

— 382.00 Кб (Скачать файл)

        Қазақстан коммунистік партиясы (ҚКП) 
1991 жылдың күзінде коммунистердің XIX съезі өтті. Съезде 17 облыстан келген 148 өкіл, 87 арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Онда саяси жағдай туралы баяндама тыңдалды. Қазақстан Компартиясын жандандыру және оның кезек күттірмес мәселелері жөнінде әңгіме болды. Съезд делегаттары жүріп жатқан реформаларға карсы шықпай демократиялық және әлеуметтік әділеттік орнату қажеттігі жайлы пікірлер айтты. Сонғы деректер бойынша компартия катарында 55 мыннан астам мүше бар.

    1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды. 1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.

1990 жылы ұлтаралық «Единство»  қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық  интеллигенция өкілдері кірді. Осы  кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы  желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. 1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.

Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды. Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді (37, 24).

              1990 жылы қазанда қоғамдағы жағдай барынша шиеленісті. 1990 жылы халық депуттары арасынан парламент жұмысын жандандыруға баламалы қозғаушы күш болу мақсатында «Демократиялық Қазақстан» депутаттық тобы құрылды. Марат Оспанов бастаған «Демократиялық Қазақстан» депутаттық тобына Б. Қадырбеков, Е. Ертісбаев, Ю. Сытых, М. Оспанов, П. Своик және облыс орталықтарындағы жұмысшылар комитеттерінің өкілдері мүше болды. 1991 жылы олардың саны 54 депутатқа жетті. Олар «Азат», «Единство» қозғалыстарымен және басқа да ресми, ресми емес топтармен байланыс орнатты. Бұл күрделі кезеңде –«Демократиялық Қазақстан» депутаттық тобы барынша белсенді қызмет атқарды. Бұл топтың мүшелері идеялық жағынан «Демократиялық платформаның» жақтастары болып табылды. Олардың билік құрылымын партиядан тазарту туралы ұсыныстары Жоғарғы Кеңестің партиялық-шаруашылық активінде наразылық тудырды (27, 5).

Сондай-ақ, «Демократиялық Қазақстан» депутаттық тобы мүшелері ұсынған «Егемендік туралы декларацияның» баламалы жобасы республикалық және одақтық баспасөз беттерінде ерекше дүмпу тудырды. Жоба авторлары 1990 жылдары барлық одақтас республикаларда қабылданған ұлттық мемлекеттілік және құқықтық мемлекет туралы тұжырымдамалар қарама-қайшы болды дегенді алға тартты.

«Демократиялық Қазақстанның» жетекшілері полиэтникалық қоғамда ұлттық мемлекеттілік тұжырымын жүзеге асыру жағымсыз салдарға әкеледі деп санады. Ұлттық республиканың орнына азаматтық қоғам құрылуы тиіс деген ұстанымда болды. Қазақ зиялылары «егемендік алдымен тілге берілсін» деген ұсыныс тастады. Филология ғылымдарының докторлары Бабаш Әбілқасымов, Сапарғали Омарбеков «Социалистік Қазақстан» газетінің 1990 жылғы 3 қазандағы санында Қазақ ССР-ның мемлекеттік Егемендігі туралы Декларациясының жобасы тіл туралы заңға қайшы келіп тұрғанын айтып, дабыл көтерді (27, 11).

Тіл туралы заңда орыс тілі Қазақстан жерінде ұлтаралық қарым-қатынас тілі деп жарияланған болатын, Декларация жобасын жасаушылар оны ресми тіл деп өзгертіп жібергені сынға алынды. Ғалымдар орыс тілін Қазақ ССР-ында ресми тіл деп жариялау – қазақ тілінің мемлекеттік статусын жоққа шығарумен пара-пар екенін, өзі көктеп, өркен жайған туған топырағында қазақ тілінің ресми тіл болуға да әбден құқығы бар екенін дәлелдеді. Декларация жобасы қызу талқыланды. Декларацияның негізгі жобасы және оған балама негізде ұсынған «Демократиялық Қазақстан» тобының жобасы, депутаттардан, жалпы жұртшылықтан түскен пікірлер мен ескертулерді Декларация жобасына енгізу жөнінде арнайы комиссия құрылып, депутат Салық Зимановтың басшылығымен бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді (15, 21).

1990 жылы 15 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы  Советінің екінші сессиясында егемендік туралы Декларацияның жобасы жөнінде талас пікірлер болды. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің төрағасы Е. Асанбаев тарапынан «Демократиялық Қазақстан» жобасы өте кеш ұсынылды. Жоғарғы Советке мәлім етілмей, баспасөзге жарияланды. Сондай-ақ, оның құрамындағы 30 депутат сессияға дейін белгісіз болып келді деген пікірлер айтылды.

Декларацияның негізгі жобасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін құрылған комиссия мүшесі депутат Сұлтан Сартаев «Демократиялық Қазақстан» тобындағы депутаттардың «ұлттық республика дегенді жойып,  азаматтық қоғам құрайық» деген пікіріне  қарсылық білдірді. Депутат С. Сартаев әлемдік тәжірибеге сүйене отырып: «Ұлттық мемлекет азаматтық қоғамға, яғни құқықтық мемлекетке қайшы келмейді. Мәселен, Англия – құқықтық мемлекет. Алайда, ол ағылшындардың ұлттық мемлекеті.

Сондай-ақ, Франция, Испания, Жапония тағы да басқа көптеген ұлттық негіздегі құқықтық мемлекеттерді мысалға келтіруге болады. Біз де осы мемлекеттердің үлгісінде өзіміздің егеменді, ұлттық республикамызды дамытамыз, гүлдендіреміз. Декларациядағы қазақ деген сөзден қорқатын ештеңе де жоқ. Қазақ ұлты, сонау ерте дәуірден тілі, ділі қалыптасқан, кіндік қаны тамған өз ата мекені бар халық қой. Енді келіп оны мүлде сызып тастау мүмкін емес», - деген түсінік берді. Келешекте республика өмірінде аса маңызды рөл атқаратын бұл құжат жобасы қызу талқыланды. Парламент мүшелері Декларацияның әрбір сөйлеміне, сөзіне жете мән беріп, айтылған ұсынысты сол бойда дауысқа салып отырды.

         Жоғарғы кеңес «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» 1990 жылы 25-қазан күні қабылдады. «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда» Қазақстан аумағының біртұтастығы мен оған жат көзқарас, қарсы әрекеттер болмайтындығы бекітілді. Декларацияда аса маңызды мәселе республиканың өз бюджетін қалыптастыратындығы айқындалды. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация - еліміз Конституциясының негізіне айналған республиканың тұңғыш заң актісі. Бұл құжатта Қазақстан «халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар» егемен мемлекет деп жарияланды.

Декларация алғаш рет табиғи ресурстардың, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетінің Қазақстан меншігінде болуының ерекше құқығын баянды етті. Егер егемендік қағидаттарына қайшы келетін болса, Қазақстан аумағында КСРО заңдарын тоқтату құқығын белгіледі. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігін жариялау – Қазақстан үшін өз дамуының жолын дербес анықтау мүмкіндігін ашқан тұңғыш акті болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

        Қорыта келгенде, Қазақстанның  тәуелсіздік қарсаңындағы қоғамдық-саяси өмірдегі және әлеуметтік-экономикалық дамудағы теріс құбылыстар өсіп, қоғамдағы қайшылықтар мейлінше шиелінісе түскен кезеңмен ерекшеленді.  Сол кездегі күшпен ұстап тұрған кеңестік толитарлық жүйенің құлдырауы жағдайында басқаша болуы мүмкін емес еді. 1985 жылдан басталған қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құру, горбачевтік социализмді «жаңарту»  әрекеттері ешқандай оң нәтиже бермеді, КСРО - ны төніп келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмады, ең соңында КСРО-ның ыдырап кетуімен аяқталды.

     1990 жылдың орта шенінде  өнімнің өсу қарқынының, бұрынғы  жылдармен салыстырғанда, мықтап  құлдырағаны байқалды.Дағдарыс экономиканың  барлық салаларын қамтыды. Ол  саяси-әлеуметтік жағдайға теріс әсерін тигізе бастады. Көмір алқаптарындағы кеншілердің, металлургтердің тұрмыс дәрежесі мейлінше төмендеді. Осыған орай, олар өздерінің наразылығын ашық білдіре бастады. Кеншілердің ұжымдарының еріктілігін, шығарылған көмірдің кейбір бөлігін өздерінің қалауынша сатып, қажетті тауарларға айырбастап алып отыруға мүмкіндік берілуін талап етті.

Еліміздегі ұлтаралық қатынастардың күллі күрделілігін ұғыну үшін қоныс аударулардың тарихына қысқаша тоқталайық. XIX ғасырда Ресейден, Украйнадан, басқа да аймақтардан Қазақстанға көптеген қоныс аударушылар ағылып келіп жатты. Бұл лек 1991 жылдың 16 желтоқсанына дейін тоқтаған емес: XX ғасырдың алғашқы он жылында, столыпиндік реформаны іске асыру барысында шырқау шегіне жетті. Жыл сайынғы көшіп келушілер саны 140 мың адамнан асып жығылып отырды.

Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі шет елде сіңісіп кете алмай кейін қайтып, қалғандары жайғасып, иеліктеріне шаруашылық алып, осында мәңгіге қоныстанып жатты. Тарихшылар берген бағаға сайсақ, сол кездерде Қазақстанға келгендердің ұзын-ырғасы бір миллион 200 мың адамнан асады.

Бұл қоныстанушылардың жергілікті халықты орыстандыруды және отарлаудың барлық өлшемдеріне сәйкес олардың иелігіндегі жерді Ресей тәжіне түпкілікті бекітіп алу мақсатын көздегені түсінікті.

       КОКП-ның таратылуына және кейіннен КСРО-ның құлауына орай сол кезеңде, шындығында, қандай да болсын партияның саяси монополиясын жоққа шығаратын көппартиялықтың шынайы қалыптасуы үрдісі басталды. Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы да өз бастауын осы кезеңнен алады. Әлеуметтік жіктер мен топтардың саяси бағытының қалыптасуына және әлуметтік-экономикалқы реформалардың барысына ықпал етуге деген ұмтылысының үдей түсуі партиялар рөлінің күшеюін алдын ала айқындады, өйткені азаматтар қоғамдасып бір одақта болғанда ғана оқиғаларға елеулі ықпал ете алады.

              Социал-демократтар, соцалистер партиялары, «Алаш» ұлттық бостандық партиясы, Қазақстанның Халық Конгресі  партиясы, Республикалық партия  жаңа тұрпаттағы саяси партияларға  айналды.

1990 жылы мамырда  Алматы қаласындағы құрылтай конференциясында Қазақстан социал-демократиялық партиясы  өзінің құрылғанын жариялады. Оның Жарғысында құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау, олардың белсенділігі мен қайраткерлігіндамыту негізінде нарықтық экономикасы өкендеген азаматтық қоғам орнату; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуға тарту; ұлтаралық келісімді нығайту партияның мақсаты болып таылады деп жазылған. Ұйымдастыру жұмысының нашарлығы және оның жетекшілерінің саяси күреске тікелей қатысудан бас тартуы 90-жылдардың ортасында социал-демократиялық партияның өз қызметін тоқтатуына әкеп соқты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қозыбаев М. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы: дақпырт пен шындық. Алматы., 1997.
  2. Алма-Ата. 1986. Книга-хроника. Алматы., 1990.
  3. Қозыбаев М.Қ. История и современность. Алматы., 1991.
  4. Мажитов С.Ф. История Казахстана. Алматы., 2000. 
  5. Әбілғожин Ж.Б. Очерки социально экономической истории Казахстана. Алматы., 1997.
  6. Қазақстан тарихы. Көне дәуірден бүгінге дейін. Алматы., 2010.
  7. Машан М.С. Политическая система Казахстана. Алматы., 2000.
  8. Бурханов К.Н. Современная политическая история Казахстана. Алматы., 2006.
  9. Назарбаев Н.Ә.Тәуелсіздік белестері. Алматы., 2003.
  10. Мажитов С.Ф. Современная история Казахстана. Алматы., 2008.
  11. Бейсенбайұлы Ж. Желтоқсан ызғары. \Ана тілі. 1990. 10 мамыр.
  12. Қозыбаев М.К. Декабрь 1986 года: факты и размышления. Алматы., 1997.
  13. Мурсалиев А. В декабре на площади Брежнева.\ Комсомольская правда. 1990. 2 қыркүйек.
  14. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы.  Алматы., 2005.
  15. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). –Алматы., 2006.
  16. Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихы. Алматы., 2004.
  17. Қозыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков. Алматы., 2000.
  18. Шеретов С.Г. Политическая история Казахстана (1985-1995гг.): Курс лекции. Алматы., 1996.
  19. Жигалов К., Султанов Б. Первый Президент Республики Казахстан. Алматы., 1993.
  20. Баймаханов М.Т. Становление суверенитета Республики Казахстан. Алматы., 1994.
  21. Джунусова Ж.Х. Республика Казахстан. Президент. Институт демократии. Алматы., 1996.
  22. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы., 2003.
  23. Есентугелов А.Рыночная экономика –выбор Казахстана. Алматы., 2005.
  24. Сабденов О. Экономическая политика переходного периода. Алматы., 1999.
  25. Кушербаев К. Этнополитика Казахстана: состояние и перспективы. Алматы., 1996.
  26. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. Алматы., 2003.
  27.   Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы., 2003.
  28. Зиманов С.З. Конституции и Парламент Республики Казахстан. Алматы., 1996.
  29. Токаев Қ. Қазақстан Республикасының  дипломатиясы. Алматы., 2002.
  30. Токаев К. Под стягом независимости. Алматы., 1997.
  31. Токаев К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. Алматы., 2000.
  32. Мансуров Т. Лики суверенитета. М., 1994.
  33. Котов А.К. Конституционализм в Казахстане. Алматы., 2000.
  34. Демократическая модернизация Казахстана. Алматы., 1999.
  35. Назарбаев Н.Ә.  Сындарлы он жыл. Алматы., 2003.
  36. Жотабаев Н.Р. О демократии и парламентаризме. Алматы., 2000.
  37. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы., 2003.
  38. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы., 2003.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы