Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 20:31, курсовая работа
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға,өндіріс қалдықтарын азайтуға,ысытапты жоюға,бәсекеге жарамды өнімдерді өндіру,оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі.
Бұл орайда кәсіпорынның материалдық құндылықтарын,ақша қаражаттары мен басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады.
3.2 Банктегі
арнайы шоттардағы ақша
Кәсіпорындар банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операциялардың есебі 42 “Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары” деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шотар кіреді:
421 “Аккредиттивті ақша қаражаттары” шоты бойынша аккредитивтегі ақша қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Аккредитив – клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккрдитив ашқан банк жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивке көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады. (17)
Аккредитивтің келесі түрлері ашылады: жабылатын ; қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік болып бөлінеді.
Жабылатын аккредитивті ашқан кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредивтің сомасына тең ақша сомасын оның билігіне беріп, ал ол өз міндеттемесінің әрект ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.
Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ жоюы немесе өзгертуі мүмкін. Қайтарып алынатын аккредитив жағдайында барлық билікті өзгерту туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бнефициар банкісі қабалдаған құжаттарды төлеуге міндетті.
Қайтпайтын аккредитивте банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюа жатпайды.
Бенефициар аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.
Дәлелденген аккредитив – бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы бактердің қосымша кепілдігі тар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.
Трансферабельдік аккредитив – бұл бенефициардың өзінен басқа бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.
Аккредитив тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арналуы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртәбі және оның мерзімі бенефийиар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондаай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, акккредитивтң түрі және оны пайдаланц тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегенннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.(11)
Аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар тауарларды тиеген соң, тауарлардың тиелгені жөнінде және басқа аккредитивті шарттарында көзделген құжаттарды қызмет етуші банк мекемесіне ұсынады. Аккредитив бойынша төлемдерді растайтын құжаттар жабдықтаушы арқылы банкке аккредитивтің мерзімі өткенге дейін ұсынылуы және аккредитивтің барлық шарттарының орындалғанын айғақтауы керек. Осы шарттардың біреуі бұзылған жағдайда аккредитив бойынша төлеу жүзеге асырылмайды.
Бенефициар банкісі аккредитив бойынша қаржының дұрыс пайдалануын бақылайды, сол үшін аккредитив беруші оған аккредитив сомасынан белгіленген көлемде делдалдық ақша төлейді. Аккрндитив ұсынылған тапсырыста делдалдық ақшаның сомасы көрсетіледі.
Бенефициар банкісі аккредитивті төлеу кезінде жабдықтаушының аккредитив бойынша барлық шарттарын сақтағанын тексереді, сондай-ақ шоттар тізбесінің дұрыс рәсімделгенін, ондағы бенефициардың қолы мен мөрінің белгіленген үлгіге сай болуын тексеруге міндетті.
Егер аккредитивтің шарттарында уәкілетті сатып алушының келісімі көзделген болса, онда акцептік жазбаның бар болуы және уәкілдің қолының ұсынылған үлгіге сәйкстігі тексеріледі.
Сатып алушының уәкілі жабдықтаушыдан тауарды қабылдап алар кезе шот тізбесінде тауардың тиелген күні, тауарлы – көлік құжаттарының нөмірі, тауарды байланыс мекемелері арқылы жөлткен жағдайда пошта квитанциясының нөмірі, қабылау, қабылау-өткізу құжаттарының нөмірін немесе толтырылған күні және тауар жөнелтілген көліктің түрін көрсетілмесе шот-тізбесінің төлеуге беруге болмайды.
Жабдықтаушы арқылы банкіге реестірдің үш данасы ұсынылады, олардың ішінен бір данасы мемориялды ордер ретінде пайдаланылады, үшінші данасы шот тізбесінің қабылданғанын білдіретін қолхат ретінде жабдықтаушыға беріледі де, ал екінші данасы тауарлы-көлік құжаттарының хаттамасымен және банкінің белгісімен жабдықтаушыға тапсырушы банк-эмитентке жіберіледі.
Аккредитивті қолма-қол ақша түрінде төлеуге рұқсат етілмейді.
Егер аккредитивтің шарттары мен уәкілетті сатып алушының акцепті көзделген болса, онда аталған тұлғалар атқарушы банкіре келесі құжаттарды төлқұжат немесе он алмастыратын; банкіде жоқ болван жағдайда өз қолының үлгісін; іс-сапар куәлігі немесе акредитив ашқан ұйым берген сенімхатын ұсынуға міндетті.
Аккредитивті есебінен төлеу үшін, акцептелінген шотт ар тізбесінде немесе тауарлы-көлік құжаттарында өкілеттік берілген тұлға акцепт жөнінде жазбаны береді.
Аккредитивтік мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктегі акредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде атқарушы банк банк – эмитентті хабар дар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкте пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кемітіледі. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк – эмитентке хабарлама жіберіледі.
Банктің кінәсінен жіберілген кемшіліктерден басқа барлық бенефициарға түскен шағым банктің қатысуынсыз тараптардаң өз арасында қаралады.
Егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілеген несиелердің есебінен ұсынылған болса, 601 “Банк несиелері” шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынынан ұсынылған болса, 441 “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін ол кезде олардағы шоттар (441, 604) кредитттеледі де, 421 “Аккредитивтердегі ақша қаражаттары” шоты дебеттеледі.
Жабдықтаушылар шотын төлеу 421 шоттың кредиті бойынша 671 “Жабдықтаушылармен жіне мердігерлермен есеп айырысу” шотының дебеті бойынша көрсетіледі; пайдаланылмаған аккредитивті тұтастай немесе бөлшектей кері қайтару 441, 431, 432, 601 шоттарының дебеттерінде және 421 шотының кредитінде көрсетіледі.
Банктерге комиссиондық төлемдері төленген кезде 821 шоты дебеттеледі де, 441 шоты кредиттеледі.
422 “Чек кітапшаларындағы ақша қаражаттары” шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады. Чек – бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға толтырған клиенттің өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы. (19)
Чек кітапшасы бойынша депоненттелген сомасы берілген кекзде 422 дебеттеліп, 431, 432, 441, 601 шоттары кредиттеледі.
Кітапшалардағы чектерге төлем жасалу үшін чектер чек ұстаушылар арқылы банкке чек реестрмен ұсынылады. Чек кітапшаларын есеп беруге жабдықтаушыларға және басқа тұлғаларға беру кезінде 334 “Басқа дебиторлық қарыздар” шотының “Өздерне берілген чек кітпашалары бойынша есеп беретін тұлғалар” деп аталатын аналетикалық шоты дебеттеліп, 687 “Басқа кредиторлық қарыздар” шотының “Чек кітапшалары бойынша есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу” деп аталатын аналетикалық шоты кредиттеледі. Төленген чектердің сомасына 687 шоты дебеттеліп, 422 шоты кредиттеледі.
423 “Банктердегі арнайы
шоттардағы қолма-қол қаражат”
шотында айрықша сақтауды
424 “Басқа да” шотында
субъектінің құрамына кіретін
филиалдардың, құрылымдық бірліктердің
ақша қаражаттары көрініс
Кассаны түгелдеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма-қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносоменттер және басқа заңға сәйкес құнды қағаздар ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжаттары (маркалер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және басқалар) есепке алыады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылыры және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды.
Түгелдеу актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.
Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжаттарын түгелдеу оларды парақтап, қайта есептеу жолмен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі .
Жол үстіндегі ақша қаражаттарын түгелдеу осы шоттар тұрған сомаларда:банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитансияларының деректемелерімен бірге түсімді өткізу кезінде, банк инкассаторларына түсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с; бас кәсіпорында аударылған сомалар бойынша немесе керісінше, одан түскен срмалармен қатар олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме деректермен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады. (14)
Банктерде есеп айырысу , валюталық және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Ақша қаражаттарының, құнды қағаздарды және қатаң есеп беру бланкілерін түгендеу олардың қалдықтарымен салыстыру арқылы жасалады.
Ақша қаражаттарының және құнды қағаздардың артық шыққан сомалары кіріске алынуға тиісті: ол кезде 411, 422, 451, 452 шоттары дебеттеліп, 727 шоты кредиттеледі.
Кем шыққан ақша қаражаттары мен құнды қағаздар өтеуі үшін материалды жауаптытұлғаның есебіне шығарылады:
334 шоты дебеттеліп, 411, 422, 451, 452 шоттары кредиттеледі.
Егер де кінәлі тұлғалар табылса, онда 334 шоты кредиттеліп, 333 шоты дебеттеледі, яғни 334 шоты жабылады. (14)
Егер де кінәлі тұлғалар табылмаса, онда кем шыққан сомасы 334 кредитінен 821 шоттың дебетіне есептен шығарылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің бекіткен нормативтік актілерге және басқа да заң актілерінің талаптарына сәйкес барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер өз ақша қаражаттарын оларға қызмет көрсететін банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтауға міндетті.
Аудитор ақша қаражаттарының
есебіне тексеру жүргізген кезде,құжаттары
бойынша жүргізілетін жаппай тексеру
әдісін қолдануға тиісті.Аудитор ақша
қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалармен
есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының
және шетелдердің банк мекемелерінде
ұлттық және шетелдік валютада ашылған
шоттарын анықтауға міндетті.Сондай-ақ,
Аудитор шаруащылықтың есеп айырысу шоттарының және кассаларының құрылымымен танысқаннан кейін,ақша қаражаттарының есебін тексерудің аудиторлық бағдарламатын жасайды.(8)
Ақша қаражаттарының аудиторлық бағдарламасы мынандай іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін:
Аудитор түгендеудің материалдарымен танысып,оның нәтижесі бойнша жасалған актіде көрсетілген фактілерге назар аударып,олардың кейбіреулерін қағазға жазып алып,тексеру барысында қайталануын бақылауға алады.
Түгелдеу ақша қаражаттарын және басқа да бетінде
ақшалай бағаланып номиналды құндылығы
жазылған құндылықтарға(акциялар,
Информация о работе Ақша қаражаттары туралы әдебиеттерге шолу