Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2014 в 00:21, дипломная работа
Елімізде нарықтық экономикаға көшу жағдайында кез-келген кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін персоналды басқарудың заманауи түрлерін тәжірибеде қолданудың мәселелеріне аса мән беріле бастады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі туристік фирма жұмысының табыстылығын сол фирмадағы жұмысшылардың қызметі қамтамасыз етеді. Сондықтан да кәсіпорынды басқару тұжырымдамасы басқару іс-әрекетіндегі көптеген қызметтерінің ішінен өндірісті жасаушы кадрларды басқарумен байланыстысы-кәсіпорын персоналын басқаруды бөліп көрсетеді.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. ТУРИЗМДЕГІ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.................................................................................................5
Туризмдегі персоналды басқарудың мақсаты, міндеті және атқаратын қызметтері……………………………………………………………………..5
Туризмдегі персоналды басқару жүйесінің ерекшеліктері мен персоналды басқару мәселелері.......................................................................................7
Туристік фирма персоналы менеджментінің ерекшеліктері.......................12
2. ТУРИЗМДЕГІ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН
ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ «WEST TRAVEL» ТУРИСТІК АГЕНТТІГІ МЫСАЛЫНДА....................................................................................................14
2.1 «West travel» туристік агенттігінің қысқаша сипаттамасы.......................14
2.2 «West travel» туристік агенттігіндегі персоналды басқару жүйесін талдау.................................................................................................................17
2.3 «West travel» туристік агенттігінде персоналды жалдауды ұйымдастыру……………………………………………………………………..25
2.4 «West travel» туристік агенттігіне жұмысқа жалдау барысында персоналды бағалау...............................................................................................31
2.5 «West travel» туристік агенттігіне персоналды жалдауды жетілдірудің бағыты ретінде үміткерді бағалаудың оңтайлы әдістемесін жасақтау...............................................................................................................32
3. ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРҒА ПЕРСОНАЛДЫ ЖИНАУ, ІРІКТЕУ
ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ..................................................................................38
3.1 Туристік ұйымдарға персоналдың қажеттілігін анықтау мәселелері........38
3.2 Туризмдегі кадр ағымы мәселесі................................................................43
3.3 Туристік ұйымдардағы персоналды жинақтау және іріктеу үдерісі..........44
3.4 Персоналдың еңбек қорларының дамуы және оны жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………..53
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................58
ПАЙДАЛЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ............................................................60
ТАҚЫРЫБЫ: ТУРИСТІК ҰЙЫМДАҒЫ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1. ТУРИЗМДЕГІ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.................
2. ТУРИЗМДЕГІ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН
ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ «WEST TRAVEL» ТУРИСТІК АГЕНТТІГІ
МЫСАЛЫНДА.....................
2.1 «West travel»
туристік агенттігінің қысқаша сипаттамасы...................
2.2 «West travel»
туристік агенттігіндегі персоналды басқару
жүйесін талдау........................
2.3 «West travel» туристік агенттігінде
персоналды жалдауды ұйымдастыру…………………………………………………
2.4 «West travel»
туристік агенттігіне жұмысқа жалдау
барысында персоналды бағалау.......................
2.5 «West travel»
туристік агенттігіне персоналды жалдауды
жетілдірудің бағыты ретінде үміткерді
бағалаудың оңтайлы әдістемесін жасақтау......................
3. ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРҒА ПЕРСОНАЛДЫ ЖИНАУ, ІРІКТЕУ
ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ
МАҚСАТЫНДА ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ..............................
3.1 Туристік ұйымдарға персоналдың қажеттілігін анықтау мәселелері........38
3.2 Туризмдегі
кадр ағымы мәселесі......................
3.3 Туристік ұйымдардағы персоналды жинақтау және іріктеу үдерісі..........44
3.4 Персоналдың еңбек қорларының
дамуы және оны жетілдіру жолдары……………………………………………………………
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Елімізде нарықтық экономикаға көшу жағдайында кез-келген кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін персоналды басқарудың заманауи түрлерін тәжірибеде қолданудың мәселелеріне аса мән беріле бастады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі туристік фирма жұмысының табыстылығын сол фирмадағы жұмысшылардың қызметі қамтамасыз етеді. Сондықтан да кәсіпорынды басқару тұжырымдамасы басқару іс-әрекетіндегі көптеген қызметтерінің ішінен өндірісті жасаушы кадрларды басқарумен байланыстысы-кәсіпорын персоналын басқаруды бөліп көрсетеді.
Әрбір ірі туристік кәсіпорында кадрлердің санын анықтау, қызметкерлерді іріктеудің, жалдаудың және оларды орналастырудың тиімді жүйесін анықтау, олардың әрқайсысының және фирманың ықыласын ескере отырып жұмыспен қамту, оларды еңбектеріне қарай ынталандыру мақсатымен марапаттау жүйесін анытау, әр қызметкердің жеке бас мәселелерін, атап айтқанда олардың демалысы мен тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселелерін анықтау қажеттілігінің туындауы табиғи жағдай.
Бүгінде кадрлармен жұмыс деңгейін көтеруге көп көңіл бөлінуде. Осы кадрлармен жұмыс деңгейін көтеру жұмыстарының ұзақ жылдан жинақталған отандық және шетелдік тәжірибелерді пайдалана отырып, мықты ғылыми іргетасын қою.
Зерттеу мақсаты. «WEST TRAVEL» туристік агенттігін мысалға ала отырып, жұмыспен қамту және жұмысбастылық және аталған кәсіпорындағы персоналды басқару мәселелерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясындағы персоналды зерттеу үшін «WEST TRAVEL» туристік агенттігіндегі персоналын қарастыру.
Зерттеу пәні туризм индустриясындағы кадрлық саясаттың дамуы мен оны жетілдіру және оны тәжірибеде қолдану.
Зерттеу міндеттері. Дипломдық жұмысты жазу үшін келесідей міндеттер алға қойылады:
Зерттеудің әдістемелік негіздері. Зерттеудің әдістемелік негізі болып «WEST TRAVEL» туристік агенттігіндегі персоналды басқару әдіс тәсілдері болып табылады.
Зерттеудің теоритикалық негіздері болып отандық және шетелдік туризм саласын зерттеушілерінің еңбектері. Жұмыста тақырыпқа байланысты оқулықтар, журналдар, интернет материалдары қолданылды.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Персоналды басқару ұғымының түйіні мен мазмұнын ашуға байланысты қағидалы және методологиялық негізгі жағдайлар.
Зерттеу әдістері. Зерттеу келесідей әдістерді қолданумен жүргізіледі: абстрактылы-логикалық, монографилық, салыстыру әдістері.
Ғылыми жаңашылдығы. Қонақжайлылық және туризм саласындағы персоналды басқаруды дамыту мен оны жетілдірудегі әдіс-тәсілдерді қарастыру барысында жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде жұмыстың ғылыми жаңалығын анықтайтын келесідей ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік нәтижелер алынды.
Теориялық маңыздылығы. Диплом жұмысында актілер, стандарттар, Президент Жолдауының стратегиялары, жыл сайынғы анықтамалар, арнаулы және мерзімді әдебиеттерде жарияланған нормативтік құжаттар, статистикалық материалдар, ғылыми-практикалық конференция мен семинарлардың ақпараттық материалдары кеңінен қолданылды.
Практикалық маңыздылығы. Нарықты экономика шарттарында туризмнің атқаратын ролі және туристік ұйымдарда персоналды басқаруда әдістерді қолдану.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, дәйекті үш тараудан және қорытындыдан тұрады.
1 ТУРИЗМДЕГІ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Персоналды басқару жүйесінің қалыптасуы ең алдымен «мақсаттар ағашын» құру болып табылады, оның ішінде қызметкерлер мақсаты және әкімшілік мақсаты, туристік фирмалардың басты мақсаттарын қамтамасыз етуде персоналды басқарудың орыны мен ролін анықтау, оларды ең аз қарама-қайшылықтармен қамтамасыз ету,
Ұйымдағы персоналды басқарудың мақсаттары болып:
Қойылған мақсаттардың сәтті орындалуы төмендегідей міндеттердің шешілуін талам етеді [1]:
Персоналды басқару тиімділігін жоғарылату, жұмыс күшіне кететін шығындарды төмендете арқылы басқару мақсаттарына жету.
Персоналды басқару тиімділігі, қойылған мақсаттардың толық жүзеге асуы көбіне кәсіпорынның персоналын басқару жүйесін құру нұсқасын дұрыс таңдауға, оның қызмет ету механизмін тануға, адамдармен жұмыс жасау әдістері мен оңтайлы технологияларды таңдауға байланысты.
Мақсаттар мен қызметтер арасында белгілі бір айырмашылықтар бар. Мақсат- бұл алға қарай талпыну ахуалы, ал қызметтер-бұл нақты іс-әрекет. Туристік ұйым мақсаты үш белгі бойынша сипатталады: олар болашақтағы ықылас-тілек жағдайын көрсетеді, олар бұл жағдайды нақты белгілейді және жеке мақсаттардан айырмашылығы, кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне ортақ қасиеттері бар; оларды ресми бекітеді, ал кәсіпорын басшылығы құптайды. Мақсаттар үш қызмет атқарады: басқару қызметі, үйлестіру қызметі және бақылау қызметі.
Мақсаттар-бұл әрекетті ынталандыру, сондықтан олар әрекет арқылы басқарады. Олар өзара келісілген әрекеттерді ынталандырады, жүзеге асуына мүмкіндік береді және осы мағынада үйлестіру қызметін орындайды. Персоналды басқару белгілі бір мақсатты іс-әрекеттерді орындау үдерісінде жүзеге асады. Ол мыналармен болжанады: мақсатты анықтау; персоналмен жұмыстың негізгі бағыттары; қойылған мақсаттарды жүзеге асырудағы құралдар, формалар және әдістер; қабылданған шешімдердің орындалуы бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуы; белгіленген шаралардың орындалуын үйлестіру және бақылау; персоналмен жұмыс жасау жүйесін жетілдіру. (Сурет 1)
Ұйымның ортақ стратегиясын түсінген уақытта, осы стратегиямен ең жақсы үйлесетін персоналды басқарудың жеке қызметтерін іске асыру мүмкін болады.
Сурет 1- Персоналды басқару қызметтерінің өзара байланысы
Персоналды басқару стратегиясы мен кәсіпкерлік стратегиясының өзара мәмлеге келу қажеттілігі басқарудың негізгі қызметтерін қамтиды және оған кіретіндер:
Тәжірибе жүзінде персоналды басқарудың негізгі қызметтерінің келесідей түрлерін атауға болады:
Сонымен қатар кадрлармен әкімшілік жұмыс бойынша дәстүрлі міндеттер де сақталады.
Персоналды басқару қызметтер өзара тығыз байланысты және жиынтық түрінде персоналмен жұмыстың жүйесін құрайды. Қызметтер құрамының әр біреуінде болатын өзгеріс қалғандарының да қызмет етуші міндеттерін түзету қажеттілігін туғызады. Мысалға, әлемддік тәжірибеде персоналды жалдаудың нақты түрлері кеңінен таралуы қызметтік міндеттердің елеулі өзгерісіне әкелді.
Жалдаудың мұндай жағдайында, әрине, қызметтік міндеттердің маңызы артады, жалдау қызметінің, жұмыспен қамту және материалдық тұрғыдан марапаттау көлеміндегі міндеттер шеңбері кеңейеді. [2]
Персоналды басқару теориясында негізгі сегіз қызметті атап көрсетуге болады: қажеттіліктерді жоспарлау, іріктеу және жалдау, даму және бағдарлану, қызмет бабымен өрлеу, бағалау және марапаттау.