Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 14:32, дипломная работа
Миграция ерекше феномен ретiнде ғылыми бөлiнiсiнен бастап, әйтеуiр бiр контекстiде - экономикалық немесе әлеуметтік, тарихи немесе мәдени, демографиялық. немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып келген едi. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткенi, миграциялық процестер бiр жағынан, бiр немесе бiрнеше қоғамда болып жатқан өзгерiстермен тығыз байланысты және осы мағынада алғанда оның әржақты дамуының өлшемi болады, яғни бұлар - саяси, этноәлеуметтiк, еңбек нарығындағы жағдай, тағы басқалар. Екiншi жағынан, өзара сандық қана емес, сапалық қатынаста да (мәселен, әлеуметтiк-демографиялық және этномәдени сипатымен) ерекшеленген әр түрлi миграциялық ағымдар өте күрделi және осы себептен ол донор мен реципиент қоғамдардың да жағдайына ықпал етедi.
Кіріспе....................................................................................................................
1 тарау. Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні................................
1.1. Миграциялық саясаттың классификациясы және зерттеу
әдістемелері...........................................................................................
1.2. Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалары мен
қауіпсіздікке ықпалы.............................................................................
1.3.Миграциялық процестерден қауіпсіздікке төнетін қатерлер.........
2 тарау. Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық қауіпсіздігіне ықпалы...........................................................
2.1.Демографиялық қауіпсіздіктін мәні.....................................................
2.2.Демографиялық өту және одан туындайтын проблемалар..............
2.3.Демографиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары...............
3 тарау. Этномәдени қауіпсіздік және миграция..........................................
3.1.Этномәдени қауіпсіздік түсінігі...........................................................
3.2. Қазақстандағы этномәдени қауіпсіздік мәселесі............................
4 тарау. Еңбек миграциясы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі.................................................................................
4.1.Экономикалық қауіпсіздік және миграция.........................................
4.2. Қазақстандағы еңбек миграциясын реттеу жолдары...................
5 тарау. Қазақстан Республикасы миграциялық саясатының негізгі бағыттары мен механизмдері..........................................................................
5.1.Миграциялық саясатты жүргізудің тиімді жолдары.................
5.2. Миграциялық саясаттағы негізгі бағыттары................................
5.3.Қазақстандағы миграциялық саясатты тиімді жүргізудің
механизмдері...........................................................................................
6 тарау. Миграция және жаһандану..............................................................
6.1. Жаһандану жағдайындағы миграциялық процесстер....................
6.2. Миграцияның жаһандық үлгісіндегі орны мен бүгінгі күндері
дамуындағы қайшылықтар..................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................
Демографиялық өту жағдайларын теориялық тұрғыда тұжырымдай отырып, жоғарғы туу деңгейi мен төмен өлiм-жiтiмдi ұстап тұратын ескiлердiң орнына жаңа тетiктер келедi деп күтуге болар едi. Іс жүзiнде бұл елi болған жоқ, оның еркiндiгi iс-жүзiнде шектелмейтiндей етiледi.
2.2.Демографиялық
өту және одан туындайтын
Дамушы елдер қоғамы
таңдау еркiндiгiн қабылдауга
Тұрғындардың өсуiн нетто-коэффицентi бойынша қарастыратын демографтар тұрғындардың табиғи азаюының жақындағанын бұрыннан бiлетiн. 1960-жылдардың өзiнде Еуропада демографиялық түтiкше» пайда болды. Ол өзiне тұрғындарының өсiп-өнуiнің нетто-коэффицентi төмен елдердi тартып алды. Сол кезде мұндай елдер қатарына КСРО республикалары немесе социалистiк лагер елдерi ғана жатқан болатын. Тек 60-жылдардың ортасынан бастап жағдай өзгерiп, (1986-1987 жылдары), туу деңгейi мен өлiм-жiтiм қатынасын тұрғын халықтың бiршама табиғи өсiмi қамтамасыз еттi Ал қалған жылдардың бәрiнде өсiп-өну аз болды. Бұл факт көптеген уақыт бойы қоғамнан жасырылып келдi. Жалпы, басылым беттерiнде КСРО-ғы өсiп-өнудiң нетто-коэффицентi туралы мәлiметтердi оның тарихының жартысынан көбiнде жариялауға рұқсат етiлмедi.
Бiрте-бiрте өсiп-өнудiң азаюы жаңа территорияларды қамти бастады, 1990-шы жылдары Еуропада тұрғындарының өсiп-өнуi көбейген бiрде-бiр ел қалмады. Осы кезеңге қарай тұрғындар өсiмiнiң әлеуетi өзiнiң толық бiткендiгiн көрсеттi. Мәселен, 1992 жылы Ресей халқының табиғи өсiм күрт азайып, ол тұрғындарының саны кемiп бара жатқан Еуропалық 9-елдің бiрi болып қалды. I997 жылы мұндай елдердiң қатары 14-ке жеттi. Осылардың көбiсi бұрынғы КСРО республикалары мен социалистiк лагерьге кiрген Шығыс Еуропа елдерi едi. Бiрақ осы қатарға Германия, Италия, Швеция да кiредi. Тұрғындарының өсiмi кемiп бара жатқан елдер қатары әрi қарай өсе түсерi сөзсіз.
Тұрғындардың табиғи өсiмiнiң керi шегiнуiн депопуляция деп те атайды. Депопуляция-көптеген өндiрiсi дамыған елдердегi демографиялық игiлiкке төнген қатердiң қауiптi белгiсi. Ұзаққа созылған депопуляция демографиялық қауiпсiздiктiң басты мақсаты-популяцияның «мәңгi өлместiгi» мәселесiн алдыға қояды. Дегенмен, мынаны ескеру керек, егер әйтеуiр бiр мемлекеттiң тұрғындары әлем тұрғындарынан бөлек оқшауланып қалса, бұл қатер шынайы болады. Егер бұл проблемаға жалпы дүниежүзiлiк демографиялық жағдай тұрғысынан қарайтын болсақ, депопуляция қаупi жоқ сияқты болып көрiнедi.
Миграция бұрыннан-ақ демографиялық тепе-тендiктi ұстап тұрудың немесе қалыпқа келтiрудiң негiзгi бiр факторы болып қызмет атқарды. Аймақтық немесе жергiлiктi популяцияға келетiн болсақ, олардың да динамикасында кей кезде өте маңызды миграциялық құрамдас бөлiктер орын алады. Тұрғындардың тез өсуi нәтижесiнде аймақтық демографиялық тепе-теңдiктiң бұзылуымен қатар, осының салдарынан туындайтын демографиялық қысым адамдардың әолемнiң әр түрлi аймақтарына миграциялық қоныс аударуына бiршама себеп болады. Мұндай қоныс аударулардың әлем халқының тарихында өзiндiк рөлi бар, бұл олардың жер шарының әр түпкiрiнде қоныстанып, тұрақтануына ықпал етедi. Мысалы, АҚШ-ты алайық, оның тұрғындары бұрынғы мигранттар мен оның ұрпақтарынан құралған. Бұл мысалдар халықтардың мемлекеттiк-территориялық ерекшелiк шегi бар екенiн, бұлар ерекше, экстраординарлық жағдайда өз мәнін жоғалтатынын көрсетедi. Әйтсе де осындай ерекше жағдайлар ХХ-ғасырда әлем халкының екi есеге ұлғаюы нәтижесiнде жер шарының барлық түкпiрiнде қалыптасты.
Таза демографиялық депопуляция логикасы тұрғысынан қарасак, тұрғындарының саны көп емес елдерге қоныстану әлемге қатер туғызбайды, сонымен бiрге оларды игiлiк ретiнде қарастыруға да болады. Дамыған елдер өз кезегiнде жаңа жағдайда тепе-теңдiктi сақтай отырып өмiр сүруге жол салады. Осы жолмен ұзақ уақыт жүре отырып қана дамушы елдер демографиялық жарылыстың тоқтауына, оның салдарын болғызбауға қол жеткiзе алады.
Алайда, мұның алдында
да айтылғандай демографиялық
Қазақстан Республикасында депопуляция, яғни ел тұрғындарының азаюы 1992 жылдан басталды. Қазақстан Республикасының статистикалык агентгiгiнiң мәлiметтерi бойынша 1999 жылы ол 2 миллион адамға қысқарыпты. Тұрғындардың азаюымен қатар демографиялық керiлiк экономикалық, әлеуметтiк, геосаяси және тағы басқа мiндеттердi шешудi қиындатады, сондықтан елдің барлық аспектiсiндегi ұлттық қауiпсiздiгiне қатер төнедi. Мұндай тұжырымдар бұрыннан да бар болатын, бiрақ қазiргi басталған депопуляцияға орай маңызы одан да арта түсті.
ХХ ғасырда Қазақстан Республикасында халық санының қысқаруы бiрнеше рет жүзеге асты, ал қазiр төртiншi рет байқалып отыр. Алдыңғы үш ретке қысқарудың айырмашылығы, ол кезендерден тұрғындардың азаюы күштi әлеуметтік сiлкiнiстермен - Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiспен, 30 жылдардағы аштық және репрессиямен, Екiншi дүниежүзiлiк соғыспен байланысты болса, қазiргi уақыттағы халық санының азаюы тұрғындардың бұқаралық демографиялық мiнез-құлықтарымен байланысты болуда. Сондықтан да қазiргi кезде тұрғын халықтың азаюын тоқтату, туу деңгейiн арттыру алдындағы үш ретпен салыстырғанда күрделi өтуде. Өткені ол кездегi себеп өлiм-жiтiмнiң апатты өсуiнен едi. Олардың аяқталуымен тұрғын халықтың табиғи өсiмi қайта көбейiп, қалпына келе бастады. Қазiргi табиғи өсiм нәтижесiнде ел халқының қалпына келуi ұзақ созылатын процесс. демограф ғалымдар мен БҰҰ-ның болжамы бойынша, 2015 жылға қарай Қазақстан халқының саны ең жақсы дегенде 1 500 0778 адамды, ал орташа алғанда 15 000 328 адамды қамтып, ал ең төмен дегенде 14 000 885 адамды ғана құрауы мүмкін. Бұл дегенiмiз - бiздiң Республика халкының саны әлi де 1979 жылғы санақ көрсеткiштерi бойынша тiркелген 14 684 000-нан аса алмай жатыр.
2.3.Демографиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары
Қазақстан Республикасының демографиялық қауiпсiздiк жүйесiндегi миграцияның жаңа орнын қарастырып өту үшін бiршама тарихи шолу жасап өтейiк. Кеңес Одағы өмiр сүрiп тұрған кезде сыртқы миграцияны қолдану Батыс елдерiне ғана тән деген тұжырым бар болатын. КСРО кезiнде демографиялық құлдырау аудандары (Ресей) демографиялық жарылысты басынан өткерiп жатқан аудандармен (Орталык Азия) көршiлес жатқандықтан және Одақтас республиканың бiрi болғандықтан, өзара толықтыруды тек iшкi миграция проблемасы ретiнде қарады. «Еңбек күші көп» жерлерден «еңбек күші аз» жерлерге халықтың көшуi тиiмдi деп есептелдi және ол әр түрлi жоспарлармен және бағдарлармен жүзеге асырылды. Бiрақ қоныс аудару көлемi салыстырмалы түрде аз болды да, орталық жоспарлаушы органдардың үмiтiн ақтамады. КСРО-ның ыдырауы көптеген мемлекеттердi келешектегi демографиялық дамуының басқа жолдарын iздестiруге, әсiресе Қазақстан Республикасын халық санының көбейтудегi миграцияның рөлi туралы ойлануға әкелдi. 1990 жылдарға дейiн табиғи өсiм халық санының өсуiнiң басты факторы болса, ал 1992 жылдан бастап миграция халық санының өсуiне әкелетiн арнаның бiрiне айналды. Бiрақ репатриациялаудың өзi табиғи өсiм ұлғаймаса халық санының толығуына әкелмейдi. Иммиграция нәтижесiнде халық санының толығын өзiндiк табиғи өсiмi аз елдердiң көбінде жүзеге асады.
Алайда, депопуляцияға
қарсы тәсiл ретiнде көлемдi миграциялық
ағымға ұмтылыс жасамау керек, себебi
оның елдің демографиялық
Таза демографиялық логика тұрғысынан алғанда дамушы елдердегi демографиялық жарылыс демографиялық күйзелiстегi «солтүстік» белдеу үшін пайдалы. Дегенмен, бұл белдеудегi мемлекеттер қазiрдiң өзiнде болып жатқан демографиялық құлдырауға қарамастан «үшіншi әлемнен» мигранттардың бақылаусыз «өтiп кетiп» жатқанына аландаушылық бiлдiруде. Мұндай аландауға толықтай негiз бар екендiгi де белгiлi. Тәжiрибелер көрсетiп бергендей, саяси, әлеуметтiк, мәдени мағынада мигранттарды интеграциялау оңай шаруа емес. Дамыған елдерде батыстық емес, басқа мәдени үлгiнi ұстанушылар болып табылатын «жаңа кедейлер» саны өсуде. Бұл қабылдаушы елдердiң иммигранттық қауымдастықтарды керi итеруi салдарынан туындауда. Ондай қауымдастықтарға келер болсақ, олардың мәдени бiрегейлiгi өзара ынтымақтасуларына негiзгi тiрек болуда. Қабылдаушы ел тұрғындары мен мигранттар арасындағы қарсылық мигранттардың өздерiнiң мәдени үлгiлерiн, мiнез-құлық нормаларын, құндылық бағдарларының консервациялануына қосымша стимул болуда. Ал бұл реципиент елдердiң берiктiгi мен тұтастығына төнетiн елеулi қатер. Иммиграция көлемiнiң ұлғаюымен дамыған елдердiң құндылықтар жүйесi мен қауiпсiздiгiне төнетiн қатер де күшеюде. Дегенмен, иммиграция дамыған елдердегi тұрғын халықтың жетiспеуiн дамудағы елдердегi халықтың көптiгiмен өзара толықтыруда.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасы шетелдердегi қазақтарды репатриациялау процесiн жүргiзiп жатыр. Ол бүгiнгi күнi бiрiншi жоспарда тұр және осымен қатар бұл ағым бiрқатар уақытқа созылары сөзсiз. Қазақстан Республикасы келешекте демографтардың болжамдарындағыдай халкы көбейiп кеткен елдердiң титулдық тұрғындарының ауқымды миграциясына ұшыраса, онда жағдайы Батыс Еуропа елдерiндегiден де қауiптi болмақ. Өткені иммигранттарды қабылдаушы Батыс Еуропа елдерi иммигранттардың шығатын елдерiмен шекараласпайды, ал Қазақстан Республикасы халкы көп Өзбекстанмен, әсiресе халқы өте тығыз қоныстанған Қытаймен шекаралас жатыр.
БҰҰ-ның мәлiметтерi бойынша 2015 жылы Орталык Азиялық аймақтың халқы 1,5 есеге, яғни 1994 жылдағы 54 миллионнан 75 миллионға дейiн жетедi екен. Осының iшiнде тек Өзбекстан тұрғын халқының саны 22,3-тен 33,2 миллионға артады деп күтiлуде. Ал бұл Қазақстанға миграцияны күшейтедi, Қазақстан арқылы Ресейге транзиттiк миграцияны ұлғайтады, осымен қатар әлеуметтік шиеленiс пен потенциалдық конфликтiлерге қосымша серпiн бередi.
Ресейлiк саясаттанушылар
этникалық ареал түсiнiгiн
Осы айтқандарды зерделей отырып, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты 12 этникалық ареалды бөлiп шығарған. Қазақстандағы осы 12 этникалық ареалда ұлтаралық кикiлжiңдер орын алуы мүмкін. Бұлар:
Қазақстан Республикасындағы соңғы он жылда бой көрсеткен алты этникалық конфликтiнi талдау Қазақстанға тән этникалық конфликтiлердiң үш негiзгi типiн бөлiп көрсетуге мүмкіндiк бередi:
Қазақстандағы этникалық-әлеуметiк, антииммигранттық этноконфликтiлер әлеуметтiк, экономикалық себептерге байланысты болса, ал сепаратистiк конфликтiлер этнотерриториялық, саяси-құқықтық жағдайларға байланысты болды.
Бұл этноәлеуметтiк, антииммигранттық конфликтiлердi талдау барысында оларда этнопсихологиялық фактордың күштi орын алғандығын көремiз. Белсендi жақтың әрекеттерiнiң берi кавказдық ұлттық өкiлдерiне - шешендерге, ингуштерге, лезгиндерге қарсы бағытталды. Барлық конфликтiлердiң бастауы төбелестер мен өлтiруден басталды. Мәселен, Қазансу ауылындағы шешендердiң саны аз болғанымен, олардың өмiр сүру деңгейi қазақтардан әлдеқайда жоғары болды. Ал қазақтардың саны көп болғанымен, олардың өмiр сүру деңгейлерi шешендерге қарағанда анағұрлым төмен едi
Бұлардан шығатын түйiн, миграциялық саясатты ойластырып, таразылап алып барып жүргiзу керек. Яғни, демографиялық түсiнiктер бойынша қажеттi иммиграцияға есiктi жаппайтын, осымен қатар оны өте кең және бақылаусыз ашып тастамайтын да болу қажет. Осымен бiрге иммиграциялық бақылау әрдайым тиiмдi болмайтынын ескеру қажет. Мигранттардың заңды ағымы жанында әркашанда заңсыз мигранттар болады, ал көршiлес мемлекеттерден келетiн заңсыз мигранттармен күресу күрделi iс. Бұған АҚШ-тың тәжiрибесi дәлел болады. Олар әлi де көршiлес, жақын жатқан Мексикадан келетiн заңсыз иммиграция ағымын тоқтата алмауда.
Миграцияға байланьтсты
Мигранттар - қауiпсiздiктiң субъектiсi де, объектiсi де. Бiрiншi жағдайда оларды еңбек нарқындағы шынайы немесе мүмкін бәсекелестер ретiнде қарастыруға болады. Өткені бақылаусыз мигранттар легi қандай да болсын жалақыға жұмыс iстеуге дайын, ал бұл шындығында нарықты тұрақсыздандыра алады және экономикалық қауiпсiздiк үшін қатер болып табылады. Мигранттардан осымен бiрге әлеуметтік агрессиялықтың жоғарылауын, қылмыстық, оның iшiнде ұйымдасқан қылмыстыңц өсуiн, мәдени деңгейдiң төмендеуiн және тағы басқаларды көруге болады.