Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 14:32, дипломная работа
Миграция ерекше феномен ретiнде ғылыми бөлiнiсiнен бастап, әйтеуiр бiр контекстiде - экономикалық немесе әлеуметтік, тарихи немесе мәдени, демографиялық. немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып келген едi. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткенi, миграциялық процестер бiр жағынан, бiр немесе бiрнеше қоғамда болып жатқан өзгерiстермен тығыз байланысты және осы мағынада алғанда оның әржақты дамуының өлшемi болады, яғни бұлар - саяси, этноәлеуметтiк, еңбек нарығындағы жағдай, тағы басқалар. Екiншi жағынан, өзара сандық қана емес, сапалық қатынаста да (мәселен, әлеуметтiк-демографиялық және этномәдени сипатымен) ерекшеленген әр түрлi миграциялық ағымдар өте күрделi және осы себептен ол донор мен реципиент қоғамдардың да жағдайына ықпал етедi.
Кіріспе....................................................................................................................
1 тарау. Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні................................
1.1. Миграциялық саясаттың классификациясы және зерттеу
әдістемелері...........................................................................................
1.2. Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалары мен
қауіпсіздікке ықпалы.............................................................................
1.3.Миграциялық процестерден қауіпсіздікке төнетін қатерлер.........
2 тарау. Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық қауіпсіздігіне ықпалы...........................................................
2.1.Демографиялық қауіпсіздіктін мәні.....................................................
2.2.Демографиялық өту және одан туындайтын проблемалар..............
2.3.Демографиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары...............
3 тарау. Этномәдени қауіпсіздік және миграция..........................................
3.1.Этномәдени қауіпсіздік түсінігі...........................................................
3.2. Қазақстандағы этномәдени қауіпсіздік мәселесі............................
4 тарау. Еңбек миграциясы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі.................................................................................
4.1.Экономикалық қауіпсіздік және миграция.........................................
4.2. Қазақстандағы еңбек миграциясын реттеу жолдары...................
5 тарау. Қазақстан Республикасы миграциялық саясатының негізгі бағыттары мен механизмдері..........................................................................
5.1.Миграциялық саясатты жүргізудің тиімді жолдары.................
5.2. Миграциялық саясаттағы негізгі бағыттары................................
5.3.Қазақстандағы миграциялық саясатты тиімді жүргізудің
механизмдері...........................................................................................
6 тарау. Миграция және жаһандану..............................................................
6.1. Жаһандану жағдайындағы миграциялық процесстер....................
6.2. Миграцияның жаһандық үлгісіндегі орны мен бүгінгі күндері
дамуындағы қайшылықтар..................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................
Жоспар
Кіріспе.......................
1 тарау. Миграциялық
саясаттың түсінігі мен мәні......................
1.1. Миграциялық саясаттың классификациясы және зерттеу
әдістемелері..................
1.2. Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалары мен
қауіпсіздікке
ықпалы........................
1.3.Миграциялық процестерден
қауіпсіздікке төнетін
2 тарау. Миграцияның
Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-демографиялық
2.1.Демографиялық
2.2.Демографиялық өту
және одан туындайтын
2.3.Демографиялық
3 тарау. Этномәдени қауіпсіздік және миграция......................
3.1.Этномәдени қауіпсіздік
түсінігі......................
3.2. Қазақстандағы
этномәдени қауіпсіздік мәселесі.........
4 тарау. Еңбек миграциясы және
экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету мәселесі......................
4.1.Экономикалық қауіпсіздік
және миграция.................
4.2. Қазақстандағы еңбек миграциясын реттеу жолдары...................
5 тарау. Қазақстан
Республикасы миграциялық
саясатының негізгі бағыттары
мен механизмдері..............
5.1.Миграциялық саясатты жүргізудің тиімді жолдары.................
5.2. Миграциялық саясаттағы
негізгі бағыттары............
5.3.Қазақстандағы
механизмдері..................
6 тарау. Миграция және
жаһандану.....................
6.1. Жаһандану жағдайындағы миграциялық процесстер....................
6.2. Миграцияның жаһандық үлгісіндегі орны мен бүгінгі күндері
дамуындағы
қайшылықтар...................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Миграция ерекше феномен ретiнде ғылыми бөлiнiсiнен бастап, әйтеуiр бiр контекстiде - экономикалық немесе әлеуметтік, тарихи немесе мәдени, демографиялық. немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып келген едi. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткенi, миграциялық процестер бiр жағынан, бiр немесе бiрнеше қоғамда болып жатқан өзгерiстермен тығыз байланысты және осы мағынада алғанда оның әржақты дамуының өлшемi болады, яғни бұлар - саяси, этноәлеуметтiк, еңбек нарығындағы жағдай, тағы басқалар. Екiншi жағынан, өзара сандық қана емес, сапалық қатынаста да (мәселен, әлеуметтiк-демографиялық және этномәдени сипатымен) ерекшеленген әр түрлi миграциялық ағымдар өте күрделi және осы себептен ол донор мен реципиент қоғамдардың да жағдайына ықпал етедi.
Қазiргi әлемдегi жаһандану процесiне байланысты Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі контекстiндегi миграциялық саясаттың қалыптасуы мәселесi өте өзектi. Өйткенi, елiмiздiң саяси режимiндегi және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы өзгерiстер жаңа миграциялық жағдайдың пайда болуына әкелді. КСРО-ның ыдырауына орай одақ iшiндегi болатын миграциялық процестер трансшекаралыққа айналды. Мәжбүрлi қоныс аударушылар мен «босқындардың» саны да артуда. Әсiресе, «жақын» және «алыс» шет елдерден келетiн жұмыс күші мигранттары, яғни гастарбайтерлер елімізде көбеюде,ал бұлар бiздiң қоғамымызда бiртiндеп «бесiншi бағанды» қалыптастыруда. Себебi олар мәдени жағынан да, менталитетi жағынан да бiзге бөтен болғандықтан, қоғамымыздағы қалыптасқан этномәдени тепе-теңдiктiң бұзылуына, шикiзаттар үшін күрестің өршуiне әкелiп, жаңа конфликтiлердiң пайда болуына әсерiн берерi сөзсiз. Ал уақыт өте келе дұрыстап орнығып алған соң, олар Қазақстандағы саяси және әлеуметтік жағдайға жүйелi түрде ықпал ете бастайды. Өткені Қазақстандағы барлық тұрғын халықтың саны бар болғаны 15 миллион ғана. Егер де Қазақстанға әр түрлi елдерден мигранттар келе беретiн болса, бiраздан соң бiз өзi үйiмiзде тұрып жатып-ақ пәтер жалдаушының кейпiне енгенiмiздi байқамай қалуымыз мүмкін. Осы айтылғандарға байланысты миграцияның жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiне қатер төндiруi сөзсiз, бұл проблеманы зерттеудiң өзектiлiгi осыдан да көрiнедi.
Қазақстан Президентi Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына жолдауында бүгiнгi дамуымыздың келеңсiз сипаттарының жетi осал жағын атаған болатын. Осының iшiндегi алтыншы осал жағымыз - кез-келген тұрғыдан қауiптi, ол - демографиялық өнiмсiздiгiмiз болып табылады. 1992 жылдан бастап соғыстан кейiнгi 50 жыл iшiнде тұңғыш рет бiздiң халқымыздың саны қысқара бастады, - дедi ол.
Өз кезiнде Ф. Вольтер «Елдiң байлығы оның тұрғындары мен олардың еңбегiнде», - деген едi. Бұл пiкiр Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жоғарыда айтылған сөздерiмен үндесiп жатыр. Шындығында, тұрғын халқымыздың саны қысқара беретiн болса, ұлттық қауiпсiздiгiмiздi қалай қамтамасыз етемiз.
Елiмiздiң ресми түрде 1998 жылдың 26-шы маусымында қабылданған (2000 жылғы 28-шi сәуiрде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» Заңындағы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне берiлген анықтамада: «ұлттық қауiпсiздiк - елдің ұлттық мүдделерiнiң шынайы және потенциалды қатерлерден қорғалу жағдайы», - деп атап өтiлген.
Н. Ә. Назарбаев өзiнiң «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына жолдауында бiрiншi ұзақ мерзiмдiк басымдық ретiнде де осы ұлттық қауiпсiздiктi қояды. Қауiпсiздiктiң басымдығы анық: егер елiмiз қауiпсiздiгiн сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзi қисынсыз, - дейдi ол. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «... ұлттық қауiпсiздiк басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көшi-қон саясаты шығарылуы керек. Егер бiздiң мемлекеттiк органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрайылықпен қарайтын болса, онда бiз ХХІ ғасырдың қарсаңында Ресейдiң артынан iле-шала адам саны сыртқы көшi-қон процестерiне ғана емес, табиғи жолмен кеми беретiн «демографиялық оппа» жағдайына тап боламыз, Бұл тенденция дереу тоқтатылуға тиiс», - деген едi.
Ал, 2004 жылдың 15 шiлдесiнде ҚР Статистикалық агенттiгiнiң төрағасы Кали Абдиев елiмiздiң бiрiншi жарты жылдықтағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысын шығара отырып: «Қазақстанда ең алғаш рет миграцияның он сальдосы +3286 тiркелдi. Яғни, кеткеңдерден Республикамызға келгендер саны басым түсті. Бұл жақсы бағыттың бастамасы», - деп мәлiмдедi.
Миграциялық ағымдардың пайда болуы, өрiстеуi, барысы сияқты контекстiнiң аяғына дейiн жою мүмкін болған емес. Бұл ағымдағы әр көшiп-қонатын мигранттың өзiндiк ерекше қайталанбас жақтары бар. Мәселен, олар неге тұрғылықты жерiн тастап кету туралы шешiм қабылдайды, бұл шешiмдi қалай жүзеге асырады және келген жерлерiнде өздерiн қалай ұстайтындығы, т.с.с. Бiрақта осымен бiрге мыңдаған мигранттардың келу себептерi мен iстерiн жақындататын, әр түрлi уақыт ықпалына ұшырайтын, барлық жерде болатын объективтi «әлеуметтiк» факторлар да бар.
Миграцияның қауiпсiздiгi мен қатынасын қарау «қырғиқабак соғыс» пен шынайы социализмнiң құлдырауынан және КСРО-ның ыдырауынан кейiн түсiнiктi болды. Бұл жағдайлардың салдары, бiр жағынан әлемде болған өзгерiстерге бара-бар қауiпсiздiктiң жаңа концепциясын әзiрлеуге деген талпыныстан болса, екiншi жағынан Шығыстан бақылаусыз келетiн мигранттар ағымынан туған үрейден едi. Осы екi салдарды да уақытқа сай байланыстыру саналы түрде миграцияны қауiпсiздiк контекстiнде қарастыруға әкелдi. Шындығында, миграцияның себептерiн талдау аясы негiзiнен дамыған елдер кеңiстiгiмен шектелдi, өткені, күтiлген көп миллиондаған ағым осы мемлекеттерге келедi деген болжам жасалған болатын.
Бiрақ та посткеңестiк елдерден Батысқа ағылған эмиграция үлкен сипатты бола қойған жоқ, өткені тұрғын халықтық көп бөлiгi қоныс аударуға дайын болмады және де қабылдаушы елдердiң шектеушiлiк саясатына ұшырады. Бұл ек фактор «Шығыстан» ағылатын эмиграцияның сұрыпталуын қамтамасыз етiп, тек бiлiктi мамандардың кетуiне әкелдi. Ал бұл қабылдаушы елден гөрi, эмигранттар шыққан елдің қауiпсiздiгiне күштi қатер едi. Алайда, мынаны жоқка шығаруға болмайды, яғни посткеңестiк мемлекеттердiң әлемдiк процеске, оның iшiнде миграциялық процеске енуi Батыс елдерi үшін белгiлi бiр жағымсыз салдарға ие болды. Мысалы, Ресей және басқа бұрынғы Одақтас Республикалар да бiр-бiрiмен келiсе отырып ауыстырушылар рөлiн орындауда және оларда қылмыстық трансұлттық қатерi туындап отыр.
1 тарау. Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
1.1. Миграциялық
саясаттың классификациясы
Демографиялық процестердiң iшiнде халыктың миграциясы маңызды орын алады. Өткені миграцияға қоғамдағы саяси, әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге шұғыл көңiл бөлетiн жауапты сипат тән. Қоғамды дұрыс басқару және тиiмдi әлеуметтiк-экономикалық саясат жүргiзу үшін миграциялық ағымдардың көлемi мен мигранттардың құрамын бағдарлай бiлу, миграцияны тудыратын факторларды және миграцияның салдарын анықтай бiлу өте қажет.
Миграциялық саясат дегенiмiз бл тұрғын халықтық миграциялануына алып келетiн әлеуметтiк мiнез - құлықтың, әрекеттiң бiр түрi немесе элементi болып табылатын миграциялық қозғалысқа деген ықпал ету. Бiздiң елiмiзде миграциялық процестер ынталандырушы және iлектеушi iс-шаралар арқылы ретттелiнедi. Шектеуiлi iс-шаралар таңдаулы түрде қолданылады, әсiресе iрi қалалардағы миграцияға байланысты. Сонымен қатар елдің экономикалық дамуына карай ынталандырушы экономикалық iс-шаралар да кеңiнен қолданылуда
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-жылғы 5-шi қыркүйектегi 1346-қаулысымен1 мақұлданған Қазақстан Республикасының миграциялық саясатының тұжырымдамасында былай айтылған:
Тұжырымдамада адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау негiзiнде жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, миграция саясатының негiздерi айқындалады делiнген.
Халықтың миграциясы демографиялық жағдайларға, елдің тұрғындары санының бiрден көбеюiне немесе азаюына, оның жастық және жыныстық құрылымына тез және белсендi ыкпал етедi.
Қазiргi ғылымда, әсiресе батыс ғылымында миграцияны зерттеп, талдауда бiр жағынан бiрiн-бiрi толықтыратын және бiрiне-бiрi бiршама қарсы келетiн екi негiзгi теориялық парадигмалар бар. Бiрiншiсi, құрылымдық парадигма. Бұл парадигма миграцияны түсiндiргенде басты орынды адамды немесе топты миграциялауға итермелейтiн құрылымдарға бередi Осы парадигма макротеориялық парадигма ретiнде анықталады, өйткенi миграцияның себептерi экономикалық және саяси құрылымдар мен қоғамның капиталистiк трансформациялануы болып табылады. Қазiргi кездегi миграцияның себептерiн талдауда орын ауыстыру экономикалық детерминация ролiнiң маңыздылығы күштi екендiгiн көрсетедi.
Миграция теориясындағы екiншi парадигмада, яғни миграциялау туралы мәселеде субъективтi факторға басты орынды берiледi. Субъективтiк парадигма микроденгей теориясы ретiнде анықталады, Өткені адам миграцияның басты агентi ретiнде талданады. Микродеңгей теориясы миграцияның макротеориялық себептерiнiң маңызын жоққа шығармайды, бiрақта ол деңгей, объективтi факторлар бәрiбiр де жеке тұлғаның шешiмiне байланысты болады дейдi. Бұдан көретiнiмiз, миграцияны талдаудағы микротеориялық тәсiл жеке тұлғалардың шешiмдерiн зерттеуге көп көңiл бөледi. Бұл парадигма аясында мигрант өзiндiк ерекшелiктерi бар, миграциялаудан түсетiн шығындар мен табыстарды бағалай алатын адам ретiнде қарастырылады. Бәрiнен анығы, миграциялау туралы шешiм қабылдау тұтастай қиын себептер комплексi болып табылады.
Тарихқа үңiлсек, миграциялық процестердi ең алғашқылардың бiрi болып жүйелендiрген ағылшын ғалымы Е. Г. Равенштейн болған едi. Ол 1885 жылы Ұлыбритания мен Солтүстік Америка тәжiрибесiнде миграцияның он бiр заңын немесе ережелерiн2 қалыптастырып бердi, бұл ереженi қазiрдiң өзiнде миграциялық теорияны жасаушылар негiзге алады. Осы он бiр ереженiң iшiндегi ең маңыздылары мыналар: