Туристік ұйымдағы персоналды басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2014 в 00:21, дипломная работа

Описание работы

Елімізде нарықтық экономикаға көшу жағдайында кез-келген кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін персоналды басқарудың заманауи түрлерін тәжірибеде қолданудың мәселелеріне аса мән беріле бастады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі туристік фирма жұмысының табыстылығын сол фирмадағы жұмысшылардың қызметі қамтамасыз етеді. Сондықтан да кәсіпорынды басқару тұжырымдамасы басқару іс-әрекетіндегі көптеген қызметтерінің ішінен өндірісті жасаушы кадрларды басқарумен байланыстысы-кәсіпорын персоналын басқаруды бөліп көрсетеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1. ТУРИЗМДЕГІ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.................................................................................................5
Туризмдегі персоналды басқарудың мақсаты, міндеті және атқаратын қызметтері……………………………………………………………………..5
Туризмдегі персоналды басқару жүйесінің ерекшеліктері мен персоналды басқару мәселелері.......................................................................................7
Туристік фирма персоналы менеджментінің ерекшеліктері.......................12

2. ТУРИЗМДЕГІ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН
ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ «WEST TRAVEL» ТУРИСТІК АГЕНТТІГІ МЫСАЛЫНДА....................................................................................................14
2.1 «West travel» туристік агенттігінің қысқаша сипаттамасы.......................14
2.2 «West travel» туристік агенттігіндегі персоналды басқару жүйесін талдау.................................................................................................................17
2.3 «West travel» туристік агенттігінде персоналды жалдауды ұйымдастыру……………………………………………………………………..25
2.4 «West travel» туристік агенттігіне жұмысқа жалдау барысында персоналды бағалау...............................................................................................31
2.5 «West travel» туристік агенттігіне персоналды жалдауды жетілдірудің бағыты ретінде үміткерді бағалаудың оңтайлы әдістемесін жасақтау...............................................................................................................32

3. ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРҒА ПЕРСОНАЛДЫ ЖИНАУ, ІРІКТЕУ
ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ..................................................................................38
3.1 Туристік ұйымдарға персоналдың қажеттілігін анықтау мәселелері........38
3.2 Туризмдегі кадр ағымы мәселесі................................................................43
3.3 Туристік ұйымдардағы персоналды жинақтау және іріктеу үдерісі..........44
3.4 Персоналдың еңбек қорларының дамуы және оны жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………..53

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................58
ПАЙДАЛЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ............................................................60

Файлы: 1 файл

ДР назарбекова.docx

— 441.51 Кб (Скачать файл)

Туристік фирманың персоналын басқаруда мақсатты басқару кеңінен қолданылады.  Мақсатты басқару- MBO (Management by Objectives) әдісі, ол адам ресурсының қиын салаларын бақылау мен жоспарлауды біріктіруге мүмкіндік беретін әдіс болып табылады.

Туризм кәсіпорындарындағы әртүрлі ұйымдық құрылымдары бар персоналды басқарудың ерекшеліктерін қарастырайық. [4]

1). Туристік агенттік. Персоналды басқару көзқарасы бойынша адам ресурсы шектеулі (10-20 адам), бастысы-тиімді командда жасақтау. Осыған байланысты персоналды қабылдау технологиясы мен психологиялық диагностика әдістерін қолдану айрықша  маңызға ие болады.  Сонымен қатар, қызметкерлердің тағылымдамадан өту, біліктілігін арттыру жүйелері арқылы әбден ойластырылған мансаптық және кәсіби өсуі-дамудың кепілі, танымалдықтың өсуі және жалпы агенттіктің экономикалық тұрақтылығы болып табылады.  

2). Мейманхана (Отель). Мейрамханасы, спорттық залы мен алаңы, саунасы мен бассейні, коммуникация қызметі мен тұрмыстық қызмет көрсету орталығы, туристік бюросы мен конференция ұйымдастыру қызметі, тағы сол сияқты қосалқы бизнесі бар заманауи мейманхана- қызметкерлерінің саны әлдеқайда көп қуатты орталық болып табылады және мұнда ең маңызды рол персоналды оқыту, соның ішінде бірінші орында клиентпен жұмыс жасауды үйрету болып табылады.  Ауыр салмақ клиенттер арасында әлеуметтік сұрақ жүргізу арқылы кері байланыс жүргізу, корпоративті мәдениетті жетілдіру, қызметкерлер арасында компанияға адалдық сезімін тәрбиелеу, қызметкерлер арасында ұзақ уақыт жұмыс жасауға деген құлшынысты нығайту және ол гардеробщик пе, әрбір қызметкердің, мейлі ол швейцар ма, техникалық жұмысшы ма, сыпырушы ма немесе даяшы ма айырмай қонақ үй менеджерлерінің өздеріне тең әрі құрметпен қарауын сезіну мәселелеріне түседі. 

Кәсіпорынның (мейманхана, мейрамхана,туристік агенттік және т.б.) осылай өзін-өзі дамытуға, үнемі өзгеріп отыратын нарықтық жағдайларға оңтайлы бейімделуге, тұтынушылардың күннен күнге өсіп жатқан сұраныстарының бәрін қанағаттандыруға қабілетті, тиімді және бәсекеге қабілетті болуына кез-келген басшының стратегиялық міндеті болып табылады, соның ішінде бірінішіден заманауи әдістер мен технологияны пайдалана отырып адам ресурстарын «басқаруға» ерекше көңіл аударуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ТУРИЗМДЕГІ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН

ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ «WEST TRAVEL» ТУРИСТІК АГЕНТТІГІНІҢ МЫСАЛЫНДА

 

    1. «WEST TRAVEL» туристік агенттігінің қысқаша сипаттамасы

 

«WEST TRAVEL»  туристік агенттігі пайда табу мақсатында құрылған заңды тұлға болып табылады. «WEST TRAVEL»  туристік агенттігі- туристерге қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және  Жарғысында қарастырылған, заңмен тыйым салынбаған басқа да қосымша шаруашылықтармен айналысатын заңды тұлғаның құқықтары бар  дербес шаруашылық субъект болып табылады. Қазіргі уақытта алыс-жақын шетелдерге және Қазақстанның ішіне турлар ұйымдастырумен айналысады.   

Кәсіпорын Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 95 мекен-жайы бойынша орналасқан.

«WEST TRAVEL» туристік агенттігінің атқаратын негізгі қызметтері:

1. Туристердің Турлар мен туристік бағдарламаларға сұранысын зерттеу.

2. Тұтынушыларға өздерінің турөнімдерін өткізу үшін жарнамалық-ақпараттық қызметпен айналысу.

«WEST TRAVEL»-дің миссиясы төменде көрсетілгендермен бекітіледі:

«WEST TRAVEL» туристік агенттігі Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Таиланд сияқты әртүрлі алыс-жақын шетелдерде демалуды ұсынады. Тұтынушыларға қол жетімді бағамен және жоғары сапалы қызмет көрсету үшін нарығын кеңейтіп, көшбасшылық позициясын ұстап жұмыс жасауда. 

«WEST TRAVEL» туристік агенттігінің мақсаттары:

  • Сапалы туристік өнімдерді тарату (дайын туристік пакеттер)
  • Агенттіктің имиджін қалыптастыру
  • Тұтынушылардың күннен күнге артып келе жатқан сұраныстарын есепке ала отырып;

А) қызмет көрсету деңгейін көтеру;

Б)  клиенттер үшін сапалы демалыстың қолжетімділігін көтеру, туристер ағымын көбейту;

В) Ұсынылып отырған қызметтердің сенімділігі;

Г) Әлемдік тәжірибеде қолданылатын ережелерді, стандарттар мен технологияны енгізу;

Д) Басты және жетекші қажеттіліктермен қамтамасыз ету;

Е) Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

 

«WEST TRAVEL» туристік агенттігінің ұйымдық құрылымы 2-кестеде көрсетілген

 

 

 

 

Кесте 2 -«WEST TRAVEL» туристік агенттігінің ұйымдық құрылымы

 

ДИРЕКТОР (бас директор)

Директордың экономика және жоспарлау бойынша орынбасары

(экономикалық директор)

Директордың өндіріс және технология бойынша орынбасары

(технологиялық директора)

Директордың маркетинг бойынша орынбасары

(коммерциялық директор)

Экономикалық-жоспарлау бөлімі

Әдістемелік бөлім

Туристердің қажеттілігін және сұранысын зерттеу бөлімі

Бағдарламаларды жоспарлау және қызмет көрсету бөлімі

Келісім-шарт бөлімі

Сапа стандартын жасақтау және бақылау қызметі

Есеп және есеп айырысу бөлімі

Технологиялық бөлім

Жарнамалық-ақпараттық қызмет

Бақылау-тексеру бөлімі (тек бас ұйымнан)

Көлікпен қамту тобы

Кадр бөлімі

Диспетчерлік топ


 

 

3-суретінде «WEST TRAVEL» туристік агенттігінің ұсынатын турлары көрсетілген

 

Сурет 3 - «WEST TRAVEL» туристік агенттігінде 2012 жылдың соңғы 9 айында ұсынылған шетелге шығуға арналған турлар құрамы

 

Тұтынушылар туралы айтатын болсақ, «WEST TRAVEL» туристік агенттігі шетелдерде демалуды қалайтын табыстары ортадан жоғары адамдарға арналған және Қытайға барып бір-екі күнге сауда жасайтын адамдарға арналған.  Олардың жастары 35-55 жас аралығында. Егер фирманың маркетингтік мүмкіндіктерін дұрыс қолдана және сәйкесінше турөнімді ұсына білсе жастар, орта жастағы адамдар, табыстары орта деңгейдегі адамдар, балалар мен жасөспірімдер тұтынушылардың табысты тобын құрар еді.

«WEST TRAVEL» туристік агенттігінің негізгі қаржылық көрсеткіштері 3-кестеде көрсетілген.

 

Кесте 3 -«WEST TRAVEL» туристік агенттігінің 2011-2013 жылдардағы негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жылдар

Өзгерістер

2011

2012

2013

Абсолюттік

Салыстырмалы

2012-2011

2012-2013

2012-2011

2012-2013

1

Қызмет көрсетулерден түскен түсім

мың теңге

4153

4679

6324

526

1645

113

135

2

Қызмет көрсетулердің өзіндік құны

мың теңге

3601

4247

5265

646

1018

118

124

3

Қызмет көрсетулерден тұскен пайда

мың теңге

552

432

1059

-120

627

78

245

4

Тепе-теңдік пайда

мың теңге

713

499

1240

-214

741

70

248

5

Шығындар деңгейі

%

87

91

83

4

-8

105

92

6

Негізгі қорлардың орташа жылдық құны

теңге

3040

2823

2570

-217

-253

93

91

7

Тиімділік

%

17

11

20

-7

9

62

184

8

Қор қайтарымы

 

1

2

2

0

1

121

148

9

Орташа тізімдік сан 

адам

400

469

460

69

-9

117

98

10

Бір адамға шаққандағы өндірім

мың теңге

10

10

14

0

4

96

138

11

Бір жұмысшының орташа жалақысы

мың теңге

6

6

6

0

0

102

102


3-кестеде көрсетілгендей келесідегідей тенденциялар байқалады:

  1. өнімді таратқаннан түскен түсім 2012 жылы 526 мың теңгеге өскен немесе  13%-ға және 2013 жылы 1645 мың теңгеге немесе 35%-ға.
  2. қызмет көрсетулердің өзіндік құны  2012 жылы  646 мың теңгеге немесе 18 %-ға және 2013 жылы 1018 мың теңгеге немес 24 % -ға өскен.
  3. Өнімді таратқаннан түскен пайда 2012 жылы 120 мың теңгеге немесе 22%-ға кеміген және 2013 жылы 627 мың теңгеге немесе 145%-ға өскен.
  4. Негізгі мәселе 2012жылы шығындар деңгейінің 5%-ға өсуі, алайда 2013 жылы бұл мәселе шешіліп, шығындар көлемі 8%-ға төмендеген.
  5. Келесі мәселе тиімділіктің 2012 жылы 7%-ға түсуі, бірақ 2013 жылы тиімділік 9%-іа өскенін байқауға болады.
  6. 2012 жылы қор қайтарымы өзгермеген, бірақ 2013 жылы 48%-ға өскен.
  7. Орта тізімдік сан 2012 жылы 69 адамға немесе 17%-ға көбейген, алайда 2013 жылы 9 адамға немесе 2%-ға кеміген.
  8. Адам басына шаққандағы өндірім 2012 жылы өзгеріссіз қалған, бірақ 2013 жылы 38%-ға жоғарылаған.
  9. Жұмысшының орташа жалақысы 2012 жылыда 2013 жылыда бірдей

2 %-ға жоғарылаған.

 

 

2.2 «WEST TRAVEL» туристік агенттігіндегі персоналды басқару жүйесін талдау

 

4-кестеде «WEST TRAVEL» туристік агенттігі іс-әрекетінің негізгі кадрлық көрсеткіштері ұсынылған:

 

Кесте 4 -«WEST TRAVEL» туристік агенттігінің негізгі кадрлық көрсеткіштерінің жүйесі

№ 

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Жылдар бойынша

2011

2012

2013

Жалпы экономикалық көрсеткіштер

1

Өндірісі көлемі

мың теңге

4153

4679

6324

2

Негізгі қорлар көлемі

мың теңге

3040

2823

2570

3

Еңбек өнімділігі

мың теңге

10

10

14

4

Пайда

мың теңге

552

432

1059

5

Пайданы қолданудың үлес салмағы

%

45

45

49

 

Кадрлық көрсеткіштер

       

6

Барлық персонал саны

адам

400

469

460

 

Соның ішінде категория бойынша

       

7

Жұмысшылар

адам

235

276

271

8

Басшылар

адам

110

129

126

9

Мамандар

адам

43

51

50


 

 

4-Кестенің жалғасы

 

10

Басқада қызметкерлер

адам

12

14

14

11

Жұмысшылар ағымы коэффициенті

 

0,12

0,11

0,13

Персоналдың білімділік құрамы

адам

400

469

460

Толық емес

 

4

5

5

Жалпы білімді

 

8

9

5

Арнаулы орта білімді

 

20

23

5

Аяқталмаған жоғары білімді

 

28

33

23

Жоғары білімді

 

340

399

423

12

Персонал жасының құрамы

адам

400

469

460

18 жасқа дейінгі

 

0

0

0

26-  36 жас аралығы

 

40

47

41

37- 50 жас аралығы

 

180

211

239

50 жастан жоғары

 

180

211

179

13

Жұмысшылардың орташа жасы

жас

40

40

40

14

Персоналдың жынысы бойыннша құрамы

%

     

Әйелдер

 

90

85

90

Ерлер

 

10

15

10

15

Жұмыс өтілі бойынша бөлу

адам

400

469

460

1 жылға дейін

 

12

14

14

1-3 жылдар

 

8

9

9

3-5 жылдар

 

40

47

51

5- 10 жылдар

 

60

70

41

10 жылдан жоғары

 

280

328

345

16

Кәсіби дайындықтың деңгейі

%

     

Жұмысшылар

       

1жылға дейін

 

10

10

5

1- 2 жыл

 

20

20

5

2 жылдан көп

 

70

70

90

Басшылар мен мамандар

       

Жоғары білімді

 

95

98

99

Арнаулы орта білімді

 

4

1

0,5

Тәжірибе

 

1

1

0,5

Еңбекті ынталандыруды сипаттайтын көрсеткіштер

17

Еңбек ақы төлеу қоры

мың теңге

987,5

1008,7

1062,37

18

Бәр адамға төленетін орташа жалақы

мың теңге

6

6

7

19

Персоналды оқытуға, біліктілігін көтеруге жұмсалатын шығын

мың теңге

25,6

28

45

20

Персоналға жеңілдіктерін жүзеге асыруға арналған шығындар

мың теңге

37

39

44

21

Бір жұмысшыға шаққандағы жұмысқа

шықпаудың көлемі

сағат

5

5

7

Информация о работе Туристік ұйымдағы персоналды басқару