Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 20:26, курсовая работа
Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерін тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты.
Қазақстанның әйелдер одағы. Бұл қоғамдық ұйым 1991 жылдың мамыр айында құрылды. Құрылу мақсаты - әйелдердің қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірдегі рөлін арттыру. Одақ республикадағы реформаны жақтайды. Соңғы 7-8 жылда бұл салада қыруар ұйымдастыру жұмысын атқарады. Әйелдер қозғалысының мәселелері туралы семинар, мәслихаттар өткізді, ардагер әйелдерге, көп балалы аналарға, балалар үйіне материалдық көмекті үнемі ұйымдастырып келеді. « Әйелдер қазіргі қоғамда» деген халықаралық конференция өтізді.
Қазақстанның әйелдер одағы Орталық Азия елдерінің халықаралық конгресінің мүшесі. Қазақстан Республикасының әйелдер кеңесі 1991 жылы қазанның 21-інде тіркеуден өтті.Басқарма және президиум мүшелері 1991 жылы тамыздың 20-сында сайланды, ұйымның Жарғысы бар. Бірнеше рет республикалық пленумы өтті (7,18).
Еліміздегі партиялық жүйе жайында әңгіме қозғалып отырған соң тәуелсіздіктен кейін қалыптасқан қазақстандық саяси құрылымдарға қысқаша шолу жасап өтпей болмас. Сонау тоқсаныншы жылдары бірпартиялық өктемдіктің және социалистік саяси жүйенің ыдырауы республикамызда демократиялық қағидаттар негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Яки, көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси құрылымдар шоғыры қалыптасты.
Көсеуі ұзын көрінетін Кеңес Одағы күйрегеннен кейін аз уақыт ішінде әлі буыны бекіп, бұғанасы қатая қоймаған тәуелсіз Қазақстан демократиялық, ашық қоғам құра отырып, экономикалық реформалардың алғашқы сатысынан сүрінбей өтті. Соның ішінде жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар жас мемлекетте қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады.
1990 жылғы 1 наурызға қарай республикада
100-ге жуық қоғамдық ұйым
1990 жылы Қазақстанда «Азат»
1991 жылы тамыз айында мәскеуде
мемлекеттік төңкеріс жасау
1991 жылы қазанда жетекшілері
О. Сүлейменов пен М.Шаханов болға
Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында тек демократиялық жолмен, Конститутция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды. Олар парламенттік партияларға айналу, сайлаушылардың көп дауысына ие болу үшін күрес жүргізіді. Бұл саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тек құқықтық жағдайда өзара түсінісу, келісу арқылы байланыс жасап отыруға тырысты.
Қайта құру жағдайында Қазақстанның қоғамдық ұйымдарында да сапалық өзгерістер іске асты. 1991 жылы қазан айында Қазақстан комсомолының кезектен тыс XVIII съезі болып өтті. Съезд делегаттары республика комсомолын Қазақстанның жастар одағына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Оның алдында республика жастарының құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеті қойылды.
Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе, бастауыш ұйымдарының рөлін көтеруге ерекше мән берілді. Олар өздерінің мүшелерінен жиналған қаржыларды ұйым қажетіне жұмсауға толық ерік алды. Қазақстан Орталық кәсіподақ комитеті және облыстық кәсіподақ комитеттері салалы кәсіподақ кеңестері болып қайтадан құрылды. Соңғы жылдардағы кәсіподақ ұйымдарының негізгі қол жеткен табысы- ол әр түрлі саяси және мемлекеттік ұйымдардан тәуелсіздік алды. Бұхара халықтың мүддесін қорғауда олар көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді мемлекеттік және шаруашылық органдарымен тең дәрежеде келісе отырып шеше алатын жағдайға қол жеткізді.
Сондай –ақ бұл жылдары әйелдер кеңесіне балама ұйымдар әдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы, көп балалы аналар, жанұялар одағы. «Айша», «Ақ отау» және Іскер әйелдер қауымдастығы құрылды. Сөйтіп, республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жұмыс істеді (26, 9).
Бұл жоғарыда аталған фактілердің барлығы ХХ ғ. 80-ші жылдардың 2-ші жартысында қоғамды қайта құру барысында Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірінде демократиялық қатынастардың кең өріс ала бастағанын көрсетеді.
2.3 Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы (1990-1991жж)
КОКП-ның таратылуына және кейіннен КСРО-ның құлауына орай сол кезеңде, шындығында, қандай да болсын партияның саяси монополиясын жоққа шығаратын көппартиялықтың шынайы қалыптасуы үрдісі басталды. Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы да өз бастауын осы кезеңнен алады. Әлеуметтік жіктер мен топтардың саяси бағытының қалыптасуына және әлуметтік-экономикалқы реформалардың барысына ықпал етуге деген ұмтылысының үдей түсуі партиялар рөлінің күшеюін алдын ала айқындады, өйткені азаматтар қоғамдасып бір одақта болғанда ғана оқиғаларға елеулі ықпал ете алады.
Социал-демократтар, соцалистер партиялары, «Алаш» ұлттық бостандық партиясы, Қазақстанның Халық Конгресі партиясы, Республикалық партия жаңа тұрпаттағы саяси партияларға айналды.
1990 жылы мамырда Алматы қаласындағы
құрылтай конференциясында
«Алаш» 1990 жылы сәуірде Құрылтай сьезінде бекітілді. Партияның жоғарғы органы – 5 адамнан құралған ОК. Төрағасы Р.Нутушев (партиялық лақап аты – Арон Атабек) болды. «Хақ» газетінде партия өз бағдарламасын және партия жарғысын жариялап отырды. 1990 жылы сәуірде «Алаш» ұлттық бостандық партиясының құрылғаны туралы мәлімдеме жасалды. Негізгі бағдарламалық мақсаттары – түркі бірлігін насихаттау, болашақтағы Ұлы Түркістанның ұйтқысы ретіндегі Қазақстанның ұлттық қайта өркендеуі, дін мен мемлекеттің бір-бірінен алшақтауына жол бермеу болды (25, 13).
Бағдарламалық құжаттар бойынша саяси іс-қимылдың формасы – саяси күрестің күш қолданылмайтын, конституциялық әдістері саналды. Партия жетекшілерінің 1991 жылғы желтоқсанда рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыруға қатысуы және Алматы мешітінің мүфтиіне қол жұмсап, дене жарақатын салуы секілді дөрекі әрекетімен кейін оның қызметіне дақ түсті. Осы оқиғалар, сондай-ақ партияның әлеуметтік негізінің әлсіздігі және тиісінше, халық тарапынан қолдаудың болмауы 90-жылдардың ортасында партияның өмір сүруінің тоқтатылуына әкеп соқты. 90-жылдардың аяғында өзінің ізашары ұстанған бағыттан мүлде бөлек, жаңа, өзге «Алаш» партиясының құрылғаны туралы мәлімдеме жасалды.
Социалистік партияның
құрылтай сьезі 1991 жылы қыркүйекте
өтті, ол да өзін Қазақстан
Компартиясының құқықтық
1990 жылы саяси партия ССР Жоғарғы кеңесін құрды. 1990 жылдың басында Алма-Ата, Павлодар, Петропавл, Целиноград, Шымкент және т.б. қалаларда сайлаушы клубтар құрыла бастады. 1990 көктемде партиялық құрылымның қалыптасуы басталды, 1990 жылы сәуірде шарықтау шегіне жетті. 1990 ж. мамырда Қазақстан Социал-демократиялық партиясының сьезі өтті, республикадағы әртүрлі қалалардағы бірлестіктерді біріктірді. Басқарушы орган 5 адамнан тұратын Координациялық кеңес. Партия басында 2 төраға - Дуванов және Д.Кушимов болды. 1991 жылы 4-ші партиялық конференцияда мынадай 2 құжат қабылданды: «ҚСДП принцип декларациясы» және «1991-1992 ж. ҚСДП бағдарламасы» қабылданды. «Социал-демократиялық» газетінде партиялық органның бағдарламалары шықты (37, 5).
Бірінші құжат бойынша «ҚСДП» еркіндік, әділдік және қамқорлық секілді саяси құндылықтарды ұстанды. Еркіндік ұғымының астарында адамдардың сайлауға құқығы, саяси белсенділік жатыр, әділдік – адамдардың барлығына бірдей құқықтың енгізілуі, қамқорлық – азаматтыққа барлық қоғам мүшелерінің бірігуі қарастырылған. 1990 жылы көктемде қазақ ұлттық-демократиялық қозғалысы белсенділік танытты. Алма-Атада 1990 жылы ақпаннан-қазанға дейін республиканың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін шерулер мен демонстрациялар өтті.
1990 жылы сәуір-мамыр айларында
ұлттық еркіндік партиясы «
1990 жылы мамырда «Желтоқсан»
Ұлттық-демократиялық партиясы
Құрылтай сьезінде жарияланды. Бұл
сьезде партияның жоғарғы
Қазақстан Республикасының партиясы (ҚРП)
өз тарихын 1990 жылдың 1 шілдесінен бастайды.
Бұл күні "Азат" азаматтық қозғалысының
құрылтай конференциясында Қазақстанның
"Азат" азаматтық қозғалысының негізгі
мақсаты мен принциптері деген декларация
қабылданды. "Азат" тез қарқынмен
дамып көп ұзамай-ақ республика көлемін
қамтыған козғалысқа айналды. Оның ұрандары
мен талаптары көпшіліктің, әсіресе қазақ
қауымының көңілінен шығып отырды.
1991 жылы 4 кыркүйекте 30 өкіл қатысқан "Азат" партиясының құрылтай конференциясы өтті. Ол парламенттік типтегі Қазақстан республикалық партиясы "Азаттың" құрылғаны жөнінде шешім қабылдады. Сонымен қатар партияның Жарғысы мен Бағдарламасы қабылданды. Сонымен енді біртұтас "Азат" қозғалысы екіге "Азат" - Қазақстан азаматтық қозғалысына және "Азат"- Қазақстан республикалық партиясына бөлініп шыға келді. Бұл әрине оның қоғамдағы беделін күрт төмендетіп жіберді. Оның үстінен "Азаттық" көтеріп жүрген көптеген ұрандары, тәуелсіздік, мемлекеттік, ұлттық мәселелерді жүзеге асты (37, 7).
Осы тұста бытырап кеткені ұлттық-демократиялық қозғалыстардың басын қосып бір арнаға түсіру мақсатымен "Азат" - азаматтық козғалысы. "Азат" - республикалық партиясын, Қазақстан ұлттық демократиялық партиясы "Желтоқсанды" үшеуін бір партияға біріктіру идеясы ұсынылды.
Қазақстан демократиялық прогресс партиясы.
Құрылтай конференциясы 1991 жылы 24 қарашада
өтті. Республиканың алты облысында, негізінен
орыс тілді тұрғындар басым облыстарда
1000-нан астам мүшелері бар. Партия ресми
тіркеуден өтпеген. Негізгі әрекеті саяси
саланы камтиды. Партия мемлекеттік құрылымдарды
Жоғарғы Кеңес пен Өкіметті қатаң сынға
алумен айналысады. Партияның негізін
орыс тілді зиялы-лар тобы құрайды. Партияның
төрағасы А.Докучаева (38, 9).
Қазақстан социал-демократиялык партиясы. (ҚСДП)
Партия 1990 жылғы 26-27 мамырда кұрылтай-конференциясында
құрылған. Конференцияға 34 өкіл катысты,
олар республиканың 15 облысының өкілдері
еді. Партия ресми тіркеуден өтпеген. Партия
мүшелерінің екі түрлі мәртебесі белгіленген:
белсенділер және жақтаушылар. Белсенді
мүшелер париялық жарна төлеуге, партиялық
қызмет, тапсырма алуға міндетті. Социал-демократиялық
партиянын 10 облыстық бөлімшелері бар.
Партия төрағасы Дос Көшімов.
Елде жүзеге асырылып жатқан демократиялық өзгерістер бұқара халық арасында әртүрлі көзқарастардың, түрлі қоғамдық пікірлердің ашық айтылуына және бірқатар саяси партиялар құрылып, олардың еркін жұмыс жасауына жағдай жасалды. Мысалы, Қазақстан социал-демократиялық партиясының алдына қойған басты мақсаты – республикалық парламент сайлануына қатысып, оның құрамына өздерінің өкілдерін депутат етіп өткізу еді. Сондай-ақ, партия қоғамдағы жеке меншікті мойындады және өзінің қызметінде кәсіпкерлікті қолдап отыруды көздеді (32, 18).
Информация о работе Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы