Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2013 в 15:36, курсовая работа
Қазақстанда қонақ үй секторы ұзақ уақыт бойы коммерциялық жылжымайтын мүліктің офистік және сауда секторларының неғұрлым талап етілетін көлеңкесінде қалып отырды.
1. Қонақ үй бизнесінің спецификасы мен жобалардың ұзақ мерзімді өтелімділігі өздеріне инвесторлар мен деволоперлерді тартпады. Бірақ соңғы бірнеше жылдар Қазақстанға келетін шет ел қонақтарының ағыны жылдан жылға өсуде. Сондықтан да қазіргі уақытта Қазақстанда қонақ үй комплексінің секторы дамуда.
2. Шетел және отандық құрылыс салушылар еліміздің қонақжайлылығын дамытуда инвестицияны белсенді түрде құя бастады.
Кіріспе
1.
Қазақстанда қонақүйі бизнесінің дамуы мен бәсекеге
қабілеттілігі
8
1.1.
Қазақстанда қонақүй бизнесінің дамуына туризмнің әсері
8
1.2.
Қонақүй шаруашылығы, қызмет көрсету сферасының секторы ретінде
16
1.3.
Қонақүй бизнесінде менеджменттің бәсекеге қабілеттілігі
22
1.4.
Қонақүй бизнесі дамуының халықаралық тәжірибесі
30
2.
Қазақстанда және Жамбыл обылысында қонақүй бизнесінің дамуын талдау
36
2.1.
Құрылу тарихы, басқару және оны ұйымдастыру
36
2.2.
Басқару құрылымы және әр бөлімнің атқаратын міндеттері
37
2.3.
Жамбыл қонақ үйі қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштері
44
2.4.
Өнімді өндіру мен өткізуді талдау
46
2.5.
Еңбек ресурстарының көрсеткіштерін талдау
47
2.6.
Негізгі құралдар құрылымын және қозғалысын талдау
51
2.7.
Өнімді өндіруге кеткен өндіріс шығындарын талдау
53
2.8.
Кәсіпорынның пайдасын және өнім рентабелділігін талдау
54
3.
Қазақстанда қонақүй бизнесінің тиімділігін арттыру
жолдары
58
3.1.
Қонақүйдің жалпы шығындары және заңнаманы жетілдіру
мәселелері
58
3.2.
"Жамбыл" қонақ үйінің бәсекеқабілеттілігін арттыру шараларының экономикалық тиімділігін есептеу
60
Қорытынды
63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
65
Мазмұны
№ |
Бет | |
Кіріспе |
||
1. |
Қазақстанда қонақүйі бизнесінің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігі |
8 |
1.1. |
Қазақстанда қонақүй бизнесінің дамуына туризмнің әсері |
8 |
1.2. |
Қонақүй шаруашылығы, қызмет көрсету сферасының секторы ретінде |
16 |
1.3. |
Қонақүй бизнесінде менеджменттің бәсекеге қабілеттілігі |
22 |
1.4. |
Қонақүй бизнесі дамуының халықаралық тәжірибесі |
30 |
2. |
Қазақстанда және Жамбыл обылысында қонақүй бизнесінің дамуын талдау |
36 |
2.1. |
Құрылу тарихы, басқару және оны ұйымдастыру |
36 |
2.2. |
Басқару құрылымы және әр бөлімнің атқаратын міндеттері |
37 |
2.3. |
Жамбыл қонақ үйі қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштері |
44 |
2.4. |
Өнімді өндіру мен өткізуді талдау |
46 |
2.5. |
Еңбек ресурстарының көрсеткіштерін талдау |
47 |
2.6. |
Негізгі құралдар құрылымын және қозғалысын талдау |
51 |
2.7. |
Өнімді өндіруге кеткен өндіріс шығындарын талдау |
53 |
2.8. |
Кәсіпорынның пайдасын және өнім рентабелділігін талдау |
54 |
3. |
Қазақстанда қонақүй бизнесінің тиімділігін арттыру жолдары |
58 |
3.1. |
Қонақүйдің жалпы шығындары және заңнаманы жетілдіру мәселелері |
58 |
3.2. |
"Жамбыл" қонақ үйінің бәсекеқабілеттілігін арттыру шараларының экономикалық тиімділігін есептеу |
60 |
Қорытынды |
63 | |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
65 |
Кіріспе
Қазақстанда қонақ үй секторы ұзақ уақыт бойы коммерциялық жылжымайтын мүліктің офистік және сауда секторларының неғұрлым талап етілетін көлеңкесінде қалып отырды.
1. Қонақ үй бизнесінің спецификасы мен жобалардың ұзақ мерзімді өтелімділігі өздеріне инвесторлар мен деволоперлерді тартпады. Бірақ соңғы бірнеше жылдар Қазақстанға келетін шет ел қонақтарының ағыны жылдан жылға өсуде. Сондықтан да қазіргі уақытта Қазақстанда қонақ үй комплексінің секторы дамуда.
2. Шетел және отандық құрылыс салушылар еліміздің қонақжайлылығын дамытуда инвестицияны белсенді түрде құя бастады.
Қазақстан туризмінің дамуына ерекше көңіл бөледі, өйткені одан болашақта қаланың көптеген әлеуметтік - экономикалық мәселелерін шешуде жағымды әсер етудің қабілетті факторын көріп отыр.
Қолайлы географиялық және әкімшілік саяси жағдай жалпы туризм индустриясының дамуын және оңтүстік астанаға шет ел туристерінің ағынының өсуі үшін қосымша мүмкіндіктер береді.
Қазақстан республикасында қонақ үй бизнесінің құрылуы мен дамуын зерттеу және талдауда келесі қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.
1. Кәсіпкершілік қызметтің бір түрі ретінде қонақ үй қызмет көрсету бизнесі сұраныс пен ұсыныстың нарықтық тербелістеріне неғұрлым жуықтау болды. Қонақ үй қызметін көрсетуші дербес кәсіпорындар үшін нарықта сервис бойынша бағалау жүйесін жасау мүмкіндігі туып отыр.
2. Қазақстан қонақ үй комплексінің «қалқымалы» және «шарықтау» жағдайында жұмыс істеуімен байланысты қалыптасқан жағдайдың талдауы қонақ үй бизнесінің тиімділігі бірінші кезекте менеджменттің тиімділік дәрежесімен байланысты екендігін жеткілікті дәлдікпен айтуға болады.
3. Басқару инфроқұрылымын құру ірі инвестициямен байланысты емес, ең алдымен басқарушылардың жоғары кәсіби кадрларымен ұсынылған басқару потенциялының бар болуы, қонақ үй бизнесінде олардың тапшылығы өте қатты сезіледі, мұның өзі сәйкес осы облыста мәселенің шиеленістігіне әкеледі.
4. Қонақүй бизнесін басқаруда үш таратылған бағыттар анық қаралады:
а) қонақ үйді толтыруға және тек таза қонақ үй қызметінің жоғары деңгейін көрсету (барлық қонақүйдің 22%)
б) диверсифицирленген менеджмент (56%)
в) анық емес басқару, бірінші және екінші бағыттардың симбиозы (22%)
Қазақстанда қонақжайлылық индустрия кәсіпорындарының дамуында негізгі тенденцияларға (беталыс) тек қана соңғы 10 жылдағы анық белгіленген тендецияларды (беталыс) жатқызуға болады:
- қонақ үй және мейрамхана ұсынысының мамандандырылуын тереңдету
- халықаралық қонақ үй және мейрамхан жолдарын құру
- кішігірім кәсіпорындар жүйелерін дамыту,қонақжайлылық индустриясына жаңа компьютерлік технологияларды енгізу
Соңғы уақытта дәстүрлі
отельдермен мейрамханалармен қатар туристік
нарықтың анықталған сегментінің өкіліне
қызмет көрсетуге бағдарланған, қызмет
көрсету мен тағамдардың қысқартылған
жиынтығы бар арнайы кәсіпорындар пайда
бола бастады.
Қонақжайлылық кәсіпорындардың
мамандандырылуын тереңдету
халықаралық тізбектің құруы сияқты маңызды беталыспен байланысты, оның өзі қызмет көрсетудің жоғары стандарттарымен алға басуында және дайындалуында үлкен рольді атқарады.Көптеген басқа тенденциялар сияқты қонақ үй тізбектілігін құру АҚШ-та өз дамуын алды.
Шығарылым жұмысының мақсаты Қазақстанда қонақүй бизнесін зерттеу және оның дамуына нақты талдау жасау. Нарықтың бәсекеге қабілеттілігін және даму тенденциясын (бет алысын), бизнестің күшті және әлсіз жақтарына жағымды және жағымсыз әсер етуші факторларын. Қонақ үй бизнес дамуының патенциалын және артықшылығын көрсету. Бизнес мәселелерімен қақтығыса оларды шешу жолдарын табу. Қазақстанда қонақ үй бизнесінің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту.
І тарау. Қазақстанда қонақ үй бизнесінің дамуы және бәсекеге қабілеттілігі.
1.І Қазақстанда қонақ үй бизнесінің дамуына туризмнің
әсері
Қазіргі уақытта мемлекет экономикасының дамуы, жеке тұлғалардың сұранысын қанағаттандыру, елдер арасында әлеуметтік байланыстарды өзара байыту үшін туризмнің маңызын және рөлін асыра бағалау мүмкін емес. Көптеген елдер экономикасында туризм индустриясы маңызды орынға ие. Оның дамуы жұмысшы орындарының кеңейтілген нарығын көрсетеді.
ХХ ғасырдың соңында ХХІ ғасырдың басында туризм толық халықаралық және интернационалдық болды, мұның өзіне екі өзара байланысқан факторлар әсерін тигізді: бір жағынан туристік кәсіпорындардың табысын көбейту, үлкен пайда алу үшін фирмалар дүние жүзі бойынша саяхат географиясын кеңейтеді, екінші жағынан тиімді болу үшін туристік бизнес халықаралық деңгейде инвестициялануы керек.
Осы екі фактордың өзара байланыстылығының көрнекі мысалы ретінде круиздік бизнес алынады. Мұхиттар және теңіздер бойынша, яғни елдер арасында круиздер жүргізіледі, шынында да олар халықаралық сапарлар болып есептелінеді.
Круиздік турлардың географиясы үнемі кеңеюде ( Аляска, Филиппин, Малайзия, Тынық мұхит ауданы және т.б) [ 16]
Сондай- ақ, бизнестің бұл түрінде үлкен табысқа ие болу үшін, компания туристік нарықтың халықаралық аренасында нық тұру және әр түрлі елдер мен аймақтарда дамыған материалдық базаларға ие болу керек.
Мысалы, «Р & О» және «Роял Кариббеан ірі круиз туроператорлары нақ сондай компаниялар » қатарына жатады ( «Роял Кариббеан» Кариб теңізіндегі бір құрылықтардың иесі, оны круиздік аялдама үшін пайдаланылады ).
Осындай мысалдарды қонақ үй корпорация сферасында да, және «Холидей Инн», «Нур-туристик» және т.б агенттік - операторлар бизнесінде де көрсетуге болады.
Аймақтық туризм бірқалыпты емес дамиды, және де көп жағдайда жиірек келесі туристік аймақтар бөлініп шығады. Еуропа, Америка, Шығыс Азия мен Тынық мұхит ауданы, Африка, Жақын Шығыс елдері, Оңтүстік Азия. Дүние жүзінің аймақтарға пропорционалды емес бөлінуі жөнінде нақты жауап беру мүмкін емес; берілген аудандардың бірдей емес территориялары салыстырмалы сипаттама жүргізуге мүмкіндік бермейді, өйткені ресурстар бойынша жер шарының әр түрлі бөліктерінің дамуын салыстыру мүмкін емес .Туристік қозғалыстың тек дамуын ғана салыстыруға болады.
Мысалы: соңғы он жылда туризмнің артуы және туристік пайданың өсімі өзгеріссіз және ол үлкен жетістікпен Жақын Шығыс және Оңтүстік Азия аймақтарында байқалады. Өздерінің салыстырмалы азғантай территориясына қарамастан оларда туристік қызмет көрсетудің әжептәуір маңызды жерлері бар, мұның өзі статистиктердің, туризм бойынша мамандардың, маркетолог және кәсіпкерлердің едәуір қызығушылығын тудырады.
Тарихи тұрғыдан туристік индустрия Еуропада пайда болды, ол бүгінде неғұрлым көп келушілер аймақтарының бірі болып табылады. Тарихи алдыңғы себептерден басқа оған басқа аймақтардың елдеріне қарағанда Еуропа дамуының әлеуметтік - экономикалық жағдайының әлдеқайда жақсы болуы әсер етеді. Сондай - ақ, туризмнің жалпы дамуы тек қоғам техника және технологияның әлеуметтік- экономикалық дамуының белгілі деңгейіне және де халықтық өмір деңгейіне жеткенде ғана мүмкін екенін есте сақтау керек. [18]
Қазіргі уақытта басқа туристік аймақтар жеткілікті белсенді түрде дамуда және туристік ағынының өсуінің жоғары қарқындарын көрсетуде.
Әлемдік туристік ұйымның статистикалық мәліметтеріне сәйкес соңғы он жылда халықаралық туризм көлемінің тұрақты өсуі байқалады. Әлемдік туристік бизнес уақыт өткен сайын болып отыратын дүниежүзілік және аймақтық дағдарыстарға қарамастан орташа есеппен жылына 3-4 % өсуде.
ХХ ғасырдың соңында және ХХІ ғасырдың басына дүние жүзінде туризмнің өсуі және дамуы бүтіндей алғанда тұрақты деп мойындауға болады. Бірақ, Азия аймақтарында болып жатқан экономикалық дағдарыс қатармен түсіндірілетін 1997 -1998 жылдары туристік бизнесте қандайда бір құлдырау байқалса да туристтер саны орташа есеппен жылына 4% - өсуде.
Соңғы жылдары Африка, Жақын Шығыс елдері, Шығыс Азия және Тынық мұхиты аймақтарында туризмнің интенсивті қарқыны байқалады, Еуропада өсім қарқынының едәуір төмендеуіне қарамастан , ол келушілер саны бойынша (385,9 млн. адам 2003 жыл) өзінің біріншілігін сақтауда.
Туризм дамуының осындай бет алысы жылдан - жылға байқарлықтай аймақаралық бәсекелестік үшін обьективті жағдай жасайды, яғни қызмет көрсетудің жоғары стандарттары бар жаңа курорттар пайда болады, мұның өзі ескі туристік аймақтардың қызмет көрсету сапасын жетілдіруін, сондай - ақ бәсекелестік күрестің жаңа сапалы жолдарын іздеуді қажет етеді.
Олай болса, жаңа курорттар пайда болады, қызмет көрсету стандарты үнемі артады.
Қосымша туристік ағындарды тарту мақсатында әрбір туристік аймақ туристер үшін саяхат және демалыс үшін, яғни туристер өздерін өз үйінде сезінгендей ең жақсы жағдайлар жасау керек. Бұл жерде бұқара - медиа түрлі құралдарында, сондай - ақ тікелей саяхат және демалыс орындарында туристік өнім жөнінде ақпараттың ашықтығы маңызды роль атқарады. [9]
ХХ ғасырда туризм ең маңызды әлеуметтік құбылысқа айналды.
Елдер қатарында туристік қызмет көрсетуге кеткен тұрғындар шығыны тағам мен тұрғын үйге кеткен шығындардан кейін үшінші орында тұр.
Сапарға шығу және ішкі туризм сферасында қонақ үй бизнесі туристер үшін қызмет көрсетудің бүтін комплексін құрайды және туристік бизнестің дүниежүзілік жүйесінде бәсекеге қабілетті Қазақстанда туризм дамуының болашағын анықтаушы негізгі факторы болып табылады.
Туристік қызметтер, соның ішінде қонақ үй қызметтері әлеуметтік- мәдени қызмет көрсетулерге жатқызылады. Олар қазіргі қонақжайлылық принципінде құрылады, мұның өзі отандық туризм дамуында олардың ролін арттырады, сондай - ақ туристік- қонақ үй сервисі үшін мамандарды дайындау жүйесінде белгілі есептерді қояды.
Орналастыру - туризмнің ең маңызды элементі. Қонақ үй индустриясы-қонақжайлылық жүйесінің мәні. Бұл адамзат тарихының көне заманғы дәстүрлерінен шыққан - қонақты сыйлау, оны қабылдау және қызмет көрсету салтанаты.
Орналастыру құралдары мен жүйесі - бұл уақытша келушілерді қабылдау және түнету үшін әр түрлі деңгейлі сервистері бар арнайы негізделген әр түрлі типтегі ғимараттар.
Информация о работе Қазақстанда қонақүйі бизнесінің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігі