Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 14:32, дипломная работа

Описание работы

Миграция ерекше феномен ретiнде ғылыми бөлiнiсiнен бастап, әйтеуiр бiр контекстiде - экономикалық немесе әлеуметтік, тарихи немесе мәдени, демографиялық. немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып келген едi. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткенi, миграциялық процестер бiр жағынан, бiр немесе бiрнеше қоғамда болып жатқан өзгерiстермен тығыз байланысты және осы мағынада алғанда оның әржақты дамуының өлшемi болады, яғни бұлар - саяси, этноәлеуметтiк, еңбек нарығындағы жағдай, тағы басқалар. Екiншi жағынан, өзара сандық қана емес, сапалық қатынаста да (мәселен, әлеуметтiк-демографиялық және этномәдени сипатымен) ерекшеленген әр түрлi миграциялық ағымдар өте күрделi және осы себептен ол донор мен реципиент қоғамдардың да жағдайына ықпал етедi.

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................................................
1 тарау. Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні................................
1.1. Миграциялық саясаттың классификациясы және зерттеу
әдістемелері...........................................................................................
1.2. Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалары мен
қауіпсіздікке ықпалы.............................................................................
1.3.Миграциялық процестерден қауіпсіздікке төнетін қатерлер.........
2 тарау. Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық қауіпсіздігіне ықпалы...........................................................
2.1.Демографиялық қауіпсіздіктін мәні.....................................................
2.2.Демографиялық өту және одан туындайтын проблемалар..............
2.3.Демографиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары...............
3 тарау. Этномәдени қауіпсіздік және миграция..........................................
3.1.Этномәдени қауіпсіздік түсінігі...........................................................
3.2. Қазақстандағы этномәдени қауіпсіздік мәселесі............................
4 тарау. Еңбек миграциясы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі.................................................................................
4.1.Экономикалық қауіпсіздік және миграция.........................................
4.2. Қазақстандағы еңбек миграциясын реттеу жолдары...................
5 тарау. Қазақстан Республикасы миграциялық саясатының негізгі бағыттары мен механизмдері..........................................................................
5.1.Миграциялық саясатты жүргізудің тиімді жолдары.................
5.2. Миграциялық саясаттағы негізгі бағыттары................................
5.3.Қазақстандағы миграциялық саясатты тиімді жүргізудің
механизмдері...........................................................................................
6 тарау. Миграция және жаһандану..............................................................
6.1. Жаһандану жағдайындағы миграциялық процесстер....................
6.2. Миграцияның жаһандық үлгісіндегі орны мен бүгінгі күндері
дамуындағы қайшылықтар..................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Файлы: 1 файл

миграция диплом.doc

— 597.50 Кб (Скачать файл)

Жоғарыда айтылған тұжырымдарын түйiндей келе, Б. Б. Әбдiғалиев былай ден қорытындылайды: «Миграциялық саясат iшкi саяси тұрақтылықты ұстап тұрудың басты факторларының бiрi, сондықтан да табиғи өсiмдi ұлғайтып, миграциялық процестердi тұрақтандыру қажет. Ол үшін аймақтардың ерекшелiктерiн ескере отырып, экономикалық эффектi алу мақсатында Қазақстан халқын орналастыру схемасын әзiрлеу керек. Экологиялық депрессивтi, тығыз қоныстанған және жұмыс күші артылып кетiп жатқан аймақтардан тұрғын халықты қайта қоныстандыруды да жүргiзу өзектi. Осымен бiрге ұзақ мерзiмге арналған, Қазақстанның мүдделерiне сай келетiн миграциялық саясат концепциясын әзiрлеу де өте қажет.

2004 жылғы мәжiлiс сайлауы алдындағы Қазақстан партияларының бағдарламаларында да миграцияға байланысты мәселелер қарастырылған. Мәселен, «Отан» партиясының 2004 жылдың 15 маусымында өткен VII-съезiнде мақұлданған Бағдарламасының (Бағдарлама-2009)9 «Тиiмдi сыртқы саясат және қауiпсiздiк» атты 5-бөлiгiнде былай деп аталып өтiлген: «Жаһандану жағдайында әр ел мынандай қатерлердiн алдында әлсiз - халықаралық терроризм және экстремизм, трансұлттық қылмыс, есiрткi саудасы және заңсыз миграция. Осыған байланысты партия мыналарға қол жеткiзгiсi келедi:

    • ЕҚҚУ (ОБСЕ)-ның эгидасымен Қазақстанда Орталық Азия аймағындағы конфликтiлердiң алдын алатын Халықаралық орталық құру;
    • БҰҰ мен ЕҚҚУ эгидасында Орталық Азияда заңсыз миграциямен күресетiн Халықаралық құрылым құру».

Ресей ғалымдарының миграциялық саясатқа байланысты көзқарастарына тоқталар болсақ, мынандай тұжырымдарды атап өтуге болады. Мәселен, РҒА Ауылшаруашылық бағдарлау институтының жетекшi маманы, география ғылымдарының кандидаты Н. В. Мартьян былай дейдi: «Заңсыз мигранттарды депортациялағаннан гөрi, иммигранттарды легализациялау мен натурализациялау тиiмдi. Мұны Батыс Еуропа елдерi қолдануда, мәселен, 2002 жылы Италияда иммигранттардың белгiлi бiр санаты легализацияланды. Осы шара барысында легализациялау жөнiнде 600 мың өтiнiш келiп түсiптi». Ал М. В. Ломоносов атындағы МГУ-нiң ғалымы, экономика ғылымдарының кандидаты Р. С. Ротова миграциялық саясат селективтi10, яғни сұрыпталған болуы керек. Бұл халықаралық норма, сондықтан да таңданудың қажетi жоқ. Ең алдымен КСРО-дан келетiн этикалық орыстар заңды кiру құқығына ие болуы қажет. Бұл ксенофобия емес, елiмiздiң ұлттық мүдделерiн қорғау, сондықтан да орынды дейдi. Ресей ғалымдарының пiкiрi мынаған салды, 1997 жылы қабылданған Ресей Үкiметiнiң Концепциясында миграция ұлттық қауiпсiздiкке төнген қатер ретiнде бағаланған.11

Ал Қазақстанның 1998 жылдың 26-шы маусымында қабылданған (2000 жылғы 28-шi сәуiрде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» 12заңына келер болса, мұнда ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының тәуелмiз егемендi мемлекет ретiнде дамуының басты шарты болып табылады. Бұл Заң мемлекеттiк органдардың құқықтык қатынастарын, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi делiнген. Ал осы Заңнын «Жалпы ережелер» деп аталатын I-шi бөлiмiндегi 5-шi бапта Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне қатерлер аталынып көрсетiлген. Осы 5-шi баптың 11-шi тармақшасында:

    • демографиялық жағдайдың нашарлауы, оның iшiнде тудың күрт төмендеуi, өлiм-жiтiмнiң көбеюi, бақыланбайтын миграциялық процестердiң пайда болуы орын алып отыр, - делiнген.

Бұл заңда бiрден қауiпсiздiктiң  үш объектiсi - жеке тұлға, қоғам және мемлекет сөз болады. Қауiпсiздiктiң көптеген аспектiлерi туралы, мәселен, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық әскери, шекаралык, ақпараттық қауiпсiздiктер, мемлекеттiң және тұрғын халықтың қауiпсiздiгi, жоғарыда айтылғандай демографиялық қауiпсiздiк те қарастырылған.

Елiмiздiң келешектегi миграциялық саясатының бағыттары 2001 жылғы 29-қазаңда қабылданған «Қазақстан Республикасының көшi-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасында» көрсетiлген.13 Мұнда былай деп жазылған:

Қазақстан Республикасы көшi-қон саясатының негiзгi мақсаты көшi-қон процестерiн басқару, тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету, елiмiздiң мемлекеттiк қауiпсiздiгiн нығайту және көшiп-қонушылардың құқықтарын iске асыру үшін жағдай жасау болып табылады.

Көшi-қон процестерiнiң жарлығын негiзге ала отырып, тұрақты даму жағдайында бағдарламаны екi кезеңде iске асыру күтiлуде.

Бiрiншi кезеңде, 2001-2005 жылдарға арналған орта мерзiмдi перспективада Бағдарламаның негiзгi мақсаты көшi-қонның терiс сальдосын төмендетуге бағытталған көшi-қон саясатын қалыптастыру, көшiп-қонушылар құқықтарын iске асырудың барлық жағдайларын жасау, сондай-ақ елiмiздiң мемлекеттiк қауiпсiздiгiн нығайту болып табылады.14

Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай негiзгi мiндеттер шешiлетiн болады:

    • көшiп кетудi азайту және тұтастай алғанда iшкi көшi-қон бойынша терiс сальдоны азайту;
    • бұрыңғы отандастарымыздың отанына оралуына жәрдемдесу;
    • көшi-қон процестерiн басқару жүйесiн және заңнаманы жетiлдiру.

Екiншi кезеңде, 2005-2010 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдiк перспективада бағдарламаның негiзгi мақсаты елiмiздiң экономикалық15 өсуiндегi көшi-қонға арналған факторларын дамыту, көшiп-қонушылардың құқықтарын iске асыру жөнiндегi қажеттi жағдайларды қамтамасыз ететiн құқықтық, экономикалық, әлеуметтік базаларды одан әрi жетiлдiру болып табылады.

Бұл кезеңдегi негiзгi мiндеттер мыналар болып табылады:

    • елімiздiң экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында iшкi көшіп-қону  процестерiн реттеу; 
    • оң сальдоға шығу мақсатында сыртқы көшi-қон процестерiн реттеу;
    • халықтық бiр бөлiгiн қолайсыз аймақтардан солтүстік және орталық облыстарға бiртiндеп көшiру.

Осы пiкiрлердi талдау барысында тиiмдi тұжырымдарды келешекте миграциялық саясатты iске асыруда қолдану қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 тарау. Миграцияның   Қазақстан  Республикасының   әлеуметтік-демографиялық  қауіпсіздігіне   ықпалы

2.1.Демографиялық  қауіпсіздіктін мәні

Демографиялық аумақ - бұл  адамзат популяциясының өсiп-өнуi мен  сақталуы, оның саны мен жастық, жыныстық құрылымы. Демографиялық қауiпсiздiк  қалай болса да осы аумақтағы  өзгерiстермен байланысты.

Демографиялық қауiпсiздiктi түсiнудiң ең аз дегенде екi тәсiлi бар. Оларды ннструменталдық және құндылықтық деп атауға болады. Инструменталдық тәсiлдiң мәнi мынада, яғни демографиялық процестер өздiгiнен бағаланбайды, құрамның демографиялық емес мақсаттарды шешуiнiңц құралы ретiнде ғана қарастырылады. Айталық, «елдің демографиялық дамуының стратегиялық бағыты ретiндегi тұрғындар санының азаюы» мынадан шығады, яғни «әр мемлекеттiң геосаяси жағдайынан туындайтын басты стратегиялық мiндетi территориясының толықтай тұтастығын ұстап тұру» болып табылады. Бұл жағдайда мәселе демографиялық. қауiпсiздiк туралы емес, қауiпсiздiктiң басқа түрлерi жөнiнде болады, оларды қамтамасыз ету демографиялық процестермен жүзеге асады. Бiрақ демографиялық сала «қамтамасыз ету саласына» айналған кезеңде, оның қызмет етуi «қамтамасыз етiлетiн» мiндеттердi шешуге бағынады, ең ақырында ол солардың құрбандығына келтiрiледi.

Демографиялық қауiпсiздiктi түсiнудегi екiншi тәсiл демографиялық процестердiң  өзiндiк құндылығын қарастырады, өзiндiк  жеке және экзистенциалды демографиялық мақсаттардың өмiр сүретiндiгiн тұжырымдайды. Демографиялық қауiпсiздiк «өмiр сүру процесiнiң және үздiксiз адамзат буынының табиғи жаңғырып тұруының қорғалғандығы» ретiнде түсiндiрiледi, ал оның күшеюi адам өмiрiнiң ұзақтығның артуымен, тиiмдi демографиялық өсiп-өнудiң жоғарылауымен, демографиялық еркiндiктiң ұлғаюымен байланыстырылады.

Бұл мақсаттарға жетудiң өзi стратегиялық мiндет болуы, басты қоғам басымдықтарының  қатарына жатуы мүмкін, ал бұл iрi мемлекет болу, экономикалық өркендеу, әскери күштiлiк, тағы басқаларынан да маңыздырақ. Демографиялық қауiпсiздiк көрсетiлген мақсаттарға жетудiң максималды жетiстiктi қозғалысымен байланысады және қатерлерге қарсы тұрады. Егер Қазақстан Республикасы тұрғындарынын саны азаюын осындай логика аясында бағаласақ, ол күштi мемлекет дәрежесiне қауiп төнедi деп алаңдатпайды, бұған керiсiнше популяцияның «мәңгi өлмейтiндiгi» әлеуметтiк даму тетiгiн ұстап тұруда өзiндiк еркiн мақсат ретiндегi үлкен кемшiлiк кеткенiн көрсетедi.

Мұнда қоғам үшін ең бастысы - демографиялық қауiпсiздiк мақсаттары деген мәселе айтылмайды. Олар қауiпсiздiктiң басқа да маңызды мақсаттарымен бiрге өмiр сүредi де, өзiн олармен қарым-қатынасы бәсекесiнде бекiтедi. Осымен қатар демографиялық қауiпсiздiктiң өзiндiк маңызы бар, себебi ол қоғамдағы организмдердiң өмiр сүруiнiң ең бiр негiзгi терең жағымен байланысты. Тек демографиялық «мәңгiлiк» қамтамасыз етiлгенде ғана, олардың алдында тұрған тарихи мiндеттердi тиiмдi шешуге сенуге болады.

Сондықтан да демографиялық  қауiпсiздiк - қоғамның қауiпсiздiгi аспектiсiнiң көптеген түрiнiң бiрi. Оның құрамында экономикалық, әскери, әлеуметтiк және тағы басқа қауiпсiздiктер бар. Демографиялық қауiпсiздiк олардың әрқайсысынан жоғары да, төмен де тұрған жоқ. Сол себептен демографиялық аумақ қосымша бiр бөлiк ретiнде ғана қарастырылмайды, өткені ол әлеуметтiк өмiрдiң басқа салаларымен де тығыз байланысты.

Алдында айтылғандай, қауiпсiздiктiң  көптеген түрлерiнiң болуы олардың  арасындағы қайшылықтарға жиi әкеледi де. Әр қоғамның мiндетi - әр түрлi «қауiпсiздiктер» арасында жақсы келiсiмдердi таба бiлу. Ол үшін ең кем дегенде мынандай екi шарт негiзделiп, анықталуы қажет. Бәрiнен бұрын қауiпсiздiктiң түрлi деңгейлерi мен аспектiлерi арасындағы мүмкін болатын жанжалдарды түсiну керек. Мұнымен қатар iшкi, әрбiр қоғамдық жүйенiң астарынан имманентi (саяси, демографиялық, экономикалық және тағы басқа) қауiпсiздiк проблемасының пайда болатынын да дұрыс түсiне бiлу мiндет.

Демографиялық қауiпсiздiктiң  жаһандық тарихи тенденциялары жөнiнде  де қарастырып өтейiк. Ұзақ жылдар бойғы биологиялық, содан кейiнгі әлеуметтiк эволюциялар демографиялық өсiп-өнудiң барлық максималды мүмкіндiктерiн қамтамасыз еттi, оның адам өмiрiнiң ең қорғалған ортасына орналастырды. Өсiп-өнудiң органдары адам денесiндегi ең қорғалған бөлiктерiнде орналасқаны сияқты, ұрпақтардың тарауы да жастық пирамидасының ең берiк бөлiгi ортаңғыға келтiрiлген, әйелдер мен балалар сыртқы қауiптерден ең күштi деңгейде қорғалады, ұрпақтың жалғасуымен байланысты барлық мәселелер маңызды болып табылуымен бiрге қатаң әлеуметтік мәдени өлшемге ұшырайды, бұл аумақтағы ұжымдық мүдделердi жекеше өздiк ерiктен қорғайтын болады. Демографиялық өсiп-өну қауiпсiздiгiнiң қорғалуының жоғарылауы - адамзат даму тарихының ең басты бiр бағыты. Қоғам өркениеттiлiгiнiң өлшемi көбiне жыныстар арасындағы қатынас қалай құралады, неке және отбасы қатынасы, адамдар жаңа өмiрдiң пайда болуына қалай карайды, жалпы өмiрдiң сақталуына, өлiмге және бұл қатынастар дiни, мәдени iс-шаралармен қалай реттелiнедi.

Негiзiнен тарихи даму ұзақ биологиялық эволюция салып берген бағытты жалғастыруда. Әр түрлi түрлердiң өсiп-өнуi процесi эволюциялық саты бойынша жылжуда көптеген шығындарға ұшырады. Жүйе теориясы тiлiнде бұл өзгерiстердi бiрiнен соң бiрi болатын ерекшелiктердiң өсуi деп бейнелеуге болады, яғни ол iшкi орта жүйесiнiң сыртқы қарсыльқтарға төтеп бере алу мүмкіндiгi. Популяциялардың өсiп-өнуiнде олардың бақылауын сыртқы орта факторларына тәуелдiлiгi бiртiндеп азаяды. Мәселен, балықтар өте көп уылдырық шашады, бiрақ бұл уылдырықтардың барлығы балыққа айналып, өз кезегiнде ұрпақ беруiнiң мүмкіндiгi өте аз. Ал жорғалаушылар ұрпақтарының кездейсоқ сыртқы факторлардан қорғалуы үлкен болғандықтан, олардың тiрi қалуы бiршама жоғары.

Табиғатта өсiп-өну қауiпсiздiгiнiң  жоғарылауы мынадан көрiнедi, популяциялар өте төзiмдi бола бастайды, ал олардың санының ауытқуы азаяды. Биологиялық эволюция процестерiнде популяциялардың өсуiн басқаратын сыртқы және iшкi факторлардың қатынасы әр уақытта өзгередi, әрi адамның пайда болуы кезiндегi популяциялық динамиканың сыртқы реттеушi рөлi бiршама азайды, iшкiнiң рөлi ұлғайды. Осымен бiрге түрдiң өсiп-өнуiнiң үнемдiлiгi, яғни оның өмiрлiк шикiзаттарды пайдалану мүмкіндiгi де өседi. Олар бiрте-бiрте аз деңгейде ұрпақ өндiруге жұмсалды, осының нәтижесiнде организмдер мен олардың қауымдастығының ұйымдасуы және әрекет етуiнiң қиындауы пайда болды.

Адамзат қоғамының пайда  болуы популяциялық даму динамикасының  заңдылығында жаңа кезендi бастады. Биологиялық  механизмдерге  популяциялық, әлеуметтік механизмдер қосылды. Осы кезеңде демографиялық аумақ-адамзат популяциясының өсiп-өнуi аумағы пайда болды, бұл биологиялық ғана емес, әлеуметтік реттеушiлермен де басқарылатын аумақ болып отыр. Адамзаттың өсiп-өнуiнiң сыртқы факторларға тәуелдiлiгi жануарларға қарағанда бiршама аз.

Мұнымен қоса, адамзат тарихында демографиялық тетiктердi теңестiрудi жетiлдiру үздiксiз жүруде. Адамзат популяциясының санының динамикасы мен сандық - жыныстық құрылым тәуелдi болатын қатерлер қауiпсiз бола түсуде және осы себептен өсiп-өну процесi бiршама тиiмдi болуда. Дегенмен, қоғамда күш, уақыт, энергия шикiзаттары босап шығады. Бұрын олар демографиялық өсiп-өнудiң тiршiлiк етуi қажеттiлiктерiне жұмсалатын, ендi оларды қоғамның дамуы мен басқа қызметтерi үшін пайдалануға мүмкіндiк туды. Осының нәтижесiнде барлық қоғамдық  даму жылдам жүруде.

Демографиялық өту және одан туындайтын проблемаларды қарастыратын болсақ, демографиялық өсiп-өну қауiпсiздiгi мың жылдықтар бойы баяу iлгерiледi. Содан кейiн бiр шақтуды, яғни жинақталған  өзгерiстер сындарлы маңызға жеттi, адамзат секiрiс жасады, тарихи өлшем бойынша аз уақыттга демографиялық динамиканың берiк жаңа сапалы деңгейге көтерiлуiне мүмкіндiк туды. Бұл секiрiс «демографиялық өту» деген атка ие болды.

Тұрғындардың өсiп-өнуiн  бiршама қауiпсiз ете отырып, демографиялық өту осымен бiрге адам еркiндiгi саласын да тез кеңейтті. Ол бұрын бiркелкi демографиялық өсiп-өнуге төнген қатерлерге қарсы тұру үшiн жiберiлетiн үлкен күштi босатыт, адамзат алдында жаңа, болмаған мүмкіндiктердi ашты. Бiрақ ол жаңа проблеманы да туындатты – бәрiнен бұрын демографиялық тепе-теңдiк жағдайын түбегейлi өзгерттi. Демографиялық өту басталғанга дейiн бiршама жақсы әлеуметтiк-мәдени тетiктер (дәстүрлi жоғары өлiм-жiтiм мен жоғары туу деңгейiнiң тепе-теңдiгi) әрекет етiп тұрған болатын. Өтуден кейiн ол мәнiнен айырылды, өлiм-жiтiмде де, туу деңгейiнде де нағыз төңкерiс басталды.

Информация о работе Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні