Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 14:32, дипломная работа
Миграция ерекше феномен ретiнде ғылыми бөлiнiсiнен бастап, әйтеуiр бiр контекстiде - экономикалық немесе әлеуметтік, тарихи немесе мәдени, демографиялық. немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып келген едi. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткенi, миграциялық процестер бiр жағынан, бiр немесе бiрнеше қоғамда болып жатқан өзгерiстермен тығыз байланысты және осы мағынада алғанда оның әржақты дамуының өлшемi болады, яғни бұлар - саяси, этноәлеуметтiк, еңбек нарығындағы жағдай, тағы басқалар. Екiншi жағынан, өзара сандық қана емес, сапалық қатынаста да (мәселен, әлеуметтiк-демографиялық және этномәдени сипатымен) ерекшеленген әр түрлi миграциялық ағымдар өте күрделi және осы себептен ол донор мен реципиент қоғамдардың да жағдайына ықпал етедi.
Кіріспе....................................................................................................................
1 тарау. Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні................................
1.1. Миграциялық саясаттың классификациясы және зерттеу
әдістемелері...........................................................................................
1.2. Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалары мен
қауіпсіздікке ықпалы.............................................................................
1.3.Миграциялық процестерден қауіпсіздікке төнетін қатерлер.........
2 тарау. Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық қауіпсіздігіне ықпалы...........................................................
2.1.Демографиялық қауіпсіздіктін мәні.....................................................
2.2.Демографиялық өту және одан туындайтын проблемалар..............
2.3.Демографиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары...............
3 тарау. Этномәдени қауіпсіздік және миграция..........................................
3.1.Этномәдени қауіпсіздік түсінігі...........................................................
3.2. Қазақстандағы этномәдени қауіпсіздік мәселесі............................
4 тарау. Еңбек миграциясы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі.................................................................................
4.1.Экономикалық қауіпсіздік және миграция.........................................
4.2. Қазақстандағы еңбек миграциясын реттеу жолдары...................
5 тарау. Қазақстан Республикасы миграциялық саясатының негізгі бағыттары мен механизмдері..........................................................................
5.1.Миграциялық саясатты жүргізудің тиімді жолдары.................
5.2. Миграциялық саясаттағы негізгі бағыттары................................
5.3.Қазақстандағы миграциялық саясатты тиімді жүргізудің
механизмдері...........................................................................................
6 тарау. Миграция және жаһандану..............................................................
6.1. Жаһандану жағдайындағы миграциялық процесстер....................
6.2. Миграцияның жаһандық үлгісіндегі орны мен бүгінгі күндері
дамуындағы қайшылықтар..................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................
болады;
Ал бүгiнгi к.нде қоғамның дамуында жоғарыда айтылған, әсiресе, соңғы екi заңдылық берiк және анықтаушы сипатка ие.
Демографиялық процестердiң арасында тұрғындардың миграциясы ерекше орынды алады. 1989 жылғы жарық көрген «Миграциология»3 деген еңбекте миграция дегенiмiз бұл әлеумеiтiк-экономикалық қатынастарға байланысты болатын миграциялық қозғалыс деп жазылған. Миграцияның мынандай категорияларға негiзделген интегралды классификациясы бар, олар:
Халықаралық миграцияға иммиграция және эмиграция деген түсiнiктер тән. Бiрiншiсi бiр елге жұмысқа орналасуды немесе оқуға түсу мақсатында және басқада себептерге байланысты басқа елге барып кiрудi бiлдiредi. Екiншiсiнде елден кету туралы айтылады. Осыған байланысты иммигранттар және эмигранттар болып бөлiнедi. Халықаралық миграция континент аралық (мәселен, Еуропадан АКШ-қа және Австралияға) және iшкi континенталдық (мысалға, Еуропа шеңберiнде) болып бөлiнедi.
Ішкi миграция дегенiмiз - бiр мемлекеттiң территориясы көлемiндегi қозғалыс. Ішкi миграцияның ағымдары мынандай бағыттары бойынша бөлiнедi: қала-қала; ауыл-ауыл; ауыл-қала.
Маусымдық миграция мiндеттi түрде қайта оралу деген сөз, ол бiрнеше айға созылады, алайда бiр жылдан аспайды. Маусымдық миграция негiзiнен еңбек күшіне сұраныс тудыратын белгiлi бiр маусымдық жұмыстарда көрiнедi, мысалға: құрылыстарда, ауыл шаруашылығындағы егiн пiскен кезiнде, т.б. Нақты мысал келтiретiн болсақ, Оңтүстік Қазақстандағы мақта терiмiне Өзбекстаннан келетiн маусымдық мигранттар.
Маятниктiк миграция (челноктық, шекаралас) бұл тұрақты мекен-жайынан оқу немесе жұмыс мақсатымен басқа бiр облыс, ауданға немесе басқа бiр мемлекет территориясына күнделiктi (апталық та болады) орын алмастыруды айтады. Мәселен, фронтьерлiк (ағылшынша - шекаралық) миграциялық алайық. Фронтьер-жұмыскерлер күнделiктi, немесе апта салып мемлекет шекарасынан өтiп, басқа бiр елде еңбек өтетiндер. Мәселен, шекаралас жатқан Қазақстан мен Ресей арасында. Мұнымен қатар кейiнгi жылдары «желiлiк маркетинг» еңбек миграциясының түрi де кең тарауда. Желiлiк маркетинг - бұл дистрибьюторлар арқылы тауарды өткiзу.
Эпизодтық миграция - бұл төртiншi және негiзгi түр болып табылады. Ол iскерлiк, туристiк және т.б. құралады. Мәселен, 1993 жылдардағы әлемдегi туризм мен саяхаттаудан түскен пайда 3,5 трлн долларға бағаланса, ал туристер саны 443 млн-ды құраған.
Жоғарыда айтылғандармен қоса, қазiргi кездегi миграцияның ең бiр кең тараған түрi - саяси және экологиялық себептерден туындаған мәжбүрлi миграция. Бұған мысал ретiнде, саяси тұрақ iздеген босқындарды айтуға болады. Бұрынғы КСРО-ға келер болсақ, ондағы 1930-40 жылдардағы әр түрлi ұлт өкiлдерiн Орталык Азияға, Қазақстан мен Сiбiрге депортациялауды мәжбүрлi миграция қатарына жатқызамыз. Осының нәтижесiнде 2 млн адам қоныс аударылды, оның жетпіс пайызын, әйелдер мен балалар құраған едi.
Сыртқы миграцияға байланысты тағы бiр түрдi заңсыз (астыртын) миграцияны да бөлiп алуға болады. Заңсыз мигранттар дегенiмiз – жұмыс табу, өмір сүру мақсатында басқа бiр елдерге заңсыз келушiлер. Дүниежүзінде, әсіресе, 70-жылдардың ортасынан бастап заңсыз мигранттар саны өсіп, қазiргi кезеңде көлемi одан сайын ұлғаюда. Бұл миграция түрінің шынайы көлемiн толығымен анықтау мүмкін емес.
Осы жоғарыда айтылған миграция түрлерiмен қатар, қазiргi кезде зерттеушiлер моральды миграция түрiн де бөлiп алуда. Яғни, адам қоныс аударғысы келгенiмен қаржысының жоқтығынан көшiп кете алмайды, осымен қатар бұл жерде кедейлiк те миграциялауға себеп болады және қоныс аударуға кедергi келтiретiн де фактор болып табылады.
Қазiргi кезенде миграцияны қандай факторлардың анықтағанына қарамастан, басты орынды экономикалық миграция алады,
Екiншiсi — бұл территориялық қоныс аудару, жоғарыда айтқандай ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған миграциялар, яғни мигранттың өзiнiң тәуекелiне байланысты.
Үшіншiсi — бұл мигранттың жаңа орынға, жаңа жұмысқа бейiмделуi және үйренуi деңгейi.
Мемлекеттiк миграция саясатының қалыптасу кезеңдерiн қарастыратын болсақ, халыктың миграциясы объективтi әлеуметтік-экономикалық процесс ретiнде бiр-бiрiмен тығыз байланысты құрамдас бөлiктерден тұрады. Яғни, сыртқы миграция: эмиграция мен иммиграция және iшкi миграция (ауыл мен қалашық, қала мен қала, т.с.с.).
Қазақстан Республикасы үкiметiнің 2000-жылғы 5-қыркүйектегi 1346-сандық4 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының миграциялық саясатының тұжырымдамасы бір мезгiлде сыртқы да, iшкi де миграцияның реттеуге арналған. Мұндай саясат мемлекеттiң белгiлi бір аймақтағы мигранттар қозғалысының ағымы мен құрамына ықпал ете отырып, халықтың саны мен құрамын сақтап қалуға немесе өзгертуге бағытталады. Оның басты мақсаты - экономиканың және халықтын тиiмдi дамуын қамтамасыз ету үшін жергiлiктi тұрғындарды дұрыс орналастыру, оның сапалық құрамын жақсарту, аймақтардың бiрдей дамуын қамту, өмiр жағдайындағы әлеуметтік – экономикалық жiктi теңестiру болып табылады. Әсiресе өтпелi кезенде, тұрғын халықтың орналасуы мен оның санының өзгеруi процестерiн реттеушi ықпал тоқтағанда, ал басқаларының ықпалы бiржақты болып қалғанда, ғылыми, экономикалық және демографиялық тұрғыда негiзделген мемлекеттiк миграциялық саясат қажет. Миграциялық саясат Қазақстан мемлекетiнiң сыртқы және iшкi саясатының құрамдас бөлiгi болып табылады, сондыктан да ол халықтың санының өсуi мен әлеуметтiк-экономикалық дамуды байланыстыруы керек. Дегенмен, мемлекеттiң миграциялық саясатының рөлi тұрғын халықтық қозғалысын жоспарлаумен және басқарумен ғана тоқталып қалмауы қажет. Оның тағы бiр маңызды қызметi - қоғамды және экономиканы реформалау кезiнде пайда болатын жаңа әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларын да бақылау болып табылады.
Ендi қазiргi кезеңдегi миграциялық жағдайды талдау мен оның дамуындағы негiзгi миграциялық проблемаларын шешу басымдықтарын және негiзгi әрекет ету бағыттарын анықтауға тоқталып өтейiк. Қазақстан Республикасы жағдайында иммиграцияны ынталандыру халықтың табиғи өсiмiнiц азаюын бiршама ретке келтiретiн және экономиканы еңбек ресурсымен қамтамасыз ету үшін жасалатын iс-шара. Елiмiздiң 2030-жылға дейiнгi даму стратегиясы бойынша да Қазақстанда ұзын-саны 25 миллионға жетерлiк денi сау, тұрмысы ауқатты, әрi салауатты өмiр салтын ұстанған, бiлiмi терең, мамандығы ұшталған азаматтары мен тұрғындары болуы керек делiнген. Ал осындай көрсеткiштерге жету тек табиғи өсiмдi арттыру арқылы мүмкін болмайтындықтан, әрбiр мемлекет, оның iшiнде Қазақстан Республикасы да иммиграцияны жүргiзуде. Мәселен, 1991-2000 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасына 43 мыңнан астам отбасы немесе 183 мың адам көшiп келген. Келушiлердiң жалпы санының жартысынан астамы дерлiк алыс шетелдерден келгендер. Келушiлер легi Монғолиядан (35 %-ы), Ираннан (8 %-ы), Түркиядан (2 %-ы), Қытайдан (1,2 %-ы) және Ауғанстаннан (1 %-ы) шыққандар есебiнен құралғандар. 5
Халықтың көшi-қонын реттеудiң құқықтык негiзi 1997 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған «Халықтық көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 15 желтоқсанда бекiткен 1951 жылғы 28 шiлдеде қабылданған «Босқындар мәртебесi туралы» конвенцияда және 1967 жылғы 31 қаңтардағы Босқындар мәртебесiне қатысты хаттамада баянды етiлген.
Қазақстан Республикасының миграциялық саясатына арналған бағдарламасына келер болсақ, ол Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2001 жылғы 29 қазандағы 1371-санды қаулысымен бекiтiлген болатын. Бұл бағдарлама Квзакстан Республикасы көшi-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасы» деп аталады.
Қазақстан Республикасы көшi-қон саясатының салалық бағдарламасы Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан-2030».6 Барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi мен ел-ауқатының жақсаруы» жөнiндегi жолдауын iске асыу мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының көшi-қон саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегi 1346-санды қаулысына сәйкес әзiрлендi.
Бұл бағдарламаның мақсаты - тұрақты демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттi шарттарын жасау, көшiп қонушылардың құқықтарын iске асыру жөнiнде барлық қажеттi жағдайлар туғызу, сондай-ақ елiмiздiң мемлекеттiк қауiпсiздiгiн нығайтуға бағытталған көшi-қон саясатын қалыптастыру. Бағдарламаны iске асыру екi кезеңге бөлiнген. 1-кезең - 2001-2005 жылдар, 2-кезең - 2005-2010 жылдар болып белгiленген.
Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер мыналар: миграцияның терiс сальдосының оң сальдоға өзгеруi есебiнен республика халқы санының өсуi қамтамасыз етiледi, көшiп-қонушылардың, оралмандардың құқықтарын iске асыру жөнiнде кажеттi жағдайлар жасайды және елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгi нығайтылады.
Миграциялық процестердi зерттеудiң әдiстемесiне келсек, мұнда әр түрлi әдiстер пайдаланылды. Ғылымда әдiстеме деп бiр құбылыс немесе процесс жөнiнде теориялык жалпылама бiлiм алуға көмектесетiн ғылыми iзденiстiң логикасын немесе ғылыми әдiс-тәсiлдердi пайдалану стратегиясын айтады. Зерттеушінiң әдiстемелiк бағдарларды жүзеге асыру жолы белгiлi бiр әдiстер арқылы жүредi. Бұл әдiстердi «шындықты теориялық және практикалық игерудiң тәсiлдерi мен iс-шаралар жиынтьты» деп анықтауға болады.
Әдiстемелiк принцип талаптары бойынша, миграцияның қарастыратын зерттеушi бұл әлеуметтiк-саяси құбылысын жан-жақты түсiну үшін белгiлi бiр зерттеу iс қосығын анықтап алуы керек. Сондықтан да, зертеушi өзінің зерттеу жұмысында ғылыми танымның барлық әдiстер қорын қолданғаны жөн.
Халықтың миграциясы және оның қауiпсiздiкке ықпалы туралы толыққанды ақпарат жинау үшін зерттеушi зерттеу объектiсi мен өзінің қатынасы ерекшелiгiне баса назар аударуы керек. Басқа әлеуметтік саяси құбылыстарды зерттеумен салыстырғанда, адамдардың миграциясын зерттеуде бiрiншi ақпаратты жинақтау күрделiрек. Өткені қауiпсiздiкке ең алдымен қатер төндiретiн заңсыз миграция болғандықтан, зерттеушi жанама да, жасырын түрде де зерттеу пәнiмен байланысады. Бұл арқылы заңсыз миграция құрбандары беретiн ақпаратты шынайылығын мигрантты психологиялық көңiл-күйінен де бiлуге болады. Зерттеушiлер мұндай адамдарда қорқыныш, күйзелiс сезiмi болатындықтарын байқайды.
Саясаттанушылық зерттеуде пайдаланатын ақпарат сапасына оның мәлiметтерiнiң негiзделуi мен сенiмдiлiгi жатады. «Негiздiлiк көрсеткiштiң бейнеленетiн түсiнiк деңгейіне сай келуiн сипаттайды». Басқаша айтқанда, негiздiлiк, зерттеушi шынымен де сол көрсеткiшке қол жеткiздi ме, өлшегiсi келетiнiн өлшеп пайымдады ма, соны бiлдiредi. Ал «ақпараттың сенiмдiлiгi белгiлi бір өлшеуiштi қолдана отырып зерттеушінiң алған өлшемдерiнiң тұрақтылығын бiлдіредi». Егер де бiр өлшеуiштi бiрнеше рет қолданғандағы алынған мәлiмет бiрдей маңызға ие болмаса, онда бұл ақпарат сенiмсiз деген сөз.
Әдiс, пен мәлiметтi жинаудың сұрыптаудың және талдаудың негiзгi жолдары аталса, ал iс жосығы деп бүкiл зерттеудің бiр жүйелiлiгi айтылады.
Эмпирикалық зерттеулер деп танымның субъектiсi мен объектiсiнiң өзара әрекеттесуiн түсiнемiз. Эмпирикалық зерттеуде адамдар мен әлеуметтiк қауымдастықтардың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы талдау пәнi болады. Эмпирикалық зерттеу нәтижесi фактiлiк iлiм болып табылады.
Егер де оны түсiндiретiн теория болса, фактiлер ғылыми құндылыққа ие болады. Теория деп белгiлi бiр құбылысты түсiндiрiп, ашып беретiн көзқарастар мен идеялар жиынтығын аталады. Әрбір теория негiзiнде эмпирикалық жолмен алынған фактiлiк бiлiм жатады. Бiрақ та тек теория ғана әлеуметтiк шындықтың толық, жан-жақты талдауын бередi.
Миграция мен оның қауiпсiздікке ықпалын зерттеуге кiрiспес бұрын, ең алдымен объектiнiң синтезi мен алдын-ала жүйелi талдауға арқа сүйеген жөн. Жүйелi талдау мен синтез әдiсi әр объектiнi жүйелi тұтастық пен оның құрамдас бөлiктерiнің заңдылығы бағдарында қарастыруды болжайды. «Жүйелiлiк принципiнiң жүзеге асырылуы ретiнде жүйелi-құрылымдық әдiс әр объектiнiң көп сатылы құрылымдық сатысынан шығады. Ол бұл деңгейлердiң әрқайсысының өзiндiк ерекшелiгiн шығарып алуға және осымен бiрге оны көп салалы және көп деңгейлi бiрлiкте қарауға мүмкіндiк бередi». Мәселен, бiр елдiн - тұрғын халқының миграциялық белсендiлiгiн бiлiп алу үшін әр түрлi әлеуметтік құрылымды, әр түрлi мүдделi және мәдени-құндылық бағдарларын зерттеген жөн.
Миграциялық белсендiлiк факторлары экономикалық, саяси, мәдени, т.б. факторлар болып бөлiнедi. Сол себептен, тұрғын халықтың миграциялық белсендiлiгiнiң деңгейi туралы ақпарат алу үшін елдің әлеуметтiк-экономикалық, саяси және мәдени дамуын және осы факторлардың әр түрлi әлеуметтік адамдар санасында қалай бейнелетiнiн қарастыру керек.
Ғылыми танымның әдiсi саласында тарихи әдiс те бар, ол әлеуметтiк құбылыстар мен процестердiң пайда болуын, қалыптасуын және тарихи жағдайларға байланысты дамуын зерттейдi. Мәселен, заңсыз мигранттарды, гастарбайтерлердi қанап, ауыр жұмыска салу қазiргi кездегі құлдықтың бейнесi. Осыған таза мысал ретiнде қырғыз және өзбек мигранттарының Қазақстандағы ауыр жағдайларын келтiруге болады.