Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2013 в 15:36, курсовая работа
Қазақстанда қонақ үй секторы ұзақ уақыт бойы коммерциялық жылжымайтын мүліктің офистік және сауда секторларының неғұрлым талап етілетін көлеңкесінде қалып отырды.
1. Қонақ үй бизнесінің спецификасы мен жобалардың ұзақ мерзімді өтелімділігі өздеріне инвесторлар мен деволоперлерді тартпады. Бірақ соңғы бірнеше жылдар Қазақстанға келетін шет ел қонақтарының ағыны жылдан жылға өсуде. Сондықтан да қазіргі уақытта Қазақстанда қонақ үй комплексінің секторы дамуда.
2. Шетел және отандық құрылыс салушылар еліміздің қонақжайлылығын дамытуда инвестицияны белсенді түрде құя бастады.
Кіріспе
1.
Қазақстанда қонақүйі бизнесінің дамуы мен бәсекеге
қабілеттілігі
8
1.1.
Қазақстанда қонақүй бизнесінің дамуына туризмнің әсері
8
1.2.
Қонақүй шаруашылығы, қызмет көрсету сферасының секторы ретінде
16
1.3.
Қонақүй бизнесінде менеджменттің бәсекеге қабілеттілігі
22
1.4.
Қонақүй бизнесі дамуының халықаралық тәжірибесі
30
2.
Қазақстанда және Жамбыл обылысында қонақүй бизнесінің дамуын талдау
36
2.1.
Құрылу тарихы, басқару және оны ұйымдастыру
36
2.2.
Басқару құрылымы және әр бөлімнің атқаратын міндеттері
37
2.3.
Жамбыл қонақ үйі қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштері
44
2.4.
Өнімді өндіру мен өткізуді талдау
46
2.5.
Еңбек ресурстарының көрсеткіштерін талдау
47
2.6.
Негізгі құралдар құрылымын және қозғалысын талдау
51
2.7.
Өнімді өндіруге кеткен өндіріс шығындарын талдау
53
2.8.
Кәсіпорынның пайдасын және өнім рентабелділігін талдау
54
3.
Қазақстанда қонақүй бизнесінің тиімділігін арттыру
жолдары
58
3.1.
Қонақүйдің жалпы шығындары және заңнаманы жетілдіру
мәселелері
58
3.2.
"Жамбыл" қонақ үйінің бәсекеқабілеттілігін арттыру шараларының экономикалық тиімділігін есептеу
60
Қорытынды
63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
65
Бүгінде қонақ жайлылық индустриясы аймақтық немесе туристік орталық шаруашылығының қуатты жүйесін және туризм экономикасының маңызды құрамасын көрсетеді.
Қонақжайлылық индустриясы ұжымдық және дербес орналастырудың әр түрлі құралдарын құрайды: отельдер, қонақүйлер, мотельдер, жастар хотельдері мен жатақханалар, аппартаменттер, туристік баспаналар, сондай - ақ туристерді орналастыруда қатысатын жеке меншік секторлары. [12]
Экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қонақүй индустриясы қонақ үйлерде, мотельдерде, кемпингтерде және орналастырудың басқа да құралдарында төлем ақыға қысқа мерзімді тұруды ұйымдастыруды және қызмет көрсетуді ұсынады.
Көрсетілімнің ең тартымды және мәнді обьектілері республиканың оңтүстігінде орналасқан Қазақстанның ең бірінші жаңа қоныстанушылар ретінде белгілі қоныстану пунктері, олар: Түркістан, Отырар, Баба - ата, Испиджап (Сайрам), Тараз, Мерке, Талхиз (Талғар), Қойлық (Талдықорған). [7]
Көптеген мәселелер шешілу стадиясында, бірақ алда көптеген мәселелерді шешу керек. Бүгінде мынаны айтуға болады: Қазақстанда барлық қажетті атрибуттарымен - жарнамалау, сауда қызметтері, көлік, келушілерді орналастыру, тамақтандыру, байланыспен қамтамасыз ету және т.б.
Негізгі себептер - республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуының төменгі деңгейі, оны туризмнің мемлекет - экспортерлер разрядына жатқызуға болады, өз адамдарымызды шетелге жібергеннен гөрі, шетел туристерін қабылдау тиімді .
Республика туризмінде бүтіндей туристердің шетелге шығу процессі үстемдік алады. Шетелдерге шығатын туристердің ағыны тұрақтандырылды және жылына орташа есеппен 700 мың адамды құрайды. Олардың үлкен бөлігі шетелге коммерциялық мақсаттармен шығады. 2001 жылы республиканың 22 туристік компаниялары Турция, ОАЭ, Пакистан, Индия, Оңтүстік Корея, Польша, Греция, Болгария, Италияға чартерлік авиарейстерді ұйымдастырумен айналысты. [7]
Соңғы уақытта шоп - турларға бағытталған, атап айтқанда Қытай, Пакистан, Иран, туристер санының төмендеу беталысы (тенденция) байқалды. СУАР, КНР - ға Қазақстан туристерінің ағыны тез қысқартылды. Коммерциялық турларға - Германия, Оңтүстік Корея, Турция, ОАЭ - шығатын туристердің саны азайды.
Сонымен қатар танып білетін сипаттамалы турларға қызығушылық өсуде, Қазақстан Австралияға, Австрияға, Чехияға, Францияға, Италияға, Канадаға, Испанияға, Оңтүстік - Шығыс Азия елдеріне және басқа да мемлекеттерге саяхаттанушылардың саны елеулі өсті. Демалуымен, емделуімен танып білетін сипаттамалы маршруттарды ұйымдастыруда туристік компаниялардың жұмысын қайта бағдарлау процессі кеңейтілуде. Ірі компанияларда жеке туризм бөлімшелері ашылуда.
Сол кезде Қазақстан туристік жоспарда өз қызығушылығын ұсынады. Бірінші ғасырдан басталып біздің эрамызға дейінгі республикамыздың бай тарихы, сирек материалдық тарихи ескерткіштер, өз тұрмысымыздың мәдениеті, саяси тұрақтылық, республиканың жариялылығы және оның ынтымақтастығына дайындығы - мұның барлығы туристік индустрияның қарқынды дамуына ықпал етеді.
Қазіргі уақытта «Ұлы Жібек Жолы» бөлігінде туризмнің жандануына ерекше көңіл бөлінеді. Әсіресе, Қазақстанға туристерді тарту үшін демалатын орын және тарихи мүмкіндіктері бар Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қарағанды облыстарын туристік игеруге маңызды роль беріледі. [18]
Қазір республикада туристік сала үшін кадрларды дайындау және қайта дайындау бойынша жұмыстар басталды. Студенттермен және сала бойынша мамандармен алмасудың халықаралық бағдарламалары, Қазақ Мемлекеттік Халықаралық Тілдер Университетінде қайта құрылған Жалпы Білім орталығында және республика университеттерінің туризм факультеттерінде оқу Қазақстан туристік нарығын өз ісінің білікті шеберлерімен қамтамасыз етеді.
Нарықтық қатынастардың әрі қарай даму аяасында демалу, көңіл көтеру және кәсіби қызығушылықты қанағаттандыру мақсатында қазақстандықтардың шетелге шығу сапарларына сұранысының үдемелі өсуіне сенуге болады. Оған шетелге шығу шектілігін жойғаннан кейін орасан зор сақталып келген сұраныстың бар болуы, халықтық төлем - қабілеттілік категориясының өсуі (қазақстандықтардың 10 % жоғары деңгейлі табысты тұлғаларға жатқызылады); халықтың тұтыну құрылымын азық-түлік емес, тауарлар мен қызмет көрсету пайдасына өзгертуі; азаматтарды туризмнің ішкі нарығынан сыртқы нарыққа көлік шығындарының өсуі мен жергілікті курорттардың қымбаттылығына байланысты қайта бағыттауы, халықтың материалдық және тұрмыстық мәселелерін шешу үшін шетел сапарларын пайдалану (шопинг - негізгі мақсаттардың бірі ); жаңа коммерциялық құрылым жолдары бойынша іскерлік байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейтуі сияқты осындай факторлар әсер етеді. Мұның барлығы көшпелі туристік нарықтың сипаттамалы ерекшеліктері.
Керісінше, көшпелі туризм жақсы емес уақыттарды басынан өткізуде. Қазақстанға шетел қонақтарының келуі мен қызығушылығының шыңы 1994 жылға келді, бұл уақытта бізге іскерлік, жеке және танымдылық мақсатымен демалысқа 450 мың туристер келді.
Бірақ, 1996 жылы олардың саны 141,1 мың адамға дейін төмендеді. Шетел туристерінің келу мерзімі де қысқарды. Шетел қонақтары үшін республикамызға да қызығушылық төмендеді, мұның өзі туризм инфрақұрылымының дамымағандығымен және саланың материалдық - техникалық базасының әлсіздігімен түсінідіріледі. Қолымыздағы бар орналастыру құралдары жабдықталғандықтың және техникалық жабдықтаудың өте төменгі деңгейімен ерекшеленеді, бұл отандық туристік қызмет көрсетудің бәсекеге қабілетсіз екендігін көрсетеді. Халықаралық стандарттар деңгейінде сервисті Алматыдағы тек жеке жоғары классты отельдер көрсете алады: « Хайят-Ридженси » және « Риджент-Алматы » 5 жұлдызды қонақүйлер, Достық « Интер Отель», 3 жұлдызды «Астана», «Премьер Алатау» отельдері, «Алма Арасан» тамаша шатқалында орналасқан «Кумбель» VIP-Отель, сондай-ақ Астана қаласындағы «Астана-Интерконтиненталь» бес жұлдызды отелі. Бірақ олардың қызмет көрсетілуі өте қымбат және шетел азаматтарының шамалы ғана бөлігі пайдаланады. [16]
Республикааралық байланыстың үзілуі бірыңғай туристік кеңістікке кері әсерін тигізді.
Аймақтарда өз ережелері, кедендік, рұқсатнама ( виза ), сипаттамалы шектеулер тәртібі енгізіле бастады, бұл «туризмді» түбімен «кеседі».
Мемлекет жарнамаға және өзінің туристік имиджін ұстауға қаражат бөлмейді. Соған қарамастан, кейбір мемлекеттерде бұл мақсаттарға туризм бойынша ұлттық министрліктерде 40-45 % - дейін шығындар бағытталады.
Көшпелі туризм дамуын тоқтатушы факторларына сүйене туристік сапарлар құрылымын жақсартуға және пайданың өсуіне әсер етуші жағымды факторлар қатарының әсерін мойындау керек, яғни шетел валюталарын жоғары сатып алу қабілеттілігі; шетел компания капиталдарының құйылуының кең сферасы мен игерілмеген өткізу нарығының бар болуы; Қазақстан және ТМД-ның үлкен бөлігі бойынша еркін ауысуы, сондай-ақ шетел қонақтарын қабылдауға дайын жаңа қалалардың санын өсіру;
Қазақстан Республикасында 2003 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша 318 туристік агенттіктер мен фирмалар, оның ішінде 8 мемлекеттік меншік фирмасындағы кәсіпорындар, 304 жеке және 6 кәсіпорын шет мемлекеттердің заңды тұлғалары мен азаматтарының иелігіндегі кәсіпорындар тұрақты қызмет етуде. «Яссауй» ЖАҚ ( жабық акционерлік қоғам ), «Спутник Казахстана» МТК, «Квадротур» ЖШС, «Гиацинт-Рахат» автокомпания сияқты ірі фирмалармен қатар өз қызметін көптеген әр түрлі ассоциациялар, біріккен және кішігірім кәсіпорындар, жеке фирмалар мен агенттіктер, туристік авиакомпаниялар жүргізеді, онда жалпы алғанда 5 мыңнан аса адам қызмет етеді.
Ағымдағы жылдың І жарты жылдығына сәйкес олар 1197,4 млн. теңгеге өнімді сатты, жұмыс, қызмет көрсетілді, қызметтің негізгі түрі бойынша 1055,4 млн. теңгеге қызмет көрсетілді. Соның ішінде мемлекеттік меншік формасындағы туристік кәсіпорындар 15,4 млн.тг. (қызмет көрсетілді - 14,1 млн.тг.), жеке фирмалар - 1174,9 млн.тг. (қызмет көрсету-1034,3 млн.тг), шетел фирмалары - 7 млн.тг. (қызмет көрсету - 6,9 млн.тг). (17)
Ағымдағы жылдың І жарты жылдығында туристік кәсіпорындардың шаруашылық қызметтің нәтижесі олардың өзін-өзі ақтамаушылығын көрсетті және ол 25,9 млн. теңге болды. Барлық меншік формасындағы кәсіпорындардан қорларға түскен аударымдар мен бюджетке түскен төлемдер 36,4млн.теңгені құрады.
2005 жылы статистика органдарына өздерінің қызметі жөнінде есепті 305 туристік ұйым, ал 2006 жылы 350 туристік ұйым тапсырды.
2003-2006 ж.ж. туристік ұйымдардың шаруашылық қаржылық нәтижесі төменгі кестеде көрсетілген.
Кесте 1
Тур - ұйымдардың шаруашылық қызметінің нәтижесі
мерзім |
көлемі |
пайда алынды |
салық және түскен ақша | ||||||
млн. теңге |
мың долл. АҚШ |
келу туризмі |
шығу туризмі |
Ішкі туризм және эксурсий, млн.теңге |
млн. теңге |
мың долл. АҚШ | |||
млн. теңге |
мың долл. |
млн. теңге |
мың долл. | ||||||
2003 |
421,2 |
5072,7 |
0,9 |
- |
18,3 |
- |
3,3 |
3,2 |
90,5 |
2004 |
1716,0 |
1217,3 |
107,0 |
- |
3,6 |
- |
39,8 |
28,5 |
- |
2005 |
2665,6 |
2085,0 |
10,0 |
5,1 |
9,1 |
10,4 |
- |
94,0 |
- |
2006 |
2837,5 |
2210,6 |
25,6 |
21,0 |
-32,2 |
24,1 |
- |
89,8 |
- |
* статистикалық есеп берудің мәліметтері бойынша есептелінді.
Республика бюджетіне түскен салықтың жалпы көлемінде туристік агенттіктер мен фирмалардың салық және түскен ақша үлесі 2004 жылы -0,03%, 2005 жылы - 0,08%, 2006 жылы -0,06 %, 2003 жылдың І жарты жылдығында 0,03% пайызды құрады.
Республикада шығу туризмі әлсіз дамыған. 1994 -2006 жылдары республикадан шыққан туристердің санына талдау жасауда мынаны көруге болады: 1995 жылы республикадан шыққан туристердің саны өз шыңына жетті, өткен жылмен салыстырғанда оның өсімі 101,7 пайызды құрады, бірақ келесі жылдары шыққан туристердің саны төмендей бастады.Жалпы туристердің санында шыққан туристердің үлесі 1994 жылы 5,1 пайыздан 1997 жылы 10,6 пайызға дейін тербелуде.Бірақ, шығушы туристердің санынның өсу беталысы байқалады. Осы жылдарда олардың меншікті салмағы келуші туристердің үлесінен асады,сәйкес 39,8 пайыздан (1994ж) және 56,2 пайызға дейін (2006ж) дейін.
Туристік агенттіктердің қызметі негізінен шығу туризміне бағдарланған. Шығу туризмінің қарқынды өсімі 1996 жылы, одан 1997 жылы оның шапшаң төмендеуі және 1998 жылы бір қатар өсім байқалды.Біздің Республикамызда шығу туризмі өзінің мәні бойынша көп жағдайда тауарларды сатып алу үшін «қайық» шоп-турлары болып табылады.
Басқа елдерге шығушы туристердің тұру күнінің орташа саны 5-6 күн, 1996 жылға дейін біздің елімізге келуші туристердің тұру күнінің орташасаны 6-8 күн, ал 1996 жылдан бастап Қытай, Корея, Пакистан елінен келушілердің түру күні едәуір өсті (кей жағдайда 119-күнге дейін). Сірә, бұл адамдар туристік мақсатпен емес іскерлік мақсатпен келушілер болып табылады.
Туристердің және Республикаға басқа келушілердің өсімі қонақ үй қызметіне барлық уақытта әсер тигізеді.Кәзіргі уақытта қонақ үй кәсіпорынның қатерлі бәсекелесі жабдықталған пәтерлерімен коттеждерін жалға беруші үй шаруашылық секторы болытынын атап өту керек. Максималды қолайлы жағдайда қонақ үй кәсіпорындарының қабылдау мүмкіндігін есептесек, онда қонақ үйлерді келушілермен толтыру мына көрсеткіштермен сипатталатын еді: 1999 ж-.29,7%, 2000ж-21,2%, 2001ж-18,1%, 2002ж-15%.
Олай болса келушілермен қонақ үйді толтыру 30% дан 15% дейін тербеледі және жыл сайын төмендейді
Туристерді Республикаға тартуда қонақ үй шаруашылығының жұмыс қарқындылығы өседі: бір адамға шаққанда тәулігіне бір нөмер үшін 773 тг (1999 жылдың соңы),913 теңге-2000 жылдың желтоқсан айы,едәуір табыста өседі.
Жекешелендіру процессі мемлекеттік меншік формасындағы кәсіпорындардың үлесі 1994 жылы 80% дан 1997 жылдың кыркүйек айында 58% ға дейін төмендеуіне әкелді, сәйкес 1997 жылы жеке кәсіпорындардың үлесі 33% пайызға дейін өсті, шетел серіктестіктерімен (2%шамасында) және олардың қатысуынсыз (7%) біріккен кәсіпорындар пайда болды.1994 жылыбір адам үшін орташа тәуліктік табыстың ең төменгі мөлшері жеке заңды тұлғаларғалардың,содан мемлекеттің, жеке тұлғалардың қонақ үйлеріне жатады.1996 жылдан бастап мемлекеттік меншік формасындағы кәсіпорынның табысы заңды және жеке тұлғалар кәсіпорындарның табысынан 506-530 теңгеге төмен, шетел азаматтарының қатысуымен үлестік меншікте 12-15 мың теңгеге төмен.
1996 жылдан бастап тұрушы бір адамға кеткен орташа тәуліктік шығындары мемлекеттік және жеке секторлары кәсіпорындарының орташа тәуліктік табысынан үстеме көтеріледі, тек біріккен кәсіпорындарда ғана шығын табыстан төмен.
Шын мәнінде, туристерді келтіру және демалысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы ауа-райының қолайлығы, табиғи және басқа жағдайларға ие. Бірақ. ол үшін жақсарту бойынша күрделі жүмыс қажет;
Информация о работе Қазақстанда қонақүйі бизнесінің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігі