Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 14:32, дипломная работа

Описание работы

Миграция ерекше феномен ретiнде ғылыми бөлiнiсiнен бастап, әйтеуiр бiр контекстiде - экономикалық немесе әлеуметтік, тарихи немесе мәдени, демографиялық. немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып келген едi. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткенi, миграциялық процестер бiр жағынан, бiр немесе бiрнеше қоғамда болып жатқан өзгерiстермен тығыз байланысты және осы мағынада алғанда оның әржақты дамуының өлшемi болады, яғни бұлар - саяси, этноәлеуметтiк, еңбек нарығындағы жағдай, тағы басқалар. Екiншi жағынан, өзара сандық қана емес, сапалық қатынаста да (мәселен, әлеуметтiк-демографиялық және этномәдени сипатымен) ерекшеленген әр түрлi миграциялық ағымдар өте күрделi және осы себептен ол донор мен реципиент қоғамдардың да жағдайына ықпал етедi.

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................................................
1 тарау. Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні................................
1.1. Миграциялық саясаттың классификациясы және зерттеу
әдістемелері...........................................................................................
1.2. Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалары мен
қауіпсіздікке ықпалы.............................................................................
1.3.Миграциялық процестерден қауіпсіздікке төнетін қатерлер.........
2 тарау. Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық қауіпсіздігіне ықпалы...........................................................
2.1.Демографиялық қауіпсіздіктін мәні.....................................................
2.2.Демографиялық өту және одан туындайтын проблемалар..............
2.3.Демографиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары...............
3 тарау. Этномәдени қауіпсіздік және миграция..........................................
3.1.Этномәдени қауіпсіздік түсінігі...........................................................
3.2. Қазақстандағы этномәдени қауіпсіздік мәселесі............................
4 тарау. Еңбек миграциясы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі.................................................................................
4.1.Экономикалық қауіпсіздік және миграция.........................................
4.2. Қазақстандағы еңбек миграциясын реттеу жолдары...................
5 тарау. Қазақстан Республикасы миграциялық саясатының негізгі бағыттары мен механизмдері..........................................................................
5.1.Миграциялық саясатты жүргізудің тиімді жолдары.................
5.2. Миграциялық саясаттағы негізгі бағыттары................................
5.3.Қазақстандағы миграциялық саясатты тиімді жүргізудің
механизмдері...........................................................................................
6 тарау. Миграция және жаһандану..............................................................
6.1. Жаһандану жағдайындағы миграциялық процесстер....................
6.2. Миграцияның жаһандық үлгісіндегі орны мен бүгінгі күндері
дамуындағы қайшылықтар..................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Файлы: 1 файл

миграция диплом.doc

— 597.50 Кб (Скачать файл)

Донорлардың реципиентке  айналуынын жағымды және жағымсыз жақтары  да бар. Келешектегi көзқарас тұрғысынан алар болсақ, экономикалық жағынан  белсендi халықтар ағымы жақсы екендiгi белгiлi. Ал жағымсыз жағына келер болсақ, өндiрiстiң құлдырауы, әлсiз әлеуметтік инфрақұрылым және жоғарғы деңгейдегi жұмыссыздық одан сайын өрши түсерi анық. Ішкi Қазақстандық айналымдағы реципиент аймақтардың барлығы, мәселен Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Алматы облыстарының территориялары басқа мемлекеттермен шекараласып жатқандықтан, келешекте этникалық конфликтiлерден қашқан босқындар мен мәжбүрлi қоныс аударушылардың стихиялы түрде шоғырлану орындары болуы мүмкін. Ал белгiлi бiр аймаққа мигранттардың шектен тыс шоғырлануы еңбек нарықтағы бәсеке мен жұмыссыздықтың көбеюiн күшейтедi. Сонымен бiрге мұның өзi қабылдаушы аймақтағы қылмыстық жағдайдың да нашарлауына себепшi болады.

1990-шы жылдардағы миграциялық  процестердiң дамуында екi кезеңдi бөлiп алуға болады: бұл 1991-1997 және 1998-2000 жылдар. Бiрiншi кезеңіне Қазақстан Республикасынан эмиграция өте күштi болды, Әсiресе 1994-шi жылы. Екiншi кезеңде керiсiнше миграциялық ағым тұрақтанып, келу және кету қысқарды. Мұны мына 6-шы және 7-шi кестелерден салыстырып көруге болады.

6-кесте. Қазақстан   мен  ТМД  және  Балтық   елдері  арасындағы   тұрғын   халықтың      ауысуы  (1991-1999  жылдар  аралығындағы   мәліметтер   бойынша)22

 

 

Иммиграция

 

Эмиграция

 

Миграциялық өсім

Адам саны

%

Адам саны

%

Адам саны

733369

100

1958772

100

-1225403


 

 

 

7-кесте Қазақстан мен ТМД және Балтық   елдері  арасындағы   тұрғын халықтың      ауысуы (2004-2005 жылдар аралығындағы мәліметтер бойынша)23

 

 

2004-шы жыл

2005-шы жыл

Имми-

грант

Эмигрант

Миграция

Сальдосы

Иммигрант

Эмигрант

Миграция

Сальдосы

Барлығы

47442

155749

-108307

58162

120150

-61988

ТМД елдерінде

43460

116707

-73247

54159

85258

-31099

ТМД-дан басқа шет  елдерде

3982

39042

-35060

4003

34892

-30889


 

ТМД елдерi мен Балтық елдерiнен келетiн миграцияны қарастырардан  бұрын қысқаша тарихи шолу жасайық. КСРО кезiнде Қазақстан Республикасы Орталық Азияның басқа да республикалары секiлдi реципиент ел болды. Бұл кезеңде тың және тыңайған жерлердi игеру, өндiрiстiң дамуы қарқынды жүрiп жатты. Тек 1954-1959 жылдар аралығының өзiнде Қазақстанға елдің Еуропалық бөлiгiнен 1 миллион 450 мың адам көшiрiлiнiп алынды.

Бұрынғы Кеңес Одағына  кiрген республикалармен миграциялық  айырбастың тағы бiр ерекшелiгi - Қазақстанга  мәжбурлi мигранттар ағымының келуi. Қазақстан  Республикасы территориясындағы бiрiншi босқындар 1990 жылдардан басталып, ол Тәжiкстандағы, Солтүстік Кавказдағы, Ауғанстандағы конфликтiлерге байланысты болды. 1994-1998 жылдары көп босқындар Ауғанстаннан (2105 адам), Шешенстаннан (1038 адам), Тәжiкстаннан (638 адам) келдi. Мәжбурлi мигранттар Қазақстан Республикасының Алматы, Ақмола, т.б. облыстарында мекендеп қалуда, ал осымен қатар мигранттардың көбi негiзiнен Қазақстан территориясын Еуропа мемлекеттерiне өту үшін транзиттiк коридор ретiнде пайдалануда.

Жұмыс күші саналатын  мигранттардың экономикалық қауiпсiздiкке  мынандай салдары бар. Мигранттардың бiршама бөлiгi өздерiнiң бiлiктiлiгiне тән жоғары сипаттағы мамандықта қызмет етпей, бар жұмысты өтеуге мәжбүр болады. Ал мигрант әр адамдардан гөрi, әйелдерге, жастарға және зейнеткерлiкке шығуға жастарьт тақаған адамдарға жұмыс табу қиын. Осымен бiрге, атап өтер жәйт, бiзге бiлiктiлiгi төмен «гастарбайтерлер» (немiс тiлiндегi мағынасы — қара жұмыс күші) келуде. Ал Ресейге келер болсақ бiлiктi орыс тiлдi мамандардың келуi жақсы құбылыс. Өткені, бұрынғы КСРО дәуiрiнде бүкiл одақтас республикаларда тұрып жатқан орыстар «жоғарғы» ұлт болып есептелiнiп, олардың бiлiм алуларына, бiлiктiлiктерiн дамытуларына күштi жағдайлар жасалған болатын. Ресей зерттеушiлерiнiң статистикалық болжамы бойынша 1999-2016 жылдары ТМД елдерiнен Ресейге шамамен 4 миллион адам көшiп келедi екен.

Ал бiзге келiп жатқан оралмандар тұрған мемлекеттерiнде  «бөтендер» ретiнде қарастырылғандықтан  көбiсiнiң бiлiктiлiгi мен бiлiмдiлiгi төмен болып, олар да Қазақстанда  қара жұмысшының қатарын толтыруда.

Миграциялық саясаттың және визалық режимнiң либералдануы, Қазақстан территориясының ТМД елдерiмен шекараларының ашықтығы, Азиядан Еуропаға өту үшін қолайлы географиялық жағдайлар - мұның бәрi Қазақстан Республикасына ТМД мен алыс шетелдерден келетiн заңсыз мигранттардың ағымының өсуiне әкелуде. Заңсыз иммиграция көлемi жағынан да, экономикалық және қауiпсiздiктiн басқа да аспектiлерiне келтiретiн қатерлерi жөнiнен де заңды миграциядан асып түсті. Мәлiметтер бойынша Қазақстан Республикасындағы 2000 жылғы заңсыз мигранттар саны - 230 мың адамды құраған.

Қазақстан Республикасының  халықаралық еңбек нарқына интеграциялануы  оның сыртқы еңбек миграциясына, жұмыс  күшінiң экспорты мен импортының енуiне әкелдi. Шетел жұмыс күшін  пайдалану экономикалық жағынан  айғақталған және негiзделген болуы керек. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы шетелден жұмыс күшін тарту мен пайдалануды реттеуге бағытталған қаулылар мен iс-шаралар қабылдады. Атап айтар болсақ, «Халықтың миграциясы жөнiндегi» Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 13-шi желтоқсанындағы 1204- заңы. Бұл Заңның 2-шi бөлiмi «Еңбек миграциясы», ал 3-шi бөлiмi «Иммиграция» деп аталады. 2-шi бөлiмнiң 7-шi бабы мен 3-шi бөлiмнiң 10-шы және 18-шi баптарында иммигранттардың мiндеттерi мен құқықтары, заңсыз иммигранттар мәселесi қарастырылған. Осымен қатар Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылдың 19-шы маусымындағы «Қазақстан Реепубликасындағы шет ел азаматтарының құқықтык жағдайы туралы» ҚР 2337-шi қаулысы бар. Бұл Қаулының - «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайларының принциптерi» деген 3-шi бабында былай жазылған: Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары Конституцияда көрсетiлген барлық құқықтар ме


Информация о работе Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні