Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 14:32, дипломная работа

Описание работы

Миграция ерекше феномен ретiнде ғылыми бөлiнiсiнен бастап, әйтеуiр бiр контекстiде - экономикалық немесе әлеуметтік, тарихи немесе мәдени, демографиялық. немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып келген едi. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткенi, миграциялық процестер бiр жағынан, бiр немесе бiрнеше қоғамда болып жатқан өзгерiстермен тығыз байланысты және осы мағынада алғанда оның әржақты дамуының өлшемi болады, яғни бұлар - саяси, этноәлеуметтiк, еңбек нарығындағы жағдай, тағы басқалар. Екiншi жағынан, өзара сандық қана емес, сапалық қатынаста да (мәселен, әлеуметтiк-демографиялық және этномәдени сипатымен) ерекшеленген әр түрлi миграциялық ағымдар өте күрделi және осы себептен ол донор мен реципиент қоғамдардың да жағдайына ықпал етедi.

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................................................
1 тарау. Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні................................
1.1. Миграциялық саясаттың классификациясы және зерттеу
әдістемелері...........................................................................................
1.2. Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалары мен
қауіпсіздікке ықпалы.............................................................................
1.3.Миграциялық процестерден қауіпсіздікке төнетін қатерлер.........
2 тарау. Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық қауіпсіздігіне ықпалы...........................................................
2.1.Демографиялық қауіпсіздіктін мәні.....................................................
2.2.Демографиялық өту және одан туындайтын проблемалар..............
2.3.Демографиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары...............
3 тарау. Этномәдени қауіпсіздік және миграция..........................................
3.1.Этномәдени қауіпсіздік түсінігі...........................................................
3.2. Қазақстандағы этномәдени қауіпсіздік мәселесі............................
4 тарау. Еңбек миграциясы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі.................................................................................
4.1.Экономикалық қауіпсіздік және миграция.........................................
4.2. Қазақстандағы еңбек миграциясын реттеу жолдары...................
5 тарау. Қазақстан Республикасы миграциялық саясатының негізгі бағыттары мен механизмдері..........................................................................
5.1.Миграциялық саясатты жүргізудің тиімді жолдары.................
5.2. Миграциялық саясаттағы негізгі бағыттары................................
5.3.Қазақстандағы миграциялық саясатты тиімді жүргізудің
механизмдері...........................................................................................
6 тарау. Миграция және жаһандану..............................................................
6.1. Жаһандану жағдайындағы миграциялық процесстер....................
6.2. Миграцияның жаһандық үлгісіндегі орны мен бүгінгі күндері
дамуындағы қайшылықтар..................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Файлы: 1 файл

миграция диплом.doc

— 597.50 Кб (Скачать файл)

Саяси құбылыстарды салыстырып, жинақтауды өзiне қосатын салыстырмалы анализ бен синтез әдiсi де миграция мен оның қауiпсiздiкке ықпалын ашу үшін өте маңызды. Мәселен, осы оқу құралының екiншi бөлiмiнде аталған әдiс кеңiнен қолданылды. Мұнда әр түрлi елдердiң миграциялық саясаты салыстырылған. Осымен бiрге қауiпсiздiктiң әр аспектiсi бiрнеше елдердiң мысалында ашылып көрсетiледi.

Анализ бен синтездiн  бихевиористiк әдiсi саяси құбылыстардың берi әр адамның мiнез-құлқында өзiнше көрiнiс беретiнiн байқалады. Сондықтан да бұл әдiстiң мәнi әрбiр жеке тұлғаның саяси мiнез-құлқын, жүрiс-тұрысын зерттеуден құралады. Бұл әдiс арқылы адамдардың миграциялық көңiл-күйлерi неге өзгергенiн, оған не нәрсе себеп болғанын бiлемiз. Мәселен, адамдардың эмиграциялауының азаюы сол елдің әлеуметтiк-экономикалық және саяси жағдайының жақсарғанын немесе мемлекет катаң визалық саясат қолданып жатқандығын көрсетедi.

Бұлармен қоса, миграцияны зерттеуде социологиялық әдiстер, яғни ақпаратты жинақтау, талдау қолданылады. Миграцияны зерттеудiң социологиялық эмпирикалық әдiстерiге: құжаттарды сандық талдау әдiсiн, сауалнаманы, сұхбатты және сарапшылардың бағалау әдiсiн де жатқызуға болады. Статистикалық құжаттар сандық мәлiметтердi кесте түрiнде көрсетiп бередi. Мәселен, миграцияның көлемiн, динамикасын зерттеу үшін бұл мәлiметтердiң маңызы зор.

Құжаттардың, ақпараттардың ең басты мәселелерiн бiлуде контет талдау да маңызды. Контент, яғни мазмұнды талдау жасау үшін түсінiктер, тiрек сөздер арнайы бөлiнiп алынады. Мәселен, миграция мен демографияға байланысты арнайы бағдарламаларға контент-талдау жасалынып, оның басты көрсеткiштерi екiнші бөлiмде пайдаланылды, сандық көрсеткiштен сапалыққа құру үшін жүргiзiлетiн контент талдауды зерттеу барысының әр кезiнде қолдануға болады. Мысалға, 2003-2004 жылдардағы БАҚ-ның мигранттар туралы материалдарына контент-талдау жасалынды, нәтижесiнде облыстық мерзiмдi басылымдарда, радио мен теледидарда мигранттардың қылмыстық жағдайға ықпалы туралы мәлiмет сирек кездесетiндiгi анықталынады. «Экспресс К». «Казахстанская правда», т.б. газеттерде заңсыз мигранттар туралы, олардың қайыршылықта өмiр сүретiндiгi, осыған байланысты қылмыс жасайтындықтары атап айтылған.

Миграция туралы бiрiншi ақпаратты жинақтауда сауал да маңызды орынды алады, Сауал дегенiмiз - бұл сұхбаттасу немесе сауалнама жүргiзу арқылы жинақталатын мәлiмет. Сұхбаттасу өз кезегiнде мазмұнына байланысты биографиялық және лейтмотивтi, респонденттер санына байланысты топтық және жекелей, мақсатына байланысты клиникалық және әрқалыптық болып бөлiнедi. Биографиялық сұхбатта адам өз өмiрi жөнiнде айтатын болса, ал лейтмотивтiде белгiлi бiр факторлардың өзінің өмiрiне ықпалы жөнiнде екендiгiн бiледi. Мәселен, мигрант өзiнiң қалаға келiп, қайыршылық жағдайда жүруiн ауыл шаруашылығының құлдырауымен, жекешелендiру процесiнiң дұрыс жүргiзiлмеуiмен түсiндiредi. Ал клиникалық сұхбаттасу респонденттiң, мәселен, миграциялануының мотивтерiн ашу үшін жүргiзiледi және бiрнеше сағатқа созылуы мүмкін. Мәселен, бұл сұхбат түрi екiншi бөлiмдегi «Еңбек миграциясы және экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселесi» туралы зерттеуде қолданылады. Әрталықтанған сұхбат субъектiнiң өмiрлiк жағдайға деген пiкiрiн, оның сол деген көңiл-күйін бiлуге бағытталады.

Сауалнамалар жүргiзiлуiне байланысты: ашық, жартылай жабық және жабық болып бөлiнедi. Ашық сауалнамада респондент сол мәселеге ойын бiлдiрiп, ашық қайта алады. Ал жабық түрiнде респондент сұраққа берiлген жауаптармен келiсетiнiн не келiспейтiндiгiн ғана бiлдiре алады. Жартылай ашық не жартылай жабық түрiндегi сауалнама соңында арнайы сызылған орын iстелiнiп, қалдырылады, респондент өз ойын сол жерге жазып қоя алады. Бiз өз сауалнамамызда осы соңгы түрдi кең пайдаландық, сол арқылы респонденттердiң оралмандарға, интеллектуалдық эмиграцияға, қытай ұлттық өкiлдерiне деген көзқкарастарын бiлдiк.

Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының миграциялық саясатының басты мақсаты - миграциялық процестердi басқару, мигранттардың интеллектуалдық және еңбек әлеуетiнiн, жүзеге асуына, елдің және оның аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық берiк дамуына, демографиялық дамуына, яғни халықтық көбеюiне немесе тұрақтануына ықпал өтетiн және мемлекетiмiздiң бiртұтастығы мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз өтетiн болуы керектiгiн айқындадық. Осымен қатар миграциялық саясаттың ұлттық қауiпсiздiгiмiзге ықпалын жүйелiк, құрылымдық-қызметтiк, тарихи, бихевиористiк, салыстырмалы, социологиялық әдiстер арқылы зерттеп бiлуге болатынын көремiз. Бұл әдiстерсiз зерттеу тақырыбын ашу мүмкін емес.

 

 

1.2.Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалары мен қауіпсіздікке  ықпалы

Қауiпсiздiктi жоғары бағалау батыс елдерiнде оның тарихындағы революциялық кезеңмен байланысты. Осы беделдi санкция сол кезеңдерден қалған негiзгi текстiлерден: құқық жөнiндегi 1689 жылғы ағылшын Биллiнен, 1776 жылғы американдық тәуелсiздiк декларациясынан, әсiресе 1789 жылғы адам және азаматтың құқығы туралы француз декларациясынан алынды. Бұларда қауiпсiздiк еркiндiкпен қатар, адам құқығының бөлiнбес табиғи бөлiгi ден аталған болатын.

Қауiпсiздiктiң субъектiлерi мен объектiлерi - бұлар қауiпсiздiктi жасаушылар және оның нәтижесін көрушiлер. Субъект немесе объект ретiнде бiр адам, қоғам, мемлекет немесе мемлекеттiк қауымдастық шығады ма, қауiпсiздiк деңгейi осыған байланысты болады. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мен қорғаудың пәнi өзiндiк жеке немесе индивидуалдық қауiпсiздiк, социалдық қауiпсiздiк немесе қоғам қауiпсiздiгi, ұлттық қауiпсiздiк немесе мемлекеттiң қауiпсiздiгi, халықаралық немесе ұжымдық қауiпсiздiк табылады. Ең соңгы деңгейi – бүкiл әлемдiк немесе жаһандық қауiпсiздiк, индивид пен қоғам арасындағы немесе мемлекет арасындағы топтық, ұлттық және халықаралық денгей аралығындағы немесе аймақтық қауiпсiздiк болып табылады.

Қауiпсiздiктiң қатерлерi шынымен көрiнiс беруi немесе әлеуеттi болуы мүмкін. Осымен қатар, қауiпсiздiктiң әр деңгейiнде олар қауiпсiздiктiң субъектiлерi мен объектiлерiнiң iшiнен де, сыртынан да шығуы сөзсiз. Осыған байланысты сыртқы қауiпсiздiк және iшкi қауiпсiздiк пайда болады. Субъектiлер тартылатын қызмет салаларының және субъектiлер мен объектiлердiң көптiгiнен қауiпсiздiктiң түрлерi көп. Мәселен, бiр геосаяси сөздiкте саяси санамен шартталған 46 тiршiлiк салаларына қатысты қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң түрлерi жазылған. Мұнда жiктеу өлшемi немесе ракурсты таңдау көрiнiс табады: осының ықпалымен қауiпсiздiктiң түрлерi мен аспектiлерiнiң бiрiгуi, бөлiнуi, конфигурациясының өзгеруi мен ұштасуы мүмкiн. 

Мәселен, тұтастай экономикалық қауiпсiздiк жөнiнде жазғанда азық-түлiк немесе энергетикалық қауiпсiздiк туралы сөз болады, тұтастай әлеуметтік немесе демографиялық қауiпсiздiк туралы айтканда тұрғындардың денсаулығының қауiпсiздiгi жөнiнде де сөз болады және т.с.с. Осымен қатар қауiпсiздiктiң iрi аспектiлерi, былай қарағанда басқа бөлiктердi қосып алғандай болғанымен, олар бәрiбiр де көрiнiс табады. Бұлар экологиялық қауiпсiздiк, демографиялық қауiпсiздiк, физикалық қауiпсiздiк, экономикалық қауiпсiздiк, әлеуметтік қауiпсiздiк, этномәдени қауiпсiздiк, ақпараттық қауiпсiздiк, технологиялық және әскери қауiпсiздiктер.

Ұлттық қауiпсiздiктiң тұжырымдары ең күштi акторы ретiнде мемлекеттi таниды. Ол өзiнiң азаматтарын қамтамасыз етушi, басқа мемлекетпен қарым-қатынасындағы занды және тән әрiптесi. Ұлттық қауiпсiздiк жөнiнде екi тұжырым бар. Бiрiншiсi бойынша «қауiпсiздiк заңмен қамтамасыз етiледi, ал ол мемлекеттiң билiкке деген монополиясының тiкелей аралығы болып табылады. Екiншiсiн қарастырсақ, қауiпсiздiк егемендiкпен ажырамас бiрлiкте: яғни, тек қана егемендi мемлекет халықаралық қауiпсiздiктiң толык құқықты субъектiсi бола алады. Әр мемлекеттің қауiпсiздiгiне басты қатер оның территориясына қауiп және ондағы қауiптiң басты көзi - басқа мемлекеттер мен сепаратистiк қозғалыстар. Ал мұндай қауiптi ұстап тұру немесе қарсы тұру құралы әскери күш болғандықтан, ұлттық қауiпсiздiктiң әр бағдарламасында әскери доктрина басты орын алады.

Қауiпсiздiк ұлттық қауiпсiздiк тұрғысынан былай көрiнедi: оның негiзгi акторлары, объектiлерi мен субъектiлерi ролiн алмастыратын және өзiндiк маңызы жағынан белгiлi бiр деңгейде тұратын тiрек — бұлар мемлекет, қоғам, адамдар. Олардың басты мақсаты мемлекеттің қауiпсiздiгi болып табылады, ал оған қол жеткiзбесе, басқа субъектiлер арқылы негiзгi мақсаттарға: мемлекеттiң территориялық тұтастығын, оның құрылымы принциптерiн бақылау, халықаралық қатынастар жүйесiнде толығымен саяси субъектiлiгiн сақтау мүмкін емес.

Қауiпсiздiктiң осындай көптеген аспектiлерiнiң iшiнен негiзгi шынайы және мүмкін болатын басты акторлардың жүйелi бақылау қажет. Бұлар - әскери және экономикалық қауiпсiздiк (бiрiге отырып қорғанысты қамтамасыз ету), әлеуметтік және саяси қауiпсiздiк (бiрiге отырып тұрақтылықты қамтамасыз ету), халықаралық қауiпсiздiк (сыртқы қатерлердің жалпы деңгейiн төмендету).

Миграция бәрiбiр де қауiпсiздiкке ықпал өтерi анық. Мысал ретiнде мемлекетаралық миграцияның эпидемиологиялық қауiпсiздiкке ықпалын алайық. Мигранттың шыққан елiнiң эпидемиологиялық қауiпсiздiк деңгейi қабылдаушы елдің деңгейінен төмен болса да, ал мигранттардың көпшiлiгi физикалық жағынан сау адам болса, олар қабылдаушы тұрғындар арасына инфекциялық ауруларды әкелмейдi. Алайда, бiрқатар уақыт өткен соң, келушiлер өзiнiң төменгi деңгейлi жеке гигиена стандартына байланысты жүрсе, реципиент-елдің эпидемиологиялық қорғаныс қалқаны iшiнен жарықшақ беруi мүмкін. Дегенмен, көп этносты тұрғындары бар немесе сөз жүзiнде бiр этникалық тұрғындары бар, бiрақ шындығында субэтникалық бөлiктерiмен ерекшеленетiн қоғамдарға миграция аурулар әкелуi мүмкiн. Тұрғындары барлық мағынада, экономикалық дамуында да, климат ерекшелiгiне орай да этникалық бiрегей мемлекеттерде сол жерлерге тән аурулардың тарауымен аймақаралық өзгешелiктерi бiлiнедi. Мұндай жағдайда iшкi миграцияның наразылықты туғызатын эффектiсi сыртқы миграцияға қарағанда әлсiз болмайды. Дегенмен, белгiлi бiр көрсеткiштерiне байланысты бiрегей емес мемлекеттер көп, бұл жағдайда мигранттар тек қана эпидемиологиялық қауiпсiздiкке қана есерiн тигiзiп қоймайды, оның қауiпсiздiкке де қатерi болуы мүмкін. Бұл келтiрiлген мысалдың керi жағы да бар. Бөтен ұлттық, этникалық және аймақтық ортаға қоныс аудару мигранттардың өздерiнiң қауiпсiздiгiне де қатер туғызады. Мигранттар қоныс аудару нәтижесiнде жоғарыда айтқан эпидемиологиялық деңгейiн көтеретiн ортаға түскенiмен, миграция олардың қауiпсiздiгi сезiмдерiн толғандырады. Өткені олардың өз-өздерiн сыйлау сезiмдерiне нұқсан келтiрiледi. Өткені жеке гигиена әдеттерi әлеуметтiк деңгей көрсеткiштерiне жатады, ал ол дегенiмiз - адамның қадiр-қасиетi.

Бұдан көретiнiмiз, миграция және қауiпсiздiк проблемалары аналитикалық қатынаста екi «кiшiгiрiм проблемаға» бөлiнедi: қауымдастық, қоғам мен мемлекеттiң миграциялық ағымға байланысты қауiпсiздiгi және осы ағымды құрайтын адамдардың қауiпсiздiгi. Осымен бiрге мигранттардың көзқарасы жағынан, олар тастап кеткен және қоныстанған әр ортаның тұрғысы жағынан алғанда, миграцияның маңызды, әр түрлi құрылымдық сипаттамалары орын алады. Бiрiншi кезекте байқалатыны - бұл миграциялық ағымдардың көлемi мен мерзiмi жағынан ұзақтық. Бұқаралық миграциялық  ағымдар әр кезде, мигранттарды жiберетiн және қабылдайтын елдерде қалыптасқан миграциялық ағымдар тез өскен кезеңде қауiпсiздiктiң белгiлi жүйесiн бұзады. Бiрақ та көлемi жағынан ауқымды емес миграция тоқтамаса және азаймаса, ең аяғында ол қауiпсiздiк жүйесiне нұқсан келтiре бастайды, Өткені ол өзiндiк қайтарымды эффектiгіне. Мәселен, белгiлi бiр жерден жылдан-жылға мектеп мұғалiмдерi көте берсе, ерте ме, кеш пе, олардың көшiп кете беруi жергiлiктi тұрғындардың этномәдени жағынан қайта жаңғырып, өсiп-өнуiне қатер төндiредi. Ал бұл өз кезегiнде дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, басқару саласындағы қызметкерлердiң және тағы басқа адамдардың миграциялануына себеп болады. Өткені олар балаларының жақсы бiлiм алуы олардың келешектегi қалыптасуының басты шарты екендiгiн түсiнедi. Миграция тiзбектесе жалғасу сипатына да ие, себебi өмiр қауiпсiздiгiнiң аймақтық жүйесi аспектiден аспектi жоғалта бастайды, егер мемлекет бұл жағдайға араласпаса ыдырауы мүмкін.

Жоғарыда айтылған мемлекет аралық және мемлекет iшiлiк миграция да миграциялық орын ауыстырудың екi типiн бередi. Бұлардың бiрiнен-бiрiнiң айырмашылығы, мигранттар жүретiн маршрут бойынша территориялардың статусына қатынасымен болады. Миграцияның қауiпсiздiкке тигiзетiн ықпалы миграциялық ағымдардың түрлерi мен типтерiне күштi тәуелдi. «Бұл әлеуметтік-демографиялық феномендi зерттеудiң теориялық негiздерiн қалап берген Е. Г. Равенштейн өзiнiң миграция туралы мақаласын жариялағаннан бастап, негiзгi бiр ғылыми мiндет миграциялық ағымдардың сендiрерлiк типологиясын құру болды», - деп негiздейдi. Ол әр түрлi өлшемдерге байланысты - ұзақтылғына, ұйымдасуына, заңдылығына, бағыталуына, мақсатына, себептерiне және тағы басқаларына байланысты құрылған көптеген типологияларды ұсынған едi.

Кеңiстiктегi қатынасында миграциялық орын ауыстырулар екi орын ауыстыру полюстары аралығында бөлiнедi: кету мен келу полюстары. Жағдайға байланысты кету мен кiруде миграциялар ерiктi және ерiксiз болып бөлiнедi. Олардың арасындағы айырмашылық еркiн емес миграцияға кету полюсiнде итермелеу факторлары үстемдiк өтедi, ал еркiн түрдегi миграцияда - келу полюсiнде тартушы факторлардың  ықпалы басым. Өз кезегiнде еркiн емес миграциялар итерiп шығару әдiстерiне байланысты болады, яғни зорлықшыл (физикалық күш қолданғанда немесе қолданылады деп қорқытса), итермелеушi (билiк шешiмi бойынша кейбiр адамдарды немесе толығымен топтарды көшiру) және мәжбүрлi (мигранттар өздiгiнен шешiм қабылдау нәтижесiнде, бiрақ та тұратын жерлерiнде дұрыс өмiр сүрудi мүмкін емес өтетiн қатерлi факторлардың ықпалына байланысты) миграциялар.

Ендi миграция және мигранттардың қауiпсiздiгiн қарастырайық. Миграциялық матрицаны қауiпсiздiк құрылымымен байланыстырғанда мынандай көрiнiс шығады. Бiрiншiден, миграциялық таңдау еркiндiгiнiң шектелмейтiн өмiрлiк жағдайлар арасындағы алшақтықпен, яғни көбiне қауiпсiздiктiң кандай аспектiлерiмен, қаншалықты көлем мен диапазонда адамға жеткiлiктi екендiгiмен анықталатындығында. Бұнымен қоса өзiнiң мiндеттерi туралы ойлап немесе оларға эмоционалды қарай отырып, адам өзiнiң жеке тәжiрибесiн және қауiпсiздiк туралы түсiнiгiн негiзге алады. Осының көмегiмен ол өзiнiң тұрғылықты жерiндегi қауiпсiздiктiң ескi түсiнiгiн түзетiп, жаңа мақсатын бағамдайды да, қайда баратыны жөнiнде шешiм қабылдайды.

Екiншiден, еркiн және еркiн емес коныс аударудағы мотивациялық ерекшелiктер айқын көрiнедi. Жалпы айтқанда, адамдар қауiпсiздiкке қатысы жоқ немесе жаттама ғана қатысы бар себептерге байланысты да қоныс аудара алады, мәселе некеге отыруына байланысты не бiлiм алу үшін. Мұнымен қатар, миграцияның себебiнде көбiне қауiпсiздiктiң бiр ғана емес, бiрнеше аспектiлерiмен де байланыс болатындығы көрiнедi. Ерiксiз миграцияның басты ерекшелiгi, мигранттардың өзiнiң өмiрiне, экономикалық негiзгi жағдайларына төнетiн қатерге байланысты қоныс аударуында. Яғни, ерiксiз миграцияның шығатын полюсiне байланысты нашар себептер көп екенiн көремiз. Ал ерiктi миграция себептерiнде жақсы мүдделер көп: мигрант бұрын қол жеткiзген қауiпсiздiк аумағын кеңейтуге ұмтылады, бұрын өзектi болмаған немесе санасына кiрмеген аспектiлерiн қамтамасыз етуге тырысады.

Ерiксiз мигранттар миграция туралы шешiм қабылдарда қауiпсiздiктiң кейбiр аспектiлерiн алдын ала бiледi, бiрақ сонда да оны басқалары үшін құрбан өтедi. Тұрған жерiнен кеткен мигранттар қауiптен құтылғанымен, оларды келетiн жерлерiнде басқа қауiптер күтедi. Ал ерiктi мигранттардың қауiпсiздiгiне қатерлер бұған, керiсiнше, болады, қандай қиындық болмасын, оның келетiн полюсiнде күтедi, қауымдастықтың, қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн миграцияға мигранттардың контрагентi (лат. келiсетiн-адам немесе мекеме келiсiм бойынша өзiне белгiлi бiр мiндеттi жүктейтiн) тұрғысынан қарастырайық. Жоғарыда айтылғандай, бiр территориядан екiншi бiр территорияға миграциялық қоныс аудару кезiнде қауiпсiздiкке қатер төнуi сөзсiз. Қауiпсiздiкке төнетiн қатердi әрбiр миграциялық ағым жасамайды. Бiрақ қарастырылатьтн әрбiр миграциялық ағым көтетiн полюсiнде қалыптасқан әлеуметтiк байланыстың әлсiреу немесе ажырау жағдайына алып келедi. Мәселен, оған қатысушылардың санының азаюын, ал кететiн полюсiнде-күтпеген жағдайды және жоғарыдағы айтқан байланыстарға заңсыз қысым көрсетiлуiн жатқызуға болады. Жеке адам үшін, ол қай жерде тұрса да, ағымының басында немесе аяғында болсын, миграцияның әлеуметтiк қатынастар саласына ықпалы маңызды болуы мүмкін, маңызы жоқ болуы да ықтимал. Берi де оның индивидуалдық жағдайына байланысты, ол өзi сол ұйымда ма, әлсiреудi немесе ажырау жағдайын қаншалықты деңгейде басынан өткердi, соған тәуелдi. Ал қауымдастық пен қоғамдардағы жағдай өзгеше.

Информация о работе Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні