Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 14:32, дипломная работа

Описание работы

Миграция ерекше феномен ретiнде ғылыми бөлiнiсiнен бастап, әйтеуiр бiр контекстiде - экономикалық немесе әлеуметтік, тарихи немесе мәдени, демографиялық. немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып келген едi. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткенi, миграциялық процестер бiр жағынан, бiр немесе бiрнеше қоғамда болып жатқан өзгерiстермен тығыз байланысты және осы мағынада алғанда оның әржақты дамуының өлшемi болады, яғни бұлар - саяси, этноәлеуметтiк, еңбек нарығындағы жағдай, тағы басқалар. Екiншi жағынан, өзара сандық қана емес, сапалық қатынаста да (мәселен, әлеуметтiк-демографиялық және этномәдени сипатымен) ерекшеленген әр түрлi миграциялық ағымдар өте күрделi және осы себептен ол донор мен реципиент қоғамдардың да жағдайына ықпал етедi.

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................................................
1 тарау. Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні................................
1.1. Миграциялық саясаттың классификациясы және зерттеу
әдістемелері...........................................................................................
1.2. Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалары мен
қауіпсіздікке ықпалы.............................................................................
1.3.Миграциялық процестерден қауіпсіздікке төнетін қатерлер.........
2 тарау. Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық қауіпсіздігіне ықпалы...........................................................
2.1.Демографиялық қауіпсіздіктін мәні.....................................................
2.2.Демографиялық өту және одан туындайтын проблемалар..............
2.3.Демографиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары...............
3 тарау. Этномәдени қауіпсіздік және миграция..........................................
3.1.Этномәдени қауіпсіздік түсінігі...........................................................
3.2. Қазақстандағы этномәдени қауіпсіздік мәселесі............................
4 тарау. Еңбек миграциясы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі.................................................................................
4.1.Экономикалық қауіпсіздік және миграция.........................................
4.2. Қазақстандағы еңбек миграциясын реттеу жолдары...................
5 тарау. Қазақстан Республикасы миграциялық саясатының негізгі бағыттары мен механизмдері..........................................................................
5.1.Миграциялық саясатты жүргізудің тиімді жолдары.................
5.2. Миграциялық саясаттағы негізгі бағыттары................................
5.3.Қазақстандағы миграциялық саясатты тиімді жүргізудің
механизмдері...........................................................................................
6 тарау. Миграция және жаһандану..............................................................
6.1. Жаһандану жағдайындағы миграциялық процесстер....................
6.2. Миграцияның жаһандық үлгісіндегі орны мен бүгінгі күндері
дамуындағы қайшылықтар..................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Файлы: 1 файл

миграция диплом.doc

— 597.50 Кб (Скачать файл)

Бұрыннан бiзге белгiлiсi, мигранттарды қабылдаудың жағымсыз факторлары шыққан жерiнен гөрi, келген жерiнде өте қуатты байқалады. Ол түсiнiктi де: өткені, мигранттардың келетiн полюсiндегi шиеленiс субъектiсi адамдар болады да, олар үшін сол әлеуметтік ортаға кiру мүмкіндiгi қиындай түседi. Әсiресе «келгiнбайлар» мен «жергiлiктiлер» арасындағы қарсылық айқын бiлiнедi, мигранттардың ол ортаға енуi, тез араласып кетуi проблемадан проблема туындатқызады. Бұған классикалық үлгi - Ресейдегi «кавказдықтарға», «бөтендерге» деген қорқыныш сезiмi. Бiрақ, бұрынғы КСРО республикаларындағы орыс мигранттардың тәжiрибесi көрсеткендей, кiшiгiрiм әлеуметтік қауымдастықтар үшін олардың этникалық туыстықтары «келушiлермен» ешқандай байланыста болмайды. Шығу полюсiнде мигранттар шынымен де «өздерiмен» өздерi оңайға қалады, ал миграция фактiсiнде қауымдастық пен қоғамның жағымсыз қатынасын жоқка шығарады және оның азайтады. Тек кейбiр ерекше жағдайларда ғана мұндай қатынасты алады - мәселен, мынандай жағдайда, кетушiлер белгiлi бiр этникалық бiр кәсiби топқа жататын жағдайда. Бiрiншi жағдайда азшылықтың, этникалық азшылықтың орналасулары төмендейдi, ал екiншi жағдайда әлеуметтік инфрақұрылымның дұрыс қызмет етуi қиындайды; екi жардай да жағымсыз әсер өтедi. Негiзiнен, бұл мигранттарды шығаратын қауыдастықтарға ғана қатысты. Басқа қауымдастықтар, әсiресе сол территориядағы қалыптасқан этноәлеуметтiк жiктелудi өзiнiң пайдасына өзгерткiсi келетiндер, керiсiнше эмиграцияны қуана қолдайды.

Миграциялық ағымдар барлық әлеуметтiк салаларға әсерiн тигiзедi. Ол iс жүзiнде қауiпсiздiктiң әр аспектiсiне шынайы немесе болатын мүмкін қатерлердi құрай алады. Мәселен, мигранттар жiберетiн қауымдастықтар мен отбасының ыдырауы басталады, қалғандары рантье сипатына ие болады, яғни негiзiнен мигранттық қаржы аударулары арқылы күн керетiн болады. Өзiнiң демографиялық, территориялық және әлеуметiк кәсiби құрылымының бұзылуына орай қоғам тұтастай «ақылдылардың кетуi» проблемасымен қақтығысуы мүмкін. Бұл қауiпсiздiк қатерлерiнiң көбеюiне әкелiп соғады. Атап айтқанда мигранттардың кетуiнен пайда болатын, мигранттардың қайтып келуiнен туындайтын қатерлер қосылуы мүмкін. Келу полюсiнде миграция қабылдаушы тұрғын халықтың жеке немесе топтық қауiпсiздiгiне қатер төндiруi де ықтимал. Мәселен, жергiлiктi еңбек нарқы мен тұрғын үй үшін бәсекелестiктiң өрлеуi кейбiр экономикалық беделдi секторларда мигранттар үстемдiгiнiң орнауына, этникалық және субэтникалық стереотиптер мен мiнез-құлық нормаларының өзгеруiне, мигранттардың әлеуметтiк және мәдени маргиналдануына, олардың криминалдануына әкеледi. Қабылдаушы қоғамга миграция тағы қандай қиындықтар әкелуi мүмкін дейтiнге келетiн болсақ, мигранттар көп шоғырланған жерлерде әлеуметтiк шиеленiс ошағының, аймақтық этникалық қақтығыстардың пайда болуын, ксенофобияның, шиеленiс пен жанжалдар арандататын саяси радикализм мен экстремизмнiң өсуiн айтуға болады. Пост кеңестiк кеңiстiктегi жағдайда Ресейге орыстардың және орыс тiлдiлердiң ТМД-ның басқа мемлекетттерiнен көшiп келуi бұл мемлекеттердi ең аз дегенде этномәдени негiзде бiрiктiредi. Осының нәтижесiнде Ресейден бөлiнiп, алыстауына мүмкіндiк жасайды.

Екiншi бiр мүмкін бағыт, бұл мемлекетаралық қатынастардың нашарлауы болып табылады, яғни Ресейге мигрантофобсың деген сын айту, мигранттарды әкiмшiлiк қысым жасап шығарып жiберу, т.б.

Алайда, миграция қауiпсiздiктiң қатерi ретiнде ғана саналмайды. Рас, миграция, бiрiншiден қатер ретiнде қарастырылуы керек, себебi ол бұрынғы деңгейдегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi, екiншiден оны сапалы түрде көтерудi талап өтедi. Алғашында инерциялық қоғамдық сана бiрiншi жауапты ғана көредi, дегенмен, ерте ме, кеш пе - бәрiбiр де екiншiсiнiң қажеттiлiгiн түсiнедi. Оның таңдалатындығынан мигранттардың позитивтi субъективтiлiгi көрiнедi.

Миграция қауiпсiздiктiң қатерлерiн ғана туғызбайды, осымен бiрге оның ұлғаюы мен баюына жаңа құралдар бередi. Көптеген әдебиеттерде мигранттар жiберетiн қауымдастықтар, қоғам, мемлекет үшін оның жақсы, тиiмдi жақтары да көрсетiлген, олар: ауыл шаруашылығына мигранттардың сiңiп кетуi, депрессиялық аудандарға ақшалай төлемдердiң келуi, территорияаралық экономикалық және әлеуметтiк байланыстардың құрылуы, қала мен ауыл мәдениеттерiнiң өзара араласуы, ел көлемiндегi мигранттарды тартатын орталықтар ролiнiң, саяси интеграция ролiнiң күшеюi, оның жағдайының халықаралық еңбек блiнiсi жүйесiндегi жақсаруы, т.б.

Мигранттардың келу полюсiндегi жақсы үлесi онша емес. Бiрақ бұл жерде де берiк пiкiр бар. Мәселен, бұрыннан қалыптасқан көзқарас бойынша, Қазақстанға «отандастарымыздың» қайтадан келуi, тұтастай елдің немесе оның белгiлi бiр аудандарындағы еңбекке жарамды тұрғын халкының табиғи азаюының орның толтырады деген сенiм бар. Мысалға, Ресейге келушi «басқа орыстар» қабылдаушы тұрғындардан бiлiмдiлiгi мен кәсiбилiгi жағынан, өздерiнiң еңбек этикасы мен азаматтық жауапкершiлiк деңгейi көрсеткiштерi бойынша да жоғары, сондықтан да ол қабылдаушы қауымдастықтарға жақсы қоспа болып, бiрте-бiрте интеграцияланады.

Бұл жерде айта кететiн тағы бiр мәселе, КСРО кезiнде орыстар әрбiр одақтас республикада жоғары ұлт болып саналып, оларға барлық жағдайлар жасалды бiлiм алу, еңбек ету, т.б салаларда. Сол себептен Қазақстаннан орыс ұлтының миграциясы Ресей үшін өте тиiмдi. Ал бiзге келiп жатқан оралмандарды Монғолия, Қытай мемлекеттерi төмен санап, оларға жағдай жасамады. Нәтижесiнде, Қазақстанға келген оралмандардың көбi сауатсыз, жағдайлары төмен болды, ал бұл бiздiң елiмiз үшін қаншама шығын едi.

Алыс және жақын шет елдерден келiп жатқан басқа этникалық топтардың «пайдасы» жөнiндегi пiкiрлер өте алшақ. Қазiргi кезенде Қазақстанның экономикалық қауiпсiздiгi тұрғысынан алып қарағанда еңбекке жарамды тұрғындардың ағымы жақсы болғанымен, бұлардың болашақтағы ұлгттық және мәдени әркелкiлiгiнiң көбеюiне,  этникалық жанжалдарға әкелмеуiне қандай кепілдiк бар? Көптеген басқа этникалық «келушiлер» әзiрше бiр жерге шоғырлана қоныстану принципiмен жүргенi жоқ, олар қалаларға, әсiресе iрi қалаларға қоныстануда. Миграция туындататын шынайы қатерлердiң өзi бiркелкi зұлымдық деңгейiмен ғана өтпейдi: ол билiктiн күшеюiне, қауiпсiздiк реадаптациясына (қайта бейiмделуiне) әкеледi. Мұның өзi өмiрлiк күштермен түсiндiрiледi. Егер де күш жоқ болса және қауiпсiздiктiң идеалы тыныштық болса, онда ешқандай кедергi шаралар миграциялық ағымдарға бөгет бола алмайды, миграция қауiпсiздiктi қамтамасыз етiп тұрган бүкiл бөгеттерге өзiнің ыдыратушы күшін әкеледi.

 

 

1.3.Миграциялық процестерден  қауіпсіздікке  төнетін  қатерлер

Ұлттық қауiпсiздiк концепциясына сәйкес мемлекет қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде шексiз құқыққа ие, ал мемлекет ең алдымен өзiнің территориялық тұтастығын, оның қауiпсiздігiн қамтамасыз етуi тиiс. Мұндай жағдайда, бiрiншiден, адамдардың ұлттық шекара iшiндегi және оның теңiрегiндегi әр қоныс аударуына назар аударылуы тиiс, екiншiден, бұл оның аударулардың қауiпсiздiкке қатерi бар ма, осыны құқықтық шешудi және оны арнайы заңдылықтар (шекара кордоны мен полициялы iс-шаралар) арқылы реттеудi мемлекет қана жүзеге асыра алады. Негiзiнен, елдер арасындағы миграциялық ағымның күшеюi оны халықаралық құқық саласына енгiздi: 1951 жылы босқындар туралы Конвенция және 1967 жылы оның Хаттамасы пайда болды, еңбек миграциясын реттеуге байланысты екi жақты және көп жақты келiсiмдер жасалды. Бiрақ мұның бәрi түбегейлi теңсiздiктi жойған жоқ, Өткені әр мемлекет өз азаматтарының құқықтарын күштi қорғайды, алайда, мигранттардың қауiпсiздiгi мақсаттары көбiне ескерусiз қалдырылады. Осындай жағдайда ұлттық қауiпсiздiк концепциясында көрсетiлген этатизм мигранттардың қауiпсiздiгiне керi әсерiн тигiзедi. Бiрақ та бұл концепцияға сүйену қоғамның тиiмдi қорғанысын қамтамасыз етедi деуге болмайды. Іс жүзiнде бұл заңсыэ миграция ағымының өзiне тән құбылыстарының қалыптасуына әкеледi:

заңдық реттеуге көнбейтiн қызмет саласының пайда болуы, мигранттарды астыртын «тасымалдайтын» және пайдаланатын қылмыстық топтың пайда болуы, заңсыз мигранттар қоныстанған жерлердегi әлеуметтік қатынас климатының жалпы төмендеуi т.б. концепция халықаралық келiсiмдер бойынша шешуге бейiмделмеген мемлекеттер азаматтарының трансұлттық қоныс аударуын да қарастырады. Мемлекеттiң iшкi миграциясына қатынасында ол салыстырмалы түрде бейтарап болып көрiнедi. Шетелден келетiн миграцияны шектеу еңбек нарқының iшкi конфигурациясын анықтайтын өлшемдердiң бiрi және осы түсiнiкте ол ұлттық миграциялық ағымдарға да ықпал етедi. Дегенмен, әр елдегi жағдай еркелкi болғандықтан, осындай жағдайға бiрыңғай ықпал ететiн шараларды iздеудiң мақсатсыз екендiгi түсiнiктi. Бiрақ, мемлекеттiң қауiпсiздiктi қамтамасыз ету аумағындағы шексiз жағдайы iшкi миграциялық ағымдарды қиындатып жiбередi. Себебi, олар миграция нәтижесiнде пайда болатын қауiпсiздiк мәселесiн реттеуде әдеттегi қызметтiк бюрократиялық былықты жоймайды, қайта толықтыра түседi, Жалпы, қауiпсiздiк концепциясы шегiнде миграция ендi қатер көзi болып көрсетiледi. Ең қорғалмаған мигранттар отряды - босқындардың мәселесi жалпы «кеңейтiлген қауіпсiздiк концепциясы фокусындағы» және осындай шеңберге кiретiн басты проблеманың бiрi болуы керек. Барлық мигранттар басқа қауымдастықтар сияқты адамзаттық қауiпсiздiк құқын иеленетiн қауымдастық болып танылады.

Социеталдық қауiпсiздiк концепциясы екi жақты жауапты бередi. Ол шығу полюсiнде либералдық миграциялық режимнiң құрылуын жақтайды, мигранттардың қозғалысына ешкiм қысым жасамайтын қауiпсiздiктiң бiркелкi кеңiстiгiнiң шегiн ұлғайтады. Социеталдық қауiпсiздiкте миграциядан келетiн қатерлер үлкен және кiшi деп екi деңгейге бөлiнiп анықталады. Бұл баға беруде мигранттардың келуiнен мүмкін болатын жағымды нәтиже ескерiлмейдi. Мұнда ол С. Хантинтонның пiкiрiмен ғана үндесiктi қоймайды, iс жүзiнде геосаясаттың теоретиктерiмен- ынтымақтасады. Олар мынандай пiкiрдi берiк ұстанған, яғни олардың ойынша мемлекетаралық деңгейде атлантикалық өркениет елдерi мен оған кiрмейтiн елдер арасындағы әйтеуiр бiр бағалы консенсус уақытша және кепiлдiксiз болуы мүмкін. Олай болса батыс әлемiнде миграциялық ағымды мүмкіндiгiнше шектеу және тең қылу, мигранттардың әркелкi, таралып орналасуын қамтамасыз ету және олардың қабылдаушы қоғамның мақсаттарын тезiрек қабылдауына жағдай жасау керек.

Миграцияның және қауiпсiздiктiң өзара әрекет ету құрылымынан миграцияның қауiпсiздiкке шынайыi немесе мүмкін болатын қатер екендiгiн көремiз. Бiрқатар Қазақстандық ғалымдар да өздерiнiң зерттеулерiнде былай деп жазады: «үкiметтiк деңгейде үйлестiрiлмеген миграциялық процесс мемлекеттiң экономикалық, демографиялық саясатына керi әсерiн тигiзумен қатар, ұлтаралық шиеленiстерiнде туындауына себепкер болады».

Елiмiздегi этносаяси жағдайа талдау жасай отырып, Елбасы Н. Ә. Назарбаев та ұлтық-этникалық мәселенi шешудiң үш тәсiлi бар екенiн айтады: «Бiрiншiсi-бiрқатар елдердегiдей басқа ұлт өкiлдерiн ығыстырып шығару, бiрақ мұндай мәселе қазақ халқына тән емес, олар қоныс аударушыларды ағайын ретiнде қабылдаған. Екiншiсi-ұлттық мәселеге өздiгiнен шешiледi деп, бұл проблемаға көңiл бөлмеу. Бiрақ бұл жағдайдан шығудың жолы емес. Бiзге ең соңғысы, үшіншi жол тән, бiз осы бағытпен жүрудемiз. Бұл халықтар арасындағы келiсiм мен сенiм жолдарын iздеп табу».

Қазақстанның белгiлi демографы М.Б. Тәтiмов миграциялық саясаттың қандай болуы керектiгi жөнiнде өзiнiң пiкiрiн былай бiлдiредi: «Миграциялық саясат үлкен территориясы бар жаңа унитарлы мемлекет Қазақстан Ресгiубликасының берiктiгiнiң күпшеюнiц сратегиялық мақсаттары мен мiндеттерiне сай болуы керек».7

Шет елдердегi миграциялық саясаттағы өзгерiстер туралы айтар болсақ, АҚШ-тан кейiн, Франция да 2004 жылдан бастап қауiпсiздiк шараларын жетiлдiру мақсатында кiру визасын алу үшін бiрқатар елдер азаматтарынан биометриялық мәлiметтерiн - саусақ таңбаларын, кейбiр жағдайларда бет-бейнесi өлшемдерiнiң де көрсетiлуiн талап етуде.

Осы жоғарыдағы айтылған АҚШ, Франция, Литвадағы, т.б. елдердегi миграциялық өзгерiстердi өз сөзiнде мысалға келтiре отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары Әбдiрашит Жүкенов 2004 жылдың 27 қыркүйегiндегi Республика Президентiнiң жанындағы адам құқықтары жөнiндегi Комиссия жиналысында келешектегi миграциялық саясатқа байланысты мынандай пiкiрiн бiлдiрдi: «Қазақстанға Қырғызстан территориясы арқылы заңсыз мигранттар келуде. Ал Қырғызстандағы Баткент шатқалы Орталық Азиядағы ең қауiптi аумак, өйткенi қолдағы бар мәлiметтер бойынша ол жерде террористер мен экстремистердi дайындау орталықтарын құрылуы мүмкін».8

2004 жылдың жартысының өзiнде ҚР ІІМ миграциялық полиция департаментiнiң мәлiметтерi бойынша арнайы рұқсат алмай Қазақстанда 19 мың шет ел азаматы жұмыс iстеген. Осы аралықта 3546 шетелдiк әкiмшiлiк жауапқа тартылса, оның 305-i елден шығарылған. Сондықтан, миграциялық заңдылыққа мынандай өзгерiстер енгiзу керек. Яғни, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қозғалысын, орналасу жерлерiн, т.б. тiркеп тұру мақсатында республикалық бiрыңғай есепке алу жүйесiн қалыптастыру, құқықтық мәртебесi жоқ шет ел азаматтарын уақытша орналастыратын арнайы орталықтар желiсiн құру, осылармен қатар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келу ережелерi мен нормаларын бақылайтын органдардың жауапкершiлiгiн күшейту.

Қазақстандық ғалым, саяси ғылым докторы Константин Сыроежкин Қазақстан Республикасының миграциялық саясатының басым бағыттары мыналар болуы қажет дейдi. Олар:

    • бұл саладағы жауапкершiлiктiң күшейтiп қарастыратын ұлттық заңдылықты жетiлдiру;
    • елiмiзге шетелдiктердiң кiруiн жақсартатын қосымша iс-шаралар әзiрлеп шығару;
    • иммигранттарды шыққан жерлерiне немесе соңғы келген жерiне шығарып салудың iс-жосығын мемлекеттiк органдардың өзара келiсе отырып ақпарат алмасу нәтижелерiнде шешуi;
    • нормативтiк актiлерге қосылу мен оның ережелерiн орындау арқылы заңсыз миграцияның алдын-алу жөнiндегi жалпы еуропалық және әлемдiк жүйеге мемлекеттердiң интеграциялануы.

Ал саяси ғылымдарының кандидаты Б. Б. Әбдiғалиев өзiнiң «Политизация этничности: процессы, механизмы, последствия» деген еңбегiнде былай деп атап өтедi: «Қазақстанның тұрақты дамуы үшін демографиялық тенденциялар ғана емес, осымен қатар демографиялық процестерден туындайтын салдарлар мен қиыншылықтар да басты орынды алады. Оларды былай деп бөлiп алуға болады: әлеуметтiк-экономикалық сипаттағы, геосаяси және әскери сипаттағы, саяси сипаттағы. Әлеуметтiк-экономикалық сипаттағы демографиялық процестердiң жағымсыз салдарына: бiрiншіден, көптеген елдерге тән тұрғындардың жасының ұлғаюы, яғни тұрғын халықтың ұшқырлығының бәсеңдеуi; екiншiден, көбiне «ақыл-ойдың» кетуi салдарынан Қазақстан бiлiктi мамандарды шет елдерден әкелуге мәжбур болады, ал бұл мамандардың импортына тәуелдiлiкке алып келедi; үшіншiден, елiмiздiң демографиялық әлеуетi әлсiреп, туу азаяды. Геосаяси және әскери сипаттағы салдарға мыналарды жатқызады: бiрiншiден, территориямыздағы аз қоныстану, адам санының азаюы мемлекеттiк қауiпсiздiк деңгейiн төмендетедi. Мұндай жағдайда халқы тығыз қоныстанған көршi мемлекеттер - Қытай мен Өзбекстанның демографиялық қысымы күшейе түседi; екiншiден, қазiргi кездегi туудың азаюынан сараптамалық бағалаулар бойынша, әсiресе, 2020 жылдан соң Қазақстанның Қарулы күштерiн толықтыру мәселесi туындайды. Саяси сипаттағы салдарға келер болсақ, миграциялық ағымдар елдердiң саяси, ұлттық-мәдени процестерiне және дiни қатынастарына ықпалын арттыруда. Бақылаусыз, Стихиялық миграция, әсiресе, еңбек миграциясы белгiлi бiр аймақтардағы әлеуметтік араздықтарға алып келуi мүмкін, себебi қазiргi кезде iшкi миграцияны реттеу механизмi жеткiлiктi зерттелмеген және әзiрленбеген. Өмiр деңгейiнiң төмендей беруi, экологиялық проблемалар мен жұмыссыздық мәселелерi эмиграцияға одан әрi серпiн беруi мүмкін, айталық, бiлiктi қазақтардың Қазақстанды тастап кетулерi де ғажап емес. Ал заңсыз иммиграция дiни экстремизм мен терроризмнiң тарауына әкелуi мүмкін».

Информация о работе Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні