Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 14:32, дипломная работа

Описание работы

Миграция ерекше феномен ретiнде ғылыми бөлiнiсiнен бастап, әйтеуiр бiр контекстiде - экономикалық немесе әлеуметтік, тарихи немесе мәдени, демографиялық. немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып келген едi. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткенi, миграциялық процестер бiр жағынан, бiр немесе бiрнеше қоғамда болып жатқан өзгерiстермен тығыз байланысты және осы мағынада алғанда оның әржақты дамуының өлшемi болады, яғни бұлар - саяси, этноәлеуметтiк, еңбек нарығындағы жағдай, тағы басқалар. Екiншi жағынан, өзара сандық қана емес, сапалық қатынаста да (мәселен, әлеуметтiк-демографиялық және этномәдени сипатымен) ерекшеленген әр түрлi миграциялық ағымдар өте күрделi және осы себептен ол донор мен реципиент қоғамдардың да жағдайына ықпал етедi.

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................................................
1 тарау. Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні................................
1.1. Миграциялық саясаттың классификациясы және зерттеу
әдістемелері...........................................................................................
1.2. Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалары мен
қауіпсіздікке ықпалы.............................................................................
1.3.Миграциялық процестерден қауіпсіздікке төнетін қатерлер.........
2 тарау. Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық қауіпсіздігіне ықпалы...........................................................
2.1.Демографиялық қауіпсіздіктін мәні.....................................................
2.2.Демографиялық өту және одан туындайтын проблемалар..............
2.3.Демографиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары...............
3 тарау. Этномәдени қауіпсіздік және миграция..........................................
3.1.Этномәдени қауіпсіздік түсінігі...........................................................
3.2. Қазақстандағы этномәдени қауіпсіздік мәселесі............................
4 тарау. Еңбек миграциясы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі.................................................................................
4.1.Экономикалық қауіпсіздік және миграция.........................................
4.2. Қазақстандағы еңбек миграциясын реттеу жолдары...................
5 тарау. Қазақстан Республикасы миграциялық саясатының негізгі бағыттары мен механизмдері..........................................................................
5.1.Миграциялық саясатты жүргізудің тиімді жолдары.................
5.2. Миграциялық саясаттағы негізгі бағыттары................................
5.3.Қазақстандағы миграциялық саясатты тиімді жүргізудің
механизмдері...........................................................................................
6 тарау. Миграция және жаһандану..............................................................
6.1. Жаһандану жағдайындағы миграциялық процесстер....................
6.2. Миграцияның жаһандық үлгісіндегі орны мен бүгінгі күндері
дамуындағы қайшылықтар..................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Файлы: 1 файл

миграция диплом.doc

— 597.50 Кб (Скачать файл)

Бiрақ, мигранттар қоғам үшін қандай жағдайда қатер төндiредi және қабылдаушы халық үшін экономикалық, қылмыстық  қауiптiң жоғарылауына негiз болады деген сұрақты қарастырсақ, мигранттардың өздерiнің қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмегенде, әлеуметтiк жағынан қоррғалмағанда, құқықтары заңмен дұрыс деңгейде сақталынбаған жағдайда реципиент ел үшін қатер төндiретiнiн көремiз. Басқаша айтқанда, мигранттардың ағымы реципиент елдің қауiпсiздiгiне қатер төндiредi, егер оларга қабылдаушы ел қауiптiң жоғары объектiсi ретiнде қараса және сол жерде мигранттарды әр түрлi, мәселен, экономикалық, ұлттық, нәсiлдiк, дiни белгiлерiне байланысты әлеуметтiк немесе мәдени дискриминацияға ұшыратқан жағдайда.

М. Тәтiмовтiң: «миграциялық процестер  тиiмдi түрде реттеудi, ел iшiнде басқаруды, дұрыс қоныстандыруды талап етедi. Онсыз Қазақстанның  толық дәрежедегi мемлекет болып қалыптасуына кесiрiн  тигiзерi анық. Сондықтан бұл бағытта  бiзге тек миграция туралы заң ғана емес, ықпалды қуат бар дербес демографиялық саясат керек» деген сөздерi де жоғарыда айтылғандарға байланысты өте өзектi.

Осы демографиялық қауiпсiздiк проблемасы Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 26-шы маусымында қабылданған (2000-шы жылдың 28-шi сәуiрiнде өзгерiстер енгiзiлген) «Қазақстан Республикасының ұлттык қауiпсiздiгi туралы Заңында» бекiтiлген. Онда «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне қатерлер» деген 5-шi бабының 11-шы тармақтарында демографиялық жағдайдың нашарлауы,17 оның iшiнде туудың күрт төмендеуi, өлiм-жiтiмнiң көбеюi, бақыланбайтын миграциялық процестердiң пайда болуы ұлттық қауiпсiздiгiмiзге қатер екендiгi баса айтылған. Осымен қатар бұл заңда жоғарыда айтылып кеткен иммиграцияға байланысты мына мәселе жазылған. Яғни, заңның «Сыртқы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету» деген 24-шi бабының тармақшаларында былай делiнген:

1) шекаралық бақылау берiк болуы  үшін мемлекеттiң шекарасын қорғау  жүйесiн кеңейтiп, дамытады;

2) мемлекеттің әуе қауiпсiздiгiн  бақылаудың ұлттық жүйесiн қалыптастырады;

3) заңсыз иммиграцияны болдырмау  үшін барлық iс-шараларды қабылдайды;

4) Қазақстан Республикасын,  өзiне қарсы әрекет ететiн, егемендiлiгiне  қарсы шығатын, территориялық  тұтастығына, оның халықының бiрлiгiне, қоғамдық келiсiмге және елiмiздiң саяси тұрақтылығына нұқсан келтiретiн шетел азаматтары мен азаматығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының территориясына кiруiн болдырмайды. Қазақстан Республикасы территориясында тұрып жатқан, арандатушылықпен шұғылданатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар елiмiзден шығарылуға жатады және Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық келiсiмдерiне байланысты басқа жауапкершiлiкке тартылады делiнген.

 

 

 

 

 

3 тарау. Этномәдени  қауіпсіздік  және миграция

3.1.Этномәдени  қауіпсіздік түсінігі

Миграциялық процестердiң  этномәдени саладағы қауiпсiздiкпен байланысты мәселелерiн де қарастырып өткен  жөн. Өткені миграция этнодемографиялық  құрылымның жедел өзгеруiне алып келедi деп болжамдалады,осының нәтижесiнде  жеке тұлға мен топтың, аймақтағы әлеуметтік тұрақтылықтың, жалпы елдегi және халықаралық қауымдастықтағы қатерлердiң шығу мүмкіндiгi пайда болады.

Этномәдени қауiпсiздiкке  анықтама берiп өтер болсақ, «security»  ұғымы ағылшын тiлiнен аударғанда қауiпсiздiк кепiлi, болашаққа сенiмдiлiк, қауiпсiздiктi сезiну деген мағыналарды бередi. Осы ұғымның мазмұнын толығымен ашсақ, одан мынандай мағына шығады: қауiпсiздiк - бұл әлеуметтік объектiнiң (өзін арнайы институционалдық орта көмегiмен ұстап тұратын субъектi) қайта өсiп-енуi және тұрақты әрекет етуi жағдайы.

Қауiпсiздiк феноменiнiң  субъективтi, оның iшiнде когнитивтi (проблеманы түсiну) жағы да болады. Әрбiр  әлеуметтік субъектi өзінің қауiпсiздiгiне қатердi бағалауды қабылданған құндылықтар  жүйесiнде жүзеге асырады. Ал құндылықтар  жиынтығы мәдениеттiң негiзгi бiр әрекет етушi элементi болып табылады, оның iшiнде этникалық фермада да әрекет етедi.

«Қауiпсiздiк» түсiнiгiнiң  этномәдени аспектiсi әлi күнге дейiн  көп қарастырылмаған. Қазiргi дүниедегi әдейi жасалатын немесе әр түрлi құндылықтар  жұйесiнiң қақтығысуынан туындайтын жеке тұлға, топ арасындағы, мемлекет, аймақтардағы, әлемдегi қатерлердiң қалыптасуының негiзгi көзi этнос аралық қарама-қарсылы болса да, этномәдени қауiпсiздiк назар аудару ұлғаймауда. Бұған мысал ретiнде соңғы шыққан «Геосаясат және ұлттық қауiпсiздiк» сөздiгiнде этномәдени саладағы қауiпсiздiкке ешқандай анықтама берiлмегенiн келтiре аламыз. Жақын шетелдерде ғана емес, алыс шетелдерде де осындай жағдай. Мәселен, «қырғи-қабақ соғыс» аяқталғаннан кейiнгi Батыста жасалынып жатқан жалпы қауiпсiздiк тұжырымдарында да «этномәдени бiрегейлiк» қауiпсiздiгiнiң маңызы дұрыс ескерiлмеуде. Осы себептен «этномәдени қауiпсiздiк» түсiнiгi мазмұнын негiздеп,  қалыптастырып алу керек.

Этномәдени бiрегейлiк (идентичность) негiзiнен берiк және қайта өңделетiн мәдени тұтастыққа негiзделедi. Әрбiр ел мен аймақтың өзiне тән халықтық құрылымы бар – онда демографиялық өзiндiк ерекшелiгi ғана емес, осымен қатар бiлiмдiлiк, бiлiктiлiк, этномәдени өлшемдерi де ескерiледi. Мәдениеттiң К. Клакхон ұсынған әлеуметтiк-антропологиялық анықтамасында былай деп жазылған: «антропологияда мәдениет дегенiмiз- адамдардың тұтастай өмiр көрiнiсi, өзiнiң тобынан жеке тұлғаның алатын әлеуметтiк мұрасы». Шынайы өмiрде мәдениет аймақтық, яғни этникалық түрде өмiр сүредi. Этномәдени қайта өсiп-енудiң бұзылуы топты мынандай жағымсыз құбылыстарға әкелуi мүмкін. Мәселен, психологиялық бағдарсыздыққа, девианттық (дұрыс емес) мiнез-құлық түрiнiң тарауына, әлеуметтiк маргинализацияға және т.б. әкеледi. Бұл өз кезегiнде этномәдени бiрегейлiкке қатер төндiредi. Осыған нақты мысал ретiнде Ресейдiң Солтүстігiндегi «дағдарысты» этностар деп аталатын абориген халықты келтiруге болады. Ресейдiң субарктиктi және тайгалық территорияларды отарлауы мен индустриализациялауы нәтижесiнде осы жерлердi мекендейтiн аз санды халықтар (хантылар, мансылар және т.б.) өздерiнiң өмiр бейнесiн қайта өңдеуде қиыншылықтарға тап болды. Бұл олардың дәстүрлi шаруашылық айналымынан қажеттi жерлердi алып қою мен ол этникалық топтарды индустриалдық қоғамға тездетiп интеграциялау үшін жүргiзген мемлекетің дұрыс емес саясаты нәтижесiнде пайда болды. Осыған байланысты олардың этникалық мәдениетi жоғалып кеттi. Бұл халықтардың бiршама өкiлдерi ғана өздерiнiң ана тiлiн сақтап қалды. Әр түрлi «әлеуметтiк аурулар»: iшiмдiкке салыну, қылмыстық, отбасының бұзылуы сияқтылар кең тарады. демографиялық қайта өсiп-өнуiнде де бала өлiмiнiң жоғарылауы, өмiрдiң орташа жас ұзақтылығының қысқаруы т.б. көрiнiс алды. Алайда, күрделi әлеуметiк құрылымы бар, iрi және экономикалық дамыған халықтарда мұндай процестер толығымен этникалық бiрегейлiкке ыкпал етпейдi.

Бүгiнгі күнде этномәдени бiрегейлiк халықаралық құқықтардың  қамкорлығында. Ол жаңа Еуропа үшін қабылданған  Париждiк Хартияда анық түрде былай  көрсетiлген: «Ұлттық азшылықтардың  бiздiң қоғамымыздың өмiрiне қосып жатқан зор үлесiне байланысты, бiз келешекте де олардың жағдайларын жақсартамыз. Бейбiтшiлiк, әдiлеттiлiк, тұрақтылық және демократия болуы үшін ұлттық азшылықтардың этникалық, мәдени, тiлдiк және дiни өзiндiк ерекшелiктерi қорғалуы керек. Бiз ұлттық азшылыққа жататын адамдардың құқықтарын толығымен жалпы адам құқығының бөлiгi ретiнде құрметтелуi керек екенiн танимыз».

Бұл хартияда айтылған мәселелер  бiздiң 130-дай ұлт өкiлдерiнен құралған мемлекетiмiзде де жүргiзiлуде. Қазақстан  Республикасы секiлдi полиэтникалық мемлекетте әр ұлттың мәдениетi бiрдей деңгейде үйлесiмдi өмiр сүруде. Этникалық мәдениеттiң өзара әрекет етуi, ықпалдасуы, бiрiн-бiрi толықтырып байытуы, мәдени жетiстiктерiмен алмасуы адамзат дамуындағы мәдени процестiң үздiксiз жағдайы.

Мәдениет тұтас, жүйелi сипатқа ие. Осы себептен оның базалық  элементтерiнiң трансформациялануының  өзi (мысалға, осы мәдениеттi ұстанушылардың барлығының немесе көбiнiң басқа  тiлге көшуi - шотландықтармен, ирландықтармен, бiршама деңгейде еврейлермен болғандай), әсiресе ұзақ уақыт кезеңiнде болып жатқан этникалық топ үшін жағымсыз әлеуметтiк салдар ғана емес, ол оның этномәдени бiрегейлiгiн де бұзады. Бұдан мынадай заңды сұрақ туады. Бiр территориядағы этникалық топтардың және олардың мәдениеттерiнiң бiр-бiрiмен өмiр сүруiн, мәдени алмасуларын этномәдени қайта енуге кедергi келтiрмейтiндей, әлеуметтiк ауытқулар тудырмайтындай етiп қалай ұйымдастыру керек?

Әлемнiң көптеген аймақтарындағы этникалық топтардың өмiр сүре алулары тарихи өзiндiк сипатқа  ие, сондықтан ол мәдениет үшін қатер тудырмайды. Мұнда тарихи қалыптасқан этнос-аралық ұтымды арақашықтық феноменi көрiнiс алады, ол өзара топаралық қатынасқа кедергi келтiрмейдi, осымен бiрге этникалық бiрегейлiктiң сақталуы мен этникалық мәдениеттiң қайта өрлеп, дамуын қамтамасыз етедi. Бiрақ аймақты этникалық құрылымы өте өзгермелi, мұның өзi екi себептiң ықпалынан болады. Бiрiншiден, көршiлес топтардың табиғи өсу қарқынындағы айырмашылықтан, екiншiден, этникалық миграция ықпалынан. Миграциялық ағынның көбеюiнен этникалық топтар келешекте ассимиляциялану - бiрегейлiгiн жоғалту, топ құрамына енiп кету секiлдi мәселелермен кезiгедi. Басқаша айтқанда миграциялық процестер этномәдени қауiпсiздiкке қатер төндiруi мүмкін, төндiредi де.

Осымен бiрге миграция - әлеуметтiк ортаның өмiр сүруiнiң бәрiбiр де болатын жағдайы. Мұнымен қоса этномәдени оқшаулану (яғни, этносаралық байланыстардың болмауы) көбiне жағымсыз фактор болады. Сондықтан да этномәдени қауiпсiздiктi қарастырғанда миграцияны толығымен тоқтату дұрыс емес, этникалық құрылымның өзгеруi жағдайындағы ұтымды этносаралық қашықтықты ұстап тұру құралдарын табу керек.

Миграцияның этномәдени қауiпсiздiкке ықпалын зерттегенде  осыған сай бiрнеше жағдайларды: эмпирикалық «идеалдық үлгiнi»  жасап шығаруға мүмкіндiк беретiн, мұның аясында этномәдени саладағы негiзгi әлеуметтiк объектiлер - этникалық миграция мен қауiпсiздiк өзара байланыста болатын жағдайларды ескеру қажет. Бұл үлгi толығымен барлық түрде жүзеге аспайды. Осыдан Ресейдегi өткiзiлген эмпирикалық зерттеулердiң жарияланған мәлiметтерiне сүйене отырып, негiзгi кезендерiн қарастырайық. Бiрақ осының алдында бiрнше жалпы ескертулердi қарап өтейiк.

Американдық антрополог У. Саммер топтық өзiндiк санаға этноцентризм феноменi тән екенiн, яғни өмiрдегi құбылыстарды өзiндiк этникалық топтық дәстурлер мен құндылықтар призмасы арқылы қабылдау және бағалау керектiгiн айтқан болатын. Этноцентризм топтың өзінің iшiндегi қатынаста да көрiнiс табады. Этноцентризм жөнiнде оның екi құрамдас бөлiгi болғанда айтады: бұл, бiрiншiден, өзiнiң тобын басқа этностарды бағалауда эталонды, референттi ретiнде тусiнгенде жүзеге асады (бұл iшкi топтық ұйымдасушылығынан, ынтымақтастығынан, iшкi топтық нормаларды сыйлаудан көрiнедi), екiншiден, басқа топтарды нашар деп бағалау (бұл басқаларга деген сенiмсiздiк, жек көрушiлiк, өшпендiлiктiң көрiнiс табуына әкеледi) пiкiрi орнығады.

Социумның психологиясына стереотиптендiру де тән, яғни басқа  бір әлеуметтiк субъект/объект (қарастыруымызда - этникалық топ немесе оның өкiлi жөнiндегi) жөнiндегi дұрыс емес, нашар түсiнiк. Стереотиптендiру қарапайым санаға тән. Стереотиптер бiр этникалық қауымдастықтағы жеке тұлғаның өзiндiк тәжiрибесiне немесе алдына жасаған түсiнiктерiне байланысты пайда болады. Негiзiнен, стереотиптер ақпараттың тапшылығы жағдайына байланысты қалыптасады.

Этносаралық өзара әрекеттегi этноцентризм және стереотиптену тәжiрибесi этникалық топтың әлеуметтiк психологиясына сай әр түрлi фобияларды туғызады. Яғни жергiлiктi және келушi тұрғындар арасында интеграцияны тежейтiн әлеуметтiк-психологиялық кедергi «мигрантофобия» құбылысы пайда болады.

 

 

3.2. Қазақстандағы   этномәдени  қауіпсіздік  мәселесі

Басқа мемлекеттердiң  мысалдары көрсеткендей, бөтен этносты  мигранттардың үлесi 10%-дан асса, өздiгiнен фобия басталады екен. Мәселен, Францияда 1990 жылдардың ортасында иммигрант тұрғындардың саны 10%-га жеткенде, 1995 жылғы Президенттiк сайлауда басқа этностарды Францияның басты қаупi ретiнде және «елдi мигранттардан тазартуды» көздейтiн жоғарыда атап өтiлген Жан Мари Ле Пэн 15-% дауысты жинаған болатын. Бұған ұқсас жағдай 60-шы жылдардан бастап гастарбайтерлер мен мигранттар ағымы ұлғайған елдерде де байқалуда. Бұл жергiлiктi тұрғындардың келген мигранттарды мәдени, дiни, тiлдегi тағы да басқадай айырмашылықтарынан қабылдамауынан болып отырған мәселе. Бұдан да зор нәрсе «иммигранттардың басқа бiр ортадағы шоғырлануының көбеюiне орай, ендi шетелдiк жұмысшылар бұқарасының жаңа мәнге ие бола бастауы мәселесi. Ендi бұл жұмысшылар қабылдаушы ортаға сiңiсудiң орнына, керiсiнше өздерiнiң этномәдени өзiндiк ерекшелiгiн сақтау үшін бөлiне бастайды. Мәдени автономия тәжiрибесi мен мультимәдениет, саяси демократия жағдайлары iс жүзiнде үздiксiз көбейiп отыратын иммигранттық топтардың бiрлесуiн тездетедi. Топтар арасындағы мәдени бәсеке этникалық тамырдағы зорлыққа да алып келедi (Германиядағы немiстер мен түрiктер арасындағы жағдай осының мысалы).

Мұнымен бiрге, мигранттық топтарға қабылдаушы елдердiң қысымы болғанымен, жергiлiктi халықтың этномәдени қауiпсiздiгi де толғандыратын мәселеге айналады. Жергiлiктi халықтың     мәдениетi үстем болғанымен, бiрте-бiрте ол артықшылықтарынан айырыла бастайды. Өткені «ксенофобиялық мiнез-құлык кiмдерге қарай бағытталғанына байланысты ғана ауыр болып қоймайды, осымен бiрге кiмдерден шығып отырғандарына да қатысты».

Сыртқы және iшкi миграция нәтижесiнде қабылдаушы этникалық топ азшылық болып қалатын жағдайлар да сирек емес. Бұған мысал ретiнде бұрынғы КСРО-ның құрамына кiрген республикаларды алуға болады. Айталық, Қазақстанда 4479 620 жетiп отырған орыстардың осы елге миграциясы күшейсе өз жерiнде отырып-ақ қазақтар азшылық болып қалар едi.

Югославия үкiметiнiң сепаратизмдi тоқтатамыз деген желеумен албандықтардан Косованы тазартуы албандықтардың басып  кетуiне және НАТО-ның бұл процеске араласып, 1999 жылы 24-шi наурызда Косовалық албандықтарды сақтау операциясын бастап, әскерiн енгiзуiне әкелдi. Косова жанжалы жеке тұлға мен этникалық топтың қатерi сатысынан, көршiлес мемлекеттiң, аймақтық және әлемдiк қауымдастықтың қауiпсiздiгiне төнген қатерге ұласты. Осыдан бес жыл өткеннен кейiн Косовада тағы да этносты тазарту процесi басталды. Ендi керiсiнше албандықтар сербтердi қуғындап, тазарту жүргiздi. 2004 жылдың 19, 20, 21-шi наурыз аралықтарында болған сербтер мен албандықктардың  қақтығысы нәтижесiнде 19-шi наурыздың өзiнде 30 адам қаза тапты.

Косова автономиялық өлкесiнiң Президентiнiң баспасөз хатшысы Мухаммед Хамити 1999 жылдың 24-шi наурызы Косова үшін маңызды  тарихи күн. Бұл күннен бастап НАТО-ның  араласуы арқылы бiз сербтердiң үстемдiгiнен  құтылдық, бiздiң Косованың жаңа тарихына бес жыл толды деп мәлiмдедi. Косова астанасында қазiр тек албандар ғана тұруда, олардың плакаттары мен транспаранттарында толығымен Косова тәуелсiздiк алуы керек деген ұрандар жазылған. Осы бес жылдың iшiнде Косовада халық саны өзгермегенiмен (сол 2 миллион болып қалуда), халықтың құрамы күштi өзгерген. Бейбiтшiлiк орнатушы әскерлер енгенге дейiн албандықтар босып қашса, олар келген соң сербтер кетуде. Мәселен, 200 мың серб өлкенi тастап кеткен. Осы қарулы жанжал бүрк еткен аптаның өзiнде 4 мың серб өлкенi тастап қашқан. 2004 жылдың 19-шы наурызындағы дерек бойынша 30 адам қаза тауып,18 500 адам жараланған, оның 100-i бейбiт әскер өкiлдерi. Осы жоғарыдағы айтылғандардан шығатын түйiн, этно-мәдени қауiпсiздiкке төнген қатерлер ұлғая келiп зорлық-зомбылыққа және конфликтiге алып келу мүмкіндiгi бар. Жоғарыдағы Косоваға байланысты келтiрiлген мысал осының айқын көрiнiсi.

Миграция және этномәдени қауiпсiздiктiң өзара байланысы  арасындағы болып отыратын үш сатыны сипаттап болғаннан кейiн этномәдени қауiпсiздiкке мынандай анықтама беруге болады. Негiзгi әлеуметтiк субъектiлердiң/объектiлердiң берiк iс-әрекет ету жағдайы және мәдениеттiң тұтастай қайта дамуы мен олардың арасындағы мәдени дағдыларымен еркiн ауысуы арқылы этномәдени бiрегейлiк қамтылады. Этномәдени қауiпсiздiк елдегi немесе аймақтағы этномәдени процестердi бағдарлап, болжау арқылы жеке тұлғалардың, этникалық топтардың этномәдени құндылықтарын жүзеге асыру барысында қамтамасыз етiледi.

Информация о работе Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні