Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 20:31, курсовая работа
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға,өндіріс қалдықтарын азайтуға,ысытапты жоюға,бәсекеге жарамды өнімдерді өндіру,оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі.
Бұл орайда кәсіпорынның материалдық құндылықтарын,ақша қаражаттары мен басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады.
Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының барлығы, нормативтік актілерге қарастырылғаннан басқасы, тек теңге түрінде жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы резиденттер және резиденттер еместер арасындағы валюталық операциялар Ұлттық банктің нормативті-құқықтық актілерінде, салық пен кеден заңдарында, қарастырылғаннан басқа жағдайларда, өкілетті банктер және банктік емес қаржылық мекемелер арқылы жүргізіледі.
Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 «Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Ұлттық банктің Қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізулің Ережесі” негіз болып табылады. (16)
Қазақстан Республикасындағы валютаны реттеудің негізгі оргыны болып Ұлттық банк саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксіз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер заңды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.
Заңды тұлғалар – резтденттері өкілетті банктердегі шетелдік валютада және оларды жабу 2-маусым 2000 жылғы №266 “Қазақстан Республикасының банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері туралы” нұсқауда қарастырылған болатын.
Заңды тұлғалардың өкілетті банктердегі есеп шоттарына қолма –қол ақшасыз тәртіппен келіп түскен шетелдік валюта шектеусіз түрде есепке алынады.
Заңды тұлға – резиденттердің экспортталған тауары үшін төлем ретінде алған валютасы, 120 күннен аспайтын мерзімді, міндетті түрде банк шоттарына кірістелуі керек.
Заңды тұлғалар – резиденттер , резидент еместердің пайдасына төлемдер жүргізілген кезде, өкілетті банктерге тиесілі тәртіп бойынша әзірленген құжаттарды тапсыруы тиіс. Лицензия немесе бұл бойынша талап Ұлттық банкіде тіркелгені жөнінде куәлік талап етілетін операциялар жүргізілген жағдайда заңды тұлға – резиденттрі өкілетті банкке тиісті құжаттарын тапсыруы тиіс.
Өкілетті банктер валюталық заңдарды сақтауға байланысты қосымша ақпараттар мен құжаттарды талап етуге құқылы.
Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша төлемдер екі жақтың кез келген валюта түріндегі келісімдері бойынша жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместердің өкілетті банктер арқылы жүзеге асырылатын ағымдағы операциялары шектеусіз жүргізіледі.
24 желтоқсан 1996 жылғы “Валютаны реттеу туралы” Заңдарына және 31 наурыз 2001жылғы № 88 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының қаулысымен бекітілген “Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларын тіркеудің Ережелеріне” сәйкес қаражаттардың резидент еместерден резиденттердің пайдасына көшуін қарастыратын капитал қозғалысына байланысты операциялардың есебін жүргізу және ұйымдастырудың тәртібі сол аталған қаулымен бекітілген.(5)
Капитал қозғалысымен байланысты Қазақстан Республикасына келіп түсетін 100 мың АҚШ долларынан астам немесе соған сәйкес басқа валюталық операцияларынан түскен қаражаттар міндетті түрде тіркеуге жатады:
Бұл операцияларды тіркеу дегеніміз ондағы тиесілі келісім-шарттарды тіркеу және әрекет етіп тұрған заңмен белгіленгендей, келісім –шарттардың тіркелген тәртібі бойынша нақты қаражат қозғалысы туралы тоқсан сайын мәлімет беріп отыру болып табылады. Заңды тұлға – резидент өзінің келісім-шарттың тіркеген орны бойынша тіркелген келісімшарттың әрекет етуі кезінде болған барлық өзгерістері мен қосымшалары туралы хабарлап отыруға міндетті.
Капитал қозғалысына байланысты қаражаттардың резидент еместерден резиденттердің пайдасына көшуін қарастыратын валюталық операциялардың түрлері тәртіп бекітілген келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: 120 күннен астам мерзімге несиелер алу; 120 күннен астам мерзімге жасалынған экспорттық-импорттық мәмілелерге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру; инвестициялар; мүліктік және қозғалмайтын мүліктерге қатысты басқа да құқықтарға төленетін аударымдар болған жағдайда жүзеге асады.
Заңды тұлғалар – резидент еместермен шетел валютасында есеп айырысулар олардың есеп шоттарындағы қолында бар валюталық қаражаттарының шегінде қолма-қолсыз тәртіппен жүзеге асырылады. Валюталық қаражаттардың шығу тегі жариялы болуы және келесі көздерден заңды түрде алынуы тиіс.; экспорттық валюталық түсім; жарғылық капиталға төленетін жарналар; резидент еместерге қаржылық жәрдем беру; өкілетті банктерден, шетелдік банктерден, қаржылық мекемелерден және басқа шетелдік заңды тұлғалардан алынатын несиелер, сондай-ақ жеке тұлғалар – резидент еместер берген қарыздар; өкілетті банктер және айырбас пунктері арқылы ішкі сауда да тенгеге сатып алынған валюта.
Заңды тұлға резиденттерінің банк шоттарында шетелдік валютасында қолма-қол ақшасынан резиденттік емес еңбеккерлердің шетелдік іс-сапарларға шығуына байланысты кеткен шығыстаны жабуға алынуы мүмкін. Осы қаражатты алу үшін заңды түлға резиденттері өкілетті банкісіне тиісті дәрежеде рәсімделген құжаты ұсынады .
Заңды тұлғалар – резиденттердің үшінші жақтар үшін контракт бойынша ақы төлеу валюталық операцияларына, сондай-ақ қолма-қол ақша түрінде есеп айырысуларына тыйым салынады. Салық салудың ресми деңгейін Ұлттық банкінің бағамдық негізінде анықталған деңгейінде алынады және ол баспасөз жарияланады.
Өкілетті банктер мен айырбас пунктері арқылы шетел валюталарын алып сату арқылы екі жақты мәмілелер кезінде сатып алушылар мен сатушылардың өз беттерінше анықтаған бағамдық деңгейін алуға құқылы.
Резидент – заңды тұлғалар ішкі валюталық нарығында шетелдік валютаны және тек резидент еместермен есеп айырысу үшін шетел валютасында несие алуына болады және шетел валютасында банкіден алған несие бойынша міндеттемелерін орындайды. Шетел валютасында несиелер қолма қол ақшасыз тәртіппен беріледі.(13)
Валюта шоты бойынша жасалатын операциялар мына төмендегі құжаттармен рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде келтіріліп отыр.
Банк мөрімен және кассирдің, орындаушы мен бақылаушының қойған қолдарымен куәландырылған банктік валюталық кіріс ордері валюталық шығыс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады.
Қолма-қол валютаны беру тапсырмамен рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде келтіріліп отыр. Банк куәландырған тапсырманың көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады.
Шетелдегі бенефициарға валюта қаражаттарын аудару “Аударуға берілетін өтінішті” жазу арқылы рәсімделеді, ол төменде келтіріліп отыр.
Валюта шоттары бойынша операциялардың есебі 431 – “Ел ішіндегі валюталық шоттардағы қолма-қол ақша” және 432 – “Шет елдердегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша” – шоттарында жүргізіледі.
Аталған және басқа да құжаттардың негізінде банк валюталық шотының бет есебіне тиісті жазуын жазады, ал оның көшірмесі кәсіпорынға жіберіледі.
Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша жабылады, содан соң осы өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жіберіледі. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе немесе шоттың нөмірі өзгерген жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжатты өтінішке қоса тіркеуге міндетті.
Барлық резидент еместердің операцияларды жүзеге асырған кезде валюта заңының сақталуын қамтамасыз етуі валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Валюталық бақылаудың негізгі бағыты операциялардың қолданылып жүрген заңға сәйкес келуін, шетел валютасымен төлеудің негізділігін тексеру; валюталық операциялар бойынша, сонда-ақ резидент еместердің Қазақстан Республикасының валютамен операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығы мен нақтылығын тексеру болып табылады.
Валюталық бақылау Қазақстан Республикасында валюталық бақылау органдары және агенттері арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.
Алған лицензияларына сәйкес операциялар жүргізген кезде валюталық заңның сақталуын бақылау міндеті жүктелген өкілеттеріне берілген банкіден тыс қаржы мекемелері мен өкілеттігі берілген банкілер валюталық бақылаудың агенттері болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.(7)
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртіппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.
Заңды тұлға-резиденттер шетел валютасын ішкі сауда да резидент еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ заң актілерінде қарастырылған басқа да жағдайларда ғана сатып ала алады.
Заңды тұлғалар-резиденттер шетел валютасын сатып алуға тапсырысты әзірлеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетуді, сондай-ақ резидент еместермен есеп айырысуда жүзеге асырудың қажеттілігін растайтын құжаттарды қоса тапсыру немесе өкілеттік банктерден алынған несиелер бойынша міндеттемелерді орындауды және осы валютаны, егер өз мақсаты бойынша пайдаланылмайтын болса, онда оны сатып алынған күннен бастап, отыз күннің ішінде ағымдағы нарықтық бағамы бойынша ішкі валюталық сауда да сатуға тек банкке ғана өкілет берілген.
Валюталық шоттағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар.(13)
№ |
Операциялардың мазмұны |
Дебиттелетін шот |
Кредиттелетін шот |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Шетелдік үлес қосушылардың жарғылық қорға қосқан сомасы валюталық шотқа кіріс етілді. |
431-432 |
511 |
2 |
Сатылған өніммен көрсетілген қызмет үшін шет елдік сатып алушылардан валюталық шотқа келіп түскен сома |
431-432 |
301 |
3 |
Шетелдік ақша өз еліміздің ақшасына(теңгеге) айырбасталы,есеп айырысу шотына кіріс етілді |
441 |
431 |
4 |
Шетелдік сатып алушылардан алдын-ала алынған аванс сомасы |
431-432 |
661,662 |
5 |
Ұйымның валюталық шоттағы кассасына алынған сомасы |
452 |
431,432 |
6 |
Өз еліміздегі валюталық шотқа шетелдік валюталық шоттан келіп кірістелген сомасы |
431 |
432 |
7 |
Банк көшірмесінде қате есептелінген сомаларға: -валюталық шотқа қате кіріс етілген ақшалар; -қате шығыс етеілген сомалар |
431,432,334 |
687 431,432 |
8 |
Шетелдік жабдықтаушылар алдында валюта бойынша берешек қарыздың жабылуы |
671 |
431,432 |
Заңды тұлға-резиденттердің ішкі валюталық саудада сатырп алған шетел валютасы резидент емеске немесе валютаның заңды тұлғаның есепшотына қосылған күннен бастап, отыз күннің ішінде өкілеттік банкке аударылуы тиіс.
Заңды тұлға – резидент толықтай немесе жартылай сатып алынған шетел валютасын отыз күннің мерзімі өтекенше пайдаланбаса, онда ол ішкі валютьалық саудада міндетті түрде сатылады.
Заңды тұлға резиденттерге валюталық операциялар бойынша дкөрсетілген банктік қызмет түрлеріне өкілетті банктер арқылы тараптардың келісімі бойынша ұлттық немсе шетел валютасы түрінде төлемақы алады.
Теңгемен алынған несиелерді , сондай-ақ олар бойынша пайыздар мен басқа да төлемдердің шетел валютасымен орнын жабуға тыйым салынады.
Тауарлар экспорты төлем, сондай-ақ несие немесе инвестиция ретінде заңды тұлғалар-резиденттер арқылы аланған болса, онда ол осы резиденттің 24 наурыз 1997 жылғы № 130 шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметін лицнезиялау тәртібі туралы Ережеге сәйкес өкілетті банкілер арқылы төлем жасалынады.
Заңды тұлға-резиденттердің пайдасын тарту, қайтарымдылық-жәрдем жасау, қайырымдылық жарналар және басқа да түсімдер ретіндегі түскен шетел валютасы олардың өкілетті банкілер арқылы төленеді. (16).
431 және 432 шоттар бойынша жазбалар есеп айырысу шотындағы жазбаларға сәйкес жазылады.
431 және 432 шоттарының дебеті келесі шоттардың кредитімен корреспонденцияланады:
452 “Кассадағы шетелдік
валюта түріндегі қолма-қол
301 “Алынуға тиісті борыштар”
– тиелген өнім, орындалған жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтер
725 “Бағам айырмашылығынан
түскен табыс” – шетелдік
валютаның ұлттық валютаға
431 және 432 шоттарының кредиті келесідей шоттардың дебетімен корреспонденцияланады:
452 “Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша” – валюталық шоттан валюталық кассаға алынған валютаның сомасына барабар;
671 “Жабдықтаушылар және
мердігерлермен есеп айырысу”
– жеткізілген материалдық
844 “Бағам айырмашылығы бойынша шыққан шығыс” – шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамның төмендеуінің нәтижесінде пайда болған теріс бағам айырмашылығының сомасына.(6)
Информация о работе Ақша қаражаттары туралы әдебиеттерге шолу