Ақша қаражаттары туралы әдебиеттерге шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 20:31, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға,өндіріс қалдықтарын азайтуға,ысытапты жоюға,бәсекеге жарамды өнімдерді өндіру,оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі.
Бұл орайда кәсіпорынның материалдық құндылықтарын,ақша қаражаттары мен басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады.

Файлы: 1 файл

Дип.-Ақша-қаражаттар-есебін-ұйымдастыру (1).doc

— 540.00 Кб (Скачать файл)

 Төлеушілердің келісімінсіз олардың шоттарынан қаражатты  есептан шығару тек соттың шешімімен, банктің өкімімен, не мына төмендегі орындау құжаттары негізінде қолданылып жүрген заңдарда көзделген жағдайлар бойынша жүргізледі:  банктің өндіріліп алу жөніндегі өкімі: несиелерді пайдаланғаны үшін есептелген процеттері  және есепке қате алынған соммалары; кепілші шотынан қарыз берешегінің өтелмеген соммалары; соттар берген орындау  қағаздары; соттың шаруашылық істері жөніндегі алқаларының бұйрықтары; нотариус жүргізген орындау жазбалары; салық органдарының салықтармен басқа да міндетті төлемдер бойынша қосымша салықтары, сондай-ақ заңда көзделген айып пұлдары, өсімдері және өзге де өндіріп алынатын санкциялары туралы өкімдері, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жұмыс берушілерден өндіріліп алынатын айып пұлдардың және өзге де санкциялардың соммасы; кәсіпорынның күнәсінен байланысты жарақаттану немесе денсаулығынаң өзге де зақымдануының салдарынан жұмысшы мен қызметші, сондай-ақ, жұмыспен байланысты және субъект әкмшілігінің кінәсінен жарақаттануы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан жұмысшы немесе қызметші қайтыс болған жағдайда шеккен залалды өтеу сомасын өндіруге берілген сот шешімі; сақтандыру компаниясының сақтандыру куәлігі, Қазақстан Республикасының Кедендік органдарының өкімі.

Салық төлеушілердің берген төлем кепіл хаттары мен салық органдарының инкассалық өкімдері негізінде бюджетке төленетін төлемдерді төлем кепілхаттарының берегн күнінен бастап, банктер кезек күттірмей-ақ жүзеге асырады. Банктің аталған кепілхаттардың орындалуын кідіртуге құқығы жоқ.

Төлеушінің келісімінсіз қаражаттарды өндіріп алу үшін тиісті құжаттарды қоса тіркей отырып, банкке төлем талап бланкісінде инкассалық өкімді тапсырады.

Инкассалық өкімде төлемнің мақсаты көрсетіледі және де осы төлемдерді төлеушінің келісімінсіз оның шотынан есептен шығару құқығын көздейтін заң актісіне сілтеме жасайды. Өндіріп алудың дұрыстығы төлеушінің келісімінсіз  қаражаттарды есептен шығаруға негіз болатын сілтеме үшін өндіріп алушы жауапты болады. Банктер төлеушілердің келісімінсіз олардың шоттарынан қаражаттарды есептен шығаруға білдірген қарсылықтарды шын мәнінде қарамайды. Төлеушілердің келісімінсіз шоттарынан қаражаттарды есептен шығарудың  негізділігімен байланысты мәселелерді наразылық білдіру арқылы сот органдарының  көмегімен шешіледі.Борышкер  мойындаған соманы есептен шығаруға берілген инкассалық өкімде борышкердің талаптарды мойындау туралы жауабының номерімен күні, сондай-ақ талаптың сипаты  көрсетіледі.(14) Өндіріп алуды тоқтата тұру немесе тоқтату тек мынадай жағдайларда жүзеге асады, атап айтқанда: есептен шығаруға өкім берген өндіріп алушылар мен органдардың мәлімдемесі бойынша; сот органдары ерекше ұйғарым жасаған кезде, қылмыстық іс қозғалуына өкімі бойынша. Кәсіпорын тартылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда орындау және басқа да есеп айырысу құжаттарының өтемақысы бастапқы төлеушінің міндеттемелері бойынша заңға сәйкес жауапкершілік жүктелген субъектінің есеп айырысу немесе ағымдағы шотынан жүргізіледі.

    1. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі

 

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болды.

Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен  таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбекақымен басқа да төлемдерді беру үшін субъект басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық  толық жеке  дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалады. (10)

Кассадағы операциялар есебі 45-“Кассадағы қолма-қол ақша” бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

451- “Кассадағы ұлттық  валюта түріндегі қолма-қол ақша”  және 452 – “Кассадағы шетелдік  валюта түріндегі қолма-қол ақша”  шоттарында жүргізіледі.

“Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі .

Кассаға ақша қабылдау кассасының кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек  беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир “Төлем таңбаларынанықтау тәртібін” басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылдаған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен жазылады. Толтырылған кассалық кіріс ордері төменде келтіріліп отыр.

 

 

 

   

 

 № КО-1нысаны

           
     

Форма №КО-1

   

"МААСЖ" Мкк

 

КІРІС КАССАЛЫҚ ОРДЕРІ

 

КІРІС

ПРИХОДНОЙ КАССОВЫЙ ОРДЕР №________

 

КАССАЛЫҚ ОРДЕРІНЕ

               

КВИТАНЦИЯ

 

Күні 

Айы

Жылы 

       

К ПРИХОДНОМУ КАССОВОМУ

 

Число

Месяц

Год

       

ОРДЕРУ №___202____

 

20

3

2005

               
                       
 

Корр.шот,қос шот  Корр. счет субсчет

талдау есебінің 

коды Шифр

аналитического учета

Соммасы Сумма

пайдал  мақсатты шифрі  Шифр целового назнач.

   

Қабылданды

     
   

Принято от

Нурпейсов Қ

   

Негіз

     
   

Основание.    Ауыз  су

           үшін төлем ақы.

   
   

Ауыз су үшін төлем ақы

   

 

 

15000

             

Қабылданды

Нурпейсов Қ

                 

Принято от

Уч.№3

                 

Негізгі

Ауыз  су

үшін төлем ақы

                 

Основание

           

Он бес мың

   

жазумен

             

жазумен/прописью

прописью

Он бес мың

теңге

 

тиын

   

15000

теңге

 

тиын

Қосымша

           

      "20 "    03   2005  г./ж

Приложение

           

М. О./М. П

   

Бас бухгалтер

Төреханова Роза

         

Бас

     

Главный бухгалтер

           

Бухгалтер  Төреханова Роза

   

Алған

           

главный бухгалтер

 

Кассир

Мурзаева Бағдагүл

         

Алған

     
 

 

 

 

 

 

 

         

Кассир   Мурзаева Бағдагүл

 

 

 

   



 

 

 

 

 

“МААСЖ”

(кәсіпорын ұйым /предприятие,организация)

   

№ КО-1нысаны

 
       

Форма №КО-1

 

ШЫҒЫС КАССАЛЫҚ ОРДЕРІ

РАСХОДНЫЙ КАССОВЫЙ ОРДЕР №____298____

             
 

Күні

Айы

Жылы

     
 

Число

Месяц

Год

     
 

20

3

2005

     
             

Корр.шот,қос шот  Корр. счет субсчет

талдау есебінің  коды Шифр аналитического учета

Соммасы Сумма

пайдал  мақсатты шифрі 

Шифр целового назнач.

 
 
 
 
 
     

12000

   

     

          Берілсін            Өмірбаев Н

         

Выдать

Тегі ,  аты-жөні

/фамилия,имя, отчество

     

Негізгі

Қосалқы бөлшектер

       

Основание

Алу үшін

       

                                            жазумен

         

               Прописью                        Он екі мың

 

теңге

00

тиын

 

Қосымша

         

Приложение

         

Бас бухгалтер

         

Главный бухгалтер

Төреханова Роза

       

Алдым

Получил

Он екі мың

       

Кассир

Мурзаева Бағдагүл

       
             

 

 

Кассадағы ақша беру кассаның шығу ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда  субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қолын қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені –жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді. Толтырылған кассалық шығыс ордері жоғарыда келтірілді.(16)

Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі   бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге “Сенімхат бойынша” деген-жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе төлем тізімдемесіне қоса тіркейді.

Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немес түтікше қаламмен жазып береді.

Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі  бойынша таратылады, оның қас бетінде  ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.

Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөртабан соғады немесе “Депозитке салынды” деп қолмен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде; “Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)” деген жазу жазылады. Касса ордерлерін өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.

Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің  толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналына тек құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.

Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып “Алынды” немесе “Төленді” деп белгі соғады.(16)

Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалды; екіншісі көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағынығ көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады.

Есеп бланкісі операциялар аяақталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. “Соның ішінде жалақыға” деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.

Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корресподенцияланған шоты, сомасы  көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяағында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қоюылуы керек.

Кассирдің есебінде корресподенцияланған шоттарға белгі жасалады, содан-соң оның деректері 451 – “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистірлеріне көшіріледі.(12)

Касса бойынша операциялардың яғни 451 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистірлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Біріңғай корресподенцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистірлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 451 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.

Кассаға ақша кірістелген кезде 451 – “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:

441 – “Есеп айырысу  шотындағы қолма-қол ақша” шоты  – кассаға есеп айырысу шотынан  алынған сомаға;

Информация о работе Ақша қаражаттары туралы әдебиеттерге шолу