Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 14:32, дипломная работа

Описание работы

Миграция ерекше феномен ретiнде ғылыми бөлiнiсiнен бастап, әйтеуiр бiр контекстiде - экономикалық немесе әлеуметтік, тарихи немесе мәдени, демографиялық. немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып келген едi. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткенi, миграциялық процестер бiр жағынан, бiр немесе бiрнеше қоғамда болып жатқан өзгерiстермен тығыз байланысты және осы мағынада алғанда оның әржақты дамуының өлшемi болады, яғни бұлар - саяси, этноәлеуметтiк, еңбек нарығындағы жағдай, тағы басқалар. Екiншi жағынан, өзара сандық қана емес, сапалық қатынаста да (мәселен, әлеуметтiк-демографиялық және этномәдени сипатымен) ерекшеленген әр түрлi миграциялық ағымдар өте күрделi және осы себептен ол донор мен реципиент қоғамдардың да жағдайына ықпал етедi.

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................................................
1 тарау. Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні................................
1.1. Миграциялық саясаттың классификациясы және зерттеу
әдістемелері...........................................................................................
1.2. Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалары мен
қауіпсіздікке ықпалы.............................................................................
1.3.Миграциялық процестерден қауіпсіздікке төнетін қатерлер.........
2 тарау. Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық қауіпсіздігіне ықпалы...........................................................
2.1.Демографиялық қауіпсіздіктін мәні.....................................................
2.2.Демографиялық өту және одан туындайтын проблемалар..............
2.3.Демографиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары...............
3 тарау. Этномәдени қауіпсіздік және миграция..........................................
3.1.Этномәдени қауіпсіздік түсінігі...........................................................
3.2. Қазақстандағы этномәдени қауіпсіздік мәселесі............................
4 тарау. Еңбек миграциясы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі.................................................................................
4.1.Экономикалық қауіпсіздік және миграция.........................................
4.2. Қазақстандағы еңбек миграциясын реттеу жолдары...................
5 тарау. Қазақстан Республикасы миграциялық саясатының негізгі бағыттары мен механизмдері..........................................................................
5.1.Миграциялық саясатты жүргізудің тиімді жолдары.................
5.2. Миграциялық саясаттағы негізгі бағыттары................................
5.3.Қазақстандағы миграциялық саясатты тиімді жүргізудің
механизмдері...........................................................................................
6 тарау. Миграция және жаһандану..............................................................
6.1. Жаһандану жағдайындағы миграциялық процесстер....................
6.2. Миграцияның жаһандық үлгісіндегі орны мен бүгінгі күндері
дамуындағы қайшылықтар..................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Файлы: 1 файл

миграция диплом.doc

— 597.50 Кб (Скачать файл)

Ендi Қазақстандағы этникалық  миграцияның негiзгi бағыттары мен оған төнетiн қатерлерге тоқталайық. Әрбiр миграциялық ағым әр түрлi. Олар қоныс аударуындағы ұйымдасушылығымен, кету себептерiмен, келу мақсаттарымен, қозғалыс бағытымен ерекшеленедi және бұл ерекшелiк бiр территорияға келудің құқықтык түрiне байланысты. Қазақстанға байланыстыны «жақын» және «алыс шет» елдермен миграциялық айырбас деп те бөлуге болады.

Бүгiнгi елдегi этномәдени қауiпсiздiк проблемалары бiршама  деңгейде Кеңестiк дәуiрдегi миграциялық  процестермен айқындалған едi. ХХ ғасыр  Қазақстан үшін халықтың қарқынды миграциялық қоныс аударуларына толы. Олар соғыстарға, ұжымдастыруға, аштыққа, индустриализация мен урбанизацияға байланысты болды; осымен бiрге тың жерлердi игеру; саяси билiктiң тоталитарлық түрiне байланысты, адамдарды әлеуметтік және этникалық белгiлерiне байланысты бұқаралық депортациялау тән болды. Ол кездегi негiзгi миграциялық ағымдар ауылдардан қалаларға, орталықтан периферияларға жүргiзiлдi. Тек, 1970 жылдардан бастап орыстар мен басқа да «еуропалық» халықтардың өздерiнiң шыққан елдерiне қайта оралу процесi басталды,

1992 жыл мен 1998 жылдар  аралығында Ресейге 5,5 миллион  адам көшiп келген. Ал Ресей  көршiлес жатқан мемлекеттерде  өзiнiң «бесiншi бағанының» болуына  мүдделi. Ресейлiк ғалымдардың болжамдары  бойынша Қазақстан мен Орталық Азия елдерiнен «еуропалықтардың» эмиграциясы ол мемлекеттердің тұрақтылығына қатер тудырары сөзсiз. Олар орыс және орыс тiлдi халықтар сол елдердегi тұрақтылықты қамтамасыз етушi фактор, олардың кетуi бұл жерлердегi саяси тұрақсыздыққа алып келедi деп өздерiнiң шынайы мүдделерiн жасыруға тырысуда.

Қазiргi кезде Қазақстаннан келу мен кету арасындағы айырмашылық  бiршама азаюда. Оны мына 4-шi кестеден көремiз.19

 

 

4-кесте. Қазіргі   кездегі  Қазақстаннан  келу   мен кету  арасындағы  айырмашылық

 

 

Иммигранттар

Эмигранттар

Миграция сальдосы(+,-)

2006

2005

2006

2005

2006

2005

Сыртқы  миграция

65308

58162

74370

120150

-9062

-61988

ТМД елдері

60555

54159

49661

85258

10894

-31099

ТМД-дан басқа елдер

4753

4003

24709

34892

-19956

-30889


 

Бұл жағдай Қазақстан Республикасының саяси жағдайының тұрақтылығына байланысты орнауда. Қоғамымыздағы барлық ұлт өкiлдерiнiң ынтымақтастығы мен бiрлiгiнiң сақталуында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың үлесi зор, осының берi оның алыстан болжай бiлу саясатының арқасында мүмкін болып отыр. Бұл саясат мемлекеттiк билiктi ұйымдастырудың дуалистiк үлгiсi арқылы жүзеге асуда. Мұнда, бiрiншiден, этникалық паритет жүйесi, яғни өзге этностардың да тең құқығын барлық салада сақтау қамтамасыз етiледi. Екiншсi зандастырылған билингвизм.

Қазақстан Республикасының 1995-шi жылдың ЗО-шы тамызындағы бүкiлхалықтық референдум бойынша қабылданған Конституциясының 1-бөлiмiнiң 7-шi бабында:20

1. Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк тiлi қазақ тiлi.

2.Мемлекеттiк ұйымдарда  және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады, - деп жазылған.

Бiрақ, әлемдегi дамушы мемлекеттердiң  қатарына кiретiн елдердiң тәжiрибесi де, материалдық жақсы жағдай да миграцияны мойындайтындықтарын  көрсетiп  бердi. Мәселен, АҚШ-та Т. Джефферсонның «балқыту ыдысы» деп аталған иммиграциялық-ассимиляциялық саясаты күштi жүргенiмен, Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн барлық дамыған мемлекеттер «салат ыдысы» деп аталған, яғни ассимиляцияның түгелдей немесе жартылай азаюына, тоқталуына әкелетiн саясатқа көштi. Бұл «үшіншi буын» феноменiне байланысты болды, яғни қоныс аударушылардың ұрпақтары өздерiнiң этникалық бастауларына бет бұрды. Мұның бәрi толықтай ассимиляцияның қазiргi кезеңдегi мүмкін еместiгiн, осыған байланысты бiздiң көп этникалық мемлекетiмiзде этносаралық конфликтiлер болып кетпес үшін, келешекте де әр этностың мәдени ерекшелiктерi ескерiлген этномәдени саясат жүргiзiлуi керек екендiгiн дәлелдей түседi. Сондықтан да Қазақстан Республикасы осындай жағдайлар орын алмас үшiн, ұлттық бiрегейлiктiң сақталыуы үшін иммиграцияны ойластырып жүргiзгенi жө

 

 

 

4 тарау. Еңбек  миграциясы және  экономикалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету   мәселесі

4.1.Экономикалық  қауіпсіздік   және миграция

  Қазақстан Республикасының  экономикалық қауiпсiздiгi проблемасы зерттеушiлердi 1990 жылдардан бастап елдің әлеуметтiк - экономикалық жағдайының нашарлауымен, оның әлемдегi экономикалық позицияларының әлсiреуiмен байланысты қызықтьра бастады. Экономикалық қауiпсiздiктiң мақсаты - экономикалық қауiпсiздiк концепцияларын бiр жүйеге келтiру, оның әр түрлi құрамдас бөлiктерi мен аспектiлерiн анықтау, экономикалық қауiпсiздiк қатерлерiнiң ең ауыр салдарын бағалау, оны қамтамасыз етудiң стратегиясы мен негiзгi iс-шараларын жасау болып табылады. Экономикалық қауiпсiздiк проблемасы Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 26-шы маусымында қабылданған (2000-шы жылдың 28-шi сәуiрiнде өзгерiстер енгiзiлген) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы Заңында» бекiтiлген. Онда Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгi - Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының берiк дамуы мен экономикалық тәуелсiздiгiне қатер төндiретiн iшкi және сыртқы жағдайлардан, процестер мен факторлардан қорғалуы жағдайы деп түсiндiрiледi. Бұл Заңның «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне қатерлер» деген 5-шi бабының 10-шы тармақшасында мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру, оның iшiнде елдiң мүддесiн ескерместен инвестициялық белсендiлiктiң өсуiн тежейтiн стратегиялық ресурстарды қолдану, елiмiзден басқа шет жаққа капиталды бақылаусыз шығару басты қатерлердiң бiрi ретiнде көрсетiлген. Экономикалық қауiпсiздiктi зерттеушiлердiң пiкiр алуандығына қарамастан, олардың барлығы экономикалық қауiпсiздiк проблемасын негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң қозғалысы контекстiнде қарастырады. Мәселен, iшкi жалпы ұлттық өнiм құрылымы мен көлемi, экономиканың құрылымындағы iлгерiлеушiлiктер, шикiзатпен қамтамасыз етiлуi, өмiр сапасының көрсеткiштерi және т.б..

Миграциялық процестердiң  Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiне ықпалына келетiн болса, бiздiң отандық  ғылымда ол әлi де аз қарастырылған, тiптi зерттелмеген де деуге болады. Бұл бiрнеше жағдайларға байланысты.

Бiрiншiден, көбiне посткеңестiк  миграциялардың жаңа сипатына байланысты. Адамдардың iрi қоныс аударуы Кеңес Одағында болып жататын процесс едi, бiрақ олар қазiргiге қарағанда басқаруға келетiн. Соңғы жылдардағы миграция - мемлекет тарапынан әлсiз бақыланады. Осымен бiрге миграциялы ағымдар өздерiнiң этникалық және әлеуметтік толығуымен, себептерiмен, бағыттарымен, ұзақтығымен және уақытымен, т.б. бiрдей емес.

Екiншiден, экономикалық қауiпсiздiктi тудыратын миграциялық  процестердiң ықпалы неде екендiгiн  айқындау қиын. Мұны бiлу үшін басынан  бастап жинақталған және экономика  ғылымының өкiлдерi арқылы жүйеленген эмпирикалық материал болуы керек.

Үшіншiден, «экономикалық  қауiпсiздiк» түсiнiгiнiң көптеген түсiнiктерi бар болғандықтан, оған миграцияның  ықпалын талдау қиын. Мұнда пiкiр  алуандығы көп, өткені экономикалық қауiпсiздiк аспектiлерi адам iс-әрекетiнiң көптеген салаларында кездеседi.

Сондықтан, экономикалық қауiпсiздiк проблемасын қарастырмас  бұрын, оған анықтама берiп және оның құрылымын бөлшектеп алу керек. В. Сенчагов экономикалық қауiпсiздiк  мәнiн «билiктiң институттары мен  экономиканың, iшкi және сыртқы процестердiң ең нашар дамуы жағдайындағы тұтасымен елдің әлеуметтік даму бағытын, ұлттық мүдделердiң қорғалуын қамтамасыз етуiне кепiлдiк беруiне де» деп теңейдi. Бұдан «экономикалық қауiпсiздiк бұл ұлттық мүдделердiң қорғалуы ғана емес. Отандық экономиканың дамуындағы билiк институпарының ұлттық мүдделердi қорғау мен iске асыру тетiктерiн, қоғамның саяси-әелеуметтiк тұрақтылығын ұстап тұруға әзiрлiгi мен мүмкіндiгi» көрiнетiнiн байқаймыз.

Осындай пiкiрлердi жинақтай келе былай деп тұжырым жасауға болады: экономикалық қауiпсiздiк - бұл экономиканың қоғамдық кажеттiлiктердi ұлттық және халықаралық деңгейде тиiмдi қанағаттандыруды қамтамасыз етуi болып табылады.

Саясаттанушы А. Бижанов, ұлтаралық бөтенсу мен ұлттық эгоизмдi мынандай үш негiзгi фактор туындатады дейдi:

1) экономикалық фактордағы  қиындықтар;

2) жұртшылықтың қорғалу  дәрежесiнiң төмендiгi;

3) тұрмыстық ұлтшылдық  пен шовинизм белгiлерiнiң бой  көрсетуi.

Бұдан шығатын қорытынды, ұлтаралық бейбiт қарым-қатынас  орнату үшін әлеуметтiк-экономикалық жағдайды жақсартып, экономикамызды тұрақтандыру керек.

Ресей академигi Л. Абалкиннiң  осы мәселе бойынша пiкiрi негiздiрек. Ол экономикалық қауiпсiздiктiң басты  құрылымдық элементтерi ретiнде мыналарды  бөлiп алады: экономикалық тәуелсiздiк; ұлттық экономиканың тұрақтылғы мен берiктiлiгi; өзiндiк даму мен прогреске мүмкіндiк туғызу. Бұл Л. Абалкин айтқан үш элементтi экономикалық қауiпсiздiк жағдайын нақты бағалаудың әмбебап өлшемi ретiнде есептеуге болады, оның iшiнде миграциялық процестердiң контекстiнде де. Экономикалық өмiрдiң қандай көрiнiсiнде де миграция экономикалық қауiпсiздiк жағдайына ықпал етедi, осыларға жауаптың көп екендiгiн логикалық талдау көрсетедi. Қазақстан Республикасына байланысты миграция тудыратын мынандай қатерлер бар:

    1. Ғылыми-техникалық кадрдың эмиграциясы, осымен бiрге iшкi қоныс аударулар (мәселен, басқа қызмет саласына кету) ғылыми-техникалық әлеуеттiң құлдырауына әкелетiн қатердi тудырады;
    2. Миграциялар, ең алдымен, iшкi аймақ аралық, яғни сол аймақта бұрын қалыптасқан аймақтық нарыққа көлемдi нұқсан тидiруi мүмкін;
    3. Олардың iшкi сұранысының қысқаруын тудыруы себептi аймақ аралық миграция экономикалық бөлек бiр сектордағы өндiрiстiң құлдырауын күшейтуi ықтимал;
    4. Белгiлi бiр территория аумағында мигранттардың көптеп шоғырлануы сол аймақтағы еңбек нарқында жұмыссыздық проблемасының  тез өршуiне алып келедi;
    5. Осы жоғарыдағы себеп бойынша аймақтық деңгейде тұрғын үйге және әлеуметтік қызмет көрсетуге қол жеткiзу қиындауы мүмкін, ал бұл бiрiншiден, тұрғындардың әлеуметтік жiктелуiнiң қосымша факторы болып табылады, екiншiден, ол қоғам бөлiгiнiң жаңа маргинализациясы мен әлеуметтік өмiрдiң шетiне шығарылып тасталғандардың жағдайының одан сайын нашарлауына әкеледi;
    6. Мигранттардың бiршамасы немесе көп бөлiгi жұмыс таба алмағандықтан немесе мамандығы бойынша қызмет iстемегендiктен, өздерiнiң мүмкіндiктерiн дұрыс пайдаланбаудың, жоғалтудың шынайы қатерi пайда болады, олардың еңбекке деген қызығушылығының төмендеу қауіпi туындайды;
    7. Мигранттардың белгiлi бiр категориясының еңбегi көлеңкелi экономикаға тартылғандықтан, ал олардың жартысы ТМД елдерi мен алыс шет елдердегi заңсыз мигранттар болғандықтан миграцияның ықпалымен Қазақстан экономикасында келешекте қылмыстық экономиканың нақты көрiнiстерi табылуы мүмкін;
    8. Сыртқы миграция шетелге капиталдың шығарылуы мен аудару мөлшерiне сай сыртқы-экономикалық және донор елдің қаржылық бағдарына қатер төндiруi де сөзсiз.

Ендi ось эмпирикалық  материалды талдау көмегiмен миграциялық  процестердiң Қазақстан Республикасының  экономикалық қауiпсiздiгiне ықпалын көрейiк. Бұл ретте бұрыннан берiлген өлшемдер проблеманы шешуге үлес қосқанымен, бiрқатар позиция тұрғысынан аргументтелген сынға ұшырауда.

Миграцияның қауiпсiздiкке  ықпалын екi ракурста көруге болады. Бiрiншiден, әр түрлi үш деңгейдегi көрiнiс  табуынан: жекелiк, аймақтық және ұлттық. Екiншiден, үш миграциялық ағын бойынша: iшкi (аймақаралық және iшкi аймақтық) миграция, Қазақстан Республикасынан эмиграция және алыс шет елдерден Қазақстан Республикасына иммиграция.

Қазақстандағы iшкi миграцияға тоқталар болсақ, тұрғын халықтың     iшкi миграциясы елдегi миграциялық жағдайдың басты құрамдас бөлiгi болып табылады. 2002-2003 жылдар аралығындағы iшкi Қазақстандық қозғалыстың жалпы миграциялық айналымында (келу мен кету жиынтығы) 165 041 адам 2002 жылы орын ауыстырса, ал 2003 жылы 184 267 адам орын ауыстырған.

Қазақстан Реепубликасындағы 1990-жылдардағы саяси-әлеуметтiк және экономикалық реформалардың нәтижесiндегi өзгерiстер елдегi iшкi миграциялық құрылымның өзгеруiне себеп болды. Яғни, тұрғын үй құрылысының, өндiрiстiң тоқтап қалуы, кәсiпорындардың жаппай жабылуы нәтижесiнде жұмыссыздықтың өсуi, бiр жағынан, шаруашылықтағы мигранттарды итерiп шығарушы факторға айналса, ал екiншi жағынан халықтың өмiр жағдайындағы жаппай кедейлену аймақтық айырмашылықтарды теңестiрiп, олардың тұратын жерлерiн ауыстыру ұмтылысын шектедi. 2002 жылдағы елдің iшiндегi миграцияға - 268 922 адам қатысса, ал 2003 жылы ол - 292 158 адам болды. Нәтижесiнде, соңғы жылдардағы тұрғын халықтыңц территориялық ұшқырлығы (мобильность) негiзiнен Алматы қаласына (19048), Астана қаласына (5731), осымен қатар Ақмола облысына (4682), Павлодар облысына (374), Маңғыстау (260), Қарағанды облысына (153), ал қалған облыстарда 2003 жылы миграциялық азаю болғаның көремiз. 2002-2003 жылдар аралығындағы ел iшiндегi қоныс аудару көлемi мен динамикасы мына 5-шi кестеде көрсетiлiп отыр.

 

5-кесте. 2003-2003  жылдар аралығындағы ел ішіндегі   қоныс аудару көлемі мен   динамикасы.21

 

Миграцияның  типі

Келгендер

Кеткендер

2003

2002

2003

2002

Аймақ аралық орын ауыстыру

107891

103881

107891

103881


 

 

 

4.2. Қазақстандағы   еңбек  миграциясын реттеу  жолдары

1990 жылдардың басыңдағы  елдегi миграциялық жағдайдың  сипаты ауылдық жерлерден қалаларға  көшу едi. Урбанизацияның күшеюiне  ауылдық жерлердегi 1991 жылдан басталған жекешелендiру себеп болды, ол жекешелендiру процесiн әлi күнге дейiн Қазақстандықтар «приватизация» деп атауда. Яғни, 1991 және 1994 жылдардағы жекешелендiрудiң екi толқынының да дұрыс жүргiзiлмеуi барысында ауылдардың тарауы, жұмыссыздық, ауыл халқының кедейленiп, жаппай қалаларға көшуi т.б. орын алды. Осымен қатар iшкi миграциялық ағымның бағыттары да өзгердi. Олар Қазақстан Республикасының iрi өндiретiн, дамыған қалаларына бет бұрды.

Аймақ аралық миграциялық  айналымда донор аймақтар мен  тұрақты реципиент аймақтар да бөлiнiп шықты. Мәселен, Алматы, Ақмола, Маңғыстау облыстарына, Астана мен Алматы қалаларына 1990-шы жылдың екiншi жартысынан келетiн iшкi мигранттардың саны артуда. Осымен бiрге бұл аймақтарға шетелдерден келетiн мигранттар легi де көбейе түсуде.

Информация о работе Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні