Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 20:26, курсовая работа

Описание работы

Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерін тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты.

Файлы: 1 файл

мемлекеттер.doc

— 382.00 Кб (Скачать файл)

         Күн тәртiбiне  алғашқылардың бiрі болып  мемлекеттiк  тiл мәселесi тұрды. Тiлдер туралы  заңның талқылаулары процесінде  екi негiзгi жолдар қарастырылды.  «Ұлттық» оппозиция қазақ тiлiне  барынша қысқа  мерзiмде мемлекеттiк мәртебе беру,  және сол мерзімде мемлекттік іс жүргізуді  қазақ тіліне аударуды талап етті.

      1989 жылдың 22 қыркүйегiнде  Қаз.КСР тiлдер туралы заңды  Жоғарғы кеңес қабылдады. Заңға сәйкес, қазақ және орыс тiлi ұлтаралық қатынас тiлiнiң мәртебесiн иемденді. Мемлекеттiк тiлде iс жүргiзудi қазақ тіліне аударуды бiтiру 1995 жылға сәйкес келтірілді. Өкiмет және басқарудың мемлекеттiк құрылымдары заң қызметтерінің жұмысы үшiн мемлекеттiк тiлмен және ұлтаралық қатынас тiлiн бiлуге керек мемлекеттiк сектордағы тiзiмді анықтауды мiндеттедi.

         Заңға қосымша  ретiнде, 1989 жылы  қазақ тiлінің, ең  алдымен  материалдық  қолдау  көрсететін қайта  жандауына істердің  қалыптасуына Мемлекеттiк бағдарлама  қабылданды. Сол жылдары  қазақ  тiлiнiң зерттеуi бойынша курстер ашыла  бастады.

           Расында  ашық формада, орта мектептерде  бiрiншi сыныптан «орыстілді тұрғындарға»  қазақ тiлiнде сабақ берудi енгiзілуi наразылық.  тудырды. 

1989 жылы қыркүйекте Қазақ ССР-інде  тіл туралы заң қабылданып, рспубликада қазақ тілін және басқа да ұлт тілдерін дамытудың 2000-жылға дейінгі кезеңге арналған Бағдарламасы  бекітілді. Оның негізгі мақсаты ұлттық тілдерді қорғап дамыту. Заң бойынша мемлекеттік тіл болып қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып белгіленді. Бірақ бұл заңның орындалуында көптеген кемшілік орын алды. Өйткені іс жүргізілуде, еңбек ұжымдарында әзірге қазақ тілінен гөрі орыс тілі басым болды. Бұл мәселеде жергілікті Кеңестерге елеулі міндеттер жүктелді. Алайда, оны іске асыруда едәуір қиыншылықтар мен қайшылықтар кездесті.

Бірқатар жерлерде іс жүргізу, ұлтаралық қатынас қазақ тілінде жүргізілуі қажет делінсе, Орал, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан сияқты облыстарда онан бас тартуға дейін барды. 80-жылдардың аяғынан 90- жылдарың басына дейінгі уақыт кезеңі бүкіл СССР территориясында ұлттық сананың, өзінің тарихы, мәдениеті, тіліне деген қызығушылықтың өсуімен сипаталады. өсіп келе жатқан жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу құралы ретінде қазақ тілінің беделін арттыру қажеттіліг туды. 1989 ж. 22 қыркүйекте Қаз ССР Жоғарғы кеңесі қабылдаған «ҚазССР-нің тілдері туралы» Заң 1990 ж. 1 шілдесінен, ал оның кейбір баптары қоғамдық өмірдің барлық саласына бірте-бірте орнығу арқылы бірнеше жыл ішінде заңды күшіне ентін болыпбелгіленді. Мысалы, мемлекеттік билік пен басқару, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындарда тілдің қызмет етуін реттейтін 16-бап Заң күшіне енген сәттен 5 жыл ішінде, ал 19 және 20 баптар 10 жыл ішінде енгізілуі керек болды.

Басқа тілдерге республика аумағында еркін қызмет ету қамтамсыз етілді, тіпті, ұлттық топтардың тіліне жергілікті ресми тіл құзіреті берілді. Заң барлық азаматтарға тіршілік ету барысында тіл таңдау бостандығын қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстаннның барлық тұрғынндарының  ұлттық мәдениетінің үйлесімді дамуына алғышарттар жасайды, әрбір ұлттың даму үшін тең мүмкіндік береді, туған және мемлекеттік тілінде, сондай-ақ ұлтаралық қатынастар тілінде сөйлей алатын полингвистикалық тұлғаның қалыптасуына алғышарттар жасайды. Заңда бекітілген тәрбиелеу және оқыту тілін таңдау бостандығына берілген құқық, мемлекеттің тілдік белгілері бойынша ұлттық мәдени орталықтарды. Қоғамдарды және т.б. бірлестіктерді құруға ықпал ету міндеті, соңғыларға кең көлемдегі құқықтар беру ұлттық топтардың өзіндік болмысын сақтап қалуына себебін тигізу.

1989 ж. «ҚазССР –нің тілдер туралы»  Заңы шыққаннан бері мемлекетттік  тіл саясаты, орыс және басқа  тілдер құзіреті бірқатар өзгерістерге  ұшырады. Дегенмен, аталған Заң мәдени, тілдік қызметтестікті нормативтік-құқықтық  қамтамасыз етуге, сонымен бірге, ұлттардың мәдени және тілдік үйлесіміне бастама болды.

       Қоғамды жаңартып, қайтадан құруда ұлттық, демократиялық қозғалыстар күшеіп, олар бұқаралық демократиялық қозғалысқа айналды. Бұрынғыдай өз ұлтына қалай болса солай қарайтын адамдардың қатары азайып, олар өз ұлтының экономикалық және рухани мәдениетінің дамуына жанашырлық көрсете бастады. Мәселен, 1989 жылы Алматы қаласындағы үш өнеркәсіп орындарында жүргізілген социологиялық зерттеудің нәтижесінде 18 бен 25 жас аралығында қазақ жастарының 71 пайызы өздерінің ұлтын мақтан тұтатындығын айтқан (17, 10).

Қазақстанда тұратын адамдардың басым көпшілігі өз елінің болашақ дамуын ұлттық тәеусіздікпен тікелей байланысты деп қарайды. Осы орайда бір айтатын жайт республикадан басқа жаққа кетушілердің саны көбейді. Мәселен, 1986 жылы 75,5 мың адам, 1987 жылы 71, 4 мың, 1988 жылы 70 мың адам басқа жаққа қоныс аударған.  Олардың саны, әсіресе, ауылдық жерлерде өсті. Ол жерлерден, соның ішінде тың және тыңайған жерлерді игерген облыстардан орыс, украин, неміс, беларусь тағы басқа да ұлт өкілдерінің кетуі күшейді. Мұның өзі республикадағы барлық саяси күштердің ынтымақтасып, жалпы ұлттық мүддені барынша қорғау үшін күресуін талап етті. Әсіресе, сол кездегі мейлінше күрделі ауыр кезеңде, оның маңызы өте зор болды., Өйткені таяу арада саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайдың түзеліп кетуіне жұрттың сенімі азайды.

 

Жағымды жақтары

Кемшіліктер

1. 1980 ж 22қыркүйек «Тіл туралы заң»  қабылданды. 1- бабында мемлекеттік  тіл- қазақ тілі№ 2- бабында ұлтаралық  қатынас тілі- орыс тілі деп жарияланды.

2. Қазақ тілінде балабақшалар  саны артты. Жалпы саны 1677 болды. Жаңадан қазақ тілінде жалпы  білім беретін 155 мектеп, 4 кәсіптік-техникалық  училище ашылды.

3. 1988 ж Қаз КП ОК-нің  қаулысымен жазықсыз қуғын-сүргінге  ұшырағандарды ақтау процестері басталды (мысалы:Ж. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймаутов т.б. ақталды.)

4. О. Сулейменовтың «Азия»  кітабы әділетсіз таңылған саяси  айыпталудан ақталды.

5. 1991 ж. Аяғында 48 кәсіптік театр, 26 концерттік ұйым, 9 мыңнан аса клуб, 10 мыңға жуық көпшілік кітапханалар, 145 муражай жұмыс істеді. 49 мәдени орталықтар құрды. «Наурыз» т.б. мерекелер дәстүрге айналды.

60-90 жылдары қазақ мектеп-нің саны  Көкшетау, Сотүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Шығыс қазақстан  облыстарында күрт қысқарып кетті. Қала жастары ана тілін нашар білетін, тіпті сөйлей алмайтын жағдайға тап болды. Немересі атасын, атасы немересін түсінбейтін болды. Тіл мәдениетіне деген мұндай көзқарас қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдебиетіне, тарихына  және салт-дәстүрінесалқынын түсірді.


 

Жекелеген іс-шаралармен бүкіл мәдениет, ғылым мен білімнің дамуына түбегейлі өзгерістер енгізуге болмайтындығы, түбегейлі бет бұрыстан -  толық тәуелсіздік алған жағдайда ғана болатындығын өмірдіі өзі дәлелдеп берді. Сонымен бірге тамырын тереңге жайған проблемалардың шешілуі бір-екі жылдың ғана елшісінде еместігі айқын еді.

   1990 жылы көктемде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесіне сайлау өткізілді. 340 депутаттық мандатқа 1403 кандидат ұсынылды және 1242 кандидат тіркелді. Қазақ КСР сайлау заңына сәйкес, ал бұл  КСРО Жоғарғы кеңес қабылдаған сайлау заңын қайталады, Қазақстанның Жоғарғы Кеңесіне қайта құру кезеңінде  «еркін» сайлау келесідей көрсетілді:

- депутаттардың 1/3 бөлігі  қоғамдық  бірлестіктерден сайланды, мәселен жазушылар, суретшілер Одағынанжәне ардагерлер Кеңесі және т.б.

- депутатардың 2/3 –і жалпыға бірдей  сайлау жүйесінен сайланды

             Бұл Сайлау альтернативті болды. Парламент депуттарына кандидаттарды ұсыну құқығы алғаш рет сайлаушылардың тұрғылықты жері мен ЖОО- ң ұжымдары жиналыстарында анықталды.

            Таңдалған парламенттің әлеуметтік, кәсіби және жыныстық құрамы  келесідегідей нәтижеге болды: 19,4 – жұмысшылар мен колхозшылар, 3,8 – құқықтанушылар, 1,8 – мұғалімдер, 5,3 – дәрігерлер, 7,4 - әйелдер.  30 жасқа дейінгі депутаттар 3,3 пайызды құрады. 94,4 КОКП мүшесі (18, 19).

1990 ж. 15 наурызда ССРО халық депутаттарының  кезектен тыс III съезінде одақтың алғашқы президенті М.С. Горбачевті сайлау одақтас Республикаларда Президент сайлауын жүргізудің бастамасы болды. 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ ССР-нің ХII шақырылған Жоғарғы  Кеңесінің I сессиясында Н.Ә.Назарбаев республиканың алғашқы Президенті болып сайланды. Мемлекет басшысы – ҚазССР-нің Президенті институтын енгізуге «Президент қызметін бекіту және ҚазССР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» ҚазССР –нің заңы құқықтық негіз болды. Заңғы  сай, Президент қызметі республикадағы іске асырылып жатқан экономикалық және саяси қайта құрулардың одан әрі дамуын, конституциялық құрылысты, азаматтардың құқығын, бостандығы мен қауіпсіздігін нығайтуды, жоғары мемлекеттік билік және басқару органдарының өзара қатынасын жақсартуды қамтамасыз ету үшін бекітілді.

Президент, мемлекет басшысы бола отырып, республика территориясында азаматтардың құқықтармен бостандығының, ҚазССР Конституциясының және заңдарының кепілі болып табылады; республиканың егемендігін, қауіпсіздігін, териториялық тұтастығын қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдайды; одақтық шартты орындаудың қамтамасыз етеді; ел ішінде, халықаралық қатынастарда, сондай-ақ ССРО –ның Федерация кеңесінде Республиканың атынан сөйлейді; халық депутаттары кеңесінің толық билік етуіне ықпал етеді; республиканың жоғарғы мемлекеттік билік және басқару органдарының  өзара қатынасын қамтамасыз етеді; республиканың жағдайы туралы Жоғарғы Кеңеске жылда баяндап отырады, мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси қызметінің маңызды мәселелері туралы Жоғарғы кеңесті құлақтандырып тұрады. Осылардан басқа, Президенттің өкілеттігіне Министрлер Советінің Төрағасы, халықтық Бақылау комитетінің Төрағасы және т.б. қызметтерге кандидат ұсыну және т.б. кірді.

Президент қызметімен бірге, ҚазССР Президентінің орынбасары қызметі бекітілді. Заңға сәйкес,  Президенттің орынбасары Президенттің тапсырмасы бойынша оның жекелеген міндеттерін орындайды және президент болмаған кезде немесе ол өзінің қызметін атқара алмайтын жағдайда, Президенттің міндетін іске асырады.

Мемлекет басшысы – ҚазССР президенті институтын енгізген уақыттанбері Республика президентінің құзіреті күшейіп, күрделі өзгерістерге ұшырады.

          1990 сәуірде Жоғарғы кеңес президент лауазымын бекітіп,  Қазақстан ЦК Компартиясының бірінші хатшысы Н.Ә.Назарбаевті республиканың бірінші президенті етіп тағайындады. Оппазицияның бірнеше рет жалпыға орттақ сайлау өткізу туралы үндеуі мен талаптарына Жоғарғы кеңес жалпыұлттық сайлауды өткізу жөнді деп есептемеді. Бұған себеп елдегі  президент сайлауы туралы заңның жоқтығы болды.

1991 жылы 1 қаңтарда жалпыұлттық сайлау өткізілді. Жоғағы кеңес депутаттары екі кандидатура ұсынды. Н.Назарбаев және О.Сүлейменов, бірақ соңғысы өзінің кандидатурасын алып тастады. 1991 жылы 1қаңтарда республикада ең бірінші Президент сайланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Президент болып Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев сайланды (19, 14).

Қазақстан Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Дауыс беруге құқылы 9 млн 960 мың азаматтардың 88,42%-і сайлау учаскелеріне келді, олардың 98,76 %-і Президентке кандидатты қолдап дауыс берді.

Осылайша, Нурсылтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл халық сайлаған алғагқы Қазақстан Пезидентінің мандатын алды, бұл оның әртүрлі әлеуметтік ортадағы беделінің жоғары екендігін дәлелдей түсті. Сонымен қатар, бұл Н.Ә. Назарбаевтың сайлау алдындағы программасын қолдаудың бір белгісі еді. Оның мәні республиканы дағдарыстан шығару жөніндегі, Қазақстан экономикасын нарықтық жолға түсіруге бағытталған шешімдер мен жедел қимыл жасау болды. Сайлау нәтижесі  саяси-этникалық тұрғыда ұқсастығы жоқ республикада болған мықты ұлтаралық келісімді көрсетті.

Бүкілхалықтық сайлауды өткізу егеменділікті толық алуға ұмтылған жас мемлекеттігі демократиялық қайта құру бағытының беріктігін растады. Ал бұл мемлекеттің конституциялық кепілі алғашқы Президент болуы тиіс еді және солай болды да.

Республика халқы бұрын қолдаған және болашақта да қолдайтын саясатшы үшін, оның алға қойған бағыты үшін дауыс берді. Бұл сайлауданшаруалар жерді, кәсіпкерлер бостандықты, еңбек ұжымдары экономикалық саясаттағы дұрыс бағытты күтті. Бұл тұрғыда Президенттің тұлғасы республика күштерінің бірлігін білдірді. Сонымен қатар, азаматтар дауыс беру нәтижесімен өмірді жақсарту, экономиканың құлдырауы мен бағаның өсуін тоқтатуға бағытталған шешімдер қабылдап, кей жерлерде қатал шараларды қолданудың қажеттігін, мемлекеттің өркендеуі және оның ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын мықты биліктің қажеттігін көрсетті.

1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандағы  бүкіл халық қолдаған президент  билігінің есебі басталды. Бұл республика үшін құқықтық демократиялық мемлекеттің және азаматтық қоғам мүдделерін қорғауды көздейтін жаңа мемлекеттік институт болды.

             Н.Ә.Назарбаев 1940 ж. шілденің 6-ы Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. 1960-69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-ші хатшысы. 1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды. 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті. 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті (20, 21). 1989 жылы наурыз айында Г.В. Колбин Халықтық бақылау комитетінің 1-ші хатшысы болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.

Бір ерекше айтып кететін жағдай, қайта құру жағдайында бұхаралық хабарлама органдары елдегі,  соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе, республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жөнінде  жан-жақты айтылды. Соның арқасында халықтың азаматтық  және ұлтық сана-сезімі едәуір өсті.

Қоғамда орын алған жұмыссыздық, балалар өлімі, халықтың мәдени-тұрмыстық, үй-жай жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындылары ашық жарияланып отырды.  Мұның өзі бұхара халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін күшейтуге көмектесті. Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана  тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты.

Біздің қорымызда демократиялық қатынастардың одан әрі терңдеп өрістеуі кеңестердің қызметінен айқын көріне бастады. «Барлық өкімет Кеңестерге берілсін!» деген ұран жанданды. Бұл мәселені бастапқы кезде кеңестерге партия  басшылығын күшейту арқылы шешу  үшін күш салынды, бірақ одан ештене шықпады. Өйткені компартияның қызметінде елеулі кемшіліктер мен тоқыраушылық орын алды.

Информация о работе Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы